Елбасының 1001 даналық сөзі

25 қаңтар 2015 - Талғат Ануарбек

1 желтоқсан –Елбасы күніне орай қызым Елнұрдың

11-сыныпта оқып жүргенде жазған ғылыми жобасын
ықшамдап ұсынып отырмын.
Жетекшілік жасаған өзім.
Ғылыми жобаның тақырыбы: Мың бір санының құпиясы және Елбасының мың бір даналақ сөзі
Жоспары:
Кіріспе бөлім
Мың бір санының құпиясы.
Зерттеу бөлімі
Даналық сөз – даналық ойдың жемісі.
Елбасының мың бір даналық сөзі.
Елбасының келбеті.
Мың бір санының құпиясы.
Құрметті оқырман қауым!
Біздің басты мақсатымыз – ғылыми жобамызда Елбасының ақындығын, шешендігін дәлелдеу емес, тек адамзат тарихының рухани байлығына тамшы болып қосылыр даналық ойларын жинақтау.
Ал оны мың бір санына байланыстырудағы айтпағымыз мынау. Мың бір санына байланысты үлкен туындылар: «Мың бір түн ертегісі», « Мың бір хадис», Ұлт зиялысы, қоғам қайраткері бабамыз Ахмет Байтұрсынұлының «Мың бір мақалы» — бәрі адамзат қоғамының рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі, өшпес мұрасы.
Неге бұлар «мың бір» атанды? Мың бір санында қандай құпиялық сыр бар? деген сұрақтар мені ерекше қызықтырды. Сондықтан мың бір санының құпиясын іздестіру оны ғылыми жобамен ұштастыру тағы бір мақсатым болды.
Мұны ең алдымен, IX ғасырдан бастап қалыптаса бастаған араб халқының классикалық шығармасы «Мың бір түн ертегісінен» іздеуді жөн көрдім. «Мың бір түн ертегісінде» шығарманың ұзын бой өзегі Шаһризаданың ажалмен бетпе бет келген арпалысы үстінде өрбігенімен оның қаһарынан ызғар шашқан, адамдықты белінен басып өз әмірін жүргізген, қылышынан қан тамған, аяусыз патшаға әңгімелеген хикаялары қиялының қарымы өскен сайын өзінен-өзі туып өрби беретін саны санаға симас ғарыш жұлдыздарындай біріне-бірі ұласып кете береді. Осылайша Шаһризада мың бір тәуліктің мың бір түні ішінде бір ғана хикаядан мың да бір хикаят туындатып, сол мерзімі аралығында өзінің Ұлы бақытты патшасынан үш ұл көріп, хикаят саны мың да бірге жеткен кезде сол ұлдарын бетке ұстап, өзіне деген кесікті өлімді үзілді-кесілді тоқтатады. Мың бір санының құпия сырын осыдан өрбітіп іздейтін болсақ, мынандай қорытындыға келуге болады. Біріншіден – мың бір саны үлкен батылдықты, қайсарлықпен қажымай-талмай еңбектенуді талап ететін сан. Екіншіден – бұл жолда жан кешті қиыншылықтар кездессе де соның бәрін жеңіп сол санға ұмтылса түптің-түбінде бақытқа жеткізуші сан. Қысқа түйіндесем, мың бір саны – адамдарды бақытқа жетелеуші немесе адамзатқа бақыт сыйлаушы сан.
Бұл ойыма қосымша дәлел ретінде Пайғамбарымыз Мұхамедтің «Мың бір хадисіне» тоқталғым келеді. Хадис – ислам дінінде Құран кәрімнен кейіншгі екінші орында тұрған қасиетті сөздер жиынтығы. Өйткені ең қарапайым Хадисте терең философиялық ой жатады. Адамдарды имандылық пен әдептілікке тәрбиелеуден бастап адамдардың жеке басына қатысты нәрселерден патшалардың ел басқару мәселелеріне дейінгі қағидалар қамтылған. Нақты мысалдар келтіріп кетсек:
7-хадисте: Адамдар арасындағы Аллаға ең сүйкімсіздері – шектен тыс дұшпандық жасаушылар.
64-хадисте: Патшалардың жақсысы, байлардың қайырымды, жұмыскерлердің ынтымақты, бірлікшіл болса сендер үшін жердің астынан үсті абзал. Егер керісінше болса жердің үстінен асты абзал.
212-хадисте: Отбасындағы үнемшілдік – бүкіл тіршіліктің тең жартысы. Адамдармен достасу – ақылыңның жартысы. Сұрау қойып әдептілікке үйрену – біліміңнің жартысы.
346-хадисте. Патша Алланың жердегі көлеңкесі. Кім оны құрметтемесе, Алланы құрметтемегені. Кім оны қорласа, Тәңіріңді қорлағандық болады.
Хадисте бұл өмірде қалай өмір сүру керек қағидаларын нақтылап айтып жеткізген. «Мың бір хадисте» айтылған ұлағатты ойларды бұл өмірде бұлжытпай мұқият орындай алатын болсақ екі дүниеде де алланың нұры жауып бақытқа жетуге жөн сілтейді.
Ойшыл бабамыз Ахмет Байтұрсынұлы да «Мың бір мақалын» осы мақсатты мақсұт тұтып жазуы әбден мүмкін ғой деп ойлаймын. Мақал — да адамзаттың өмір тәжірибесі арқылы жинақталған даналық ойдың жемісі. Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың кейбір мақалдарына көңіл аударайық:
20-мақал: Патша залым болса жұрт тозады,
Патша ғалым болса, жұрт озады.
21-мақал: Хан – шаңырақ,
Халық уық.
295-мақал: Тау мен тасты жел бұзады,
Адамзатты сөз бұзады.
417-мақал: Байлық байлық емес,
Бірлік байлық.
Жинақталған Елбасымыздың даналық сөздеріндегі даналық ойлары: отбасы – отаныңнан бастап күллі әлем халқын бақ пен берекеге, ынтымақ пен бірлікке шақырған, өркениет көшінде үлкен ел, кіші ел демей, көп ұлт, аз ұлт демей ұлылықпен сыйластықпен өмір сүруге үндеген, адамзат баласына ортақ мекен болған Жер Ана кіндігінде туындап жатқан ірілі-ұсақты уақиғаларға уақытылы үн қоса білетін, тұщымды ой айта білетіндігімен және айтқанын іс жүзінде дәлелдей білетіндігімен өзін әлем жұртшылығына, өзі арқылы Қазақ ұлтын, Қазақ халқын, Қазақ елін таныта білгендігінің айқын куәсі бола алады.
Бір ғана мысал, ең әуелі өз елінің, туған халқының өмірін ойлағандықтан даласы жарылыстан көз ашпаған ядролық Қазақстан күні ертең өзгелердің көз алартып, таласар аймағына айналып кетпес үшін және адамзатты, жер бетіндегі мыңдаған жылдар бойы жинақталған өркениетті қас қағым сәтте қырып жоятын ядролық қарудан бастартуы – қазақ елі үшін ғана емес барша адамзат баласы үшін жасаған көп ерлігінің бірі және бірегейі.
Қорыта айтқанда, «Елбасының мың бір даналық ойы» күллі адамзат баласына бақыт сыйлаушы, бақытқа жетелеуші даналық сөздер екендігі даусыз. Олай болса, осындай елін сүйген, еліне қамқор болған Елбасымызбен мақтанып, оның ойларын іске асыру үшін тамшыдай болса да үлес қоссам алға қойған мақсатымның орындалғаны.
Даналық сөз – даналық ойдың жемісі.
Даналық сөз – даналық ойдық жемісі демейме данагөйлер. Елбасымыз қайда болсын сөйлеген кезінде ана тілінде де, орыс тілінде де еркін көсіліп ойын татымды да өрнекті жеткізетіндігінен сөз өнерінің, сөйлеу өнерінің қыр-сырын шебер меңгергендігін көресің.
Елбасының сөз құдіретіне ерекше мән беретіндігін мына ойларынан түсінуге болады. Ол: «Әлемді құтқаратын –сөз. Жеке тұлғаны ғана емес, тұтас мемлекеттерді түтістіретін де бітістіретін де сөз. Сөздің күші құдайдың күшіндей. Қуатты сөз адамды шыңға да шыарады, шыңырауға да тастап жібереді», — дейді. «Сөз мәдениетінің жоғарғы формасы шешендік» [М.Балақаев] Әрбір білімді мәдениетті адам шешендікті үйренуге, ұмтылуға тиіс.
Елбасымыздың қазақ мектебін бітіргендігі, ұлтжанды болып қалыптасуының негізі, тілге ұсталығы, суырып салма тапқырлығы, ой ұшқырлығы, өз ойын ұтымды жеткізе білетін шеберлігі, шешендігі, ақынжандылығы, өнерге жақындығы, өзінің де домбыраны қлға алып, әуелетіп әншырқап жіберетіндігі қазақтың қалың ортасынан шыққандығы, тектілігінің өмір мектебінен өткендігінің куәсі. Елбасының сөйлегенсөзін тыңдағанда, жазған еңбектерін оқығанда бұрынғы өтіп кеткен билердің, шешендердің, ақын жазушылардың, шығыс пен батыс ғұламалары мен даналарының ғибратты сөздерін шеберлікпен қолданатындығына тәнті боласыз. Елбасының шешендігі тауып айтатын тапқырлығы жөнінде осы арада бір-екі мысал келтіре кеткенді жөн санаймын.
Қазақтың көрнекті ақыныТұманбай атамыз Елбасын жыл сайын Жаңа жыл мейрамымен құттықтап тұратын көрінеді. Әрине, құттықтауын өлеңмен жолдайды. 2008 жылдың қарсаңында да солай болады. «Нұрсұлтан бауырыма Жаңа жылдық жыр» деп аталатын сол өлеңнің төрт шумағы мынандай екен.
Өстің ғой тұнықтардан ат суарып,
Өзіңді аялаумен өтсін халық.
Ылайық сенің биік мәртебеңе,
Жаңа жыл жаңа бақыт келсін алып.
Жақсыны, жаманды да көрді басың,
Іздеген батырымсың шөл жуасын.
Өзіңнің аман жүрген әр күніңе
Мынау бір жалпақ жатқан ел қуансын.
Келеді алға тартып алтын арба,
Сәт сайын қарқын қосып қарқындарға.
Сен барсың, асыл інім, жан бауырым,
Нұрсұлтаным дейтұғын халқың барда.
Тапсам деп қазағымның қалай бабын, Жайнадың жазғы таңдай арайладың.
… жаңа жыл кірген кезде өз үйіңе, Бізді де бірге кірді деп ойлағын.
Сәлеммен, Тұманбай бауырың.
22. 12. 2007
Елбасымыз да Тұманбай атамыздың хатына өлеңмен жауап береді. Мемлееттік Елтаңбамыз басылған өзінің қызметтік, ресми, сарғыш, мөртаңбалы парағына қара сиямен былай деп жазыпты.
Қазағымның тапсам деп қалай бабын,
Мен жүрмін тәуелсіз ел ойлап қамын.
Сен жырлай бер қазақтың бар ырысын,
Жылдан –жылға аман бол Тұманбайым.
Жақсыны жаманды да көрді басым,
Сондықтан асымаймын, тасымаймын.
Тұманбайлар ісімді қолдап жүрсе,
Бастай берем халқымды жасымаймын.
Хатының соңына «Ақын емес – Н.Назарбаев» деп қол қойыпты.
… Бұл екі шумақтан азамат жанының шұағы мен нұры есіп тұр. Байыптай қарасақ, осының өзі елдік дәстүрдіңі ерен бір көрінісі ғой.
… Елбасымыз 2008 жылы Рейтер агенттігінің журналисіне берген сұхбатында: «мен Америкадағыдай демократияны жасағым-ақ келеді, бірақ мен Қазақстанда соншама американдықтарды қайдан алмақпын?» — деп жауап бергендігі ой ұшқырлығы, сөзге тапқырлығының бір көрінісі екендігі даусыз.
Халқымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ән айтуды, тыңдауды ұнататынын, ақын жанды азамат екенін жақсы біледі. Жұртымыз «Елім менің», «Жерім менің», «Үшқоңыр», «Сарыарқа» сияқты әндерін тыңдап жүр. Оның Әнұранымыздың мәтініне енгізген толықтыруларынан да ақындық жүрек, азаматтық тілек айқын анғарылып тұр. [Егемен Қазақстан. 19 наурыз 2010ж. М.Қасымбеков. «Жан жадыратар жасын сөз»]
Елбасының мың бір даналық сөзі
I. Абай туралы сөз
Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмау керек.
Абайдың уайымы бір басының қамы емес, халқының қамы.
Қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да экономикалықреформаны да бірінші ұсынған Абай.
Абай әлемі – бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті.
Өз халқын Жұрт болсын, өнсін дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын, Абайға құлақ ассын.
Абай жырын жаттаған дұрыс. Ал оның терең ойы мен өжет пікірі тек айта жүрер әңгіме болмай, Күнбе-күнгі тірлігімізге бір кірпіш болып қаланып жататын нақты іске айналса, тіптен құба-құп.
Абай өзінің туған халқымен бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.
II. Туған жер, туған ел, отан туралы
Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.
Тәуелсіздіктің қайта оралғаны біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай ел де болмас еді.
Қыдыр қонып, құт дарыған киелі қонфс, мүбәрак – Алматы! Биікке самғап, қиырды шарлау, заманнан қалмай зымырай заулау – мына бізге өзің берген тәрбие, өзіңмкөрсеткен өнеге, өзің тапсырған тарихи аманат!
Қазақ даласы – Ұлы түркі жұртының киелі шаңырағы.
Бүкіл қазақ даласы – бүкіл қазақ баласының туған жері.
Ежелгі шығыс даласы. Қазақ ұлтының ар-ожданына айналған алыптарды әлдилеген дала… Заманында шекера мен қашықтық дегенді білмеген дала кемеңгерлігі мен адамзат рухының кіндігі болған жер.
Біздің бабаларымыз тірі болу үшін бір болған, енді біз ірі болу үшін бір болуымыз керек.
III. Тіл туралы
Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, отқа салса қоғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ шін бұл дүниеде қымбат не бар екен?
Қазақтың ұлттық тұтастану үшін табан тірейтін негізгі идеялық тұғыр айқын. Бұл – қазақ тілі.
Өркениет өнегесі — өз тіліңмен өмір сүру.
Әлем халықтарының бірде-бірінің тілінде ұшыраспайтын, тек қана қазақ тілінің мүмкіндіктері арқылы нақтылы құбылысты танып түсінуге болатын сөздер бар.
Қазақ тілі мәдениеттің бір бөлігі ретінде барлық Қазақстандықтарды біріктірудің негізгі факторы болу керек.
Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл.
IV. Білім, ғылым, өнер туралы
Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашағындай бағып жүретін, көптіғ көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс
Еуразияның ең бірр бай да бірегей мәдениеті – қазақ мәдениеті.
Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын еселеп арта беретін бір байлық бар, ол – білім, Ал білім негізі мектепте.
Ақыл табылмай тұрып, ештеңе табылмайды. Ақыл жетілмей тұрып ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат өзгелердің көсегесін көгертпек түгіл өзінің көсегесін көгерте алмайды.
XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық.
Қазақ мектептері – қазақ елінің болашағы.
Білімді, сауатты адамдар – XXI ғасырда адамзат қоғамының негізгі дамушы күші.
V. Тарих, тәуелсіздік туралы
Тарих жолы — қашанда тайғанақ.
Тәуелсіздік туын тігуге қанша қажыр қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалу үшін сонша қажар-қайраткерек.
Адам еркін болайынша қоғам еркін болмайды. Қоғам еркін болмайынша ой еркін болмайды. Ой еркін болмайынша ісің алға баспайды.
Бүкіл қазақ — бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы.
Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы.
Жаңа ғасыр келіп қалды. Мен бұл ғасыр Қазақстаның тарихындағы ең ғажап ғасыр болады деп сенемін. Бұл ғасыр біздің тарихымызға жасампаз іске толы, бейбіт өткен ғасыр болып енеді деп сенемін.
Тәуелсіздікті күн сайын қорғау керек, ай сайын қорғау керек, жыл сайын қорғау керек, нығайту керек, өркендету керек. Тәуелсіздік — қазақстан халқының ортақ жеңісі, ортақ қуанышы.
VI. Береке-бірлік, ынтымақ, бейбітшілік туралы
Күшті болу үшін ең алдымен алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық керек.
Бақыт бағасын білгеннің ғана басында тұрады.
Қазақстанның басты байлығы жеріміздің үстінде де емес, астында да емес адамдарымыздың жүргінде.
Сүттей ұйыған осы татулығымызды тіл-көзден сақтаса, игілік атаулы қазақ жеріне бірте-бірте келе бертініне күмәнім жоқ.
Қазақ даласы- Ұлы түркі елінің қара шыңырағы.
Дауы таусылмайтын елдің, жауы да таусылмайды.
Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды. Халықтық істе жарасқанға бұйырады.
VII. Дін, салт-сана, дәстүр туралы.
Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.
Қаракөзді білмеген, домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айту қиын-ау.
Біз көбеймесек көсегеміз көгермейді. Санның сапаға айналмай қоймайтынын ұғынуға тиіспіз. Нем шықса да көптен шығады.
Бүгінгі қазақ қоғамына аса қажет нәрсе – өзіміздің намысшылдық қасиетімізді дамыту.
Өсер елдің баласыар-намысшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл болады.
Азаматтық дегеніміз бұл әлемдік тарих толқынында өзінің сбьектілік құқығын сезінетін және оған жауап бере алатын халық болмысының жалғыз ғана үлгісі.
… Құдайға құлақ аспай құлық түзелмейді; Құлқың түзелмей тұрып, құлқын арам ішкенін қоймайды.
Елбасының келбеті
Жаңа заманның жарқын сәттерінің бірі – Қазақстан халқы сондай алмағайып, аласапыран заманда жоғары парасаттылық көрсетіп, береке бірлікке, достық тірлікке ден қойып, елдің топтасқанын көрсетіп, 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш Президентін сайлады.
Президент туған халқының алдында: «Дана бабалар дәстүрімен осы салтанатты сәттегі сөзімізді адымен ата-жұртыма, қасиетті халқыма арнаймын! Бүгінгі күн – Қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Тарихтың талайбұралаң белесінен өтіп, бұл күнге де жетіп отырмыз. Бәрінде көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз. Шүкір, кештеу болса да ес жиып, еңсе көтеріп егеменді елдің туын тіге бастадық.Қазақстан Республикасының Президентін бүкіл халық болып сайлағаны – осы жолдағы ең биік белестердің бірі. Елдің қамын ойлайды, намысын жібермейді деп бірауыздан сенім артқандарыңызүшін шын жүректтен алғысымды айтамын. Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін таритың қай сынағына да тәуекел деп бас тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дархан еліме ата-бабаның аруағына сүйенемін. Тарих көші ұзақ. АСықсақ та аптықпайық. Қзақстанның көп ұлттық халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін. Сенімнен айырылмайық, бауырларым!» — деп ақтарыла сөйледі.
Елбасының алғашқы күні, Президент болып сайланғандағы айтқан осы бір қысқа сөзінен бүгінгі күні, 23 жыл өткеннен кейін даналықты, көрегенділікті, кемеңгер тұлғалықты, парасаттылықты көресің. Осы қысқа уақыттың ішінде арыстардың аманатын арқалаған, намыстың желкенін керіп, сауаты шамалы, санасы төмен деп өмір бойы желкелеп келген күштің тегеуірінді тырнағынан құтылған қазақты танытуға бел байлаған көшбасшының сол тұстағы әр қадамы халықтың да, бәріміздің де көз алдымызда.
Елбасымыздың осы уақыт ішінде жыртықты жамап, жаманды бүтіндеп, жоқтан бар жасап, бардан зор жасап, шашылғанын жинап, жиналғанын ұйытып, түсінгенін қасына алып, түсінбегенін соңына ертіп, естісін аялап, тобырды топқа, топты ұлтқа біріктіре білген еңбегін түптеп келгенде ел болып бағалай білген жөн сияқты.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115437

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар