Математика сабақтарын талдауға арналған үлгі жаднама

14 наурыз 2014 - Асем Тургалиева

Математика сабақтарын талдауға арналған үлгі жаднама

 

Мұғалім                                     Сынып                                                                 Тақырыбы

1.            Мұғалімнің сабаққа дайындығы (әдебиетті пайдалану; жоспарлау; жабдықтар: аспаптар, модельдер, сұлбалар, кестелер, плакаттар; подготовка дидактикалық материалды дайындау, тақтаға қажетті жазбалар мен сызбаларды түсіру).

2.            Оқушылардың орындарын жабдықтау (сабақта жұмыс істеуге керектінің бәрі бар ма). Оқушыларды сабаққа дайындау.

3.            Мұғалім сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын дұрыс белгілеген бе? Мұғалім осы сабақ пеғн сабақтар топтамасында оқушылардың алдына қандай оқу-танымдық міндеттер қояды? Сабақ мақсатына жетті ме?

4.            Өз тақырыбын зерделеу бойынша осы сабақтың (жаңа материалдың) сабақтар топтамасындағы орны.

5.            Бұл сабақтың материалы алдыңғы және өзінен кейінгі материалмен қаншалықты байланысқан?

6.            Дидактиканың негізгі ұстанымдары қалай орындалады (ғылымилық, көрнекілік, қолжетімділік, теорияның практикамен бірлігі)?

7.            Мұғалім материалды қаншалықты жақсы меңгерген?

8.            Сабақ материалының көлемі. Артық жүктемелер жоқ па?

9.            Мұғалім сабақта оқушылар мен өз еңбегін, тұтастай алғанда сыныппен және жекелеген оқушылармен жұмысын дұрыс ұйымдастырған ба, білімнің ұжымдық және жеке формалары үйлесе ме?

10.          Мақсатқа, сабақ мазмұны мен сынып оқушыларының дайындық деңгейіне байланысты сабақ құрылымы, мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдері қалай белгіленген?

11.          Оқушыларды оқытуда жіктеушілік тәсіл қалай жүзеге асырылады?

12.          Оқушылармен олардың біліміндегі олқылықтарды жою жөніндегі жұмыстың жүзеге асырылуы. Оқушылармен жеке жұмыс. Бұл жұмысты есепке алу. Оқушылардың үлгермеушілігінің алдын алу жөніндегі жұмыс.

13.          Оқулықтан іріктеп алынған жаттығулар жүйесі арқылы оқушылардың ойлау қызметін дамыту, сондай-ақтеориялық материалды зерделеу және қайталау.

14.          Қайталау жүйесі.

15.          Оқушылардың бағдарлама негіздері бойынша саналы, тиянақты білімі (әсіресе оқулықтың негізгі жаттығуларын орындаған кезде).

16.          Осы тақырып бойынша оқушылардың білім, шеберліктер мен дағдыларының деңгейі. Жауаптардың дұрыстығы мен объективтілігі.

17.          Оқушылардың ойлау дербестігінің дәрежесі.

18.          Оқушыларды дербес жұмыстың әдістерімен қаруландыру қалай шешіледі (оқушылардың дербес жұмыстарды, арнаулы жеке тапсырмаларды, оқулықпен, математикалық әдебиетпен дербес жұмысты орындауы).

19.          Үй тапсырмаларын тексерудің түрлері.

20.          Үй тапсырмаларын беру (қиындық деңгейі, көлемі, орындау үшін қажетті ұсынымдар, жеке қабілеттерін есепке алу).

21.          Оқушылар біліміне бақылау жасау. Бақылау формалары. Сауалдама түрлері. Бағалаудың әділдігі.

22.          Сауалдама оқушылардың ақыл-ойлық күштерін дамытуға жағдай жасады ма.

23.          Мұғалім сұрағының рөлі мен орны. Сұрақты тұжырымдау.

24.          Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту (әсіресе геометриялық есептерді шешкен кезде).

25.          Ауызша жаттығуларға қойылатын талаптар.

26.          Оқушылардың ережелерді, математикалық түсініктерді, математикалық нышандарды меңгерудегі ұғынушылығы.

27.          Сабақтың қаншалық бөлігі жаңа материалды түсіндіру мен бекітуге жұмсалды?

28.          Сабақ уақыты ұтымды пайдаланылды ма?

29.          Сызбаларды орындауға қойылатын талаптар.

30.          Бақылау жұмыстарын өткізуге қойылатын талаптар.

31.          Бақылау жұмыстарынан кейінгі оқушылар білімінде айқындалған олқылықтарды жою жөніндегі жұмыс.

32.          Оқушылардың дәптерлерді жүргізулеріне қойылатын талаптар. Мұғалімнің дәптерлерді тексеруі.

33.          Оқушылардың математикалық тілі.

34.          Оқушыларға қызығушылық дарыту.

35.          Пәнаралық байланыстар.

36.          Мұғалімнің балаларман қатынасы (әдептілік, сыныпты меңгере білуі, оқушыға көмектесу ниеті, оқушыға деген сенім).

37.          Сабақ қорытындыларын шығару.

 

38.          Қатысу мақсатына қарай қатысқан сабақ (немесе сабақтар топтамасы) бойынша қорытындылар, ұсыныстар және ұсынымдар.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141913

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар