Жас маман жоспары

1 сәуір 2016 - Куншара Култанова
Жас маман жоспары

Жас мамандар" мектебінің жұмыс жоспары 

Жұмыстың бағыты:

жас мамандармен жұмыс.

Жұмыстың мақсаты:

Мұғалімнің кәсіби тұлғасын қалыптастырудың жеке әдістемесін жасау.

Жұмыстың міндеттері:

-оқыту үрісінде ізгілендіру мен демократияландыруды басшылыққа алу;

-жаңа заман талабына қойылатын талаптарды зерттеу;

-педагогикалық жаңашылдықты үйрену –меңгеру – өмірге өндіру –дамыту;

-сабақ типологиясын зерттеп игеру.

Бөлімдері:

1.Педагогикалық технологиялары зерттеп оқыту үрдісіне енгізу үшін мақсатты топтар құру.

2. Педагогикалық технологияларың теориясын, философиялық ғылыми тұжырымдамасын меңгеру іс шаралары.

3. Біліміңе әдісіңді серік ет. «Талантты ұстаз- дарынды балаларға» бөлімінің жүйесі.

4. Диагностикалық болжау, мониторинг, бағалау, түзету, нәтиже.

Жұмыстың принциптері:

-бүгінгі күн талабына сәйкестігі;

-ғылымилығы, ғылыми жетістіктердің қолданылуы;

-жүйелігі және жоспарлылығы;

-барлық бағыттардың байланыстылығы;

-нақты және дара көмек көрсетілуі;

-теория мен практиканың бірлігі;

— мұғалімнің шығармашылық өсуіне қолайлы жағдай жасау.

 

Жас мамандардың алдына қойған мақсаты шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденімпаз, талапты азамат етіп тәрбиелеу. Сондай – ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу. Ұстанатын қағидасы: терең судың пайдасы мен қатар залалы да бар. Одан сақтану үшін шәкірттерді еркін жүзе білуге үйрету.
Жас мамандар жоғарыдағы эпигрофты әркез естен шығармай, жақсы шәкірті бар, саналы азамат тәрбиелеуде ерінбей еңбек етуге лайықты жалынды жастар.
Мектепке келген жас мамандар алдымен мектеппен, ұжыммен танысады. Тәлімгер – жетекшілер тағайындалып, жылдық жоспар бойынша жұмыс жасайды. Жас маманның өзінің және тәлімгер – жетекшісінің жоспары жасақталады. Мұғалім портфолиосын жасауға, күнтізбелік және сабақ жоспарын және өзіндік білім көтеру жоспарларын жасауға жетекшілер бағыт береді. Іс – қағаздар, журнал толтыруға әдістемелік және жетекшілік көмек берілуі керек.
ҰБТ, ОЖСБ сияқты мемлекеттік бағдарламалардың ережелерімен танысып, модификацияланғанкабинеттерде жұмыс жасау, электронды журнал, электронды оқулықпен жұмыс жүргізу туралы мектеп әдіскері таныстырып отырғаны абзал.
Сонымен бірге, жас мамандарды сабақтарға сараптама жасап үйретіп отыру қажет. Тоқсан сайын сауалнамалар жүргізіп, қиындық келтіріп жүрген мәселелері бойынша өзара пікірлесіп, шешімін табу көзделсе тіпті жақсы.
Жас мамандармен өтетін отырыстарда баяндамалар жасатып, заман талабына сай оқытудың қандай тиімді тәсілдерін қолдану керектігін үйретіп отырған жөн.

Жастарды ақпараттандыру технологиясына сай бейімдеп, интерактивті тақтаны пайдалануды іске асыруды қолға алғанда, жас мамандар оқытудың жаңа технологияларына бетбұрыс жасайды.
Технологияларды қолданғанда оқушылардың жас ерекшеліктерін, сынып деңгейін анықтап алғаны дұрыс екендігін айтқанның артықшылығы жоқ.
Жалпы мектепте сәуір айын жас мамандарға бөлген қолайлы, себебі жыл бойына сабақтарға, сыныптан тыс шараларға қатысқан жас мамандар жыл соңында заманауи талаппен қаруланған сабақ көрсетеді, оқушыларға «жақындай» түседі.
Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға болуына мектеп ұжымының да ықпалы зор. Сондықтан, жас мамандарды тәрбиелеп, жақсы ұстаз деңгейіне дейін көтеруге жұмыстанайық.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаЖас мамандар апталығы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110050

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар