Е.Елубай. Жыл мезгілдері

8 қыркүйек 2014 - Аглиман Матаева

Әдебиеттік оқу 3- сабақ

Сабақ өтілетін күн: 09.04.2014

Орны: 318 дәрісхана

Барлық оқушы саны-25

Қатысқаны:

4-сынып (10-11 жас)

Сабақ тақырыбы

Е.Елубаев. Жыл мезгілдері.

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, 4-сынып, ана тілі

Жалпы мақсаттар

Оқушыны Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту; тілдің құдыретін түсінуге тәрбиелеу.

Түйінді идеялар

Халық айтса- қалт айтпайды.

Әдіс-тәсілдер

«Сөйлей алатын қолдар», «Сөйлейтін бұрыш», эссе, кластер

Тәсілдер: жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, ұжымдық жұмыс.

Көрнекіліктер

Е.Елубаев суреті, бағалау парағы, қима қағаздар, А-4 парақтары, фломастер, маркерлер, «Жарық жұлдыз» кері байланысқа қажетті материал.

Дереккөздер

1. С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова. Ана тілі 4-сынып, Алматы «Атамұра», 2011.

Оқыту нәтижелері

— Өлеңнің негізгі идеясын ұғынады;

— Мәнерлеп ырғағына келтіре оқуға, түсінгенін қара сөзбен айтуға төселеді;

— Ескен Елубаев туралы мәліметтері толығады.

-Өлеңді сатылай талдауды үйренеді;

-Жыл мезгілдеріне байланысты «туады, шығады, түседі, келеді» сөздердің қандай мағынасы барлығы жайлы түсініктері қалыптасады.

Сабақ барысы

Уақы-ты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Формативті бағалау

Сабақ кезеңдері:

1-кезең.

Қызығушылықты ояту:

ұйымдастыру;

15 мин2 мину

Сабаққа психологиялық жағымды ахуал туғызу.

Шеңбер бойына тұрады.

«Сөйлей алатын қолдар». Оқушылар екі шеңбер құрып тұрады: -ішкі шеңбер-Ағалар, сыртқы шеңбер- Бауырлар. бір-біріне қарайды. Сонда жұпқа бөлініп қалады. Әр жаттығудан соң мұғалім «бауырлар, бір қадам оңға» деп айтады. Сонда жаңа жұп құрылады. Мұғалім айтқан жаттығулардың бәрін тек қолмен орындау керек…

М: -Сәлеметсің бе?

-Халің қалай?

-Менің бүгін көңіл- күйім тамаша.

-Мен сені көргеніме қуаныштымын.

-Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.

-Біз реттелген оқушымыз.

-Сабақ бастауға даярмыз.

Бір-біріне Т.А. өлеңін жатқа оқып береді.

Жұпта бағалау

«Күн, ай бұлт»

1

Топта жұмыс істеу ережесін қайталату

Топта жұмыс істеу ережесін санамалап айтып береді.

1 мин

Оқушыларға ір түсті стикерлер таратып береді, сол арқылы топқа бөлініп отыру сұралады.

Топтарға бөлінеді:

№1-топ; Көктем, наурыз, сәуір, мамыр, көк түс

№2- топ: Жаз, маусым, шілде, тамыз, жасыл түс.

№3-топ: Күз, қыркүйек,қазан, қараша, сары түс.

№4-топ: Қыс, желтоқсан, қаңтар, ақпан, ақ түс.

№5-топ: Жыл, мезгіл, ай, апта, күн.

— үй тапсырмасын тексеру

5 мин

Мұғалім сыныпта әрбір топ оқушысының орындығына стикер жапсырып кетеді. Бағалау критерийін береді.

Ыстық орындықта отырған оқушылар ұжымға өз өнімдерін ұсынады.

1оқушы «Өсіп келе жатырмын» өлеңін жатқа оқиды.(1 мин)

1оқушы А4-ке жатқа жазады.(2 мин)

1оқушы «Мен болашағымды қалай елестетемін» ойтолғауын оқиды.(1 мин)

Әр топ өз тобының мүшелерін «Бағдаршам»әдісі арқылы бағалайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Білімдерін жан-жақты тексеру

3/

«Сөйлейтін бұрыш» стартегиясын қолданады.

Қабілетті оқушы үстелдің бір бұрышына барып тұрып, оқылған материалдар бойынша топ мүшелеріне сұрақтар қояды. Қалған оқушылар сол сұрақтарға жауап береді.Соңынан сұрақ қоюшы оқушылардың жауабына қорытынды жасаса, топ мүшелері қойылған сұрақтарды бағалайды.

Топ мүшелері жауап берген сұрақтарына орай өздеріне ұпай қояды.

Сабақтың тақырыбын тапқызу, жаңа сабақты меңгеруде мақсат-міндеттер қояды

1мин

Сұрақ қояды.

-Балалар бұлай топқа бөлінудің мәнісі неде?

-Сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?

-Оқушылар топқа бөлінудің мәнісін айтып береді де, сабақ тақырыбын айтуға талпыныс жасайды.Жаңа тақырыпты меңгеруге табыс критерийін жасайды:

-Жыл мезгілдері туралы автордың мәтінін түсіну;

-Автор туралы мәлімет алу;

-Тапсырмаларды орындау;

2-кезең. Мағынаны ажырату:

10 мин.

Автор туралы мәлімет беріледі

Сызба таратып береді.

Жеке оқушы хабарлама әкеліп, топ алдында автор туралы айтып береді.(1 мин)

Топ тыңдап болған соң, сызба толтырады (1 мин)

Е.Елубаев –кім?

Туған жері:

Е.Елубаевтың шығармалары:

«Жигсо-1» әдісін қолдану арқылы мәтінді меңгерту:

Өлеңді 4 бөлікке бөлу.

Дарынды оқушыларды 5-топқа жинап алады.

1.Оқушылар 1-2-3-4-5 деп бөлінеді.

2.Әркім жеке өлеңді оқып шығады.(2 минут)

3.4-топ өлеңнің 4 шумағын талқылайды. Мазмұнын қарасөзбен береді.(4 мин)

5-топ: сатылай кешенді талдау жасайды.

Сергіту сәті:

1.Сараптама тобына жиналады.Түсіндіреді.(5 мин)

2.Өз тобына қайтып келіп, ұққандарын бөліседі.(3 мин)

3. Спикерлер ұжымға ұсынады.(3 мин)

Дарынды оқушыдан 1 оқушы тақтаға шығып, ұжымға өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды.

Ойтолғаныс

20 минут

Топтық жұмыс орындайды

Ұжымға ұсынуын сұрайды.

Әр топ мүшесі жеке тапсырмалар орындайды (3 мин)

Қызыл түс: Кесте толтырады.

Жасыл түс: Тақырып бойынша кластер құрады.

Сары түс: Шағын 1 минуттық эссе жазады «Мен жыл мезгілімін»

Соңынан әр түстегі оқушылар уақытша топқа жиналып, бір-бірімен бөліседі.

Өз өнімдерін ұжымға жариялайды.(әр топқа 1 минуттан)

Топ басшысы бағалайды

5- топ Өлең мазмұны бойынша өз сөздеріңмен диалог құра.(Атасы мен немересі)

«Екі жұлдыз, бір тілек»

сабақ қорытындысы.

Рефлексия

3 мин

Сабақ туралы не білді, не ұнамады, нені білгісі келетіндерін жазуды сұрайды.

Параққа не істегендері жайлы тек етістікпен ғана жазады, жұлдыздың жанына рефлексия жазады.

«Жарық жұлдыз»

Келесі оқуға арналған тапсырмалар.

1

Тақтаға жазып қояды.

Несіпбек Айтов туралы біліп келу-1 оқушыға.

Бата сөз тауып жазу.

Қызыл түс-«Жыл мезгілі» мәнерлеп оқу.Күнделікке жазады.

Жасыл түс- Мәнерлеп оқу, мәтін мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

Сары түс: мәнерлеп оқу, мазмұнын айту, тірек сөздер арқылы көктем тақырыбына өлең құрастыру:

… далама,

… қалама,

.....................,

… жан ана.

Бағалау

2

Қорытынды баға қояды.

Мұғалімге өз «Жарық жұлдызын көрсетеді»

Осыған ұқсас жазбалар:

Биология§ 46 Экологияға кіріспе.

Биология§3 Көмірсулар

Биология§35 Антропосоциогенез сатылары. Адамның бейімделуі.

БиологияМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Биология§8 Бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103627

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар