Ойын-бала өмірінің маңызды бөлшегі (Семинар-практикум)

8 тамыз 2016 - Айгерім Каликова

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың  қалыптасуы мүмкін емес»

(В.А Сухамлинский)

  Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған ортаны тануға талпынған. Ал айнала дүниені танып-білудің белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекеттен бірте-бірте өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді.Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны,өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады.Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып,іс-әрекетке көшіріп нақты қарым-қатынас барысында біледі.Осылайша ойын- адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады.Баланың таным-түсінігі,іс-әрекеті ойыннан басталады.Ойын-бала үшін оқу да, еңбек те.Ойын-айналадағы дүниені танудың тәсілі.Ойын- баланың даму құралы, таным-көзі, білімділік, тәрбиелік, түзете-дамытушылық мәнге ие бола отырып, баланың танымдық процесінің дамуына ықпал етеді.Ойынды әрбір адам ойнап өседі.Кей бала ойында шынайы өмірде бейнелесе, кей бала ойында ішкі сезімді білдіреді.Бала ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады.

  Балалардың  ақыл-ойын, қиялын, танымдық процесін, жалпы және ұсақ моторикасын, көру, есту, сөйлеу қабілетін, сенсорлық дағдыларын дамытуда ойындардың алатын орны ерекше.Ойын-баланың жан-жақты дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігін арттырады.Қай бала болсын ойынмен өседі,өйткені бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ойын кезінде бала өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз-барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы,құштарлығы ойын үстінде қалыптасады.

  Халық даналығындағы «Ойнай білмеген ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірдеде озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек,өсіп дамуы тежелген балаларды ойын арқылы тәрбиелеудің маңызы зор.

  Осындай ойын түрлерін атап айтатын болсақ: сюжеттік-рольдік, дидактикалық, ұлттық ойындар, сөздік, логикалық ойындар, қимыл-қозғалыс ойындары, саусақ ойындары және дамытушы ойындар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, дамытушылық функциялары бар.

  Осы орайда дамытушы ойындардың маңыздылығына тоқтала кетсек.

Ол балалардың ниет-ықыласын есепке ала отырып, даму дағдыларын қалыптастырады.Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап: баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

  Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

а) Балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік береді.

ә) Баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру

б) Ойын барысында баланың бойына даму дағдыларын дамыту

в) Баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның даму дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

  Дамытушы ойындардың ішінде балалардың өздері құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені,өздері ойын барысында оларды елестету, есте сақтау, ойлау дағдылары  дамиды.

  Бала тілін дамытуда дамытушы, түзетуші ойындар ең негізгі орын алады. Оқу іс-әрекет мазмұнына танымдық, дамытушы, білім беруші ойындар арқылы тапсырмаларды қолдана отырып, заттарды бір-бірімен салыстырады, оларды қасиетіне, түр-түсіне, пішініне, көлеміне қарай ажыратып және оны танып білуге үйренеді.Сөйтіп, бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.Ойын ұйымдастыруда өзіміз жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға,әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттаймыз, заттың атын немесе қасиетін есіне сақтап қалуға жол ашамыз, ойынға қызықтыра отырып, зейінін,қиялын дамытамыз.Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынасқа түседі.Әр бала өз жетістігіне қуанып мәз болады.Сондықтанда дамытушы, білім беруші ойындарды таңдауда және іріктеуде балалардың жас ерекешелігін ескерген жөн.

  Мен өз тәжірбиемде көп қолданатын дамытушы ойындарға тоқталатын болсам: «Саңырауқұлақ жинайық», «Қамал тұрғызайық», «Не қайда мекендейді», «Балық аулау», «Орманға саяхат»т.б. қимыл қозғалыс ойындары. Бұл ойындарды әрбір оқу іс-әрекетінде түрлендіріп қолдануға болады.Сондай-ақ балалармен дамытушы ойындарды үш түрлі етіп өткізуге болады, яғни заттармен, үстел үсті және сөздік ойын.

  Заттармен ойнататын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтеді.Мысалы: «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп,қайсысы аз» т.б.

  Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда «Сигена» тактайшалары домино, лото, сурет пазлылар қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды», «Кім байқағыш?», «Қай сурет тығылды?», «Ұяшығын тап», «Не озгерді?» т.б.

  Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, жауап алуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді.Мысалы: «Кім біледі?», «Жақсы-жаман», «Суреттегіні ата»т.б.

Мысалы: «Қыс мезгілі» тақырыбына арналған «Жақсы-жаман» деп аталатын ойынды мына төмендегідей сұрақ-жауап түрінде өткізуге болады.

-         «Қыс мезгілі жақсы ма, неге?

-           Қыс мезгілінде қармен ойнаймыз,

  мұзға зырғанаймыз.

-         Ал несімен жаман?

-           Суықта салқын тиіп ауырып қалуымыз мүмкін.

Осындай сұрақ-жауаптар арқылы балалардың «Қыс мезгілі» туралы ұғымдарды қалыптасады.

1.Ойынды өткізуге әзірлік.

2.Ойынды өткізу.

3.Ойынды талдау.

Ойынға қажетті ойыншықтар,құрал-жабдықтарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

 Ойынды талдау- ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады.

 Көрнекіліктер тартымды болса, балалар қызыға қатысады.Ойын барысында төмендегі топтар назарда болуы қажет:

-         Ойынға берілген уақыт баланы жалықтырмайтындай болуы;

-         Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашу;

-         Ойынға қажетті материалдардың алдын ала дайындалуы;

-         Ойынның балаға беретін дамытушылық және тәрбиелік мәні болуы;

-         Мақсаты, нақты ойын тәртібі болуы керек және әбден түсіндірілуі, топ түгел қамтылуы тиіс;

-         Жыл мезгілдері ескерілуі шарт.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышАЛТЫН САҚА ОЙЫНЫ

ҰстаздарғаСу әлеміне саяхат. (Шомылу маусымының ашылу салтанаты)

МатематикаСыныптан тыс жұмыс «Ойнайық, та ойлайық!»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141888

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар