АКТ- ны химия сабақтарында тиімді пайдалану

22 ақпан 2016 - Маржан Жакина
АКТ- ны химия сабақтарында тиімді пайдалану

АКТ ны химия сабақтарында тиімді пайдалану

 

              Бүгінгі күндегі әлемде  жүріп жатқан жаћандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейтуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы  Жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

            Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында  «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау… Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудің ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері жүктеліп отыр.

Жоғарыда айтылған сөздер бізге, ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктейді. Аталған міндеттерді шешу-педагогтың кәсіби шеберлігіне, заманауи талаптарға сай инновациялық технологияларды тиімді қолдану шеберлігіне, парасаттылығына, адами қасиеттеріне байланысты деп ойлаймын.

          ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір екендігі бәрімізге белгілі.

          Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда химия пәні мұғалімі ретінде мен ертеңгі болашағымыз, оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру арқылы білімді, саналы, иманды, адамгершілік қасиеттері жоғары оқушы тәрбиелеу-ұстаздар алдында тұрған ең басты міндет деп санаймын.

               Мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық және жаратылыстанулық бағыттардың өзегін құрайды. Химия пәні өзіндік сана- сезімді қалыптастыратын пәндердің бірі екендігі ұстаздарға белгілі.

Химия  оқу пәнінің негізі – адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам- табиғат – қоғам). Ол оқушыларды химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан – салалы ауқымды мәселелерді шешудегі ізгілікті рөлінің артуын ашып көрсету. Бірақ мектептік пән бүкіл химия ғылымын тұтас та, толық қамти алмайды. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық дәрежесі ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, химиялық үрдістер, химиялық заңдар мен теориялар және химиялық символикалық  ұғымдар іріктеліп алынады. Бұл химияның құбылыстарын бақылауға және түсіндіруге біліктілігін дамытады.

        Бүгінгі күндегі іс-тәжірибем-химия сабақтарында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігінің ерекше тиімді екендігін көрсетуде. Аталған жұмысқа мектебіміздің материалдық-техникалық базасының сай келуі айқын дәлел болуда. Мектебіміздегі  химия кабинеті жаңа үлгіде жабдықталған. Сабақ сапасының жоғары деңгейде болуына кабинетте барлық жағдайлар жасалған. Сабақтың, зерханалық жұмыстардың талапқа сай жүргізілуі-кабинеттің жабдықталуына байланысты екендігін өмір дәлелдеуде. Кабинеттің жаңа үлгіде жабдықталуы -оқушылардың білім сапасының жоғарылауына, пәннің өмірге қажеттілігін түсіне білуге, пәнге деген қызығушылықтарының артуына ықпал ете алады.

   Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивті тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

          Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны  барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты  дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

           Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады.Жеке оқушының компьютерде жұмысты сауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.

      Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың өзіндік  талаптары бар. Олар, ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен жұмыс істей білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру,өзбеттік жұмыстарды жасай білу, щығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, өзіндік пікір, тұжырым, қорытынды жасай білу.

          Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, мұғаліммен өзін тең дәрежеде ұстай алады.Химия сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге,өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады.  Химия мұғалімі  АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап, интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.

           Күнделікті сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық,ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі өмір ағымынан қалмаудың жолы демекпін. Кез-келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайдан шыға алуымен айқындалады.

          Ақпараттық технологиялардың бірі-интерактивті тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және сабақ бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы  оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.  Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз.Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.

           

          Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар.Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады.Сондықтан,өзін-өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады. Сабаққа бөлінген уақытты тиімді пйдалануға мүмкіндік береді

          Сіздердің назарларыңызға биылғы оқу жылында  өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген « Фосфор және оның қосылыстары» шеберлік сыныбының  кейбір кезеңдеріне тоқталып өткім келеді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға фосфордың периодтық жүйедегі орны,  алынуы, табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері және  қосылыстарымен  таныстыру , фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері және фосфордың қосылыстарының   маңызы жайлы мағлұмат беру.
Оқушылардың фосфордың периодтық жүйедегі орнымен атом құрылысын өз бетімен өрнектеу білігін, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін  дамыту. Фосфордың қосылыстары туралы түсінік бере отырып, маңызды бейметалдардың қосылыстары жөніндегі білімдерін жетілдіру болды. Сабақта қолданылған көрнекіліктер мен техникалық құралдар

 ( Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, тірек     сызбалар, слайдтар,  электрондық   оқулық, компьютер, мультимедиалық проектор) шеберлік сыныбының тиімділігін байқатты. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер     (сұрақ-жауап, ізденіс, есеп шығару, тірек сызбамен жұмыс) оқушы ізденімпаздығын, шығармашылығын арттыруға ықпал ете алды. Пәнаралық байланыс(медицина, биология,   география,    математика, тарих) шеберлік сыныбының мазмұнын аша алды. Сабақта қолданылған жаңашылдық сабақ мақсаты мен міндеттерінің толық орындалуына қол жеткізді.

        Жалпы бүгінгі күнде заманауи жаңа ақпараттық технологияларды химия сабағымда қолдану төмендегі нәтижелерге жеткізе алды: оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді, сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі, оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады, жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға,өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі, өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді, шығармашылық белсенділігін арттырып,ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді, өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

        Жұмысымның нәтижелілігін бүгінгі күнде оқушыларымның нақты нәтижелерінен көруге болады. Өткен оқу жылында 9-сынып оқушысы Жанаева Алтынай қалалық пәндік олимпиадада 2 орын алып- жүлдегер атанды. 2015-2016  оқу жылында 9-сынып оқушысы Қасымжанова Әсел қалалық «Зерде» ғылыми-практикалық жобалар байқауында 2-жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ, осы оқу жылында қалалық пән олимпиадасында химия пәнінен Слямов Диас 2-орынға ие болды. Аталған оқушылар өз ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін  шыңдауға жол ашатынына сенімдімін. Әр оқушым мен үшін аспандағы кішкентай жұлдыз іспеттес. Сол кішкентай жұлдыздар өмірде өз орындарын табатынына сеніммен қарай аламын.

        Бүгінгі күн талабына сай шәкіртке нақты, терең білім беруде жаңа ақпараттық  технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тетік дегім келеді.

         Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»-деген ойын басшылыққа ала отырып, жаңа заман форматындағы жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу-  ұстаз міндеті деп есептеймін. Аталған міндеттерді орындауда алдағы уақытта біздер, мұғалімдер талмай еңбек етеді деген сенімдемін.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаКоординаталық жазықтық

МатематикаФункция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110041

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар