Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Коучинг сабақтыңтақырыбы

Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Жалпы мақсаты

Тыңдаушыларда оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасады. Оқыту үшін бағалау үдерісінің мақсатын меңгереді және оқу үдерісін жетілдіру үшін іс-тәжірибеде қолдана алады.

Мұғалімдер үшіноқунәтижелері

Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасты.

Оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды бағалауды үйренді.

Сабақтатуындағаннегізгіидеялар

Мұғалімдердің оқытуды бағалауда сыни көзқарастарын қалыптастыру.

Тапсырмалар

1.Бағалау (топтастыру жасау)

2.Бағалау туралы түсінік беріледі

3.Критерий арқылы бағалау

4.Практикалық жұмыс

5.Топтық бағалау

6.Өзін-өзі бағалау

Дереккөздер:

МАН ІІІ денгей, 56 бет

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

    1.Бағалау дегенге қалай түсінесіңдер? Қатысушылардан сұрау арқылы топтастыру құрып аламын.

    2.Топтастыру «Бағалау»

Бағалауу

ІІ. Мағнаны тану

Бағалау-бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы

Суммативті бағалау

(Оқытуды бағалау)

üНегізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.

ü Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.

ü Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.

Егер бағалаудың мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу болса, онда өзінің фукциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.

Формативті бағалау

(Оқыту үшін бағалау

ØКүнделікті алған білімінің

меңгеру деңгейін анықтайды.

ØНегізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді.

Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушығамүмкіндік береді.

Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау

сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру. Ол оқушыларға білім алудың мақсаты мен міндеттеріне қаншалықты жеткені, жаңа тақырып меңгеру кезінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқаны туралы түсінік береді;

Қалыптастырушы бағалаудың түрлері (ішкі және сыртқы):

Қалыптастырушы бағалау әртүрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барысында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.

Практикалық жұмыс №1

Көбелектің суретін салу. (Барлық топтар қатысады)

Критерий арқылы бағалаудың басты ерекшелігі

    üалдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

    üанық, айқындылығы;

    üбағаның әділдігі;

    üөзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

    Практикалық жұмыс № 2

    І топ. «Мақсат қою» 1мысал. Дүниетану. 2 сынып.

    Тақырыбы. Өсімдіктер. Дәстірлі сабақтың мақсатын және дәстүрлі емес сабақтың мақсатын постырға жазып түсіндіріп беру.

    Сұрақ: Құрметті әріптестер! Оқушыларға сабақтың мақсатын неге түсіндіру қажет деп ойлайсыздар?

    Жауап.

    1. Бүгінгі сабақта не біледі, не білді, не білу қажет екенін ұғындыру үшін.

    2. Жаңа білімге баланы ынталандыру үшін.

    3. Оқушыны белгілі бір көлемде алатын білім, білік дағдыларын қалыптастыру үшін.

    4. Оқушының өзін-өзі бағалауы үшін.

    ІІ топ. "Мақсат пен жетістік критерийлерін бағалау" 2 мысал (ролдік ойын)

Оқушыларға әңгіменің мазмұнына қарай суреттерді қиып, ретімен ақ қағазға жапсыру тапсырылады.

Тапсырмаға төмендегідей мақсат пен критерийлер қойылады.

-Әңгімені сатылап баяндап беруді үйрену,

-Суреттер әңгіменің мазмұнына сәйкес сатылап орналасқанын қалай білеміз?

1. Мұғалім оқушыларға суреттерді қиып, әңгіменің мазмұнына сай орналастыруға тапсырма береді. Жұмыс басталғанда мұғалім бір оқушының шалбарына желім төгіліп қалғанын байқады. Мұғалім оқушыдан дауыстап киімін ретке келтіруді сұрайды. Оқушылар желімді төгіп алғандығы жөнінде айта бастайды. Бір оқушы шүберекті алып партаға төгілген желімді сүрте бастайды. Барлық сынып желім туралы, жерге түскен қағаз қиындылары туралы әңгімелесіп кетеді.

Әрі қарай мұғалім бір оқушының қайшымен жұмыс жасағанда дұрыс ұстамай отырғанын байқап, қайшымен қайшымен қалай жұмыс жасау керек екенін ұғындыра бастайды. Бір оқушы қайшымен бір жылдан бері дұрыс жұмыс жасап білетіндігін айтты. Суретті дұрыс қимай отырған кейбір оқушылар қайшыны дұрыс ұстап жұмыстануға, ескерту алмауға тырысыты. Жұмыстың мақсаты суреттерді дұрыс орналастыру деп ойлаған оқушылар алғашқыда бұған көңіл аудармаған болатын.

Мұғалім бір оқушының өз есімін әйтеуір үлкен әріппен бастап жазғанын бүкіл сыныпқа естіртіп мақтай бастады. Сонда қалған өз есімін кіші әріппен жазып қойғандар түзетті.

Мұғалім жұмысты бар ынтасынмен жақсы орындаған оқушыны мақтады, қалғандары соған тырысып бақты, олардада мұғалімнің мақтағанын күтті.

Сұрақ.Сын жұмсалған күш-жігерге бағытталған ба, әлде орындалу сапасына ма?

Бұл маңызды !

Оқушылардың жұмысын бағалауда, мұғалім оқытудағы мақсат пен жетістік критерийлерін әруақытта ескере бермейтінін оқушылар біледі. Мұғалім өзінің ескертпелері немесе нұсқаулары арқылы оқушылардың қиған суреттерді дұрыс орналастыруына емес, сыртқы көрінісіне яғни қиылуына, қайшыны дұрыс ұстауына көңіл бөледі.

ІІІ топ. «Мақсат пен жетістік критерийлерін бағалау» 3 мысал (ролдік ойын)

Әңгіменің мазмұнына қарай суреттерді қиып, ретімен ақ қағазға жапсыру тапсырмасы оқушыларға тапсырылады.

Тапсырмаға төмендегідей мақсат пен критерийлер қойылады.

-Әңгімені сатылап баяндап беруді үйрену,

-Суреттер әңгіменің мазмұнына сәйкес сатылап орналасқанын қалай білеміз?

Мұғалім оқушыларға суреттерді қиып, әңгіменің мазмұнына сай орналастыруға тапсырма береді. Жұмыс басталғанда мұғалім бір оқушының шалбарына желім төгіліп қалғанын байқады. Мұғалім оқушының қасына барып,«Жарайсың! бірінші суретті дұрыс орналыстырыпсың. Әңгімеде әрі қарай не болатын еді?» Бір оқушы әңгімеде болатын уақиғаны жайлап айта бастайды. (Мысалы тұқымды жерге отырғызды). Мұғалім оқушыға сыбырлап, «жайлап барып шалбарыңды тазалап келе ғой»,- дейді.

Мұғалім бір оқушының суретті дұрыс қия алмай отырғанын көреді. Мұғалім оқушыға жақындап барып, Дұрыс ойластырыпсың, сен алдымен барлық суреттерді қиып алып, содан кейін ретімен орналастырмақшысың ғой. Осыдан кейін барып, қайшыны қалай ұстау керек екендігін жаймен ескерттеді. Суретті бір-бірлеп қиып алып жапсырып отырған кейбір оқушылар жапсырған суреттерін ала бастайды, себебі суреттердің барлығын қиып болған соң орналастырса дұрыс болатынын түсінеді.

Сұрақ.Сын немесе мадақтау жұмсалған күш-жігерге бағытталған ба, әлде орындалу сапасына ма?

Бұл жағдайда оқушылар өздерінің оқу мақсаттары мен жетістікке жету жолдарының критериін біледі. (қайшыны дұрыс ұстау немесе желімді төкпеу емес, суреттерді мазмұнға сәйкес орналастыру екенін). Мұғалім өзінің нұсқаулары арқылы суреттерді мазмұнға сәйкес дұрыс орналастыру мағызды екенін білдіреді.

Ең бірінші жұмыстың негізгі мақсатына көңіл бөлу керек, содан кейін барып, екінші жағдайды қарау керек.

ІҮ топ. «Оқушының жұмысына жазбаша түсініктеме» (оқушының жұмысын тексеру) 4 мысал

Оқушының математика пәні бойынша үй жұмысын тексеріп, бірінші жұмысқа стандартты түрде баға қойыңыздар. Екінші жұмысты оқушылар кері жұмыстана алатындай етіп нұсқау жазыңыздар.

Сұрақ: Бағалаудың қай түрі тиімді деп ойлайсыздар? Неге?

Бұны білу маңызды!

1. Бір жұмысқа үштен артық нұсқау жазбаңыздар.

2. Берілген нұсқау оқушыны бағалаудың критерийімен сәйкес керек.

3. Нұсқауды жазған кезде оқушы алған мәлімет оқудың мақсатына бағытталуы қажет.

Топтар бір-бірін «екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша бағалайды. (Топтық бағалау)

Рефлекция. Өзін-өзі бағалау түрінде өткізіледі.

Бүгінгі семинарда алған міліметтеріңізді төмендегі критерийлер бойынша өз-өздеріңізді бағдаршам арқылы бағалаңыздар.

Бағалау критерийі.

  1. Семинар барысындағы жұмыстарға қатысты
  2. Бағалау туралы жалпы түсінік қалыптасты
  3. Іс-тәжірибеде қолдана алады

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОқушылар өз бетінше білім алуларына ынталандыру. Коучинг.жоспар

ҰстаздарғаТоптық жұмыстың тиімділігі

ҰстаздарғаОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау (коучинг)

ҰстаздарғаОрта білім берудегі басқару мен көшбасшылық

ҰстаздарғаСыни тұрғыдан ойлануға үйрету

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110040

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 6 маусым 2015 в 22:31 0
Оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін , құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар