Мамандықтың сыры неде?

Мамандықтың сыры неде?

Информатика және математика пәнінің мұғалімі

Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

№79 негізгі мектеп

Қызылтам бекеті

 

Тақырыбы:    «Мамандық таңдаудың сыры неде?»

Мақсаты:

·        Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту.Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар әлемінен ақпараттар беру.

·        Елімізде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып өз көзқарастарын, ой пікірлерін дәл, еркін  жеткізе білуге тәрбиелеу.

Түрі:  Кездесу  сабақ

Әдісі:Пікірталас

Көрнекілігі:Презентациялық слайд /нақыл  сөздер, президенттің өмірі, мамандық әлемінде/, бейне таспа.

Барысы:

       І.   Ұйымдастыру  кезеңі.

Кіріспе:  

     Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25  млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.  Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін.

Тренинг:

«Мен және менің таңдауым»

Өз есімі мен болашақ таңдаған мамандығын  таныстыру.       

  ІІ. «Болмасаң да  ұқсап  бақ ...»

   «Мамандық таңдаудың сыры неде?» тақырыбындағы пікірталас Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылап отыр.

Елбасымыздың балалық шағы, еңбек жолы.     

ІІІ. «Сен  қай  мамандықты  таңдадың?»

Өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына байланысты.  Сонымен қатар мамандық таңдау факторларына мыналарды жатқызуға болады:

«Білгім келеді» -(қызығушылық, бейімділік).

«Қызығушылық» -қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге, оны зерттеуге деген құмарлық.

«Бейімділік» -қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.

«Қолымнан келеді» -(қабілет, денсаулық жағдайы).

«Қабілет» -адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке – дара қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.

«Маған керек» -(қажеттілік, сұраныс)

                                 «Мамандық»сөзіне  анықтама беру.

      Профессия — латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

 Мамандық таңдау — өте жауапкершілікті және маңызды іс.

 

Құрметті  жас дос!.

      Сен өз келешегіңді таңдау алдында  тұрсың!

      Осы жолды бастар алдындағы негізгі міндетің мамандық таңдау. Ендеше

1.     Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің? Мамандық таңдау не үшін керек?

2.     Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі не керек?

3.     Мамандық таңдауды қалай қабылдайсың? Қорқынышты ма?

4.     Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің келешекте қандай әсері болады  деп ойлайсың?

5.  Сен таңдаған мандық қаншалықты сұранысқа ие?

6.  Сен осы мамандықтың иесі бола тұра жұмыс таба алатындығыңа сенімдісің бе?

7. Таңдаған мамндығыңа басқа адамдардың ықпалы бар ма?

8. Қазіргі уақытта қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыз?

                                 /Мамандықтар туралы слайд/

 

  ІV.  Мектеп түлегінің моделі.

      Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер  сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп  өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек! Ендеше мамандықты дұрыс таңдай алатын мектеп түлегінің моделі қандай болу керек деп  ойлайсыңдар?

      Мектеп түлегінің моделі :

·        ӨЗІНЕ  СЕНІМІН   АРТТЫРУ

·        ӨЗ ЖҰМЫСЫН  ҰЙЫМДАСТЫРА  БІЛУ

·        ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ  БОЛУ

·        ӨЗІН- ӨЗІ   ОҚЫТУҒА   БЕЙІМДІ

·        ҰЖЫМҒА  ӨЗ  ҮЛЕСІН  ҚОСУШЫ

·        ПІКІРТАЛАСТА  ӨЗ  ОЙЫН  БІЛІП, ӨЗ ОРЫНЫН  ҚОРҒАЙ  АЛАТЫН

·        ТӘЖРИБЕДЕН  ӨЗІНЕ  ПАЙДАЛЫСЫН  АЛА  АЛАТЫН

·        ПРОБЛЕМАСЫН  ШЕШЕ  АЛАТЫН

·        ӨЗ БЕТІМЕН ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАЙ  АЛАТЫН  ТҰЛҒА БОЛУ ШАРТ

 

   V. Болашақ мамандығыңды ақылмен таңда:

 I. Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс.

  Бұл ең сауатты шешім. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан!

Мамандық таңдай алмау проблемасына келіп тоқталсаң, өзіңе мынадай сұрақтарға жауап беруге тырыс:
 

1. Маған немен айналысқан ұнайды?
 

2. Өзіңнің есейіп 25 жасқа келгеніңді елестет: Не істеп жүргеніңді… Қандай іс атқарып жатқаныңды… Атқарып жатқан жұмысың өзіңе ұнай ма? Жұмысың өзіңе немесе айналадағы адамдарға пайдасы бар ма? Осы сұрақтарға мұқият ойлан

Себебі мамандық таңдау - ол өмірлік таңдау. Өзіңнің қай салада қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.
 

II. Қызықтырған мамандықтарыңның тізімін жаса.

ҰБТ бойынша мамандықтар тізімін ашып, бесінші пәнді есепке ала отырып қалаған мамандықтар тізімін жазып ал.

III. Таңдаған мамандықтар бойынша гранқа түсу өту баллдарын анықта.

Ол үшін 2014  жылғы грант тағайындау конкрусының нәтижелерін көр.
 

IV. Түйін шығар!

Грантқа өтініш жазу барысында саған 4 мамандық таңдау мүмкіндігі беріледі. Қазірден бастап сол 4 мамандықты анықтап алуға тырыс.
 

1. Бірінші, жаныңа ең жақын мамандықты жаз. Ойыңдағы мамандық талап етілетін балдар байқау сынақтарында алған балдарыңнан жоғары болады.

2. Екінші, маңыздырақ болған мамандықты таңда,  бірақ мамандықтың минималды өту баллы сенің балыңмен бірдей немесе сәл төмен болсын. 
 

3. Үшінші, бұл тізімге 100 пайыз түсетін мамандықты жазуға тырыс. Сенің баладарың минималды өту балынан әлдеқайда жоғары болуы тиіс.

4. Төртінші, соңғы мамандықты үшінші тізім принципі бойынша таңда.  

Егер сенде ауыл квотасын иелену құқығы бар болса, онда 3 және 4 тізімдегі мамандықтарды ауыл квотасы тізімінен таңда.
 

Минималды өту баллынан ҰБТ нәтижең жоғары болғаны сенің грантқа түсу мүмкіндігіңді арттырады.

Ал егер де "Алтын белгі" иегері болсаң, онда сенде қалаған мамандыққа түсу мүмкіндігі өте жоғары. Себебі ең алдымен гранттар "Алтын белгі" иегерлері арасында конкурсқа түседі.
 

Егер сен ҰБТ емтиханынан  төмен балл алған болсаң, радиотехника, электроника және телекоммуникация секілді жоғары бәсекелестігі бар мамандықтарды таңдамағаның лазым. Ең дұрысы Құрылыс секілді грант көп бөлінетін мамандыққа тапсырғаның жөн.

Сәттілік!

     

  Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

 

Жауаптар:

-         Компьютерді білу;

-          Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.

-          Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.

-          Өз тауарын, қызметін өткізе білу.

-          Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.

-          Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.

 

         VІ. Сабақты  қорытындылау.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Менің мамандығым – оқытушы. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастысы. Менің мамандығым ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.

  Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев ағамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі кешімізге келген сіздерге рахметімді айта отырып, бұл кездесу  болашақта  өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне  сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп ойлаймын.

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115445

Пікірлер (2)
бахытгул # 8 наурыз 2015 в 10:42 0
рахмет мәліметтер жаксы қарастырылғын
Базаргүл Алтынбекқызы # 21 қыркүйек 2015 в 22:34 0
Мектеп бітіруші жас түлектерге арналған тақырып екен, болашақта жастарға керек

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар