Имандылық-адам көркі

31 қаңтар 2016 - Айгуль Турганова

               Тақырыбы:   Имандылық — адам көркі

Мақсаты:  Оқушыларға  имандылық  туралы түсінік беру. Қазақ халқының басқа мұсылман халықтар арасында қастерлеп  жадында  сақтап  келген ислам діні туралы білім беру.  Бұл діннің  адам бойындағы  барлық  жақсы  қасиеттерді  бастайтын биігі екендігін, негізін  түсіндіру.  Балаларды иманды ұл, инабатты қыз болуға тәрбиелеу;  қасиетті құран кітабының негізгі қағидалары  адамды тазалыққа, сенімге, қайырымдылыққа тәрбиелейтінін түсіндіру.  Бір-бірін  сыйлауға,  құрметттеуге  тәрбиелеу.

Түрі:  дебат, пікірталас түрінде

әдісі: сұрақ –жауап, топпен жұмыс

Іске асыру жолдары:  Интерактивті  тақтадан   материал  көрсету  арқылы.

Оқушыларды  пікірталасқа  түсіру  арқылы

Күтілетін нәтиже: Рухани- адамгершілік тәрбие беру арқылы имандылыққа,

инабаттылыққа баулу.                                                                           Көрнекілігі: Тақырыпқа сай түрлі сөздер жазылған плакаттар. Интерактивті тақта,  компьютер, слайдтар                                                                                       Барысы:

Мұғалім:

 Бүгінгі  сабақтың  тақырыбы   «  Имандылық — адам көркі   ». Имандылық – инабаттылық мұраты. Имандылық – араб тіліндегі нану, сену деген мағынадағы иман сөзі. Иман дегеніміз- сенім,  алланың  бар  екендігіне  сену. Оның мәнісі – Алланың біреу екендігіне, одан басқа Алланың жоқтығына сену. Әдетте ол дін жолынан қия бастауды, ар-ождан тазалығын, обал- сауап талаптарын сақтауды, қылдай қиянат жасамауды, қайырымдылықты, адалдықты жинақты тұрде көрсететін адамгершілік ұғым атауы болып табылады. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе- жердің көркі» дегендей  қыздардың имандылығы-ұлттың өсуіне ықпал етеді. Қаншалықты сен көркем бол, бай бол, бірақ сенің бойында адамгершілік, тазалық, адалдық, қайырымдылық, сыйластық, әдептілік қасиеттері көрінбесе сен көрікті адам емессің.

·        Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

·        «Имандылық- бетте емес, жүректе» дегенді қалай түсінесіңдер?    

·        Қазіргі жастардың бойынан имандылық табыла ма?

Мұсылмандардың имандылық, инабаттық, адамгершілік ерекшеліктері жинақталған Хадист деген кітап бар.Хадист- Мұхамед Пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап.

Кітапта былай делінген. Кімде –кім жүрегін иман үшін, шыңдық үшін ұстаса, өзің салихалы ұстап, көп тыңдап аз сөйлесе, ол иманды адам екен.

 

 «Ең жақсы есім Аллах,

Ең жақсы дін ислам,

Ең жақсы ән азан,

Ең жақсы кітап құран,

Осының бәрін ұғатын мұсылман».

Сұрақ: Мектебіміздің ұл,қыз  балалары иманды ма?

   Иманды ұл болса мектептегі тәртіпсіз, бұзақылықтарды кімдер жасап отыр?

 «Инабатты отағасының үйіне иман тұрақтайды».

Сұрақ: Иманды ұл, инабатты қыз деп тек дін жолында жүрген ұл мен қыздарымызды айтамызба?

«Бақыттың бастауы – имандылық».

     Мектеп мүлкін сындыру, кабинеттерді ластау,  бүлдіру,  мұғалімдермен қарсыласу, бір-бірімен төбелесу, бір-біріне жаман сөздер айту имансыздыққа жата ма?

Осы сөздер арқылы өздеріңіздің ой пікірлеріңізді түйіндеңіздер.

Қорытынды:

Белгілі діндәр ғұлама Халифа Алтай қажы айтқандай: «Иманды елде ізгілік пен адамгершілік салтанат құрмай, қылмыс пен бұзақылық тыйылып, оларға жол қоймайды » деген екен.

 «Иманды  ұл, инабатты қыз болуға  ешқашан кеш  емес» деп сабағымызды аяқтаймыз.

Бүгінгі  айтқан әңгіме  бос емес.

 

        

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыТәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

БаяндамаОтаншылдық отбасынан басталады

Ұстаз үніҰстаз бақыты

Қосымша пәндер«Құпиясы жоқ болса, өнердің құрметі де жоқ»

Ұстаз үнісындарлы оқыту теориясы мен тәрбиенің 12 бағытын ықпалдастыра отырып, адами құндылықтары дамыған оқушы тәрбиелеу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115514

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 3 ақпан 2016 в 11:07 0
Ұнады.
Айгуль Турганова # 5 ақпан 2016 в 20:26 0
Рахмет сізге

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар