Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

14 наурыз 2014 - Асем Тургалиева

 

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтынтізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізуі қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.( Нұсқаулық, 7 бет)

    Мен мектептегі іс-тәжірибе барысында қолданған жаңа технология әдіс- тәсілінің тиімділігі және жеті модуль бойынша өткізген сабақтарымнан алған әсерімді жеткізгім келіп отыр.Алдымен мектеп басшысымен кездесіп, бағдарлама мазмұнымен таныстырдым.Мектеп басшысы Асылбаев Базарбай мырза бағдарлама мазмұнына байланысты

өзінің оң көзқарасын білдіре отырып,өзі және әріптестері тарапынан қолдау көрсететінін білдірді.Оқу ісінің меңгерушісі Жайлыбаева Базаргүл де бағдарлама мазмұнымен танысып,өзінің пікірін білдірді.Әріптестермен де бағдарлама мазмұнына байланысты ой қозғадық.Мектептегі практикаға арналған 4 апталық жұмыс жоспарын құрып алдым.

Мектептегі практикаға арналған күнделік жоспарын жүргізіп отырдым.Әріптестермен пікір алысу мақсатында тренинг пен сауалнама жүргізіп отырдым. «Оқушыларды бағалаудағы тәжірибеңіз»,  «Сіздің құзырлығыңыз бен міндеттеріңіз қандай?», «Кері әсер парағын сабақ үдерісінде жиі қолданасыз ба?» деген сұрақтар төңірегінде ой қозғадық.               Сабақ өтетін 6  сыныбымен алдын- ала кездесіп, жаңа тәсілдің ерекшелігі мен өзгешелігін айта отырып, бірінші «Бетпе-бет» кезеңіндегі білімімізді есепке ала отырып өзгерістер енгіздім.                     Өзгерістер –бұл қашанда қарсылыққа және түсінбеушілікке тірелетін, шарықтауы мен құлдырауды басынан кешіретін, жаңа идеяларды, ал оның артынан жаңа мәселелерді туындататын ұзақ және драмалық үрдіс.

    Өзгеріс-өткінші оқиға емес, ол уақытты талап етеді.Мери  Джейн Драммонд және Коллин Мак Лафлин (1994) оны былай сипаттайды: «Сана түбінде хабардар болу сатысы саналы хабардар болмау сатысына өтеді, ол өз кезегінде саналы хабардар болуға ауысады.   Қоғамдық өмірде кейінгі болып жатқан өзгерістер жеке тұлғаның, оның ішінде баланың жеке тұлғалық құқықтарын және өзіне еркіндігін құрметтеудің өсуімен сипатталады. Білім беру жүйесінің артықшылықты құндылығы балаға еркін таңдауды және жеке өзін- өзі  ашу мүмкіндігін беру болады.

        Бірінші сабаққа жоспар құра оырып, оған жеті модульді кірістіру оңай болған жоқ. Сабақ жоспарын Сын тұрғысынан ойлау технологиясының үш сатылы кезеңі бойынша жоспарладым. Бірінші кезең- қызығушылықты ояту, екінші кезеңі- мағынаны тану, үшіншісі- ойтолғаныс кезеңі.

.Оқушының ой-өрісін шектей отырып, «тыныш оқушы» формасында қалыптастырамыз.Менің ең үлкен қателігім осы екенін білдім. Балаға баға емес, білім керек.Баламыз мектептен келгенде: «Бүгін қандай баға алдың?» деп дүрсе қоя береміз.Керісінше «Бүгін сабақтан не түсіндің?»деген сипаттағы сұрақтарды қоя отырып, баламыздың сыни ойлауын қалыптастыруымыз керек деген тоқтамға келдім,

 Күтілетін  нәтижеге қол жеткізуіміз үшін не істеймін?

-Оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдану;

-Мұғалім бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек көрсетеді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды;

-Тақырыпты қысқа тұжырымдамалар арқылы оқулық материалдарын бекіте отырып, осындай нұсқалық слайдтарарқылы меңгерту;

-Логикасы әр түрлі кестелермен жұмыс істей білу, солардың негізінде қорытынды жасай алу;

-Өзін-өзі дамыту дағдылары;

-Өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану.

Мектептегі практика кезінде тізбектелген сабақтар топтамасына жоспар құра отырып, нені қалай және қайтіп өзгертемін деген ой жетегінде болдым.

     Кез келген сабақты мұғалім қызықты, тартымды өткізуі керек.Сабақ — өте күрделі, сан қырлы.Мен тәжірибемдегі әрбір сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар аударатыным:

-         тақырыпты нақты жоспарлауға;

-         сабақтың типін, әдістерін өзгертіп, проблемалық ізденіс, зерттеу туғызу;

-         сабақты өмірмен байланыстыру;

-         қосымша әдебиет, көркем шығармаларды басшылыққа ала отырып оны сабақтан тыс жұмыстарда жалғастыру.

Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Осындай әдістердің бірі- диалог. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.(Нұсқаулық, 12 -бет)

  Диалог менің әр сабағымда көрініс тапты. «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» тақырыбында өткізілген сабағымда  диалогқа тарту, сыни ойлауын байқау мақсатын көздеп жас ерекшеліктерін ескеріп ықтимал сұрағын қойдым. Аттила болмаған жағдайда ғұндар тарихта сақталар ме еді, сақталмаспа еді? деген сауалыма оқушылардың жауабы сан түрлі болды. Имашова Ерсұлу «Аттила болмаған жағдайда да тарихта ғұн аты сақталар еді, себебі Аттилаға дейін де ғұндардың ерліктерін баса айтуға болады, мысалы Ұлы Қытай қорғанының өзін қытайлар ғұндардан қорғану мақсатында салды емес пе.Сондықтанда ғұндардың тарихта өзіндік орны бар, сақталады деп ойлаймын. » десе, Мұқыш Бекет «Аттила болмаған  жағдайда ғұндар тарихта сақталмас еді, себебі Аттила Ұлы Рим империясын құлатты, Еуропаны құлдықтан азат етті, менің ойымша  ғұндардың тарихтағы өзіндік орны Аттиламен  тығыз байланысты деп ойлаймын.» деді. Тайбурин Әнет «Ғұндар Аттиланың тарихта өзіндік орны бар дегенмен де ғұндардың тарихта ойып турып орын алуына тек Аттиланың қатысы бар деп ойламаймын. » деуі оқушылардың сан түрлі түсініктерін көрсеткендей болды

 Оқушы оқулықтағы дайын материалды, яғни дайын жауаппен қанағаттанады.Ойлау,іздену дағдысын қалыптастырмайды.

Осы бағдарламаны меңгере отырып сұрақ қою жүйесін үйрендім.Қалың сұрақтың оқушылар ой-өрісін дамытуда, сыни ойлану, ой қорыту, ой түйіндеу мақсатында алар орны ерекше екендігін пайымдадым.Не үшін?, не мақсатпен?

Неліктен?қалай? не себепті? деген сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың сыни ойлауға жетеледім.

     Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор.   Диалогтік оқыту оқушылардың қомақты білім алуына үлкен үлес қосады. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де ) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды және білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктес болып табылады.

Сыныпты топқа бөлуде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында суретпен топтастыру, капитан ойыны, мақал-мәтелдерді жалғасын табу, сандық реттер негізінде топтастырып отырдым.Оқушылар топтық жұмыста өздерінің жауапкершіліктерін сезіне отырып, постер құруды үйренді.Топбасшысының белсенділігі артты және топбасшысының ұйымдастыру қабілеті арқылы топтық жұмыстың белсенділігін арттырды. Топтық әдіс- оқушылардың бәсекелестік қабілетін арттырып, оқушылардың ауызбіршілігін, сыйластығын, жауапкерщілігін сезінуге ықпал жасайды.Дәстүрлі сабақ жүйесіндегі «тыныш оқушының» сабаққа белсене қатысуына ықпал етеді.

  Менің бұл жерде байқағаным оқушылардың бұл өзгеріске оң көзбен қарағандығы.  Оқушыларға үй тапсырмасын сұрақ- жауап әдісі арқылы диалог орната отырып, жаңа тақырыпты ашып отырдым. Мәтінмен жұмыс барысында да сыни ойлауға арналған сұрақтар қойып отырдым.Топтық жұмыс барысында мәтіннің мазмұнына сүйене отырып бірнеше тапсырманы талқылады. Талқылауға  уақыт беріп отырдым. Оқушылар тапсырманы түсінді. Әр сабақтың соңында рефлексия алып отырдым, сол рефлексия бойынша оқушылар қысқаша өзінің ойын жазып отырды… Мұнан түйгенім, жаңа бағдарлама стратегияларының оқушыларыма әсері болды.Әркім өз мүмкіндіктеріне қарай сөйлеуге, жауап беруге тырысты. Келесі сабақтағы өзгерісті айқындау үшін топты басқа тәсілмен бөлдім. Бірінші сабақта мазайка  арқылы бөлінсе, бұл  санау реттілігі арқылы бөлдім. Бұрын өз еріктеріне салғанда үлгерімі жоғары оқушылар бірыңғай отырып алып, үлгерімі төмен оқушылар ескерусіз қалып қоятын.

Дәстүрлі оқыту мен жаңаша оқыту арасында қандай айырмашылықтар бар? Мен дәстүрлі сабақ пен жаңаша оқытудың арасындағы айырмашылықты былай саралап көрсеткім келеді

Дәстүрлі оқытуда:-Оқушы оқулықтағы дайын білімді жаттанды әдіс арқылы меңгереді;

-Сабақ барысында тек белсенді үш-төрт оқушы сабаққа жауап береді;

-Оқушы мұғалім көмегіне жүгінеді,өз бетінше ой түйе алмайды;

-Мұғалім өзі ғана баға қояды, оқушы пікірімен санаспайды..

Жаңаша оқыту үдерісінде:

-Оқушы қалай және қайтіп оқуды біледі;

-Мәтінге байланысты сыни көзқарасы қалыптасады,өзіндік пікірі дамиды, ой қорытуға дағдыланады;

-Өзін-өзі реттеу ,өзгені сыйлауға бейімделеді;

-Өзін де,өзгені де бағалай алады.

         Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.

       Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағыт алады.

      Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.

      Бағалау – білімді тексерудегі күтілетін нәтиже. Бағалау екі түрлі: формативті, жиынтық. Оқыту үшін бағалау – формативті. Оқуды бағалау – жиынтық. Бағалаудың мақсаты оқушының қай деңгейде тұрғандығын білу, білімін тексеру, алдағы мақсатқа жетелеу. Бағалау үшін оқушының нені білетінін,қандай қиындық болуы мүмкін екенін бақылау керек.

      Бағалауды мұғалімнің өзі жүргізуі дұрыс емес. Бала бағалауға өз пікірін айтуға, достарының пікірі, мұғалімнің критерийлеріне сәйкес болуы шарт.

        Басқа тапсырмаларға қарағанда осы жауап алу үдерісін бағалау және жалпы бағалау туралы тақырыптарында ешқандай қиындық тумайды деп пайымдаған едім, алайда ең қиыны, ең таныс емесі бағалау болып шықты. Бұл біз білетін ескі жүйедегі бағалау емес. Біз бұрын жаңа тақырып беріп немесе сұрақ сұрағанда оны қайталап бізге жауап беретін, бізге оқушы тақырыпты айтып берді, толық бағалай аламын деп бағасын қойып жібере салатын едік. Менің үйренгенім бағалау- өте күрделі механизм, тіпті тапсырмалардың ішінде ең маңыздысы десем де болады. Өйткені бағалау арқылы оқушылардың ынтасын арттыруға, оларды қорытындылауға, оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ең шешуші фактор деп есептеймін.

      Бағалау тек қана баға қою емес. Бұл курс бойынша бағалау кезінде оқушылардың өз практикасында, өз өмірінде не түсінгенін білу және оны бағалау қажет. Бағалау жүйесінде топтық және жұптық бағалау, топ басшысының бағасы,өзін-өзі бағалау түрлерін қолдандым. «Екі жұлдыз, бір тілек» және үш шапалақ, бағдаршам негізінде бағалау оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың белсенділігін арттырды.

        Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану.

  Сабақта АКТ-ны  қолдану баланың ой-өрісін танымын, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

      Қоғамда ақпараттық технологиялар күннен күнге дамып өрістеп келеді. АКТ қолдану арқылы біз сабағымыздың дәстүрлі сабақтардан көптеген айырмашылығы бар екенін және техниканы меңгертеміз, әлемді танытамыз, пән аралық байланыс жасаймыз, жеңілдетеміз.

     

      Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

        Дәстүрлі сабақтарды көбінесе сыныптағы көшбасшы көп жағдайда мұғалім саналған. Білім беруде мұғалім көшбасшы, бірақ сыныптарға, іс әрекетте емес. Сыныптағы көшбасшы ол – оқушылар болуы тиіс. Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беруде мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.

      Ғылыми зерттеу нәтижелері осы модульдің ішінде диалогтің маңызды роль атқаратынын көрсетті. Диалогтық оқыту оқушыларға және сабақтағы оқу үрдісіне қатысты сыныпта шешуші позиция алатын аса маңызды тәсіл. Оқушыларға әлі де болса, өзі орындай алмайтын тапсырмаларды орындау үшін оларға мұғалімнің қабілетті оқушылардың, үлкендердің көмегі қажет.

 Қолдау түрі арқылы қарым-қатынаста болғандағы «сөздер» оқудың аса маңызды құралы болып табылады. Сыныптағы оқушылардың бірлескен әңгімелесуі көп пайда әкеледі. Оқушылар тақырыпты өзі түсінгені бойынша айтады. Әр оқушының өз пікірі сақталады. Сөйлеу, ойлау еркіндігі оқушының ақыл-ой қабілетін дамытады. Диалогтық оқытуды сыныпта жұптық, топтық және жеке тапсырмалар, сауалнамалар ретінде қарастырдым. Тапсырманы жеке, жұппен, топпен орындаған кезде басқаның пікірін тыңдау, ауызекі сөз, сөйлеу, талқылау және дәйектер келтіру кезінде де оқушы білім алады.

    Рефлексия немесе кері байланыс жүргізу-оқушылар үшін қызықты үдеріс болды.Өз пікірлерін білдіре отырып, алдағы уақытта сабақ жүйесін құрылымдауда ұстазға ұсынар талап пен тілекке негізделіп отырады.

      

      Рефлексивті білім беруге балалардың не үйренгендері жайында сыни тұрғыдан ойлауы, барлық модульді пайдалану арқылы келешекте оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді. өз білімімді жетілдіру нәтижесінде өз сабақтарыма көптеген өзгерістер енгіздім деп ойлаймын. Әр сабағымыз оң нәтижесін берері анық

 

         Қорыта айтқанда, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау керек.

 

 

 

Сілтемелер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.Бағдарлама.

2.М.Жанпейісова Модульдік оқыту

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышСабақ-саяхат. Математика.4 сынып

ҰстаздарғаДиалогтік оқытудың оқу үдерісіне оң ықпалы

ХимияХимия пәнінен олимпиада есептерінің шығарылу жолдары

БаяндамаТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Іс-шара мәліметтері«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша есеп

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119682

Теги: есеп
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар