Дарынды оқушылармен жұмыс істеу негіздері (пікірталас)

9 ақпан 2014 - Серік Ұзақбайұлы
Дарынды оқушылармен жұмыс істеу негіздері  (пікірталас)

Дарынды оқушылармен жұмыс істеу негіздері .

(пікірталас)

 

Мақсаты:

Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдердің қай-қайсысы болсын, негізінде, оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың дара ерекшеліктерін жете біліп, санасып отырудың айрықша маңызыды осы жайында ұстаздар пікірін білу.

       Дарындылық жайында өз ойыммен бөліссем:

Қазірде педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Алайда ол дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындыдан әрі аса алмауда. Оның үстіне психология мен педагогика ғылымында әрбір баланың дарындылығы қандай дәрежеде екенін анықтайтын дәл өлшем әлі табылған да жоқ.

       Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделеніп, даму үстінде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.
       Себебі мұғалім оқу-тәрбие саласында қандай жұмыс жүргізсе де, сыныптағы оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін, айталық, мінез-құлықтарын жете білмесе, онда оның атқарған ісі сәтсіздікке ұшырап, алға қойған мақсатына жете алмауы ықтимал. Бұл тек сабақ және одан тыс мезгілде сан алуан әдістерді баланың дара ерекшеліктеріне сай қолданғанда ғана іс жүзіне асады. Осыған орай қазір әрбір жұмыстың (сабақ, сабақтан тыс, т. б.) сапасын оның мазмұн тереңдігімен бағаланып қоймай, алдымен одан оқушылардың өздеріне алатын үлгілерімен бағалануы тиіс. Белгілі педагог К. Д. Ушинский егер мұғалім әрбір баланың жан-жүйе ерекшеліктерін жақсы білсе «онда осының өзі тәрбиелеу үшін құрал табудың көзі болмақ және осыған негізделіп табылған құрал орасан күшті болмақ» деп айтқан. Ендеше, балалардың дара ерекшеліктерімен санасу — ұстаз парызы.

-Ал олай болса сіздер не айтасыздар ұстаздар ?
  Ұстаздар пікірін тындау.

 

«Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білдіретіндігінен… Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет», — деп Мұхтар Әуезов айтпақшы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жауапты сала екені баршамызға мәлім дей отырып бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз,қатысып ой бөліскендерінізге рахмет.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068849

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru