Менің педагогикалық философиям

20 қаңтар 2015 - Марзия Абылхаева
Менің педагогикалық философиям

ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы

«Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ

Абылхаева МарзияАбылхаевна

Менің педагогикалық философиям.

Мен Абылхаева Марзия Абылхайқызы — Шәкерім орта мектебіндегі жоғары білімді, І — санатты, тәрбиелі ұстаз, қадірлі сынып жетекшісі ретінде өзімнің педагогикалық философиямды ұсынбақшымын.

Ұстаз болу — жүректің батырлығы

Ұстаз болу — сезімнің ақындығы

Ұстаз болу — мінездің күн шуағы

Азбайтұған — адамның алтындығы.

Ғ.Қайырбеков.

Ұстаз,
ұстаз, ұстаз...! Недеген құдіретті
сөз не деген жаныңа нұр құятын аяулы жан!Өз уақытынаямай, өзгенің бақытын
аялап, өз журегінің жылуын беріп, жанымен сезіне алатын — нағыз парасат
иесіғой. Жүректерге мәңгілік сөнбес
шырақ жаққан, — дегендей, ұстаздық атаққа азапты еңбек, шынайы шеберлік, рухани
байлық арқылы ғана жетуге болады.

Мұғалімнің басқасын кешуге болса да, баланы
былжырап, еңсесі түсіп оқытқанын кешуге болмайды. Тәрбиелеу мен оқытудың педагогикалықфилософиясын дұрыс қолданса, оқушыны жан-жақты
дамыған тұлға етіп қалыптастыруға болады «Мұғалім балаларына селқос қараса, олардың
жан қуатын жетілтіп, дұрыс тәрбие де бере алмайды,»-деген екен ұлтымыздың ұлы
тұлғасының бірі- Жүсіпбек Аймауытов. Шын
мәнінде өз шығармашылығымда шәкірттерім ұлтжанды, білімді, тәрбиелі
болу үшін мынандай педагогикалық ұстанымдарды ұстанамын:

1.Мұғалім нәзік психолог
болу қажет. Қарым-қатынас принциптерін дұрыс сақтай білу, үнемі жылы шырай
таныту, үнемі мадақтап отыру, ынтымақтастықты ұстану.

2.Мұғалім-тәрбиеші. Адамзат
тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы, өміріне апат әкеледі»деген екен. Сондықтан, оқу мен
тәрбиелеу үрдісінің бірлігі қажет. Бұл, орайда, оқушыларды біліммен қатар

өнегелі адам болып өсіруге тәрбиелеу. Осы негізде нәтижені шеше алатын балалар
өз пікірін, өз шешімін, өз сезімдерін батыл айтуға үйренеді. Оқушыға шамадан
тыс ұрсу, қаталдық көрсету, зеку, тіпті жазалау атымен болмау керек. Мұның бәрі
балалардың еркін адамзат болып қалыптасуын тежейтін құбылыстар.

3.Мұғалім – білімпаз. Заңғар жазушымыз Мұхтар
Әуезов ˮ̋̋Халықты халықпен адамды адаммен тенестіретін — білім ˮ деп атап
көрсеткендей, мемлекетіміздің егемендігі мен гүлденуі баянды болуы үшін
мектептің философилық тамыры тереңдеген, міндеттер жиынтығы молайған тұсында
заман талабына сай ұстаздар да өте білімді, өз пәнінің шебері болуы қажет деп
санаймын.

4.Жаңа формальді мұғалім болуға міндеттіміз.

Қазақстан
Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында (Астана,
2005ж) «Жаңа формациясының мұғалімі — кәсіптік дағды мен педогогикалық дарын
қалыптасқан, жаңалыққа жаны құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс
істейтін тұлға», — деп көрсетілген. Осы орайда, сабақ процесінде үнемі мынандай
жаңа технологияларды пайдаланып жүрмін: Жинин Стиль, Курт Мердит және Чарльз
Тейплдің сыни тұрғыдан ойлау технологиясын және Қараев пен Кобдикованың үш
өлшемді оқыту технологиясының қолдану өте тиімді.5.5.Жаңа
заман мұғалім озық іс — тәжірибе таратушы болу керек. Осы орайда, соңғы 2009 – 2010
жылында «Тиімді жоспар — нәтижесі сабақ» атты іс — тәжірибем ғаламторға шықса,
2010 – 2011 оқу жылында «Химия мектепте» атты республикалық журналға «Қабілет -
білім — жетістік» атты мақалам жарық көрді.

6Мұғалім – зерттеуші.

«Дарын адам бойындағы талант, ерекше қабілет»,- деп Каменский айтқандай оқушының жан — жақты
дамыған тұлға етіп қалыптастыру ұстаздардың міндеті. Ендеше, дарынды тану — ұстаз
парызы. Ұстаз ғылыми жұмысқа бағыттаушы.Осы айтылғандардың қорытындысы нәтижесі
ретінде кейінгі үш жылда сабақ беретін оқушыларым төмендегідей жетістіктерге
жетті.

Пәндік олимпиада бойынша химия пәнінен аудандық олимпиададан 2008 – 2009 жылы
9 сынып оқушысы Жұмақаева Назерке (III орын),2009 – 2010 жылы 9 сынып оқушысы Ғабдулкакимова Салтанат (III орын),10 сынып
оқушысы Сапашева Айнұр(II орын), ал 2010 -2011 жылы 8 сынып оқушысы
Егізғалиқызы Еңілік (II орын), 10 сынып оқушысы Ғабдулкакимова Салтанат (III орын),
11 сынып оқушысы Сапашева Айнұр(I орын) үлкен білім деңгейін көрсетіп, ауылды
бір серпілтіп тастады.

Тамырын тереңге жая алмаған ағаштың
ғұмыры қысқа, меніңтамырым – шәкірт. Білім берген шәкірттерім тереңге
тамыр жайса ғана мен ұзақ сонар ел жадында жүрмекпін. Ол уақыт еншісінде.

Облыстық, аудандық ғылыми жобалар байқауында
биылғы жылы

(2010-2011оқу жылы) 10 сынып оқушысы Қайнарқызы Рза химия секциясы бойынша
«Сусындар құрамындағы С дәруменінің мөлшері» атты ғылыми жобасын қорғап, аудан көлемінде
шығармашылықпен жұмыс жасағаны үшін I орынға ие болса, облыста осы жобаны
қорғапIII дәрежелі дипломмен
марапатталды.

Мен қарапайым шаңырақтың анасымын. Қос
қанатындай бір қыз, бірұлым отағасы мен ананың панасы, арқа сүйер тірегі.

Иә,
ұстаздың ұстазы – жеткен жетістігімен ғана емес, қарапайым өмір
кейіпкері ретінде заман сахнасында шеберлік танытуы тиіс.

Қорыта
келгенде, Абай атамыз айтқандай:

Ақырын жүріп,
анық бас

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздық еткен
жалықпас

Үйретуден
балаға, —

дегендей келешекте де қоғамымызға өз пайдасын келтіртіп ұғымтал да, зерделі
шәкірттерді тәрбиелеп, қанаттарын қатайтып ұшыры бермекпін!

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Физика​Білімді ұрпақ –ел ертеңі»

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096886

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар