Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары

Өту барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Кіріспе сөз.

Қайырлы күн! Мен бүгін сіздерді «Білім сапасын арттырудағы кедергілер мен одан шығу жолдары » тақырыбындағы семинарда көріп отырғаныма қуаныштымын.

Оқытудағы бөгет болатын факторларды айқындап, оларды жою жолдары туралы ой бөлісетін боламыз.

1.«Табыс қоржыны» жатығуы (5 мин)

Мақсаты: табысқа қол жеткізу уәждемесін қалыптастыру.

Жаттығу барысы. Жүргізушінің сөзі: Әр мақсатқа жету қажет, бірақ жетер жол әрқашан оңай болмайды. Егер сіз мына сиқырлы қоржынға жетсеңіз -тілегіңіз орындалады.

Топ бір-біріне қарама -қарсы екі қатарға тұрады. Қырындағы көршілерімен иықтаса, қарсысындағылармен-15 см арақашықтықта тұрады.

Топтың мақсаты:

-қол, дене арқылы кедергі тудыру;

-Бірақ осы адамның шамасына қарай, адам қалайда өте алатындай болу керек.

"-Жоқ! Жоқ!" деп хормен айтады.

Қатысушының міндеті:

-қатардағылардың арасымен өтіп кету;

келе жатып: «Иә! Иә»" деп жүреді және өз мақсатын салтанатпен алады.

Қуаныштан секіруі мүмкін.

Топ арасымен барлығы өтуі тиіс.

Жаттығуды талдау мына сұрақтар бойынша жүреді:

-Жүру қиынға соқты ма?

-Не көмектесті, не кедергі жасады?

-Мақсатқа бару жолында әрқашан кедергі бола ма? Әдетте олармен не істейсіз?

-Не істеген жөн?

-Мақсатқа жету үшін кедергілерді жеңуге даярсыз ба?

-Өз мақсатына жету үшін баса -көктеген дұрыс па?

Қане мақсатқа қойылатын талаптарды бірге тұжырымдалық.

Мақсат ауқымды болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізілетін мөлшерлі мерзім көрсетіледі. Мақсатқа қол жеткізудің критерийлері тұжырымдалған болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізу адамның өзіне байланысты-мақсатты баяндауда өзге адамдар көрініс бермеуі тиіс, өйткені олардың өз мақсаты мен тілегі бар және олар басқа адамның тілегін орындауға міндетті емес.

Мақсатқа қол жеткізу ешкімге зиянын тигізбеуі керек.

Егер өз өміріңізде мақсатты бүгін үйренгендей қойсаңыз, табысқа жетесіз деп ойлаймын.

Миға шабул 5 мин

«кедергі» деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не келеді?(ассоциация)

Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар?

5. Топтық жұмыс №1. 10 мин

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОқушылар өз бетінше білім алуларына ынталандыру. Коучинг.жоспар

ҰстаздарғаТоптық жұмыстың тиімділігі

ҰстаздарғаСыни тұрғыдан ойлануға үйрету

ҰстаздарғаОрта білім берудегі басқару мен көшбасшылық

ҰстаздарғаОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау (коучинг)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141167

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар