Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту (коучинг-сессия)

1 қазан 2014 - Зауре Мухаева

Солтүстік Қазақстан облысы,

Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Мухаева Зауре Тюлюбайқызы

 

Апта

Күні

Сабақ

Коучнигтің тақырыбы:

Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

Сілтеме:

 Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірмелі материалдар,

бейнесюжеттер

Мақсаты:

Мұғалімдердің іс–тәжірибесіне сүйене отырып диалогтің білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру. Диалогтік  тәсілдердің түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.

Оқыту нәтижесі:

Мұғалімдер:

üоқыту мен оқудағы  тілдің басты рөлін түсінуге;

üбілім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға;

üоқу үдерісінедиалогтік әдістерді енгізуге;

üсыныптағы диалогтік әдістерді бағалауға;

üдиалогтік әдістердің  оқуға көмегін  түсіндіруге дайын болады.

Негізгі (түйінді)  идеялар:

Аудиторияға  әңгімені енгізу және пайдалану                                                         

Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына  үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен  идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Ойлаудың осы бағытына орай,  сұрау және топтық жұмыс сияқты диалогтік тәсілдің  балаларды оқыту сапасын арттыру үшін әлеуеті бар. 

Тапсырмалар:

Тапсырманың сипаты

 

Берілген тапсырманы орындаудағы  қолданылған тәсілдер

Топқа бөлу (күннің көзі, көбелек, гүлдер, табиғат) Өз топтары бойынша шағын өлең шығарту

1 тапсырма:

«Тіл-қарым-қатынас құралы»

Кесте толтыру, ой толғау

2 тапсырма:

-Сабақтарыңызда әңгімелесудің қандай түрлерін қолданасыздар?

а) Диалогтан  мұғалім өзі үшін не алады?

ә) Оқушы өзі үшін не алады?

 

Пікірталас. Жұптық және топтық жұмыстар кезінде.

 

 

Слайд (Салыстыру түрінде)

 

 

Топпен жұмыс.(постер)

1. Сыни тұрғыдан ойлау неге соншалықты маңызды?

2. Оқу бағдарламасындағы сыни тұрғыдан ойлау қалай енгізуге болады?

3. Оқушыларға білікті сыни ойшыл болуға мүмкіндікті қалай туғызуға болады?

 

Сергіту сәті «Қызыл өрік»

3 тапсырма:

Ашық(қалай,қанша,қашан) және жабық

сұрақтар(иа, жоқ)

Таңдаулы пәннен  бір тақырыпқа ашық және жабық сұрақтар дайындау

 

 4 тапсырма:

Әңгіме түрлері

А)Әңгіме-дебат

Ә)Кумулятивтік әңгіме

Б)Зерттеушілік әңгіме

Ойлаудың 6 қалпағы

1.Түсінік беру

2. Драмалау

3.Бейнефильм көрсету

4. Ойлаудың 6 қалпағын қолдану

 

Рефлексия.

«Екі жұлдыз, бір тілек!»

Мұғалімдер өз тілектерін айтады.

Ресурстар:

Постер, маркер, түсті қағаз, қайшы, желім, тақта, стикер

Келесі тапсырмалар:

Осы диалогтік оқытуды сабақта пайдалану

 

Келесі (қосымша) оқу:

Нұсқаулықтан қосымша материал беру


Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141874

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар