Облыстық семинар

22 желтоқсан 2015 - Несипкул Утебаева
Облыстық семинар

 

“Бүгінгі заман үлкен бәсекеге дайын білімді, білікті кадрларды қажет етеді. Ал ол кадрлар мектептен шығады. Білім мектептен басталады” Н.Ә.Назарбаев.

 

Облыстық ғылыми-практикалық семинар

 

         Жуырда Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия базасында педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент филиалының және қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес, жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін тиімді пайдалану жолдарын үйрету және озат тәжірибелі мамандардың озық іс-тәжірибесін кеңінен насихаттау, оқушылардың білім сапасы мен  пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін “Мектептің тәжірибесіне жаңаша оқыту тәсілдерін қолдана отырып өзгеріс енгізу” тақырыбында кең ауқымды облыстық ғылыми-практикалық семинар жоғары деңгейде өткізілді. Ғылыми-практикалық семинардың басты мақсаты –  оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсету, қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін қамтамасыз ету; мұғалімдердің  теориялық және тәжірибелік кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге және олардың оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін коучинг және тәлімгерлік үдерістерін іске асыру; Кәсіби қоғамдастықтың білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңыздылығын айқындайтын мұғалімдер ынтымақтастық ортасын құру; оқушылардың құзыреттіліктерін және функционалдық сауаттылығын дамыту болды.

          Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мәселесінің теориясы мен практикасы  қазіргі білімнің дамуының мақсат-міндеттерінің талаптарына сәйкес болуы шарт. Сондықтан мұғалімдердің шығармашылық биігіне көтерілуіне, кәсіби деңгейін дамытуға, біліктіліктерін арттыруға, оқыту технологияларын қолданып сабақтар әзірлеуге, еңбектерінің жандануына  Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, мектеп-гимназия директоры Ж.А.Орынбаева ыждаһаттылығымен  оларға әрдайым  жағдай туғызады. Облыстық ғылыми-практикалық семинардың іс-шара жоспарын дайындап жүргізу Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты тәмамдаған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Халиловаға жүктелген болатын. Ол жиырма жылдан аса осы аталған мектеп-гимназияда директордың орынбасары лауазымында  қажымай адал еңбек  етіп келеді. Ол мектепте теориялық-аналитикалық, сипаттаушылық-әдістемелік түйінінің үйлесімді болуы үшін мұғалімдермен педагогикалық шеберлік кластарын өткізуді дәстүрге айналдырған. Осының айғағы – осы жоғары деңгейде өткізілген облыстық ғылыми-практикалық семинар. “Біріксек – бастама, жұмылсақ–үрдіс, еңбек етсек – бұл нәтиже” деген қағидаман мектеп-гимназия директоры Ж.А.Орынбаева мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары –Г.Т.Халилова, Г.М.Муратова, Г.А.Михайлина, А.Ж. Сайдуллаева, Г.М. Наурызбаева, С.К.Жорықбаева, Г.О.Божбанбаевалар  технологияның тоқтаусыз терең танымын жүйелеп ортақ көзқараспен шешім қабылдап тың идеяларды  әр оқу жылы барысында үнемі жүзеге асырады.

        Бұл семинарға облыстық педагогикалық шеберлік орталығының  тренері, штат бойынша аға менеджері – Көпешова Әсия мен Қасымова Халима, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі –Ақмарал Батырбекова, әдіскер- Мәрия Ибраевалар және облыс көлемінен Созақ, Отырар, Жаңақорған аудандарынан 60-қа жуық аудан басшылары, әдістемелік бөлімдердің әдіскерлері, мұғалімдері қатысты.

          Семинардың барысын таратып айтсақ, ағылшын тілі пәнінен Г.Байметова “Classroom objects Revision Lesson” тақырыбында, Р.И.Мухтарова ”Австралия“ тақырыбында, орыс тілі пәнінен А.Н.Пудовкина” Сложное предложение“ тақырыбында, Г.Р. Насибуллина “Основные мотивы лирики” тақырыбында, орыс әдебиетінен М.А. Жукова  “Особенности лирики” тақырыбында,  қазақ тілі пәнінен В.М.Батырқұлова “Күшейтпелі шырай” тақырыбында, Г.Ц.Өскенбаева “Қонақжай халық” тақырыбында, А. Берестемова “Күрделі сөздер” тақырыбында, алгебра пәнінен “Тригонометрические уровнения сводимые к алгебраическим” тақырыбында ашық сабақтар көрсетті. Мектеп кітапханасында директордың орынбасары Г.А.Михайлинаның басқаруымен “Дарынды балалар” ғылыми галереясы ұйымдастырылып, оқушылар тарапынан жобалар таныстырылды. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер “Lesson study” жобасын жаңа оқыту жүйесіне  енгізу тәжірибесі бойынша коучинг сессиялар, секция жұмыстарын, өз шеберліктерін көрсетті. О.С.Аллашова “Повышения мотивации учазихся при помощи оценивания» тақырыбында, А.Арыстанбекова “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушының есте сақтау қабілетін дамыта аламын ба?” тақырыбында коучинг, ал директордың орынбасары- Г.Т.Халилова, пән мұғалімдері — Т.Л.Попова, Н.С.Ибадуллаева, Г.Ц.Өскенбаевалар “Оқу және оқыту үдерісін жақсарту мақсатында инновациялық ақпараттық ресурстарды пайдаланудың жолдары” тақырыбында пресс- конференция өткізді. Сондай-ақ, секция жұмыстары да тыңғылықты өзгерістерін қонақтарға айшықтап көрсете білді. І-деңгей курсы бойынша А.Ж. Сайдуллаева, О.А.Бекеновалар “Кәсіби желілік қауымдастығын ұйымдастыру”  тақырыбында, ІІ-деңгей курсы бойынша М.И.Жумадуллаева “ПКҚ пен тәлімгерлік» тақырыбында, ІІІ-деңгей курсы бойынша Л.М. Магамедова мен Н.С.Ибадуллаевалар “Эффективность применения урока — исследования (Lesson study) и действии в школьной практике” тақырыбы аясында секция жұмыстарын нақтылап тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында зерттеу жүргізу мен практикалық жұмыстың ұштасуы күтілетін нәтижемен  сипатталды. 

        “Мектептің тәжірибесіне жаңаша оқыту тәсілдерін қолдана отырып, өзгеріс енгізу” тақырыбында ауқымды іс-шараны қорытындылай келе, ҚББ әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Ү.Батырбекова және облыс бойынша менеджер- Көпешова Жаншорақызы Әсия мен тренер –Қасымова Ізбасарқызы Халималар курста білім деңгейін көтерген ұстаздардың субъектілігін арттырып, шығармашылығының дамуына тиімді әсер ететін  оқыту формаларының  семинар барысында мұғалімдер шеберлікпен жүзеге асырғанын  баяндады. Мұғалімдік мамандықтың мәртебелі екенін тұжырымдап, оның құндылықтарын түсінуді әрбір жан көңілдеріне ұялатып  мәселенің көкейтестілігін, талдаудың шырқау шегін,  шығармашылық шеберліктерін шеберханада көрсеткен мұғалімдер өз істерінің тоқтаусыз жандана беретінін  нақтылады. Семинарға қатысушы қонақтар тарапынан елеулі еңбектерін көрсеткен  Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерін  облыстық деңгейде марапаттауға ұсынды. Сондай-ақ, бай тәжірибелерімен бөліскен кәсіби педагогикалық шығармашылықтарын көрсете білген мектеп ұжымына және мектеп әкімшілігіне ыстық ықылас пен ризашылықтарын білдірді.

 

Несіпкүл Өтебаева,

Түркістан қаласы.

Осыған ұқсас жазбалар:

Іс-шара мәліметтері12 жылдық білім беру жағдайында оқушыларға бейіналды даярлық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар

Іс-шара мәліметтеріОқу сауаттылығын дамыту

ҰстаздарғаДуальді оқыту- кәсіптік білім берудің басты жолы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103649

Пікірлер (2)
Базаргүл Алтынбекқызы # 14 ақпан 2016 в 20:25 0
Жаңаша оқытудың тәсілдері - ұстаздардың шығармашылдық шеберлігін, субьектілігін арттырады.
Несипкул Утебаева # 14 ақпан 2016 в 20:28 0
рахмет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар