Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының тиімді жақтары

24 наурыз 2015 - Замзагуль Каберова

Коучингтің тақырыбы: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының тиімді жақтары

Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлаудың жолдарын көрсету, түсіну, дамыту,

өмірмен байланыстыра, қауымдастық аясында бірлесе отырып, нәтижеге жету.

Күтілетін нәтиже:

— Сын тұрғысынан ойлау туралы түсінік қалыптасады.

— Мұғалімдер сабақ үрдісінің белгілі бір кезеңінде сын тұрғысынан ойлауды тиімді қолдана отырып, оқытуды бағалауды үйренеді.

Коучингте туындаған негізгі идеялар:

Мұғалімдердің оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау көзқарастарын қалыптастыру.

Дереккөздер және құралдар

Ғаламтор, МАН 41-49 беттер, «Оқыту – ізденіс ретінде» С.Мирсеитова

Флипчарттар, маркерлер, стикерлер/түрлі-түсті/, кері байланыс парағы

Өтілу барысы

Коучтің және коучингке қатысушылардың әрекеттері

Коуч коучингтің тақырыбын, мақсатын түсіндіреді

Тренинг: Жүректен шыққан жылы сөз.

Топқа бөлу «Шаттық шеңбері» Жүрек пішінді қағаздар таратылып, бір-біріне жүректен шыққан жылы сөздерін айтып алмасты. Жүректің түсі арқылы топқа бөлінеді.

1.Қызығушылықты ояту

Бүгінгі семинардағы «шеберлік сыныптар» бойынша өтілген сабақтардан оқу мен жазу арқылы сыни жобасының қандай стратегияларын көрдіңіздер.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

Топта талқылайды «түйінді» сөздер айтылады. Барлық «түйінді» сөздер ойлауға бағытталған. Яғни сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз ойлау, мәселені шешу, талдау, бағалау

Ұғым беру презентация: Сын тұрғысынан ойлау

«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді »

Неміс педагогі А. Дистерверг

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Негізгі мақсаттары:

*қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар,өзін-өзі жетілдіріп отыратын жеке тұлғаны қалыптастыру.

*тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;

*айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту;

*ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру;

*құбылыстарды жан-жақты талдап, саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.

Мұғалімнің іс-әрекеті, күтілетін нәтиже:

*Топқа бөліп, ой қозғайды

*Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

*Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

*Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды

*Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

*Өз ойларын жазуды ұсынады

*Ойларын қорытуға бағыттайды

Сын тұрғысынан ойлау жобасының тиімді жақтары:

*Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады.

* Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.

*Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.

*Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастар орнайды.

2. Мағынаны тану:

Әр топ сын тұрғысынан ойлау жобасына қатысты сұрақтардың тимді жауаптарын іздестіріп және оны постерде қорғауы тиіс.

1 топ: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының дәстүрлі оқытудан айырмашылығы және негізгі мақсаты.

2 топ: Сын тұрғысынан ойлауда оқушының іс-әрекеті, күтілетін нәтиже.

3 топ: Сын тұрғысынан ойлауда мұғалімнің іс-әрекеті, күтілетін нәтиже.

3. Толғаныс

Сын тұрғысынан ойлау жобасының қандай тимді жақтарын өз тәжірибеңізде қолданар едіңіз?

Мен өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалануға әзірмін

ИЯ

ЖОҚ

1

2

3

1

2

3

Кестенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне өзіңіздің 3-4 дәлеліңізді жазыңыз, әріптестеріңізбен пікір алмаса отырып, қорытынды шығарыңыз.

Кері байланыс: «Пікірлер тоғысы» әдісі. Жеке тұлғаға бағытталған жұмыста «Мақсат, ой, мүдде ортақ» желілік қоғамдастық шеңберіне жиналып барлығы өз тілектерін, ұсыныстарын айтты.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышӘдебиеттік оқу. 4 сынып. "Күріш туралы сыр"

ҰстаздарғаСын тұрғысынан ойлауға үйрету

Қазақ әдебиетіБ. Соқпақпаев “Менің атым Қожа”

ҰстаздарғаСын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

Тарихтоптық жұмыстың ерекшелігі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110079

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 30 наурыз 2015 в 11:31 0
Коучинг 7 модуль негізінде болады ғой, сіздің айтып отырған "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлау" бұл басқа.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар