Облыста үздік атанған мұғалімдер

25 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Несіпкүл Өтебаева,

Түркістан қаласы


Облыста «үздік» атанған мұғалімдер

Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда бастауыш сыныптар бойынша Бейсекова Ақсауле Тасболатқызы мен Ережепова Қаракөз Қойшыбекқызы — жас балғындарға жүйелі білім, сапалы тәрбие беруде асқан шеберлікпен шығармашылықты ұштастырып еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз болып саналады.Қажырлы, тынымсыз еңбектерінің арқасында білім беруді дамытудың инновациялық бағыттары бойынша «Республикалық ғылыми практикалық конференцияның материалдары» жинағына жоғарыда аталған мұғалімдеріміздің еңбектері енгізіліпті. Бұл – жинақ облысымыздың алғы шептегі мұғалімдерінің еңбектерінің көрінісі. Осы еңбектегі педагогикалық жаңашылдық – ұстаздардың іс-тәжірибелерін айқындайтын жинақ болып табылады.Жинаққа енген Ережепова Қаракөздің тақырыбы: «Ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру», Бейсекова Ақсауленің тақырыбы: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту».

Ережепова Қаракөз баланың бойындағы білімге деген құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеріп,өз шығармашылығын жетілдіріп отырады. Оқу үрдісінде мұғалім оқушылардың білімін есепке ала отырып, деңгейлеп саралап оқыту технологиясын шеберлікпен қолданады. Нәтижесінде тұлғалық-психологиялық типтері бойынша балалардың ақыл-ой деңгейлері арта түседі.Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқытады.Осы тұста атап өтсек Республикалық «Ақбота» интелектуалдық марафонынан оқушылары: Әмірбекова Томирис ІІІ орын, Ораз Нұрдәулет І орын, Бекжігіт Алина ІІ орын иеленген.Шәкірті Әділхан Мақпалдың шығармашылық өлеңдері баспасөз бетіне жарияланған.Сыныбы өзара ұйымшыл, дербестіктерінің арқасында үнемі табысқа жетуге ұмтылады.Қаракөз мектептің қоғамдық өмірінде де елеулі орынға ие. Бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі, әріптестеріне әрдайым көмегін аямайды. Қала бойынша іс-тәжірибесі де тарқатылған.

Бейсекова Ақсауленің шығармашылық жұмысына тоқталатын болсақ: қалалық тамыз педагогикалық оқуына қатысып «Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тұжырымдамалық бағыттары» атты тақырыптың мазмұнын ашып көрсетіп ІІ орынға ие болған.Сондай-ақ, қала көлемінде «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбындағы іс-тәжірибесі таратылды.Оның еңбек жолында – шәкірттері үнемі білім сайыстары мен ғылыми жоба жұмыстарымен, ізденімпаздығымен көзге түсіп ерекшеленеді.Әр оқу жылында оқушылары сан қырлы байқауларға ұдайы қатысып, білімділіктерімен, алғырлықтарымен көзге түседі.Мысалы, Республикалық «Ақбота» интелектуалдық марафонынан оқушылары –Темірхан Үржан ІІІ-орын, Керімқұл Бақдаулет ІІорын иеленсе, осы оқушы қалалық «Мен көп тілді білемін»атты сайыстан да ІІ орын алған. Жақында ғана Республикалық «Самұрық»математикалық сайысына оқушылары – Жолдасбек Рыскелді, Бекет Несібелі, Оралбек Ерасыл қатысқан болатын. Оқ бойы озып шыққан Бекет Несібелі осы сайыстан ІІ орынды қанжығасына байлады. Ақсауле ата-аналармен де тығыз байланыс орнатқан. Әр отбасының тұрмыстық жағдайын, мәдени деңгейін ескере отырып әрекет жасайды. Елгезек мінезінің арқасында ата-аналармен тіл табысқан.

Мақсаттары айқын, бағдарлары анық ұстаздарымыздың жетістіктері жалғасын тапсын дегім келеді.

«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.» деп, Абай атамыз жырлағандай, жоғарыда аталған ұстаздарымызға: «Әрдайым шығармашылықтың биік шыңынан көрініңіздер!»деп, ізгі тілек білдіремін.

Несіпкүл Өтебаева,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148602

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар