Сайтқа мессенджер қосылды

6 қараша 2014 - Админ
Сайтқа мессенджер қосылды

Саламатсыздар ма? аса қадырлы сайт қолданушылары және барша ұстаздар!  

Өздеріңіз байқағандай сайтымыз күннен күнге өсіп көркейіп келеді,  сайтқа тіркелген ұстаздарымыз өздерінде бар материалдарды өздігінен жариялауға ақырындап үйреніп қалды, бар материалды неге бөліспеске, сонда ғана интернетте қазақша материалдар көбейіп, барлығымызға ортақ қорға айналады.

Негізінде бүгін айтайын дегенім басқа еді, тақырып айтып тұрағандай сайтқа жаңа мүмкіндік МЕССЕНДЖЕР қосылды, "ол не?" дейтін кісілер де табылуы мүмкін, қарапайым тілде мысалмен айтсақ, егер сіз майл рудағы АГЕНТТІ пайдаланған болсаңыз бұл дәл соның өзі, яғыни осы сайтқа тіркеліп бір бірімен дос болған қолданушылар өзара өте жылдам хат алмаса алады, ойым түсініктірек болу үшін суретке қарайық, 

 

Сол жақта сіздің достарыңыздың тізімі, оң жақта хат жіберіп қабылдайтын алаң, бұл жерден сурет жіберуге және түрлі смайлктер жіберіп көңіл күйді білдіруге болады.

Ескерте кететін жайт бұл бағдарлама тек ped.kz сайтының  қолданушыларына арналған.

1. Бағдарламаны МЫНА ЖЕРДІ басып түсіріп аламыз.

2. Түсірілген файлды архивтен шығарсақ ішінен мына құжаттар көрінеді, ICMessenger дегенді тышқанмен қос шертіп орнатамыз.

 

3.  Орнатылған соң сізде мынадай терезе ашылады, сол жерге өзіңіздің ped.kz сайтындағы логин пароліңізді жазып кіресіз.

Бәрі сәтті аяқталса бірінші суреттегідей шығуы тиіс.

       Бұл бағдарлама арқылы қарым қатынас жасау тек сайтымыздағы бір бірімен достасқан қолданушылар үшін тиімді, сол себепті бір бірлеріңізге достық ұсыныс жіберіп, достарыңызды көбейтіп алсаңыздар деген тілегім бар. Достық ұсынысты қалай жіберіледі? енді сол туралы айтайын.

     Ол үшін достасқыңыз келетін қолданушының жеке бұрышына кіріп, ДОСТАР ҚАТАРЫНА ҚОСУ деген батырманы басамыз, суретке қарайық;

 

 

 

Батырманы басқаннан кейін мынадай терезе ашылады;

 

 

Жалғастыру дегенді басып растаймыз, сосын мынадай терезе пайда болады. 

 

 

ЖАБУ дегенді баса саламыз бітті,  дос болуға ұсыныс жіберілді. Қарсы жақ қабылдаған жағдайда екеуіңіз дос боласыздар және осы бағдарлама арқылы жылдам қарым қатынас жасай аласыздар.

Әзірге айтарым осы әріптестер,  ӨЗІМІЗГЕ ҚАЖЕТ БІЛІМ ҚОРЫН ӨЗІМІЗ ҚҰРАЙЫҚ!

Осыған ұқсас жазбалар:

--Корневой раздел--Видео нұсқаулық

Сайт туралыПортал туралы аз сөз

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083486

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар