Коучинг – сессияның жоспары

9 қыркүйек 2014 - Админ

№5 коучинг – сессияның жоспары.

Коучингтақырыбы:

Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдануда кәсіби қолдау көрсету.

Жалпымақсат:

АКТ құралдарын пайдалануда мұғалімдер компьютерде слайд құрып, оған нысандар қоя біледі.

Оқунәтижесі:

АКТ құралдарыноқушықажеттілігінқамтамасызетуүшіноқушыныңөздерінеқолдандырукеректігінұғынады.АКТ құралдарынтиімдіпайдаланусауаттылығыартады.

Негізгіидеялар:

Мұғалімдер АКТ -ның маңыздылығын түсінеді.

Сабақтақолданылатынматериалдар:

Слайд-презентация, видеожазба, тренингтер.

түрлі-түстістикерлер, маркерлер.

Оқытуәдістері:

Жаңаәдістер

Сұрақ-жауап, түсіндіруәдісі

«Алты ойлау қалпағы», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері.

Дереккөздері:

Әдістемелікнұсқау

Мұғалімдергеарналғаннұсқаулық, «Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде» оқу-әдістемелік құрал.

Тапсырмалар:

Топтық талдау, салыстыру, зерттеу, сыни ойлау.

Сабақбойыншакоуч пен мұғалімдердіңіс-әрекеті

Қоданылатынәдіс-тәсілдер

Коучтыңіс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Тренинг (5 мин)

«Танысу» тренингі.

Танысып, топқа бөлінеді.

Топқа бөлу (2 мин)

Мұғалімдерді топқа бөлу.

Санамак бойынша топтасады

Қызығушылықты ояту кезеңі

(10 мин)

Мұғалімдерге «Келін» телехикасынан үзінді бейнежазбасын көрсетіп, Каляни ханымнын немере тәрбиелеудегі жіберген қателіктері туралы ой қозғау. Интернет желісінен слайдқа сурет, видео кірістіру сұралады.

Мұғалімдер телехикаяның мән -жайынтүсініп, пікірлерін ортаға тастайды, компьютерде әр топ өзінің слайдын құра бастайды.

Мағынаны ашу кезеңі

(30 мин)

«Алты ойлау қалпағы әдісі. Телехикаяны «алты қалпақ» ережесі бойынша талдау жүргізу.

Ақ қалпақ

Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.

Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?

Қызыл қалпақ

Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?

Сары қалпақ

Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?

Қара қалпақ

Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?

Жасыл қалпақ

Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды

Көк қалпақ

Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?

«Алты қалпақ» әдісі бойынша слайд жасайды. Сурет, видео, дыбыс кірістіреді.

Ой толғаныс (10 мин)

Мұғалімдерді өз презентацияларын

қорғауға шақыру.

Әр топ өз слайдтарын қорғайды.

Кері байланыс. Рефлексия. (3 мин)

«Екі жұлдыз, ұсыныс»

әдісі.

Мұғалімдер стикерлерге

коучингтен алған екі жағымды әсерін, бір ұсыныс жазады.

.
Материал Gulnur Tulegenova атты ұстаздың Facebook парақшасынан алынды.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаАқпараттық коммуникациялық технологияны қолдануда кәсіби қолдау көрсету

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062404

Пікірлер (5)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар