Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуым

13 мамыр 2014 - Дина Жунусова

Болашақтың бәрі білімде демекші оқу саласында болып жатқан жаңалықтар мені айналып өтпеді. Жаңа форматтағы мұғалім болып қалыптасу үшін Кембридж бағдарламасы бойынша 2 деңгей (негізгі) 3 айлық курс кезіндегі оқып-үйреніп келгендерімді іс- тәжірибеде қолданып көру керектін. Сол себепті сабақ жоспарларын жаңа үлгіде дайындап, сабақ барысында оқушыларды басты рөльге қойып, олардың шығармашылық қабілеттерін ашатын тапсырмалар дайындадым.

Оқушылардың басым бөлігіне осындай формадағы сабақтар ұнаса да, бірақ кейбір оқушылар мұғалім «басты тұлға» деген образдан шыға алмай, сабақтың бұл формасын қабылдамай отырғанын байқадым. Сабақ жоспарларын дайындау кезінде көптеген мәліметтер іздестіріп, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасадым. Сабақты түрлендіріп өткізуге тырыстым. Сабақтың басты бөлігінде оқушылар сөйлесе де, сабақ жоспарын дайындауда біраз уақытты талап етті.

Сабақта сөйлемейтін, үй тапсырмасын орындамайды деген оқушылар жаңа қырларынан ашыла бастады. Берілген бірдей тапсырманы әртүрлі формада дайындап келді. Сабақта ноутбуктерді пайдаланып презентациялар, постерлер, макеттер жасады. Әрбір сабақтың соңынан оқушылар шығармашылыған өнімдер пайда болды. Оқушылардың жазған рефлексияларды оқи отырып, «сабақты түрлендіріп өткізесіз, физика сабағына келуге асығамыз» деген сөздерді оқығанда, осы білім саласында болып жатқан жаңалықтар бекерге емес шығар деген ой келеді. Әрине, нәтижені сараптау үшін тәжірибе кезеңі аз болды.

Келесі оқу жылында сабақтарды жоспарлау кезінде жіберлген кемшіліктерді жою үшін сыныпты психологиялық — диагностикалық талдаудан өткізу керек деп ойлаймын. Себебі: оқушы деңгейі жоғары сыныпта өзгереді, оқушылардың төменгі сыныптағы дарындылықтары жабылып, кейбір оқушылар тұйық мінез таныта бастайды. Оқушы үшін осы ауыр кезеңді ескеріп, тапсырмалар дайындауда әркімнің шығармашылық қабілеттерін де ұмытпау керек.

(«Психолого-педагогическое сопровождение процесса адаптации учащихся в переходные периоды»http://nsportal.ru/shkola/sotsialnaya-pedagogika/library/psihologo-pedagogicheskoe-soprovozhdenie-processa-adaptacii)

Осыған ұқсас жазбалар:

Баяндама«Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері»

ҰстаздарғаМенің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуым

ҰстаздарғаДиалогтік оқыту-оқушының когнитивті дамуына ықпал етуші фактор

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147849

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар