«Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны

17 наурыз 2015 - Меруерт Аманова
«Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны

Қатысушылар: Б-27 және Б-28 топ оқушылары

Пәні: Есепші мамандықтары бойынша арнайы пәндер

Ұйымдастырушы: Аманова Меруерт Ашимхановна

Қайырлы күн,құрметті қонақтар, әріптестер және білім алушылар! Бүгінгі сабағымызға, «Есепші» мамандықтары бойынша білім алушы

Б-27 және Б-28 топ оқушыларының қатысуымен өткізіліп отырған «Не?Қайда?Қашан?» атты зияткерлік ойынымызға қош келіпсіздер!

Мақсаты :

1.Оқушылардың пәндер бойынша білімдерін кеңейту, білім деңгейін,

шығармашылық ізденісін байқау.Оқушылардың арнайы пәндерден алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.

2.Сұрақтарға толық әрі сауатты жауап беру дағдысын қалыптастыру.

3.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Төле би

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

1.Сабақтың барысы.

Ойынымызды бастамас бұрын топтармен танысып алайық,әр топтың топ басшысы топ мүшелерін таныстырып өтсін.

(Музыка посадка за стол)

І топ «Аудиторлар» ІІ топ «Бухгалтерлер»

1-ші қатысушы – Бауыржан Б

2-ші қатысушы – Тасқынбаев М

3-ші қатысушы – Төлжан Фариза

4-ші қатысушы – Махсутов Нодир

5-шы қатысушы –Дүйсехан Бекзат

6-ші қатысушы – Амантаев Қайнар

7-ші қатысушы- Темирханова Сая

8-ші қатысушы –Матлапов Данияр

Сарапшылар алқасы, ол әрине қонақтар өздеріңіз боласыздар.

2. Ойын ережесі:Екі командаға жеребе тастау арқылы бірінші қай команда ойнайтынын белгілеу керек.Ойын 9 раундтан тұрады.Әр раундта екі топқа кезек-кезегімен 1 сұрақтан қойылады, сұраққа топпен бірге ақылдаса отырып, неғұрлым тез жауап беру керек.Есеп немесе шаруашылық операцияларына байланысты шоттар корреспонденциясы на қатысты сұрақтар болса, жауап беру 2минуттан артық болмауы керек.

Үстел үстінде 2 сұрақтан салынған 9 конверт қойылады,әр конверттің сыртында пәндер немесе қойылатын сұрақтардың не нәрсеге байланысты болатыны жөнінде жазылған. Егер ойыншылар дұрыс жауап берсе, 10 ұпай алады. Ал егер ойыншылар сұраққа қате жауап беретін болса, онда келесі команда жауап бере алады.Екі команда да дұрыс жауап бере алмаса, ұпай берілмейді.

Ойыншылар қандай сұраққа жауап беретінін, ойын үстелін айналдырғаннан кейін бағыттауыш көрсетеді.

Егер үстел бағдары, ойналынған секторды көрсетсе, онда сағат тілі бойынша оң жақтағы сектордың сұрағына жауап береді.

Ендеше, топ басшылары ортаға келіп, жеребе алыңыздар,қай топтың ойынды бірінші бастайтынын біліп алайық.

Сіздерге өз білімдеріңізді жоғары дәрежеде көрсетеді деген оймен сәттілік тілейміз! Ендеше, ойынымызды бастайық!

«Салық және салық салу» пәнінен сұрақтар:

Мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы Утепбаева Сапура Анапияевна сіздерге сұрақ қояды, экранға назар аударайық!

1.Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 433 бабына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттарын атап беріңіздер.

Жауабы:1)Дара кәсіпкер өзін қоса алғанда 25 адамға дейін жұмыс атқара алады;

2)Салық есептілігінде, жарты жылдықта оның табысы ең төменгі жалақының 1400 еселенген сомадан аспауы керек.

2.Мемлекеттік кіріс басқармасына салық төлеушінің тіркелгеннен кейінгі салық төлеушінің жауапкершілігі неде?

Жауабы:Салық төлеуші салық кезеңдеріне сәйкес салық есептілігі мен төлемдерін уақытылы жасауы тиіс.Егер де төлемеген жағдайда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық заңының 273- бабы 3 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау» пәнінен сұрақтар:

1.Қазақстан Республикасының қандай ұйымдары ХҚЕС –ке (халықаралық қаржы есептілігінің стандарты) көшуге міндетті?

Жауабы:( «Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы» ҚР-ның 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-ІІІ-ҚРЗ Заңында акционерлік қоғамдар жататын ірі кәсіпкерлік субьектілері мен көпшілікке мәлім ұйымдар сияқты субьектілерді қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкес жасау міндеттелген.)

2.Бухгалтерлік балансты талдаудың негізгі міндеттерін атап өтіңіз.

Жауабы:(Бухбалансты талдаудың негізгі міндеттеріне:

·ұйымның мүліктік жай-күйін сипаттайтын бухбаланс активтерінің құрамы мен құрылымын зерттеуді;

·ұйымның активтері қалыптасатын көз болып табылатын ұйымның капиталы мен міндеттерінің құрамы мен құрылымын зерттеуді;

·ұйымның төлем қабілеттілігі мен кредит өтеу қабілетін талдау;

·ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдауды;

·ұйымның банкрот болу қауіп-қатерін талдауды жатқызады.)

«Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен сұрақтар:

Құрметті білім алушылар қане, экранға назар аударайық.Сіздерге мекемеде бірнеше жылдар бойы бас есепшінің лауазымын атқарған маман Жүсіпбекова Мейіркүл апай сұрақ қояды.

1.Негізгі жалақыны есептеу үшін қандай құжаттар негіз болып табылады?

Жауабы: Мекеме комиссиясының хаттамасының негізінде штаттық кесте жасалады, сосын штаттық кесте негізінде жалақы есептелінеді.

2.Заман талабына сай жабдықтаушылармен қандай құжаттар түзіледі?

Жауабы: Заман талабына сай жабдықтаушылар веб порталда жеңіп алған соң, мекемемен екі жақты келісім шарт жасалынады.

«Қаржылық есеп» пәнінен сұрақтар:

1.Шаруашылық операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі қалай аталады?

Жауабы:( екі жақты жазу)

2.Жалақы түсінігі, оның түрлері мен нысандарына сипаттама беріңіз.

Жауабы:( ҚР-ның Еңбек кодексі бойынша еңбек ақы -бұл жұмыскерлердің фактілі атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды формада берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады.

Еңбек ақы екіге бөлінеді:

-негізгі;

-қосымша;

Негізгі — бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін еңбек ақы.

Қосымша-– бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша еңбек ақының құрамына кіретіндер:

-балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;

-жасөспірімдердің жеңлдік сағаттарына төлем;

-мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;

-негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;

-пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

-шыққанда берілетін жәрдем ақы.

Еңбек ақы төлеудің 2 нысаны бар:

1-нысаны – мерзімдік;

-2-нысаны — кесімді;

Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Мерзімді еңбек ақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.

Кесімді еңбек ақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбек ақы төлеудің 5 жүйесі бар:

1.Тікелей кесімді;

2.Кесімді- сыйлықақы;

3.Үдемелі – кесімді жүйе;

4.Жанама – кесімді жүйе;

5.Аккордық жүйе.)

ЕСЕПТЕР

№1 ЕСЕП

Қызметкер 2014 жылы 29 тамыздан 30 тамызына дейін кешкі сағат 2000-ден таңғы сағат 8-ге дейін жұмыс жасады.1 сағаттық төлем-120 теңге.Есептеу керек қызметкердің жалақысын.

Шешімі:

Түнгі уақытқа жалақы 1,5 есе мөлшерде есептеледі, сондықтан бұл жерде түнгі уақытты белгілеп алу керек, яғни түнгі сағат 2200-ден таңғы сағат 600-ға дейін түнгі уақыт болып саналады.

2000-ден 2200-ге дейін 2сағат*120=240 теңге

2200-ден 2400 сағат дейін 2 сағат*120=240 теңге*1,5=360 теңге

2400-600-ге дейін 6 сағат*120*2=1440 теңге

600-ден 800-ге дейін 2сағат*120=240 *2=480 теңге

Барлығы:240+360+1440+480=2520теңге

№2 ЕСЕП

Кәсіпорында VІ разрядты маманның атына есеп-қисап бөліміне атқарушы құжат келген, ондағы алимент мөлшері маманның екі баласына төленуі керектігі көрсетілген.Кәсіпорында аптаның 5 күні жұмыс күні етіп белгіленген және 1-ші разрядтың мөлшері 20 000 теңге.

Ағымдағы айда маман толық жұмыс жасаған, маманға 65 % көлемінде

сыйақы есептелінген.Есептеу керек: маманның алимент сомасын және қолына алатын таза жалақысын.

Шешімі:

20000*1,43=28600

28600*65/100=18590

18590+28600=47190

47190-4719(мзж)-2110(жтс)=40361

Екі балаға алимент мөлшері 1/3, яғни 33%

40361*33/100=13319 алимент сомасы

Барлық ұсталымдар жиыны-4719+2110+13319=20148

47190-20148=27042 теңге қолға нақты алатын жалақысы

ШОТТАР КОРРЕСПОНДЕНЦИЯСЫ

Тапсырма №1

Шаруашылық операциялар журналында шоттар корреспонденциясын анықтау

Шаруашылық операциялар журналы

Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

Кассаның қолма қол ақшасы есеп айырысу шотына өткізілді

2

Банктік қарыз бойынша пайыздар есептелді

3

Есеп айырысу шотынан банк қарызының бір бөлігі өтелді

4

Есеп айырысу шотынан банк қарызы бойынша пайыздар аударылды

5

Кассадан жүк тасмалы үшін көлік ұйымына қолма қол ақша төленді

6

Жабдықтаушылардан тауарлар сатып алынды

7

Жабдықтаушыға тауар үшін кассадан қолма қол ақша төленді

8

Кеңселік тауарлар (көшірме үшін қағаз, файлдар, папкалар) әкімшілік шығындарына жатқызылды

Тапсырма №2

Шаруашылық операциялар журналында шоттар корреспонденциясын анықтау

Шаруашылық операциялар журналы

Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Жабдықтаушыдан негізгі құралдар келіп түсті

2.

Негізгі құралдар өтеусіз келіп түсті

3.

Есеп айырысу шотына сатып алушылардан аванс кірістелді

4.

Сатып алушыларға өнім өткізілді

5.

Есеп айырысу шотына сатып алушылардан ақша қаражаттары келіп түсті

6.

Есеп айырысу шотынан бюджетке мүлікке салынатын салық аударылды

7.

Қызметкерге кассадан шаруашылық шығындар үшін есепке қолма қол ақшалар берілген

8.

Кеңселік тауарлар (көшірме үшін қағаз, файлдар, папкалар) әкімшілік шығындарына жатқызылды

ЖАҒДАЯТТАР

ЖАҒДАЯТ №1

Мен Темирханова Сая Амирханқызы еңбек демалысы уақтысында сырқаттанып қалдым.Соған байланысты мекемедегі есеп-қисап бөліміне еңбекке жарамсыздық парағын әкеліп өткізсем, еңбекке жарамсыз күндеріме жәрдемақы төлене ме? Ол қандай заңға негізделеді?

Жауабы: ҚР Еңбек кодексінің қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік жәрдемақы туралы 159 бабының 3-1 тармағының 5-ші тармақшасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетін болса, уақытша еңбекке жарамсыздық күніне жәрдемақы төленбейді.

ЖАҒДАЯТ №2

«Диллер KZ» кәсіпорыны көлік құралдарын жөндеумен айналысады. Жұмыс барысында бір жұмысшы өндірістік жарақат алды. Бұл жағдай бірінші рет болып отыр. Тергеп-тексеру актісі толтырылды.

Сұрақ: Осы болған жағдайға байланысты қандай құжаттар толтырылады?

Алдағы кезеңде кәсіпорын мен қызметкердің арақатынасы қандай болмақ?

Қандай заңдармен реттеледі?

Жауабы: ҚР-ның № 1330 қаулысына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы толығымен кәсіпорын төлейді. Жазатайым оқиға болған кезде 100% орташа жалақысы сақталады. Емдік қажеттіліктеріне байланысты қаражаттар төленеді.

ҚҰЖАТТАР

Экранға назар аударайық.Бұл жерде құжат көрсетілген.

№ 1.

Мына құжат қай кезде рәсімделеді және бұл қандай құжат?

Авансалық есеп

№2

Көрсетілген құжат қандай заң негізінде рәсімделеді?

Еңбек кітапшасын толтыру үшін қандай құжатты негізге аламыз?

ҚҰПИЯ ЖӘШІК

№1.

Мөлшері 86х 54 мм,қалындығы 0,76 мм болып табылатын бұл заттың мақсаты мен сыртқы түрі әр түрлі болады, олар дизайны жағынан да ерекшеленеді.Бүгінгі күні дүниенің 200-ден астам елдері бұл затты пайдалануда, «технологиялық революцияда» жаңа элемент болып табылады.Оның магниттік жолағында оның иесі туралы толық мәліметтер жазылған.

Құпия жәшікте қандай зат жасырылған?(пластикалық карточка)

№2.

Кейбір деректерге сүйенсек, бұл заттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе Мысыр, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін.Бұл құралды гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп,қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.Оның тастарын жылжыту арқылы есеп жұмысын жүргізуге болады.

Құпия жәшікте қандай құрал бар?(есепшот)

Қайсысы білгір білімді,
Талабына қарайық. Кімдер зерек, кім жылдам?
Таланттарын табайық.Сарапшылар алқасы сараласын бағалап,
Кім жеңеді сайыста,
Анықтайық даралап, — дей отырып, бүгінгі ойынымызда қай топ жеңіске жеткенін анықтау үшін, сөз кезегін қонақтарға берейік.

(Марапат жасалынады)

Осымен бұл ойынды тамамдасақ
Қажетін жүрсек деймін есте сақтап,
Білімді сараладық осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ!

Осымен «НЕ?ҚАЙДА?ҚАШАН?» атты зияткерлік ойынымызды аяқтаймыз! «Біліммарапатқажетуүшінемес, парасатқажетуүшінкерек»дегенкереметсөзді есімізгеберікұстанайық!Сау-саламатты болыңыздар!

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141995

Пікірлер (4)
Нургиза Кульджина # 19 наурыз 2015 в 11:05 0
Жақсы ойын. Мен тарих пәнінен сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланамын. Тарихқа жақсы келеді.
Меруерт Аманова # 19 наурыз 2015 в 14:54 0
Қайырлы күн!Пікір білдіргеніңізге көп рахмет!Алдағы уақытта тәжіибе алмасып тұрайық.
Майра Нурханова # 21 наурыз 2015 в 20:50 0
Қайырлы кеш! Бұл зияткерлік ойында сұрақтар мамандыққа сәйкес алынған, қызығушылық тудырады деп ойлаймын. Математика, физика пәндеріне де байланысты өткізуге болады.
Меруерт Аманова # 25 наурыз 2015 в 22:16 0
Сәлеметсіз бе,Майра апай!Рахмет,пікір білдіргеніңізге.Көмегі тиіп жатса игі,қуанар едім!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар