Коучинг тақырыбы: Шығарма жазудың оңтайлы тәсілі

17 сәуір 2014 - Админ
Айгүл Төлегенова

28 қаңтар

2014 жыл

Коучинг тақырыбы:

Шығарма жазудың оңтайлы тәсілі

Жалпы мақсат:

Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында шығарма жазудың маңыздылығын ұғындыру

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 61-71 б.

Әдістемелік нұсқау

Оқу нәтижесі:

Балалардың табысты оқуы үшін пәнге деген қызығышылығын оятады, оқушылардың сенімділігін аттырады. Сапалы білім алуына жетелейді.

Негізгі идеялар:

Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының шығарма жазу қабілетін, оқу сапасын арттыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

түрлі-түсті стикерлер, слайдтар

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

«Бағдаршам» тәсілі, «дейін-кейін» әдісі, «толық банке» әдісі

Дерек көздері:

Әдістемелік нұсқау

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Тапсырмалар:

Топтық талдау, эссе, зерттеу

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

І. Психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырамын.

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ақ қағазға жылы лебіздерін жазады да, бір-біріне лақтырады.

Ұйымдастыру кезеңі

«Дейін- кейін» стратегиясы

Мұғалімдердің оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша пікірлерін білемін.

Мұғалімдер үлестірілген ақ қағаздың «дейін» бағанасына шығарма жаздырудағы кездесетін қиындықтар

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

«Шығарма жазудың оңтайлы тәсілі» неге мен осы тақырыпты таңдадым?

Осы тақырып төңірегінде түсінік беріп өтемін. Қатысушылар қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.

1-тапсырма

Тақтаға Отан, Қазақстан, Ана, Бала, Менің мектебім сөздерін жазып қоямын.

2-тапсырма

Таңдаған тақырыптарыңызға топтастыру сызбасын толтырыңыз.

3-тапсырма

Сол сөздерден сөз тіркестері жасаңыз.

4-тапсырма

Жазған сөз тіркестерінен жай сөйлем құраңыз, содан соң құрмалас сөйлем құраңыз.

5-тапсырма

Жазған сөйлемдеріңізден мәтін құаңыздар.

Дәптердің бір жолын қалдыра отырып көк сиямен жазыңыздар.

6-тапсырма

Бос қалдырған жолға қызыл сиямен мәтінге байланысты мақал-мәтелдер, өлең жолдарын жазыңыздар, сонымен қатар өмірмен байланыстыруға, сынып бөлмесіндегі заттармен байланыстыруға болады.

7-тапсырма

Сіздер енді көк сиямен жазған мәтінмен, қызыл сиялы мәтінді бір-бірімен байланыстыра отырып шығарма жазыңыздар.

Қатысушылар мұқият тыңдап отырады.

Қатысушылар осы тақырыптардың біреуін таңдайды.

Таңдаған тақырыбы бойынша топтастыру сызбасын толтырады.

Қатысушылар сөз тіркестерін жазады.

Сөйлемдер құайды.

Қатысушылар мәтін жазады.

Қызыл сияны қолданады.

Шығарма жазады.

Жазған шығармаларын оқып береді.

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

«Үш адым» ойыны

Ортаға үш әріптесімді шақырып, «Үш адым» ойнын ойнатамын.

Бұл ойынды тақырыппен байланыстырып, дәлел келтіруді тапсырамын.

Ортаға үш мұғалім шығып, әдіскердің белгісі бойынша үшеуі бірдей үш адым оңға, үш адым солға жасау керек.

Бірінші, екінші айналымнан кейін әріптестер өз ұсыныстарын айтады. Ойыншылар жіберілген қателерін ескере отырып, біркелкі адым жасауға тырысады.

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

«Бағдаршам» тәсілі

Әріптестерімнің білім деңгейін бағалау үшін түрлі-түсті стиктің біреуін көрсетуін сұраймын. Практикалық жұмысты қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын.

Қызыл түсі-түсінбедім

Сары түс-әлі сұрақтарым бар

Жасыл түсі-маған бәрі түсінікті

Стиктің біреуін көтереді.

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

«Дейін-кейін» стратегиясы

Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруды сұраймын.

Ақ парақты толтырып, тапсырады.

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

«Толық банка» әдісі

Мұғалімдер алдына бос банка, тас, ұсақ тастар, су, құм қоямын да, банкені бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын.

Ең алдымен, тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы;

Ұсақ тас-жеке басымызға тілейтін армандар;

Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер;

Су-тіршілік көзі болғандықтан, ұзақ ғұмыр. Толық банке-өміріміз мәнді де сәнді болуын білдіреді.

Өз пікірлерін ұсынады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072365

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар