Зертханалық және сарамандық сабақтарға талдау

14 наурыз 2014 - Асем Тургалиева

Зертханалық және сарамандық сабақтарға талдау жасаудың сұлбасы

Мұғалім              СыныпТақырыбы

1. Жұмыстыңмақсаты.

•              Сабақтардыңбілімдікміндеттерідұрыстұжырымдалғанба. Олар оқушылардың ұғымына жеткізілді ме?

•              Бұл неден байқалды?

2. Жұмыстың мазмұны .

•              Жауаптар дұрыс және мақсатқа лайық таңдап алынған ба?

•              Жауаптардың қиындық дәрежесі қандай? Оқушылар оларды орындай және тиісті қорытындылар жасай ала ма? Олар тым қарапайым және тиімсіз емес пе?

•              Тәжірибелер толықтай қауіпсіз бе?

3. Сабақтарға кіріспе әңгімелесу.

•              Жұмыстың мақсаты жеткілікті айқын қойылған ба?

•              Сабақтарды орындауға арналған нұсқаулық дұрыс берілді ме: оқушылар нені және қалай істеулері тиіс екендіктерін жақсы түсінді ме? Нұсқаулық оқушылардың дайындығына сәйкес келе ме?

•              Сарамандық сабақтарға арналған қандай да бір басшылық пайдаланылды ма?

4. Сарамандық сабақтардың әдістері мен ұйымдастырылуы.

•              Сабақ қандай мақсатпен ұйымдастырылған: білімді бекіту және дағдыларға ие болу мақсатымен бе немесе жаңа білім алу мақсатымен бе?

•              Сарамандық сабақтарда оқулық пайдаланылды ма және қалай пайдаланылды? Мәтінге қосымша нұсқаулар берілді ме?

5. Жекелеген оқушылардың жұмысын бақылау.

•              Оқушылар тапсырманы орындауға қалай дайындалды: мұғалім көрсеткендердің бәрі оқылды ма? Қажетсіз әбігершілік танытқан жоқ па?

•              Жұмысқа қызығушылық білдірді мее?

•              Оқушы приборды дұрыс жинастырды ма, тәжірибелерді дұрыс жүргізді ме? Жұмыстың тапсырмада көрсетілген барлық шарттарын сақтады ма? Нені және не үшін жасағанын түсінді ме?

•              Оқушылар өздерінің жұмыс орындарын ұқыпты ұстады ма?

•              Бақылауларды қалай тіркеді, қорытындыларды қалай жасады: тәжірибе кезінде ме немес одан кейін бе, бірден дәптерге жазды ма немесе алғашқы мәтінге жазды ма?

6. Қорытынды әңгімелесу.

•              Оқушылар орындаған тәжірибелердің нәтижелері қалай тексерілді?

•              Мұғалім оқушылардың қорытындыларына қандай толықтырулар жасады? Жұмысты орындау қалай есепке алынды және оқушылардың жұмысы қалай бағаланды?

7. Жалпы пайымдаулар.

•              Не нәрсе құптауға лайық?

•              Қай нәрсе түзетуді талап етеді?

•              Неден қашқақтаған жөн?

 

8. Ұсыныстар.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаБиология сабағына талдау жасау

Ұстаздарға5–11 сыныптардағы орыс тілі сабағына талдау жасаудың үлгілік жаднамасы

ҰстаздарғаЕңбекке үйрету сабағына талдау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119814

Теги: үлгі
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар