Мұғалім портфолиосы

21 қаңтар 2015 - Акерке Калдыбеккызы

Мұғалім портфолиосы

Портфолио — мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.

Портфолио — белгілі бір уақыт шеңберінде әр түрлі іс-әрекетте мұғалімнің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және өзіндік іріктеулері.

Портфолио — мұғалімнің түрлі іс-әрекеттерде (оқу, шығармащылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерінің нәтижелері.

Портфолио – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері

Портфолионың мақсаты мен мәні

Портфолио оқу, шығармашылық, әлеуметтік және басқа да іс-әрекет түрлері кезінде оқушының, мұғалімнің өзі жасаған өнім бойынша білім беру нәтижелерін аутентикалық бағалау түрі болып табылады.

Портфолио бағалаудың тиімді нысаны болып қана қоймай, сонымен бірге мынадай маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

·мұғалімдер шығармашылығын қолдау;

·мұғалімдердің рефликсиялық әрекеті дағдыларын дамыту;

·кәсіби шеберліктерін қалыптастыру;

·өз іс-әрекетін жоспарлап, ұйымдастыру.

Мұғалім портфолиосының негізгі бөлімдері

1-бөлім. «Мұғалім жайлы жалпы мәлімет».

Бұл бөлімде мұғалімінің түрлі саладағы жетістіктері мен жеке кәсіби даму үрдісі енгізіледі

2-бөлім. «Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері».

Бұл бөлімде мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет нәтижелерінің динамикасы көрсетіледі. Мұғалімнің жетекшілік ететін пәні бойынша оқушылардың білім бағдарламаларын меңгеру қорытындысы және құзырлылықтың қалыптасуы, оқушылардың мектепішілік, аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысу негізінде үш жылдық салыстырмалы талдаулары (сызба, график, кестелер түрінде), оқушылардың аралық бақылау мен қорытынды аттестация нәтижесі, оқушылар арасындағы «Алтын белгі» иегерлері, оқушылардың ЖОО түсу мәліметтері.

3-бөлім. «Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет»

Бұл бөлімде мұғалімнің кәсіби әдістемелік жинақтары, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технолгияны қолдану материалдары, білім беру үрдісінде АКТ-ны қолдануы, әдістемелік бірлестіктегі жұмысы, кәсіби және шығармашылық байқауларға қатысуы, пәндік және әдістемелік апталықтарға қатысуы, шебер- сынып, дөңгелек үстел, семинарларды ұйымдастырып өткізуі, авторлық бағдарламалар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі, баяндама, реферат, шығармашылық есеп дайындауы, баспа материалдары.

3-бөлім. «Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет»

Бұл бөлімде мұғалімнің кәсіби әдістемелік жинақтары, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технолгияны қолдану материалдары, білім беру үрдісінде АКТ-ны қолдануы, әдістемелік бірлестіктегі жұмысы, кәсіби және шығармашылық байқауларға қатысуы, пәндік және әдістемелік апталықтарға қатысуы, шебер- сынып, дөңгелек үстел, семинарларды ұйымдастырып өткізуі, авторлық бағдарламалар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі, баяндама, реферат, шығармашылық есеп дайындауы, баспа материалдары.

5-бөлім. «Оқу-материалдық база»

Бұл бөлімде мұғалімнің пән бойынша оқу кабинетіне қосқан әдістемелік үлесі: пән бойынша сөздіктер мен анықтамалықтар тізімі, көрнекі құралдар тізімі, техникалық құралдар, компьютер, аудио, бейнематериалдары, дидактикалық материалдар және оқушылардың білім сапасының динамикасы

6-бөлім. «Сынып жетекшілік жұмысы»

Бұл бөлімде оқушылардың жалпы және пән бойынша оқу-тәрбие үрдісінің қорытындылары бойынша шығарылған рейтинг жүйесінің мәліметтері жинақталады. Оқушылар ұжымының даму денгейін анықтау, оқушы портфолиосының жұмыс жүйесі. Ата-аналармен жүмыс: сынып оқушыларының үлгірімі мен білім сапасының талдауы, сынып оқушыларының контингетінің сақталуы жайлы мәлімет, құқық бұзушылық туралы ақпарат, ата-аналардың жұмыс орны туралы мәлімет, сынып сағаттары мен ата-аналар жиналысының материалдары.

7-бөлім. «Пікірлер»

Бұл бөлімде оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп бітрушілердің, мектеп басшыларының пікірлері жинақталады.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаМұғалім портфолиосы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148623

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар