Қазақстан облыстары (ҚМЖ)

18 қазан 2014 - Админ

Пән

Дүниетану

Класс

4 «б»

Тақырыбы

Қазақстан облыстары

Мақсаты

Оқушыларға Қазақстан облыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі

*Еліміздің басты қалалары түсінігі қалыптасады.

*Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылар талдайды, қорытынды шығарады.

Әдісі

Сұрақ- жауап арқылы үй тапсырмасы тексеру. Ой қозғау. «Блум» таксономиясын негізге ала отырып сұрақ-жауап., АКТ пайдалану, сәйкестендіру кестесі, топтау.

Көрнекілігі

Қазақстанның әлемшілік- саяси картасы, оқулық, кескін карта. АКТ

Барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

І. Кіріспен

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Оқушылар өлең шумағын хормен айтады.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру

·        Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Мұғалім конветке  салынған сұрақтарды лақтырады. Оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Мұғалім оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аламыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады.  Мұғалім кезек-кезекпен конвертке салынған сұрақтарды  әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда ол фишка алады. Егер де ол жауабын білмесе, конветті басқа командаға лақтырады.

 

1.     Адам өмір сүру үшін, еліне пайдасын тигізу үшін не істеу керек?

2.     Адам еңбкетену арқылы өзіне қандай пайда әкеледі?

 

3.     Еңбектің ақасында адам нелер жасап шығарады?

 

4.     Адам еңбектің арқасында қандай заттарды өндіреді?

 

5.     Диқаншылардың еңбегі қандай деп ойлайсыңдар?

 

 

6.     Шаруашылық түрлерін үнемді әрі тиімді  жүргізетін адамды калай атайды?

7.     Экономика пәні арқыл оқушылар нені үнесдеуді үйренеді?

 

8.     Программалаушы мамандығын игерген адам көбінесе немен жұмыс жасайды?

9.     Қазіргі заманда компьютермен кімдер жұмыс жасайды?

 

10.                       Программалаушы мамандығын жақсы игеру үшін қандай пәнді жақсы оқу керек?

(Дұрыс жауапқа фишкалар берип отырамын)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбектену керек.

Киім, тамақ, тұрмыс заттары,үй, машина т.б.

Завад, фабрика,әдемі ғимараттар, көліктер.

Мұнай, газ, пайдалы қазбалар.

Астықты егеді, орады, топырақтың құанарлылығын қарайды.

Экономист

 

Суды, электор қуатын, қаражат.

 

Компьтермен

Инжинер, ғалым, оқушы, студент

Шет тілі, математика.

Тұсаукесер

Келген қонақтарға алдын ала қалалардың суретін үлестіріп беріп қоямын. Оқушылар өздеріне ұнаған қалалардың суретін келген қонақтардан өзін таныстыру арқылы алады. Ортаға жиналады. Суреттер бойынша топтарға бөлінеді.

І топ «Алматы»

ІІ топ «Алматы»

ІІІ топ «Орал»

-         Балалар, Қазақстан Республикасындағы басқа қандай қалаларды білесіңдер?

-         Қазақстан Республикасы қандай елдермен көрші?

 

 

 

-         Қандай облыстарды білесіңдер?

Оқушылар топқа бөлінеді.

 

Сұрақтарға толық жауап береді.

 

 

 

 

 

Солт.Ресей федерациясымен, оңт. Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен, Шығ. Қытаймен.

 

*Сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау өлшемдерін хабарлау.

 

Оқушының аты- жөні

Фишка саны

Тест

Қорыныды баға

1

       

2

       

3

       

4

       

5

       

 

Оқушылар бағалау өлшемдерімен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың 93-94 беттерін ашып ішімізден оқып шығамыз.

 

 

·        Тарихи мамағлұмат беру.

Республикада 131 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады.  Әкімшілік жағынан

       14 облыстан және песпубликалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа 85 қала, 160 аудан, 2237 ауылдық округке біріккен  7719 ауылдық елді мекен бар.

Мемлекеттік тілі-________________

Валютасы-________________

Елордасы-________________

 

·        Қазақстанның картасымен таныстыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тақтаға толықтырып жазады.

Шығармашылық жұмыс

«Қазақстан облыстары» телекөпір

Бұнда оқулықтағы мәтінді, және қосымша материалды пайдаланып өздеріңіздің облыстарың туралы айтасыңдар. Сондай-ақ әр топ облыстың атынан сөйлейді.

-         Біз ________________ облысында тұрамыз. Біздің облысымыз өте тамаша.

Оқушылар оқулықтағы, қосымша материалдан керекті жаңалықтарды алады. Топта ақылдасады. Топтан бір оқушы шығып айтады.

 

-         Сәйкестендіру кестесімен жұмыс

Оқушылар сәйкестендіру кестесін толтырады, дұрыс жауабымен салыстырады.

Сөздік жұмыс

Мәртебе деген сөзді өалай түсінесіңдер? (Топтар жазуға да болады)

Абырой, бедел, даңқ, атақ.

Қорытынды

Бүгінгі сабақты қоырытндылай келе, өткен тақырып бойынша не түйдіңдер соның барлығын тест жұмысы арқылы көрсетесіңдер.

1.     Қазақстан Республикасында неше облыс бар?

A.   16

B.   12

C.   14

2.     Республиканың маңызды қалаларын тап.

A.   Астана, Қызылорда

B.   Алматы, Астана

C.   Астана, Орал

3.     Қазақстан солтүстігінде қандай мемлекетпен  шектеседі?

A.   Қытай

B.   Ресей

C.   Өзбекстан

4.     Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?

A.   Евразия

B.   Азия

C.   Европа

5.     Қазақстан Республикасының шығыс аймағында орналасқан қаланы көрсет.

A.   Орал

B.   Қарағанды

C.   Семей

6.     Қазақстанның батысында неше облыс орналасқан?

A.   3

B.   4

C.   7

7.     Қарағанды облысы қай аймаққа жатады?

A.   Батыс Қазақстан облысы

B.   Орталық Қазақстан облысы

C.   Оңтүстік Қазақстан облысы

8.     Алматы облысының басты қаласын көрсет.

A.   Талғар

B.   Талдықорған

C.   Алматы

9.     Қазақстан Республикасы шығысында қандай елмен шектеседі?

A.   Қырғызстан

B.   Қытай

C.   Ресей

10.                       Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауын табыңыз.

A.   Күріштің  отыны

B.   Жетісу

C.   Жібек жолы

 

Оқушыларды бағалау

Бағалау парақшасы арқылы қортынды баға шығарылады.

Оқушылрдың барлығы бағаланады.

Үйге тапсырма беру

93-94бет оқу, мазмұндау

Қосымша мәліметтер жинау

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышМал баласын сүйеді. Сөз (Кембридж бағдрламасы)

ХимияОттек аллотропиясы.Озон және озон қабатының маңызы.Заттардың жануы

Ұстаздарға« Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастыру »

Қазақ тіліҚыс. Қазақ тілі 5 сынып

Қазақ тіліКөктем. Қазақ тілі 4- сынып

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150729

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар