«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша коуч сессия ЖОСПАРЫ

3 ақпан 2015 - Админ

Маймақова Айгүл Батырханқызы

Информатика пәні мұғалімі

Сабақтың тізбегі

Оқыту үшін бағалауда оқушылардың өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану

1

Жалпы мақсаты

Коуч сессия қатысушыларына «оқуды бағалау» және «оқыту үшін бағалау», критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету.

2

Күтілетін нәтиже

Коуч қатысушылары формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу.

3

Түйінді идеялар

Қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау.

4

Материалдар және ресурстар

компьютер, интербелсенді тақта, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 пен А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер.

Сабақтың барысы

Коуч сессияны өткізу этаптары

Мерзімі

Мұғалім және коуч қатысушылардың іс-әрекеттері

1.Сәлемдесу

3 мин

Коуч тақырыппен таныстырады.

. Сергіту сәті

2 мин

Серіктестік орта құру. Коуч қатысушыларды мотивация кезеңін орындату. Басқа қатысушылар оны жалғастырады.

«Бүгінгі жаңалығым қандай?», «Тілек айту» Мұғалім бір шарды алып өзінің жағымды жаңалығы мен тілегін айтып бір қатысушыға береді. Ол өз жаңалығын айтады. Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.

3. Шағын топқа бөлу

5 мин

Коуч қатысушыларды 5 шағын топқа бөледі. 5 түрлі суретті тарату арқылы топқа бөлу. /әр топта 20 мұғалім/

оп ұстанымын құрғызып, коуч қатысушыларды жауапкершілікке шақыру. Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, таныстырып, тұстарына іледі

4.Түйінді идеялар

3 мин

5.Жеке жұмыс

2 мин

«Мақсат ағашы» арқылы «Сізге білім алуға біреудің көмегі керекпе, жоқ әлде өз күшіңіз жете ме?» деп сұрақ қоя отырып мақсат ағашының суретін сызып, белгілеп беруді ұсыну.

6.Рефлексия

2 мин

Сіз неліктен бұндай баға қойдыңыз? Өз-өзіңізді бағалау қиын болды ма? Сіздің бағалауыңыз қандай қиындықтар туындатады? /әріптестер өз ойларымен бөліседі/

7.Жаттығулар

10 мин

Коуч қатысушылары алдымен берілген тапсырмалар бойынша жеке, жұпта, топта сыни тұрғыдан ойлай келе талқылап, зерттеушілікпен айналысу барысында, дайындаған шағын жоба жұмыстарын постерге түсіріп, кәріптестерінің алдына шығып қорғайды. Берілген мәтін мазмұнын түсіну дәрежесін анықтау мақсатында әр топқа тапсырмалар беріледі. Тапсырма барлық топқа әртүрлі беріледі.

8.Презентациялар таныстырылымы

2 мин

«Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау» таныстырылымы

9.Рефлексия

3 мин

«Ромб» тәсілімен «оқыту үшін бағалауға» тиісті негізгі 9 түсінік жазу.

10.Сергіту сәті:

3 мин

Ән шырқау. Әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Әр топ тез арада дайындалып, бірлесе орындауы керек.

11.Рефлексия

2 мин

Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып топтың ең жақсы жетістігі және жіберген кемшілігіне ұсыныс айту.

12.Топтық жұмыс


2 мин

Табыс критерийлері арқылы

топ мүшелерін бағалау сәті

13.Қорытындылау

4 мин

Коуч сессия қатысушыларға сабақ соңында «Мен бүгінгі сабақ жайлы не білемін?» бағдаршам арқылы өздерінің сабақты қаншалықты меңгергендерін көрсетеді. Коуч сессияны талқылау, стикерлерге кері байланыс жаздыру.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОрта білім берудегі басқару мен көшбасшылық

ҰстаздарғаОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау (коучинг)

ҰстаздарғаТоптық жұмыстың тиімділігі

ҰстаздарғаОқушылар өз бетінше білім алуларына ынталандыру. Коучинг.жоспар

ҰстаздарғаСыни тұрғыдан ойлануға үйрету

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083424

Теги: коучинг
Пікірлер (1)
Майра Турекешова # 24 ақпан 2015 в 01:53 0
Бағалау түрлерін өте көп қолданылған.Табыс критериін қоюда нақты топтарға қандай тапсырмалар берілді,көрсету керек еді.Жұмыс жүргізілгені көрініп тұр.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар