Оқу мен оқытудағы өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп

20 наурыз 2014 - Нурланбек Магзум
Оқу мен оқытудағы өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп

Оқу мен оқытудағы өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп

 

Ең бiрiншi кезекте мұғалiмнiң «өзiндiк жаңалығы» болуы  керек. Ғылым жаңалығын түрлендiруде өз үлесiн қосу арқылы жасаған нәтижелi жұмысы өзгелердiң тәжiрибесiн алмай, жаңа ортаға икемдеп, өзiндiк iс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай бір нәтижеге қол жеткiзу керек деп ойлаймын. 
        Айтатын болсақ, ол – оқыту әдістемесіне, әдiсiне жаңа элементтер ендiру, оның нәтижесі арқасында уақытты тиiмдi пайдаланып, сапалы да саналы  білмді биiкке көтеру. Мұғалiм – оқушы арасындағы жаңа, өзiндiк педагогикалық ынтымақтастық жолдарын таба отырып, дарынды, талантты,  уақытша үлгерiмi төмен оқушылармен жеке, топтық жұмыс жүргiзудiң жаңа әдiстерiн өндiру.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне, сана- сезіміне, біліміне  мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,  оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздеп отыр.   Ақпараттық білім -біліктілікті қалыптастыру:  мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне,   білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу — тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына қатысты.
    Ойшылдардың сөзімен айтсақ, «Шәкірт – нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ». Ал мектеп – конвейер емес, керісінше кең түрде ойлай алатын жеке адамды қалыптастыратын сфера. Сол себепті, мектепте білім беру ісіндегі басты міндет -оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Сондықтан,  сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңа технологиямен  жаңарып отырса,  жас жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болатынында сөз жоқ.  Еліміздегі білім беру жүйесіне енгізіліп отырған ерен өзгерістердің бірі ол «Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері» болып табылады.  Әлемдік жоғары деңгейге жету үшін бұл жобаның алатын орны орасан зор.  Курстың бағдарламасының негізгі міндеті қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу, қазіргі заман талабына сай оқушыларға сапалы білім беру.   Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептері педагогтарының біліктілігін арттыру «Кембридж бағдарламасын оқыту» курсын өтіп жүргесін, сабақты   курс үйретіп жатқан әдістерден құралған сабақ болды. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзара ынтымақтастыққа, бірлікке баулу. Бұл жерде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту модулін қолдандым.Қашықтықтан оқыту кезінде сабақтарыма өзгерістер енгізіп, оқушыларымның қызығушылықтарының оянуына ықпал жасағаныма өте қуныштымын. Іс- тәжірибеге өзгерістер енгізу жаңалық болды.

           Мектептегі практика кезінде жетінші «7» сыныбын эксперимент ретінде алдым. Осы сыныпты алған себебім   сыныптағы оқушылардың сапалық білім көрсеткіші әр түрлі. Осы сыныпты алмас бұрын сынып жетекшісімен сөйлескен кезде ол қарсылық білдірмеді, бірақ маған осы сыныппен жұмыс істеу ауыр  болатынын, сыныптағы  кейбір оқушылар арасында ауызбіршілік, білім деңгейі төмен екендігі айтылды. 

       Бұл сабақты өкізбес бұрын  сабақты оқушыларға алдымызда өткізілетін сабақ жайында жалпы түсінік бердім және де  оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнаманы алған сәтте оқушылар өздерін орташа деңгейде екенін, кейбіреулері  төмен деңгейде екенін байқатты. Осы сауалнаманы алған соң менде сабақты қалайда болса оқушыларға қызықты етіп өткізу тәсілдерін ойлап табу керектігін аңғардым. Сауалнаманы сабақта оқушылардың көзқарасын қарастыра отырып, формативті түрде өзгертуге болатынын анықтау мақсатында алдым.      

        Сабақты тренинг «Бір – біріне сәттілік тілек білдіру» сабаққа  психологиялық дайындықты ұйымдастыру және ынтымақтыстық атмосферасын қалыптастыру мақсатында алдым. Алғашқы сабақ болған соң ба, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды ұйымдастыруда оқушылардың белсенділігі төмен  болды деп айтуға болады. Келесі, сабақтарды жақсы болатынына сенемін.

Сабақты бастамас бұрын топқа бөлуді кәмпиттердің түстері арқылы бөлді. Сыныпты топқа бөліп, топ ішінде бір – бірімен танысудан басталды. Сыныпта оқушылар өздерін еркін ұстауы өте жақсы. Сабақ барысында оқушылар  топта ереже құрған кезде бір – бірімен келіспеушіліктер байқалды. Әр топ өздерінің құрған топ ережелерін жақсы құрылған екендіктерін айтып, өз пікірлерін жеткізіп, шулап жатты. Мен осы жағдайдан шығу үшін: әрбір топтың құрылған ережесінен жақсы дегендерін алып, оқушылармен бірге талқылау арқылы төмендегідей топ ережесін құрдық.

   Топ ішінде ережесі (төмендегідей):

1.Бір-бірін сыйлау;

2.Бірі-бірінің жауабын тыңдай білу,

3.Пікірді түсінікті, нақты айту;

4.Әділетті болу;

5.Белсенді болу;

6.Бір- біріне көмектесу;

 Топқа бөлінгеннен кейін оқушыларда келіспеушіліктер кездесті, мен оларға әдемі жылы сөздер айта отырып күндегі сабақта әр топқа  ауысып отыратынына ескерту айтып бір жүйеге келтірдім.

     

Топқа бөлінгеннен кейін, оқушылар  бір – біріне жылы лебіздерін білдіріп жатты. 

   Сабағымның бұрынғы сабағымнан өзгешелігін айтып, тақырыбы мен мақсатын түсіндірдім.  Сабақ барысында топтағы оқушылардың  іс-әрекетін көруге болады, бірақ топ ішіндегі кейбір  оқушылар  берілген тапсырмаға  ондай белсене қатыспады. Себебі мұндай сабақ түрі алғаш болғандықтан шығар. «Оқулықпен жұмыс» тапсырмасында, оқушылар  өздері жаңа сабақты меңгеруге мейлінше тырысып орындады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту бойынша оқулықтағы жаңа тақырып бойынша жұмыс істеді. Өз беттерімен жаңа материалды меңгеріп,  жұпта және топ ішінде талқылауын бақыладым. Топтағы әрбір оқушы мәтінді жеке түсініп оқып, дәптерге негізгілерін түртіп алды. Содан кейін пікірлерін жұппен, топпен бөлісіп отырды. Түйінділеріне топтың ішінде ортаға салды. Ойларын ортақ плакаттырға түсірді. Мен өзім үш баланы бақылауға алдым. Осы балаларды топпен жұмыс, жеке жұмыс, жұппен жұмыс барысында қадағаладым.  Талантты бала  өзінің көшбасшы екенін дәлелдей білді. Барлық жұмысты өзі атқарып ғана қоймай тобына үнемі көмектесіп отырды. Ал, А. болса  тұйық, белсенділігі орташа оқушы сабаққа қатысқанымен сыныптастарына көмегі аздау болды. Г.үлгерімі төмен оқушы топқа бөлгендн араласуы басында қиынға соқты. Бақылаған кезімде оқушыға қызықсыз болған сияқты. Келесі сабақтарда осы оқушыны қалай да болса, бір сатыға деңгейін көтеруге тырысуды алдыма мақсат етіп қойдым.

 Әр топқа берілген тапсырманы орындаған кезде әр топ өз ойын айта білді. 1 топ кластер құру арқылы, ал басқа бірі постермен  алып шықты. Бағалаған табыс критериймен, арқылы бағалады. Сабағымды қорыта келгенде, бірінші сабақ болған соң, бұл сабағым өз көңілімнен шықпты деп айта алмаймын. Себебі: әлі де оқушылар не істеуі керек екенін, топтарда жұмыс істей отырып, өз пікірлерін көпшілік алдында еркін айта білуге және алынған деректерді қолдануға толық бейімделмеген,  топпен жұмыс істегенде оқушылардың арасында түсінбеушілік болды, бір-бірінің жауаптарын зер салып тыңдаған жоқ және уақытымның жетіспеушілігі де себеп болды. Кейбір оқушылар топқа белсене қатыспады және  бағалау  кезінде әділ баға қойылмаған, яғни оқушылар бір – біріне бұрмалаушылық немесе бағаны көтермелеу  деген сияқты байқалды. Кері байланыста  екі жұлдыз, бір тілек бойынша сабақтың ұнайтынын, дәстүрлі сабақтарға қарағанда өзгеше жалықтырмайтынын, болашақта сабақтар топтық үлгіде өтсе туралы жазылыпты. 

Сабақты атмосфералық ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында және де сергіту сәтінен бастадым. Оқушылар өте жақсы қабылдады.  Оқушыларды топқа бөлуде аңдар мен құстардың  аттыры арқылы үш топқа бөлдім. Әр топқа СТО модулі бойынша оқулықтан  сүтқоректілердің бөлімдері бойынша топта талқылай отыра, ойларын плакатқа жазып, сынып алдында қорғады. Бұл тапсырманың негізгі мақсаты топпен ақылдасу, ойларын жинақтау, кластер құру, пікірлерін сынып алдында ашық жеткізу болып табылады. Оқушылардың ойын жинақтауға, тез ойлауға негізделген логикалық тапсырма берілді. Бұл тапсырмаға оқушылардың қызығушылықтары өте жоғары болды. Себебі оқушылар ойын тез жинақтап, нақты жауап беруге дағдыланады.АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады.[1. 62 бет] АКТ модулі бойынша оқушыларға келесі тапсырмада құрлықта жер астында, суда мекендейтін сүткоректілері сәйкетендіру кестесі берілді. Бұл тапсырманың негізгі мақсаты тез ойлауға, бір шешімге келуге, топпен талқылауға дағдыландырады. Негізінен бірінші сабақта  қолданылған «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулі жалғасын тапты. Осы модулдің диалогтық әдіс- тәсілі бойынша «Құрлықта мекендейтін сүтқоректілердің негізгі бір өкілін алып, топта талқылау арқылы мұғалім тағайындаған бір оқушы келесі топқа түсіндіру». Мен бұл тапсырма бойынша сөйлейтін оқушыларды стикер көмегімен зерттеуге алған үш оқушыны таңдадым.  Бұл оқушылар өз топтарында таңдап алған сүтқоректі жайында келесі топқа баяндады.  Г. оқушының көшбасшылық қабілеті жоғары болғандықтан, барған тобына «Құрлықта мекендейтін сүтқоректі -Арқар» туралы берілген  мәліметті толық жеткізе білді, сұрақ берген  сыныптастарына  егжей- тегжейлі түсіндірді. А болса берілген тапсырманы  барған тобына   жеткізе алды, бірақ бұл оқушы уақыттың талқылауға жетпегенін жеткізді. Г нашар оқитын, сабаққа қатысуы өте төмен  оқушы болса да бірінші сабаққа қарағанда екінші сабақта белсенділік танытты. Өзіне берілген тапсырманы келесі топқа түсіндіруге тырысты. Толық жеткізе алмаса да өзінің түсінгендерін айта білді. Оқушыларды бағалауда тест жұмысын алдым. Тест жұмысының жауаптары интербелсенді тақтада беріледі.Оқушылар жұп болып тексере отырып, геометриялық фигуралар арқылы бірін-бірі бағалады.

  Қашықтықтан оқыту кезіндегі өз тәжірибемде диалогтік оқыту толықтай дерлік  әсерін тигізді. Диалогтік оқыту барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы өзгерді.

Жаңа тақырыптарға байланысты оқушылардың ойын дамытып, деңгейлік тапсырмалар бердім. Осы деңгейлік тапсырмалар берген кезде, оқушылардығы ойлау деңгейі байқалып жатты, кей оқушылар қиналды. Ал Гүлім деген оқушы өзінің тапсырманы орындағанын айтып, тағы да тапсырма беруін өтінді. Сол сәтте осы оқушының оқу деңгейі басқа оқушыларға қарағанда сәл жоғары екенін байқадым. Осы сәтте өзімнің қателігімді түсіндім: мен күрделі сұрақтарды дайындап қоюым қажет еді. Өйткені, осы оқушының деңгейі жоғары екенін байқадым. Келешекте қателігімді дұрыстауға тырысамын, деңгейі жоғары сұрақтарды алдын ала дайындап қоямын дегенді ұстаным етіп қойдым.

Сабақтың соңында  өздерін-өздері бағалаған кезде Гүлназ  өз-өзіне қойған бағасы төмен екендігін айтты. Өйткені, оның айтуынша,  егер жанындағы дарынды баладан көмек болмаса, ешқандай сұрақтарға жауап бере алмайтынын айтты.

Сабақ оқушыларға ұнады, бірақ кейбір оқушылар оқушылардың шулауы кедергі келтіргенін кері байланыс парағын берген кезде жазыпты.  

 Жалпы оқушыларға осы сабақ ұнады деп ойлаймын өйткені оқушылар сабақтан шыққан соң  Мая апайға яғни сынып жетекшісіне  біздің сабақ қызықты болды деп бүге-шүгесіне дейін айтып жатқандарын естіп қалдым. Осы сабақ менің ойымша орташа деңгейде өтті деп ойлаймын, әрі қарай қызықты сабақтарды өткізу үшін маған көп іздену қажет. Мен осындай сабақтары түрлендіріп өткізсем оқушыларым ең дарынды, ең талантты ораторлық қасиеті дамыған оқушылар болатынына сенімдімін.

Қорытынды: Оқушылар топтық тәртіпке әлі де үйрене алмады. Олар өзара сөйлеуге таласып, бірін-бірі тыңдамай қойды. Дегенмен, шулап отырып, жаңа тақырыптың мазмұнын жан-жақты ашуға тырысты.Бағалаған кезде өздерін-өздеріне бағалаттым және оларды өз тобындағы көшбасшы бағалады. Бір қуантатын жағдай оқушыларға сабақ өте ұнады. Оқушылар тарапынан тағы да осындай түрде сабақ өткізу туралы ұсыныстар ұсынылды. Келесі сабақта мынадай жағдаяттар жібермеуге тырысамын: топтың ережесін қатаң сақтауды айтамын.

Оқушыларды бөлу әр түрлі ленталар  арқылы жүзеге асырдым. Әр топқа көшбасшыны таңдап алдық.Содан соң, үйге берілген тапсырманы орындауға кірістік.Тапсырма бойынша барлық оқушыларға үй жұмысына берілген тақырыптарға байланыстыөздеріне  берілген құрлықта, суда, жер астында мекендейтін сүтқоректілер жайлы болды.Тапсырма бойынша барлық оқушыларға берілгені тақырыптарға байланысты ізденіп ақпарат алып келіп, сол ақпараттарымен  топпен бөлісіп, ең құнды ойларды ортаға салып, қорғап шығулары керек еді. Осы тапсырма арқылы мен оқушылардың бойында  сыни тұрғысынан ойлау, АКТ-ны  меңгеру, бір-бірімен қарым-қатынасты жақсарту, білімге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында беріп едім. Топта оқушылар тапсырманы орындау барысында көшбасшы тез анықталып  тапсырманы орындау ретін басқа оқушыларға түсіндіріп жатты. Мен олардың жанына барған кезде ыңғайсызданды, мен оларға   бағыт –бағдар беріп отырдым. 1 топтағы оқушылардың арасында тұйық оқушы Г.ның осы сабақ барысында  сабаққа деген қызығушылығы артқанын байқадым. Топпен араласып, әр түрлі жұмыстар атқарып жатты. Көшбасшы осы оқушыға бір абзацты беріп оқуын талап етті.  Топ тапсырмасын қорғауға шыққан сәтте Г. тақтаға шығып сөйлегеніне қобалжыса да, барлық оған оқушылар берген тапсырмасын айтып берді. Осыдан менің байқағаным   мұғалімнің айтқанынан оқушылар бір-бірлеріне айтып жаттатқаны оқушының оқуына көп ықпал етеді. Жұмыстарда оқушылардың бір-біріне құрметпен қарауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға, ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланғанын байқадым.  Топпен оқулықтағы     тақырыптарды өздерінше талдап, плакатка сызып, қорғады. Қорғаған сәтте оқушылар алдыңғы сабақтан қарағанда ойларын жүйелеп, айтатын барлық ақпараттарын кезек-кезек бөліп алып ,қорғады. Осы тапсырма арқылы оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсартуға, сыни тұрғыдан ойлуларына көп ықпал етті. Барлық оқушылар өздерінің пікірлерін дұрыс болмасада айтып жатты. Олардың қателерін жанындағы сыныптастары түзеп отырды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  қолдану арқылы оқушыларым көптеген ақпарат көздерімен қаруланды, көзқарас аясы кеңейді.   Интербелсенді тақтаны  пайдалану арқылы сабақтың құрылымы да, мазмұны да біршама қоюлана бастады. Сабақ үстінде барлығының назары сабақта болады.Сабақты қорыту кезеңін тест тапсырмасы арқылы жасадым… Бағалауды геометриялық фигуралар арқылы бағалап,  жиынтық баға шығардым.    Сабақ нәтижелі болды, ең алғаш сабақтарыма қарғанда оқушылар біршама жүйеленді, олардың ойлары ұшқыр, кей сәттерде мені таңқалдырып та жатты. Бірақ әлі де болса маған қажырлы еңбек ету керек

Оқушыларды жалықтырмас үшін жиі өзгерістер енгізу қажет және мұғалімнің де ізденісі артып, оқушылармен бірге өседі.Оқу барысында мен сабақ беру тәсілдерінің жаңаша түрлерін пайдаландым, атап айтқанда: cыни тұрғыдан ойлау технологияларын, диологтық оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардысабақтарымда кеңінен қолданып отырдым. Сабаққа әзірлік кезінде ғаламтордан түрлі материалдар алып, әр сабағымды жаңаша мазмұнда түрлендіріп отыруға тырыстым. Себебі оқушылардың қызығушылығы қандай технологияда тиімді екендігін айыру керек болды. Өтілген сабақтарым жаман емес, нәтижелі болған сияқты.

 Сыни тұрғысынан ойлауға оқыту модулін енгізу арқылы  оқушыларымның ішкі жан дүниесіне терең үңіле бастадым, олардың сыни  тұрғыда ойлау қабілеттерінің дамығанын аңғардым, өз-өздеріне баға бере алатын болды, салыстырмалы түрде түсіндіруіне мүмкіндік туды. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз қарым-қатынас орнады. Сөйлеу қабілеттері, сөз мәнері жетіле түсіп, оқушылар бойында ой еркіндігі қалыптаса бастады.  

 Сонымен сөзімді қорытындылай келе, көшбасшылықты қолдану барысындғы нәтижелерім:оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасып, мәселелерді терең талдауға үйренді, шығармашылық ой- өрісі артты, ұжымдық ой- пікірлері жетіліп, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұғырым жасауға үйренді, мұғалім мен оқушылардың қарым- қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артты, оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренді, білімін жүйелі түрде толықтыруға, өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға, тұжырым жасап қорытындылауға үйренді.

Елбасымыздың өзі айтқандай, «Еліміздің болашағы ұстаздардың қолында» дегендей, осы бізге ұстаздар қауымына жасалып отырған жағдайды, біз ұстаздар тиімді пайдалана отырып, модульдерді толық меңгеріп, тамырын тереңге жайған егеменді еліміздің, өскелең болашақ ұрпағын тәрбиелеп, елімізді дамыған 50 елдің қатарында көру, бұл әрбір Қазақстандық  азаматтың алдындағы ең үлкен борышы деп есептеймін. Болашақта осы мақсаттарды ойға ала отырып, әрбір модульдерді  тиімді пайдаланып, осы жолда аянбай еңбек етіп, оқушыларыма адал білім беріп, олардың ертең Қазақстан үшін тер төгіп, адал қызмет ету жолында оларға бағыт-бағдар беріп көшбасшылық қызмет атқарам деп алдыма үлкен нық мақсат қойдым, сол мақсатқа жету үшін, ерінбей еңбек етем деген үміттемін.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ФизикаАрхимед күші. Денелердің жүзу шарттары

БаяндамаБілім саласындағы оң өзгерістер

ИнформатикаКомпьютердің қосымша құрылғылары

ҰстаздарғаТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның сыни тұрғысынан ойлау модулінің қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Тәрбие жоспарыТіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115415

Пікірлер (1)
Нургиза # 10 шілде 2014 в 14:13 0
50 елдің қатарына қосылып кеткенбіз. Енді дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын "Қазақстан 2050" стратегиясында айтылған.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар