Екі жұлдыз

Математикалық интеллектуалдық шоу «Екі жұлдыз»

 

білімділік:     Оқушыларға сыныптан тыс жұмыс барысында математика

тарихынан мағлұмат беру, математика және ұлы математиктер

өмірінен қызықты мәліметтер айту.

дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу, ойлау, білгендерін айтып жеткізу

қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік:     Оқушылардың белсенділіктерін арттырып, ізденімпаздыққа, өз

беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу,

түрі:     сайыс  сабағы

Жүру барысы:

  1. «Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған».
  2. «Сіз білесіз бе?»
  3. «Математика – ғылымдар патшасы»
  4. Қорытындылау.

 

Жүргізуші:

 Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

 Назарларыңызға «Екі жұлдыз» аттты математикалық интеллектуалды шоуымызды ұсынбақпыз, ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып алуларыңызға тілектеспіз.

 Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін»

Нағыз пән математика атанғансың! – дей келе ортаға жұлдыздарымызды шақырамыз.

 Бар табыстың жетекшісі өзіңсің

Бар ғылымның төре биі өзіңсің

Өмір сүру формуласы адамның

Сенің өзің аталғансың содан да дей келе «Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған.» деп аталатын бірінші турымызды бастаймыз. Бұл турда жарысқа қатысушылардың әр жұбына 3 сұрақтан беріледі, сол сұрақтарға кідірмей жауап бересіздер. Әр сұраққа 1 балдан беріледі.

 

І – тур. «Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған».

1.      Алғаш адамдар нелерді және қалай санап үйренді?

                              /Адам әуелі заттарды жекелеп, топтап, түстеп санады./

  1. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек». Бұл сөздің авторы кім? /Г. Галилей/
  2. Косинустар теоремасын ашқан кім? /Орта Азияда Әл-Беруни/
  3. Квадриллион неше нольмен өрнектеледі? /24 нөлмен/
  4. Егер түнгі сағат 12-де күн жауып тұрса, онда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма? /84 сағат, 3,5 сөтке, тал түс ашық күнді көруге болады/
  5. Қай академияның кіре берісінде «Геометрияны білмеген кісі академияға кірмесін» деп жазылған?

/Ежелгі гректің идеалист философы Платон б.э. (427-247) философиямен шұғылданғысы келгендер математиканы білуі керек деп, Академияның кіре берісіне жоғарыда айтылған сөзді жазғызыпты/

.

  1. Әкесі баласынан 25 жас үлкен, неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады?

/Әкесі баласынан ешуақытта 30 жас үлкен болмайды. Себебі жас айырмасы ешуақытта өзгермейді/.

  1. Арифметикалық амалдар бұрын шықты ма, әлде амал таңбалары бұрын шықты ма?

/арифметикалық амал таңбалары болмаған кезде арифметикалық амал ұзақ сөзбен жазылып орындалды/

  1. Бес тоғыздықты пайдаланып амалдар қолданып 10 санын жаз.

                                                                       /9+99:99=10;   99:9-9:9=10/

  1. Миллион қай елде, қай жылы жарыққа шықты? /1500 жылы Италияда/
  2. Квинтильон неше нөлмен өрнектеледі? /30 нөлмен/
  3. «Миллион» деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы.

/Ы.Алтынсарин/

 

Көрермендермен ойын.

 

  1. Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар?

/5 және 3/

  

Жүргізуші:

 Құрметті, әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың І-турдың  қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласыңыздар. Әділқазылар бағасы мен көрермендердіңберген дауысының қосындысы бойынша ұпайы төмен жұп жұлдызды ойыннан ортаға шығарып саламыз.

 Шын сөйлеуге, адалдыққа үйреттің

Жалған ойды дәлелде деп күйреттің

Қызық пәнсің, қиын пәнсің өмірде

 Қарамайтын ешқашанда көңілге дей келе «Сіз білесіз бе?» деп аталатын турымызды бастаймыз. Бұл тур бойынша үйге берілген тапсырма. Жарысқа қатысушылар өздері дайындағанматематика тарихынан қызықты мәліметтерді 2 минут уақыт аралығында береді.

 

ІІ – тур.  «Сіз білесіз бе?»

 Оқушылардың өздері тауып келген мәліметтері айтылады.

Екінші турға қосымша сұрақтар:

  1. Цифрларының қосындысы 2-ге тең болатын бес таңбалы қанша сан бар?

                                                       /20000, 11000, 10100, 10010, 10001/

  1. Галилео Галилей математика және тағы да қандай ғылым салаларымен айналысқан?

/философиямен, сурет өнерімен, музыкамен, астрономиямен, физикамен/

  1. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым кім?

А) Бируни   Б)  Әл-Фараби   В) Хорезми

Көрермендермен ойын.

 

  1. С әрпімен басталатын, геометрияда қолданылатын терминдерді ата.

                                                  (сәуле, сектор, сегмент, сфера, синус)

 

«Туған күніңіз қашан?»  /математикалық фокус/

 

Досыңа калькулятор беріп, оған өзінің туған айының нөмірін енгізуді сұраңыз.

-осы санды 4-ке көбейтсін

-оған 13-ті қоссын

-оны 25-ке көбейтсін

-одан 200-ді алып тастасын

-туған айының күнін қоссын

-оны 2-ге көбейтсін

-40-ты алып тастасын

-оны 50-ге көбейтсін

-өзінің туған жылының соңғы екі санын қоссын

-10500-ді алып тастасын.

Шыққан санға қарауын өтін, содан соң досыңның туған жылын, айын, күнін толық айтып бер. Бірінші немесе алғашқы сандар – туған айын, екінші екі цифр – туған күнін, ал соңғылары туған жылын көрсетеді.

 

Жүргізуші:

Құрметті әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың ІІ-турдың қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласаңыздар. Әділқазылар бағасы мен көрермендердің берген даусының қосындысы бойынша ұпайы төмен жұп жұлдызды ойыннан шығарып саламыз.

 

 

Ойлай білу қажет әрбір адамға,

Санау қажет данаға да наданға.

Білу үшін сенің терең сырыңды

Кереметтей керек бізге төзім шын дей келе «Математика – ғылымдар патшасы» атты турымызды бастаймыз. Бұл турда әр пәндер бойынша есептер беріледі. Сол есептерді 5 минут ішінде шығарып үлгерулеріңіз керек. Тапсырмалар бір-ақ рет оқылады.

ІІІ – тур.  «Математика – ғылымдар патшасы»

  1. Сәбит Мұханов 1900 жылдың 11-шілдесінде Жамбыл ауданы Жаманшұбар ауылында дүниеге келген. «Ботакөз», «Сырдария», «Есею жылдары»,  «Мөлдір махаббат» романдарын жазған белгілі жазушы ол 1973 жылы ақпанда дүниеден өткен. Жазушы қанша ай өмір сүрген?   /860 ай/

 

  1. 100 г асқабақтан 8 мг С витаминін алуға болады. 100 мг витамин алу үшін қанша асқабақ қажет? /1,25 кг/

 

Жүргізуші:

Құрметті әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың ІІІ-турдың қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласаңыздар. Әділқазылар бағасы мен көрермендердің берген дауысының қосындысы боынша жұлдыздарымызға орындарын тағайындасаңыздар.

Оқимыз біз, үйренеміз талпынып,

Қиналсақ та, қысылсақ та алқынып

Асу бермес болсаң дағы сен алып,

Меңгереміз, үйренеміз сені анық.

 

Құрметті қонақтар, ұстаздар, жарысқа қатысқан жұлдыздар осымен «Екі жұлдыз» атты математикалық интеллектуалды шоуымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

Осыған ұқсас жазбалар:

Информатика«Зерде интелектуалды ойыны»

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

Физика«Физика біздеқонақта» Сайыс сабақ

Биология"Қызықты биология елінде!" сайыс сабақ

Орыс тіліШаңырақ сайысы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119648

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар