Жаңа мектеп-жаңа бастама-жаңа серпін

4 қыркүйек 2016 - Гульмира Казыбаева

Оңтүстік Қазақстан обл.Арыс қаласы ББ қарасты

Аққала жалпы орта мектебі  І деңгей геграфия пәні

 мұғалімі Казыбаева Гульмира Бекбосынқызы

 

 

                                       Жаңа мектеп-жаңа бастама-жаңа серпін

     «Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан реформаның ең басты мақсаты- елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа  ұлттық рухани хазынаны әлемдік озық ой пікірмен ұштастырған сапалы біліммен тәрбие  беру»-деп ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев білім беру саласын дамыту жолына айрықша көңіл бөлуде.

     Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ. ХХІ ғасыр бізге жаңа мүмкіндіктер, жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекетімізде әр түрлі салаларда көптеген өзгерістер болып жатыр. Әрбір өзгеріс ең алдымен жаңа талаптарға жауап беруге қабілетті адамдарды көздейді.

      Мектеп осындай бәсекеге қабілетті ұрпақты дайындау керек.Дана халқымызда: «Бір жылдығыңды ойласаң –егін ек, бес жылдығыңды ойласаң- мал бақ, келешегіңді ойласаң- жақсы ұрпақ тәрбиеле» деген сөз бар.Осы жерде мұғалімнің рөлі өте жоғары.Қазіргі таңда мұғалім қандай болуы керек?Әрине, білімді және шығармашыл, эрудитті маман болуы керек. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған міндет оқушыға белгілі бір білім жүйесін терең меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін арттырып, олардың әрқайсының шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету болып табылады.Әлем өзгеруде, әлеммен бірге біз де өзгерудеміз. Мектептегі жұмыстың уақыт талабына сай   жүргізілуі, айналып келгенде, істі ұйымдастыру деңгейіне байланысты болып келеді және ұтымды басқару ісі үлкен рөл  атқарады.

      Оқу жылының басын біздің ұжым жаңа мектепте, жаңа форматтағы серпінмен бастады.Бұл өзгерістер мен жаңалықтар ұжымның әрбір педагогінің ойлауын,өткенімен бүгінін, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына  негіз болды.

       Елбасымыздың «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» -деген сөзі біздерді жаңа мүмкіндіктерге, биік белестерге,әрдайым жаңашыл ізденіс  жолында ұжыммен бірге жұмыс жасауға жетелеп келеді.

     

       Мектеп жұмысы нәтижелі болу үшін «Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру» курсынан өткен, жоғары санатты, тәжірибелі ұстаз, іскер басшы, айтар ақыл парасатымен дараланатын Мауленов Ердаулет Еркеқұлұлымен кеңесе отырып мынандай жұмыстарды қолға алдық:

      -мектептің  даму басымдылықтарын,құндылықтарын анықтау үшін команда   құрдық;

      -ортақ мақсаты бар деңгейлік курс бітіріп келген мұғалімдермен іс-әрекеттегі                           зерттеу тобын құрдық; 

     -қамқорлық көрсетуді ұйымдастырдық;

     -ішкі, сыртқы қолдауды ұйымдастырдық(коучинг, шебер сынып, кеңес, пікір алмасу т.б);

     -оқыту мен оқуды дамытуды қолға алдық.

Осы аталғандарды жүзеге асыру үшін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді:

     1.Білім берудің алғашқы тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру;

     2.Әріптестерге қолдау көрсету үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру;

     3.Тәлімгерлерді тағайындау;

     4.Әріптестер бір-бірінен үйренуі үшін қолдау көрсету.

      Мектептің даму басымдылықтары негізінде өзгеріс енгізу тобы өзгерістерді тереңірек енгізу  үшін коучинг сессияларын, шеберлік сынып сабақтарын, тәлімгерлікті және желілік қоғамдастықпен байланыста жұмыс жүргізуде. Деңгейлік бағдарлама курсынан өтіп келген мұғалімдеріміз топтық  жұмысты ұйымдастыру, жеті модульді кіріктіру, рефлексия жасау, оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауын   көрсететін шеберлік сынып сабақтар өткізуде.

       Білім ордасының негізгі көрсеткіші-оқушы білімі болғандықтан, Lesson-Study зерттеу сабақтарына көптеп көңіл бөлудеміз. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша нысанға 9-сыныпты алып басымдықтарын айқындай отырып, зерттеу сабақтарының жобасын жасадық. Ең бірінші кезекте сол сыныптың ата-аналарымен байланыс орнатып, келісімін рәсімдедік.

 Зерттеу тобымен бірлесіп  өтілетін тізбектелген сабақтардың  жоспарын түздік, оның бірінші айналымын физика пәнінің мұғалімі Тынысбекова Элмира сәтті бес сабағын өткізді,қазіргі таңда биология,қазақ әдебиеті, химия пәндерінен өтілуде.  

Әр зерттеу сабағы қорытындыланып, анықталған проблема бойынша қайта жоспар құрылып,әрбір зерттеу сабағында түрлі әдіс тәсілдердің тиімділігін анықтап, оқушылар үнін ескере отырып жұмыстарға түзетулер енгізіп, нысандағы АВС оқушыларымен жұмыстар  жүргізілуде.

 

     Мектептегі өзгерістердің көрінісі ретінде коучингтер, тренингтер, жаңа форматтағы сайыстардың мұғалімдер және оқушылар арасында өткізілуі, тәрбилік мәні терең іс-шараларды, жаңа форматта пәндер онкүндіктерінің өткізілуін айтуға болады. Интернет жүйесінде жұмыс істеу, оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болуға жетеледі.Соның нәтижесінде 52 оқушы «Инфоурок» халықаралық қашықтық олимпиадасына түрлі пәндерден қатысып 12 оқушы жүлделі орын иеленді.Ұстаздарымыз «Мультиурок», «Инфоурок» сайтына тіркеліп өз еңбектерін жариялап сертификаттар алуда.

 «Өзін-өзі тану:  Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты  дәстүрлі онкүндік декадасында  қиыны мен қызығы мол ұстаздық еңбек  қазіргі таңда көп ізденуді  жаңалықты үйренуді талап ететіндігін айқындатты. Сондықтан да баланы сүйіп, балаға деген махаббат бар жерде, жемісті еңбектің нәтижесі барын мектебіміздегі жүргізілген  жұмыстардан айқын аңғаруға болады.

         Жоспарланған іс-шараға  байланысты    қайырымдылық, махаббат, табиғат, шығармашылық  тақырыптарында  сабақтар мен көрмелер, концерттер,  әдеби кештер өтілетінін  «Жаратылыстану»  бірлестігінің жетекшісі Мамутова Роза салтанатты  ашылуымен  құттықтап, тұсаукесер өткізді.

      Мектеп психологы " Мейірімділік асыл қасиет" тақырыбында ашық сабақ өтті, балалар өздеріне ой тастаған көріністер жайлы ойларын айтып,  қызу талдау жасады.   

 

 

   

    Тәрбие мен білім ордасы алдымен отбасы болса содан кейінгі орында мектеп,  қайнаған білім ордасы кітапхана. Мектебіміздің  кітапханашысы Садықова Гүлжан Барысқызы  «Мейірім төгетін ана»   көрмесімен оқушыларды таныстырып, оқушылар  сұрақтарды көрме аясында  қойып,  тәлім-тәрбиесі мол азықтар алды.         

   Ізденімпаз, білімге құштар  бүлдіршін 4-сынып оқушыларымен  «Сердце наполненное  любовью»  тақырыбында    Мақатай Құралай сыныптан тыс өнеге   сағатын өтіп,  бүлдіршіндер  ойындар,  ұлттық билер билеп,  орыс әндерінен попурилерін  шырқады.

 

 

      Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік бағдарламасына сай жабдықталған оқу кабинетінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Болысбек Перизат Жұмағұлқызы     4-5-6-7-8-сыныптарда  «Бақыт деген осы»,  «Қайырымдылық –асыл қасиет»,   «Қызыққа толы бұл әлем» тақырыбында  бейнероликтер   көрсетіп,   ашық сабақтар өткізді.  Балалар өздеріне ой тастаған көріністер жайлы ойларын айтып,  қызу талдау жасады.  Сабақ барысында балалар қорқу, өкіну, үрейлену, жанашырлық,  шабыттану,  қуану көріністерін айқын аңғарып сезінді.  Сабақтар соңында    «Тілек ағашына»  өздерінің алған, түйген әсерлерін тілектерін жазып  ілді.

      

Әлеуметтік педагог  Атығаев Сұлтан  «Жүректен-жүрекке»  қайырымдылық  акциясының өтілуі жайлы  балаларға өмірдегі қиындыққа кез болған жайлар жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұйымдастырды.

Қайырымды қазақ халқы  жастары тұла бойында мейірім мен сыйластық сәулесі әрдайым нұрлансын!

                  

       Екінші аптасында мектебіміздің қолөнер мен шеберлікті үйретуші  ұстаздардың көмегімен    Сара Алпысқызына арналған сыйымыз және балалардың ана жақсылық, бейбітшілік және достық жайлы шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастырып түсіндірді. 

      Бастауыш сыныптар арасында  Ақиық ақын Мұқағали Махатаевтың 85-жылдық мерейтойына орай қазақ тілі және әдебиеттік  оқу пәнінен 10 күндік іс-шара өткізілді.

        Бұл іс-шарада ұстаздар ашық сабақтар, сыныптан тыс сайыс сабақтар, газеттер шығарды. Осы  он күндік аясында бастауыш сынып мұғалімдері К.Нұрашова мен  М. Әшірбекова 4 сынып  оқушыларымен ақын атамыздың туған күніне «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби музыкалық кеш өткізді. Кеште ақын атамыздың өлеңдерін жатқа айтып, күнделіктерінен үзінділер оқылды.

          Кеш барысында бастауыш сынып оқушылары арасында Мұқағали Махатаев оқуларынан жарыс өткізілді. Қорытындылай келе 2 сынып оқушысы Ағабек Гүлсезім бас жүлдені иеленді.1-ші орынды 4 сынып оқушысы Жақсыбай Нұрбақыт. 2-ші орынды 4 сынып оқушысы Төлебек Ақжүніс. 3-ші орынды 4 сынып оқушылары Әбдәзім Нұрай мен Әлімқұл Бақдәулет иеленді. Кеш, ақын атамыздың:

   Мекен-жәйім-жер менің

   Жерде жүрген ақын деген пендемін.

   Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

   Мен өмірді жырлау үшін келгенмін! -деген өлең  жолдарымен аяқтады.

 

 

Жаңа мектепте сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды дағдыға айналдырдық десекте болады.Соның бір дәләлі әр тоқсан сайын өткізілген 9-10-11 сыныптар аралығындағы «Жарқын болашақ иесі-талаптан да, білім мен өнер үйрен» сайысы. Осы сайыс арқылы мынадай  оқу мақсаттарыжүзеге асты:

-         Оқушылардың танымдық қызығушылығы, сын тұрғысынан ойлауы, зияткерлік және шығармашылық қабілеттері  қалыптасты, меңгерген білімі және білігін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыланды;

-         Оқушылар іскерлік, ізденушілік пен тапқырлыққа ынталанып, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін артырды;

-         Жеке тұлға ретінде  қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйренді;

      — Топпен жұмыс істеу барысында оқушылар  бір-бірінің  ойын құрметтеуге         және тыңдауға үйренді. Әріптесім Тынысбекова Элмира Бердібекқызы екеуміздің ұйымдасыруымызбен өткізген іс-шараларымыз арқылы  Сенека   айтқандай:«Білім — кез -келген   өмірлік  жағдайда   дұрыс  шешім  қабылдау  қабілеті», сондықтан   оқушылардың  жеке  тұлғалық  қасиетін  қалыптастыру  арқылы  балаларды  өзгеріп  жатқан  жаңа  заманауи  әлем  жағдайына  бейімделуіне   дайындай  аламыз.Заман  талабы  «өмірлік    білімнен»,  « өмірлік  білім  арқылы   болашаққа  білім»  алуды  талап  етеді. Яғни ,  ортаға  бейімделуді  көздейді. Жаңа  мектептің   негізгі  білім  беру  мақсаты,  қарқынды  дамып  келе  жатқан  қоғаммен  жеке  тұлға  қажеттілігіне  пара-пар  жағдай  жасап, әр балаға қабілеттіліктері  мен   мүмкіндіктерін   іске  асыруда  психологиялық – педагогикалық    қолдау  көрсету,әр  баланың   бойында  жасырынып  жатқан  шығармашылық  қабілетін  ашып,  сол  арқылы  бағыт-бағдар  көрсету керек екендігін түсіндім.

   

 

                                                  Топ басшылар сайысы өте тартысты өтті

    

                                        Өнерлі  өрге  жүзер  кезеңінен көрінісі

 
                                   Топтардың қорытынды бағасы

                          Марапат иегерлер

      Жоғарыда айтқандай елбасымыздың «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» дегендей әр бір сөзіне қолдау көрсете отырып, оны өмірде ұстаным етіп қолданамыз дегім келеді. Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпаққа білім нәрін беріп жүрген барша әріптестеріме сәттілік тілеп,әрқашан аспанымыз ашық, Тәуелсіздігіміз мәңгі бола берсін!

 

 

 

     

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152318

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар