Коучинг және оның артықшылықтары

5 мамыр 2014 - Админ
Коучинг және оның артықшылықтары

Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері болары хақ. Ол ерекшеліктер өмірдің әрбір саласын қамтуы мүмкін. Менің бүгінгі тілге тиек еткім келетіні — жаңа мамандық — коучинг.


Қуана да, мақтана да айта аламын, коучинг елімізде күннен күнге дамып келеді. Иә, әлі де коучинг десең, «ол не?» деп сұрақ қоятындар бар. Ол орынды да, өйткені, кез — келген жаңалықтың өмірімізден өз орнын алуына уақыт қажет.

Сонымен, коучинг дегеніміз не?

Уикипедияға жүгінсек, коучинг (ағылш. coaching — оқыту, жаттықтыру) — консалтинг және тренинг әдісі; классикалық консалтинг пен тренингтен айырмашылығы — коуч кеңес және қатаң ұсыныстар бермейді, ол шешімді клиентпен бірлесе отырып іздестіреді. Ал психологиядан айырмашылығы коучингтегі мотивацияның бағытында. Коучпен жұмыс істеуде белгілі бір мақсатқа, өмірде және жұмыста жаңа, позитивті тұжырымдалған нәтижелерге жету ұйғарылады.


Яғни, анықтаманы талдай кетер болсақ, коучинг адамға немесе компанияға мақсатқа, нәтижеге жетуге көмектеседі. Коучингті меңгерген маманды «коуч» не «коучер» деп атайды.

Коучингтің басқа әдістерден жалпы айырмашылықтарын да қарастырып өттік. Енді, артықшылықтарына ден қойсақ:

1. коучинг — өте табиғи, яғни коучингте жалпылау немесе жалпылама шешім деген жоқ. Әр қойылған мақсат, әр табылған шешім сол адамның не компанияның ерекшеліктері мен артықшылықтарына тән болады;
2. коучинг — өте икемді, коучинг өмірдің кез-келген саласында қолдануға мүмкіндік береді;
3. коучинг — өте тиімді, коучингті қолдану арқылы уақытты да, ақшаны да әлдеқайда тиімді етіп қолдануға болады;
4. коучинг — адамды жауапкершілікке тәрбиелейді, жауапкершілік өте кең және терең мағынасында. Жауапкершілік — өз өміріңе, өз сөзіңе, өз нәтижеңе, өз көңіл-күйіңе, тағысын тағы…
5. коучинг — адамды өзінің шын арман-мақсаттарымен, құндылықтарымен түйістіреді.
Бұл тізімді әлі де жалғастыра беруге болады, бірақ мен ең маңыздыларын атап өтуді жөн көрдім.

Жазбамды мазмұндай келе айтарым, коучинг бүкіл проблеманың жалғыз да тиімді шешімі болмайды, дегенмен, сол проблемаларды барынша тиімді шешуге орасан зор мүмкіндік беретін керемет технология!

,

Мақала http://blogtime.kz/ сайтынан алынды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072381

Пікірлер (4)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар