Оқушыларды критерийлер арқылы бағалаудың тиімділігі (коучинг жоспары)

10 ақпан 2015 - Админ

Тарих пәнінің мұғалімі АбдезовМейржанның

коучинг жоспары

Коучинг № 2

Сабақтың тақырыбы

Оқушылардыкритерийлерарқылыбағалаудың тиімділігі

Өткізілген уақыты

09.09.2014 жыл

Сабақтың мақсаты

Критерийлер арқылы оқытудың тиімділігін анықтау, критериалды оқыту тәсілдеріне дағдыландыру

Сабақтың нәтижесі

Критерийлер арқылы оқытудың тиімділігін анықтайды, критериалды оқыту тәсілдеріне дағдыланады

Коучингті өткізу әдістері

-Таныстырылым;

— Пікір алмасу;

— «Жарнама» әдісі;

— Мұғалімдермен кері байланыс.

Ұсынылған ресурстар

Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар ( ІІ деңгей, үшінші басылым ), бағалау стратегиялары

Коучинг барысы

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Қолданылатын ресурстар

5 мин

Кіріспе

Сәлемдесу.

«Бағалау», «Критериалды бағалау» ұғымдарына түсінік береді

Осы сөздердің мағынасымен танысады

Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар ( ІІ деңгей, үшінші басылым ), бағалау стратегиялары, стикерлер

10 мин

Таныстырылым

Сабақ тақырыбымен таныстырып, мақсатын, нәтижесін түсіндіреді.

Критерийлер арқылы бағалаудың маңызын ашып түсіндіреді. Нұсқау: (көрсетілім стратегиясы)

Мектептегі іс-тәжірибе кезіндегі оқушылармен бірлесе жасаған сабақтан үзінді көрсетіледі

Критерийлер арқылы бағалаудың тиімді жолдарымен танысады.
Интербелсенді тақтадан көрген сабақтан ой түйеді

20 мин

Негізгі бөлім

«Критерийлер арқылы бағалауды әр сабақта пайдаланған дұрыс па, әлде тоқсан сайын қолданған дұрыс па?» — осы сұрақтар арқылы мұғалімдердің пікірін тыңдайды.


.

Нұсқау: «Жарнама әдісі »

Бағалау критерийлерін

Сұрақтарға жауап беру арқылы ойларын жинақтайды. Әркім өз пікірін ортаға салу арқылы бір шешімге келеді.

Қатысушы мұғалімдер өз пәндерінің бір тақырыбына сәйкес бағалау критерийлерін жасайды.

10 мин

Қорытынды

Бағалау техникасы: «Сөйлемді толықтырыңыз: Мен бүгін… жаттап алдым»

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Коучинг сабақтан үйренгендерін сөйлемді толықтыру арқылы бекітеді және алған әсерлерін стикерлерге жазу арқылы білдіреді

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау (коучинг)

ҰстаздарғаСыни тұрғыдан ойлануға үйрету

ҰстаздарғаОқушылар өз бетінше білім алуларына ынталандыру. Коучинг.жоспар

ҰстаздарғаОрта білім берудегі басқару мен көшбасшылық

ҰстаздарғаТоптық жұмыстың тиімділігі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147810

Теги: коучинг
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар