«Үздік қаржыгер» интелектуалдық ойынының жоспары

15 қазан 2014 - Админ

Тілші: Нұрғалиева Бибігүл Жомартқызы

Атырау облысы, Атырау қаласы

Нұрғалиева Әлия

Атырау бизнес және құқық колледжі

экономика және қаржы факультетінің

 жоғары санатты мұғалімі

                                                                                                                                

15 қараша Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің мерекесі  және ұлттық валютамыз теңгенің  шығу күніне  орай ұйымдастырылған

«Үздік қаржыгер» интелектуалдық ойынының жоспары:

Сценарий:

            Тұңғыш:Құрметті ұзтаздар және студенттер сіздерді бүгінгі мерекеміз -  Ұлттық валютамыз теңгеніңмерей тойымен  шын жүректен құттықтаймыз!

            Айдана:Иә, сонау 1993 жылдар тәуелсіздігін енді ғана алып, аяғына жаңа ғана тұра бастаған еліміз үшін қиын, ауыртпашылығы мол кезең еді. Сол жылы 15 қараша тәуелсіздігіміздің төл белгілерінің бірі теңге айналымға шығарылып, қаржылық саясатымызды дербес жүргізуге мүмкіндік берді. Міне содан бергі он жеті жылда төл теңгеміз құн тұрақтылығы жағынан достастық елдері арасында ең алдыңғы орындардың бірінде.

            Тұңғыш: Қазақстандықтардың жүрегінде заңды мақтаныш сезімін тұғызатын еліміздің ұлттық валютасы қай жағынан алсаң да жоғары деңгейде. Оның нұсқаларын жасауға сәулетші, суретші дизайнер Хайролла Ғабжалелов, суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов белсене қатысты.

            Айдана: Мемлекет басшысы бекіткен теңгенің алғашқы жобасы Ұлыбританияда жетілдіріліп, жоғары технологияға сай өндіріске ұсынылды.

            Тұңғыш: Төрт жүз жылдық тарихы бар сол елдің банкнот фабрикасында басылып шыққан теңгенің үлгілері суретшілерімізді шексіз қуанышқа бөледі.

            Айдана: Шынында да Қазақстан теңгесі бүгінгі таңда әлемдік деңгейде мойындалған валюталардың бірі. Дүние жүзінде ақша сапасы жөнінен өтетін бәйгеде де теңге үздік аталды.

            Тұңғыш: Естеріңізде болса теңгенің алғашқы нұсқаларында Аль-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр хан және Абылай хан секілді қазақтың біртуар ғұламалары, қоғам қайраткерлерінің бейнеленуі теңгеміздің маңыздылығын арттырды.

            Айдана: Алғашқыда Ұлыбританияда шығарылып келген теңгеміз 1995 жылдың 15 мамырында Алматы қаласында ашылған Қазақстандық банкнот фабрикасында басыла бастады.

            Тұңғыш: Бүгінде сол теңгеміз осынша   жыл уақытты артқа тастап, жаңа заманға сай өзгеріп, әліде қажеттілігімізге жарауда. Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымызбен қатар төл теңгемізде еліміздің тәуелсіздігін паш етіп тұратын ұлттық нышанымыз.

            Айдана: Ал енді көп созбай болашақ қаржы саласы мамандарының ойынын тамашаласақ.

            Тұңғыш: Иә 2005 жылы осы колледж студенттері алғаш ұйымдастырылған  «Үздік қаржыгер» интелектуалдық ойыны жақсы дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіліп келеді.

            Айдана: Әрине жоғары дәрежелі маман болып, елінің дамуына өз үлесін қосуды армандайтын болашақ қаржы саласы қызметкерлері үшін осы ойында көрсеткен терең білімдері қызметте де керек болары сөссіз.

            Тұңғыш: Ойынның ережесімен қысқаша таныстырып өтсек, ойынымыз үш айналымнан тұрады. Бірінші айналым «Бәйге» деп аталады, бұл айналымда ойыншыларымыз жалпы экономика пәндері бойынша дайындалған сұрақтарға жауап берулері тиіс.

            Айдана: Екінші айналымда жартылай финалға өткен төрт үміткеріміз көпшілікті өздерінің бизнес жоспарларымен таныстырады.

            Тұңғыш: Үшінші айналым «Егер де мен» деп аталады. Бұл айналымда ақтық сайысқа шыққан екі ойыншымыз алдын ала белгіленген тақырып бойынша бір біріне қарама қарсы ой пікірлерін білдіреді.

            Айдана: Ойынымыздың қысқаша шартымен таныстық, ендеше сайысымыздың басты кейіпкерлері, бүгінгі ойында жеңістен үміткер алты ойыншымен танысу уақыты келген секілді.

            Тұңғыш: Таныссақ, танысайық!

Айдана: Ендеше бірінші номермен сайысқа түсетін, колледжімізде «Экономика, бухгалтерлік есе және аудит» мамандығы бойынша оқитын, үшінші курс студенті Ақпанова Әсемгүл. Әсемгүл бос уақытында әдеби кітаптарды оқығанды, экономикалық жаңалықтар тыңдағанды және нумизматикамен айналысады. Арманым жер жүзіндегі барлық елдерді араласам дейді, ал өмірлік ұстанымы қиындықтарға төзіп, көздеген мақсатқа жету. Сонымен достар қарсы алайық  Ақпанова Әсемгүл.

            Тұңғыш: Екінші номермен жарысқа түсетін Амиржанова Ұлпат. Ұлпат бос уақытында би билегенді және көркем фильмдерді қарағанды ұнатады. Ұлпаттың жетістеріне келетін болсақ олар өте көп олардың ең елеулілері орыс тілі пәні бойынша облыстық пәндік олимпиадалардың жеңімпазы. Амиржанова Ұлпат.

            Айдана: Үшінші номерлі үміткеріміз… Башекова Гаухар. Сидней Шелдонның шығармаларын ұнатамын дейді. Ол еген мен экономист болмасам жазушы болам дейді.

            Тұңғыш: Төртінші болып сайысымызға араласатын ЭБ-10-1 тобының студенті Ибраева Меруерт

            Айдана: Келесі бесінші номерлі үміткеріміз ЭБ-10-3 тобының студенті Нугманова Таңшолпан

            Тұңғыш: Және де ең соңғы болып, алтыншы номермен, сайысқа түсуші үміткеріміз, ФК-10-3 тобының студенті Самиғолла Анаргүл. Анаргүл туралы қысқаша айта кететін болсақ, ол бос уақытында кітап оқығанды, караокемен ән айтқанды, джаз тыңдағанды және фортепианода ойнағанды  жақсы көреді екен. Анаргүл арманым дүние жүзіндегі ең әдемі әрі әйгілі мәдени орындарға саяхат шексем дейді. Сонымен қадірменді ағайын алдарыңызда Самиғолла Анаргүл

             

            Айдана: Ендігі кезекте ойыншыларымызға әділ бағаларын беретін әділ қазылар алқасымен танысайық. Сонымен әділ қазылар алқасының төрағасы (төрайымы) ...

            Тұңғыш: Әділ қазылар алқасының мүшесі...

            Айдана: Әділ қазылар алқасының мүшесі...

            Тұңғыш: Әділ қазылар алқасының мүшесі...

            Айдана: Біздер ойынымыздың шартымен таныстық, ойыншыларымызбен таныстық, қазылар алқасымен де таныстық, ендеше 15 қараша Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің мерекесі  және ұлттық валютамыз теңгенің шығу  күніне орай ұйымдастырылған «Үздік қаржыгер» интеллектуалдық ойынының жүргізушілері мен

            Тұңғыш: Айдана және мен

            Айдана: Сарсенгалиев Тұңғыш. Сонымен ойынымызды бастаймыз.  Бірінші айналым «Бәйге» деп аталады. Бұл айналымда жалпы экономикалық пәндер бойынша 18 міндетті сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауаптың құны он ұпай. Айналым соңында ұпайы ең аз екі ойыншы келесі айналымға қатысу құқынан айрылады.

            Тұңғыш: Ал егерде он сегіз сұрақтан кейін жартылай финалға қатысушы төрттік анықталмаған жағдайда үміткерлерге қосымша сұрақтар қою қарастырылған.

            Айдана: Ал ендеше ойыншыларымыз дайын болса, іске сәт дей отыра ойынымызды бастайық.

1.      Егер нарықта сатушылар көп болып олардың тауарлары ұқсас болғанымен бірдей болмаса, онда мұндай нарықты қалай айтамыз?

      а) монополия

      в) монополистік бәсеке

      с) таза бәсеке

      д) олигополия

      2.   Не, калай, кім үшін өндіріледі деген мәслелер ұрпақтан — ұрпаққа тарап дәстүрлер немесе салттарға негізделген экономикалық жүйе қалай аталады?

            а) дәстүрлі экономика

            в) нарықтық экономика

            с) аралас экономика

            д) әкімшілік – әміршілдік экономика

     3. Байлықтың қайнар көзі өндірісте деп, бірақ оны ауыл шаруашылығымен шектеген экономикалық бағыт қалай аталады?

            а) меркантелизм

            в) маркизм

            с) маржинализм

            д) физиократтар мектебі

   4. Шаруашылыты зертейтін ғылымға «саяси экономия» деген атауды алғаш енгізген кім?

            а) Р. Декарт

            в) А. Смитт

с) А.Де Монкретен

д) Д. Рикардо

   5. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі неше пайызға тең?

а) 6 — 7%

            в) 4 — 5%

           с) 10 -12 %

д) 2 -3%

6.  Еңбек нарығындағы бос жұмыс күші туралы ақпарат жетіспеуінен болатын жұмыссыздық турі қалай аталады?

            а) құрылымдық

            в) технологиялық

с) фрикциондық

д) жасырын

7.  Өнертапқышқа ашқан жаңалығын пайдалануға құқық беретін куәлік қағаз?

            а) лицензия

            в) патент

с) франчайзинг

д) венчур

8. Пайданың шығынға қатынасы арқылы анықталатын шама қалай аталады?

            а) рентабельділік                                                               с) өтімділік  

            в) баланстық пайда                                                             д) табыс                          

   9.  Негізгі қорлардың құнын өнімді өндіру шығындарына енгізу арқылы қаржылай өтеу?

            а) нормалау

            в) жарамдылық

с) амортизация

д) өтімділік

 

            Тұңғыш:  Ойынымыздың шарты бойынша, бірінші айналымның міндетті тоғыз сурағынан кейін ағымдық нәтижелермен таныса отырайық. Сонымен...

 

   10.  Негізгі қорлардың тозуының қандай түрлері бар?

            а) нормаланатын және нормаланбайтын               с) нақты және номиналды

            в) қалыптастыру және қалдық                                д) табиғи және физикалық                         

 

   11. Айналым құралдары… болып бөлінеді?

            а) нормаланатын және нормаланбайтын          с) нақты және номиналды

            в) қалыптастыру және қалдық                                д) табиғи және физикалық                         

 

   12. Металл ақшалар айналымы жүйесінің түрлері?

            а) метализм, мегаметализм                                     с) нақты және номиналды  

            в) монометализм, биметализм                               д) монометализм, дуометализм                          

   13. Бірінші деңгейдегі Ұлттық банкті басқаша қалай атауға болады?

            а) комерциялық                                                       с) несиелік 

            в) эмиссиондық                                                     д) фрикциондық                          

   14. «Халықтар байлығының табиғатымен себептері туралы зерттеулер» еңбегінің авторы?      а) А.Смитт                                                              с) Д.М.Кейнс  

            в) Д.Рикардо                                                            д) К.Маркс    

 

            Айдана:Ойынның ағымдық нәтижелерімен таныстыру

                    

   15. Игіліктер… болып бөлінеді?

            а) функционалдық және моральдық                     с) матереалдық және рухани  

            в) ақшалай және заттай                                          д) нақты және номиналды                         

   16. Адамның қажеттілігін қанағаттандыратын заттар жиынтығы қалай аталады?

            а) тауарлар                                                               с) игіліктер

            в) ақша                                                                      д) қызмет көрсетулер                         

  17. Белгілі бір уақытқа үстіне сыйақы алу шартымен банкке салынатын салым?

            а) акция                                                               с) купон  

            в) кредит                                                             д) депозит                        

 18. Сеньораж әдісі дегеніміз не?

            а) ақша басып шығару                                   с) қаржыны несиеге беру 

            в) салық жүйесін қатаңдату                             д) ескі ақшаны айналыстан алу

 

            Тұңғыш:  Бірінші айналымның міндетті сұрақтары аяқталды, ал енді турнирлік кестеге көз жүгіртейік. 

            Егерде 18 міндетті сұрақтан кейін келесі айналымға өткен төрт ойыншы анықталмаса, төрттікке үміткерлер арасына қосымша сұрақтар қойылады.

                      

 19. Орта мерзімдік несие қандай мерзімге беріледі?

            а) 3 айдан 1 жылға дейін                                                с) 1 жылдан 2жылға дейін

            в) 1 жылдан 3 жылға дейін                                         д) 3 жылдан 5 жылға дейін       

20.   Акцияның қандай түрі болмайды?              

            а) атаулы                                                                         с) процентті

            в) қарапайым                                                                д) мәлімдеуші  

21.   Заттардың моральдық тозуына мысал ретінде алуға болады...

            а) автомобиль және мотоцикл                                     с) шот және калькулятор

            в) қаламсап және қарандаш                                         д) бензин және киросин           

           

Келесі айналымға өте алмаған екі ойыншыға мақтау қағаздарымен естелік сыйлықтарын беріп шығарып салу.

 

Вставить всякие «от себятины» по поводу названия тура (Импровизация)

 

Айдана:  Сонымен достар ойынымыздың екінші айналымы «бизнес жоспар» деп аталады, бұл айналымды үміткерлеріміз көрермендер назарына өздерінің жасаған бизнес жоспарларын ұсынады. Бірінші болып өзінің бизнес жоспары туралы баяндап беретін, бірінші айналымда төртінші нәтиже көрсеткен ойыншымыз және т.с.с. Әрбір ойыншыға 5-6 минут көлемінде уақыт беріледі.

Бірінші ойыншының бизнес жоспары

Екінші ойыншының бизнес жоспары

Үшінші ойыншының бизнес жоспары

Төртінші ойыншының бизнес жоспары

 

Ойыншылар бизнес жоспарларын көрсеткеннен кейін, әділ қазылар алқасынан үміткерлердің жоспарларын бағалауы сұралады(импровизация). Бағалау диапозоны 30 баллдан   60 баллға дейін, содан соң айналымды қорытындылау екі айналымды қорытындылап, жинаған балл сандарын айту.

 

Келесі айналымға өте алмаған екі ойыншыға мақтау қағаздарымен естелік сыйлықтарын беріп шығарып салу.

 

Үшінші айналым «Ергер де мен» деп аталады. Бұл айналым ақтық сайысқа шыққан қос үміткеріміз алдын ала бекітілген тақырыптар бойынша, яғни, Дағдарыс кезіндегі инфляцияны бәсеңдету, елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету, бюджет тапшлығын жою сияқты маңызды макроэкономикалық мәселелердің шешімін табуға тырысады. Тақырып таңдау құқы бірінші және екінші айналым қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған ойыншыға беріледі.

Ойыншы конверт таңдағаннан кейін оның ішіндегі тақырып дауыстап жүргізушілермен оқылуы тиіс, ал қалған конверттегі тақырып автоматты түрде екінші финалистке беріледі. Әр үміткердің сөйлеу уақыты бес минут.

 

Екінші ойыншыда өз сөзін аяқтағаннан кейін, қорытынды сөз кезегі бүгінгі барысы жөнінде әділ қазылар алқасының мүшелеріне және төрайымына беріледі.

Содан соң олардан үшінші айналымның бағасын беру сұралады.

Содан соң есеп комиссиясынан үшінші турдың бағасы және бүкіл ойынның қорытындысы бағасы сұралады.

Финалда жеңілген студентті марапаттап көрермендерге жіберу.

Жеңімпазды марапаттау рәсімі:

Сонымен қадірменді қалайық алдарыңызда15 қараша Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің мерекесі  және ұлттық валютамыз теңгенің туған күніне орай ұйымдастырылған «Үздік қаржыгер» интелектуалдық ойынындама тамаша ойын үлгісін көрсетіп тапқырлық танытып жеңіске жеткен   2000 шартты бірлік көлемінде оқу грантына ие болады сонымен қатар мақтау қағазымен марапатталады, марапаттау құрметі әділ қазылар алқасының төрайымына беріледі.

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Сценарий​«Қарттарым – асыл қазынам» қарттар күніне кездесу кешінің сценарийі

ҰстаздарғаЕРЕКШЕ ЕМТИХАН

СценарийСоңғы қоңырау кешіне арналған сценарий

ҰстаздарғаӘРІПТЕРДІҢ ӘЛЕГІ

Тәрбие сағатыТәуелсіз елім - Қазақстаным

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103601

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар