Еңбекке үйрету сабағына талдау

14 наурыз 2014 - Асем Тургалиева

Еңбекке үйрету сабағына талдау  жасауды өткізуге әдістемелік нұсқау

Мұғалім                                Сынып                                       Тақырыбы

Сабаққа талдау жасаудың үлгі сұлбасы

1. Сыныпты ұйымдастыру:

•             жұмыс орындарына орналастыру;

•             киім-кешекті қарап шығу;

•             қатысушыларды белгілеу және т. б.;

2. Оқушылармен сауалдама:

•             сұрақтардың сипаты мен жауаптардың толықтығы;

•             сыныптың белсенділігі.

3. Кіріспе нұсқама және жаңа материалды түсіндіру:

•             сабақ мақсатын қоюдың дұрыстығы және оны оқушыларға түсіндіру;

•             мұғалім баяндаған материалдың оқушылар үшін шама жетерлігі, қолжетімділігі;

•             көрнекіліктерді пайдалану;

•             жұмыстың жаңа тәсілдерін көрсету, орындалатын тәсілдердің дұрыстығына бақылау жасау жөніндегі нұсқаулар;

•             қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқама;

•             алған білімді, шеберліктер мен дағдыларды бекіту.

4. Оқушылардың дербес іс-тәжірибелік жұмысы:

•             дайындамаларды, өңделетін материалдарды тарату, қосымша нұсқама беру;

•             еңбек объектілері мен зерделенетін тақырып бойынша орындалатын операциялардың сәйкестігі;

•             тапсырмаларды орындау кезіндегі оқушылардың дербестік дәрежесі, пайдаланылған еңбек тәсілдерінің дұрыстығы, өнімді жұмыс істей білу, оқушылардың жұмыс үдерісіндегі қиыншылығының сипаты, қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелердің сақталуы;

•             оқушыларға жеке нұсқау беруді ұйымдастыру және мазмұны, мұғалім көмегінің өз уақытында берілуі, оқушыларға жалпы және жеке нұсқама берудің дұрыстығы мен мақсатқа лайықтылығы;

•             оқушылар орындаған жұмыстардың сапасына бақылау жасау; мұғалім бағалаудың қандай критерийлерін басшылыққа алды.

5. Сабақтың аяқталуы және қорытынды нұсқама, сабақ қорытындыларын шығару, бағалар қою:

•             нұсқаманы, дайындалған бұйымдарды тапсыру;

•             жұмыс орындарын, шеберхананы жиыстырып, тазалау;

•             қолдарын жуу (5 мин.).

6. Жалпы қорытындылар:

•             оқушылар еңбегін ұйымдастыру (мінез-құлық, киім формасы, жұмыспен қамту, оқушылардың қызығушылығы, жұмыс орнын ұйымдастыру және еңбек мәдениеті, жұмыс уақытын жоғалтудың себептері).

7. Мұғалім шеберлігі:

•             әлеуметтік дайындық деңгейі;

•             сыртқы түрі;

•             сөз мәдениеті;

•             педагогикалық әдеп;

•             сыныпты меңгеру шеберлігі;

•             жекелеген оқушыларға қажетті көмек көрсете білуі.

8.            Сабақ жоспарының орындалуы және оның қойылған мақсатқа сәйкестігі.

 

9.            Қорытындылар және ұсыныстар.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаБиология сабағына талдау жасау

Ұстаздарға5–11 сыныптардағы орыс тілі сабағына талдау жасаудың үлгілік жаднамасы

ҰстаздарғаЗертханалық және сарамандық сабақтарға талдау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103655

Теги: үлгі
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар