«Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды» наурыз мерекесінің сценарийі

10 сәуір 2014 - Админ
«Ұлтымыз  Ұлыстың  ұлы күнін  ұлықтайды»  наурыз мерекесінің  сценарийі


Опашова Жанагул Жалеловна

№162 орта мектеп

МДТЖО

Қызылорда  облысы.  Жаңақорған ауданы

 

 

Жүргізушілер: 1-Нұрлыбаев Дінмұхаммед  11- сынып  оқушысы

                           2-Асылтұрсынова  Жазира    11- сынып оқушысы.

  1. Дін мұхаммед

Наурыз келді !

Барлығы жарасады,

Наурыз  тойын  жатыр мектеп жасағалы.

Келсап  ұстап  аналар  зыр жүгірсін,

Ақыл айтсын  бәйбіше  қасабалы.

Алпыс  төлдің  анасы  шашу шаып,

Аластасын  пәледен  босағаны!

    Жер ана- Құрбанкул !

Ұлыс  күндерің  құтты болсын!  Өмір жастарың  ұзақ болсын! Ұлыс  бақты болсын! Төрт түлік  ақты  болсын! Пәле-  жала  жерге  енсін!

Тауба! Тауба!  ( 1- бәйшешек  гүлдер ашылады)

Жер ана   жайнап, күн жылып, тоңның еріп,  күн мен түннің  теңелу күні.  Қазақта  «Ұлыс  күні қазан толса,  сол жылы  ақ мол  болар,  ұлы кісіден бата алса,  сонда  олжалы  болар»  деген сөз бар.

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Тауба!  Тауба !   (2- бәйшешек  гүлдер ашыларды)

ӘН. «Наурыз  айы  туғанда» орындайтындар :   Жанболат Іңкар , Пернебеков Қуаныш

    (бәйшешек  гүлдер  Жер ананы  айналып билейді)

       2- Жазира :

 Ұлт  ұстазы Ахмет Байтұрсынов Наурыз  хақында  былай  деп жазады: «Наурыз- қазақша жыл басы.    Бұрынғы   кезде  әр елде  наурыз туғанда  мейрам  қылып , бас  асып, қазан- қазан  көже істеп,  ауылдан ауылға , үйден үйге  жүгіріп,  кәрі- жас, бала- шаға  бәрі мәз  болушы еді..»

1-    Дінмұхаммед :

 Ал, Міржақып  Дулатовтың  айтуынша: «Мұсылман  жұртында  жылына  екі рет   келетін  құрбан айт  пен  ораза   айтты  есепке  алмағанда , бізде  жалғыз  мейрам  бар. Ол- Наурыз» деген. 

Хормен: «Наурыз  мерекелеріңіз құтты болсын!

«Ұлтымыз  Ұлыстың  ұлы күнін  ұлықтайды»  наурыз мерекесінің ашылу  сөзі  мектеп директоры: Дүйсебаев  Серік Жаманқұлұлына беріледі.

 БИ: « Әшекей»  орындайтын «Баршын» бишілер тобы.

2-    Жазира

Қарақазан- қасиетті  халқымның,

Бір өзіңде   құдіретті  салтымның.

Бірлік  сенен  басталады  әрқашан,

Құны  ешқашан  төмендемес  нарқыңның.

Ортаға  мектепалды даярлық тобының оқушыларын шақырамыз.

ӘН. «Аридай» орындайтын- Қабылова Жансая  3- сынып оқушысы

Жазира :

Әр жыл сайын құт  наурыз  кезегі,

Қазан-  қазан  қазақ  жасар көжені.

Бала- шаға, үлкен- кіші деместен,

Бір тамаша  қуанышты  сезеді.

-Мерекелік  құттықтау  сөз :  ауыл әкімі: Нәлібаев  Молдахмет Әбшеұлына беріледі.

ӘН: «Қазақтай  ел қайда» орындайтын: Көркем Жайл

1-    Дінмұхаммед.

Ұлыс  күні  қазан   толса,

Ол  жылы  ақ мол  болар.

Ұлы  кісіден  бата  алсаң,

Сонда  олжалы  жол болар !

2-    Жазира

 Күн сәулесі Жер шарының  шығыс  бөлігінен  таңғы   сағат 6-да  себездеп  атқан кезде,  біздің  елімізде  бұл сәт  түнгі  сағат 3-ке  тұспа- тұс келеді.  Сондықтан  да қазақ  халқы  жаңа жылды 22  наурыз  күнгі  таңғы сағат 3- те қарсы  алатын болған.  Дәл осы   сәттен  бастап,  даланы,   ауылдарды , қалаларды  Қызыр  баба  аралаған. Сол  күні Самарқанның  көк  тасы еріген.

1-Дінмұхаммед

Бәрекелді !

Ендеше,  Қызыр  баба қайда екен?

Ат- көлігі  сай ма екен?

Бізді көріп  жүр ме  екен,

Бата  беріп  тұр ма  екен ?

       Қызыр баба :  Ерлан.

Балаларым, балдарым,

Үндеріңнен айналдым.

Бағандан сендерді,

Қырық рет айналдым.

 Көріп тұрып сендерді,

Көңілдендім,  жайландым.

Мені іздемей жатыр деп,

Өкпелеп те қалғанмын!

Өздеріңне батамды

Берем  енді балалар,

Ұлыс  күні барлығы:

Нұрланар  да  жаңарар.

Бақытына  ұрпақтың

Аман болсын аналар

Өздеріңді жетелер

Аман  болсын әкелер Жақсылыққа  құштарлар,

Аман болсын ұстаздар!

БИ: «Өзбек би»

«Қазақы  сөздік» — 1 сынып  оқушылары.

2-Жазира

Наурыз  күні  болғанда,

Жыл  жерге  кеп қонғанда.

Бозторғайдай  шуылдап,

 Бөденедей пырылдап,

Берекелі   құт  болып,

Қызыр келіп  дарыды!

ӘН. «Мерекеңмен »  орындайтын: Темірханова Ақгүл  2- сынып оқушысы

Ортаға  2- сыныптың «Қастерлейік ата- салтын  халқымның» атты көрінісі.

1-    Дінмұхаммед

Ұлттық  ойындар  адамның  ұзақ  жылғы  еңбегінің  жемісі, ой  құбылысының  көрінісі. Наурыз тойда ұлттық ойындар  ойналған.  Қазақ ұлты , негізінен  ұрпақ  қамын  басты  мақсат  етіп  қойып,  балалардың  нағыз  азамат  болып  қалыптасуына  аса  зор  мән  берген.  Бала  тәрбиесніңі  басты  құралы  ретінде  ұлттық  ойынды  орайластырып,  дамытып отырған. 

3- сыныптың ұлттық ойынына кезек береміз.

БИ. «Өзбек биі»  орындайтын: «Баршын» бишілер тобы.

2-    Жазира.

Наурыз- жер  бетінде  жақсылық  ұялаған  күн.

Наурыз- ұзақ  ұшып  келген күн.

Наурыз- көк құты  көзін  ашқан күн.

Наурыз- жылдың  жерге  түскен күн.

Ортада 4- сыныптың « Наурыз   тойы» биі.

1-    Дінмұхаммед.

 Қазақ халқында  айтыс  поэтикалық  табиғаты  бағзы  заманнан  бері  қалыпқа  соғылған  халық  қазынасының  үлгі-  өренгін  өзіне  мирас  етеді.  Айтыста  ежелден  бері келе  жатқан  дәстүрлі  нақыштар, үйреншікті тақырыптар,  машықты  сарындар  тұтастай  қайталанып,  жаңа  заманның  тілегіне  сай  өңделіп,  жаңғыртылып қолданылады. Айтыстағы  өткірлік , қоғамдағы   кемшілікті  мінеу, жүйрік ой ,  тап берме тапқырлық,  бұлтартпас   деректілік,  шынайы  шындық болады.

Айтыс өнерін көрсету. 5- сыныптың «Қыз бен жігіт айтысы».

Күй: «Келіншек»  орындайтын  Қуантаева Аягөз 5- сынып жетекшісі.

2-    Жазира.

Ұлыс  келді!

Ұлы жер бір  түледі!

Тәңір  нұры  аспаннан  сіркіреді.

Осы Наурыз құт  болып  келген шығар,

Құдай  қосса, халқым  бір  сілкінеді!

Ортаға  6- сыныптың  оқушыларын шақырамыз «Төрт  түлігі елімнің- ел байлығы жерімнің»  сахналық   көрінісі.

БИ. « Наурыз – шаттық»  орындайтын  6- сынып  оқушылары.

1-    Дінмұхаммед.

Тарқамасын  Ұлы Наурыз  мейрамы,

Тойға  ұлассын қазағымның  тойлары.

Әр жыл сайын  ән мен жырға  бөленсін,

Ұлыс  күні Ұлы Отан  аймағы

«Тұсау кесер»   салт дәстүрі. 7- сынып оқушылары.  (Сахналық қойлымы қояды)

ӘН. «Шақырады  көктем» орындайтын  Сәбит Асылзат 7- сынып оқушысы

2-    Жазира.

«Наурыз  тойының» басты  мақсаты- халыққа  молшылық,  тоқшылық  тілеу. Сол үшін  наурыз  көже  беретін  үйлер қазан- қазан көже  жасайды.  Наурыз көжеге  бидай,  тары, қамыр, ет, тұз, сүт,  суы бар  жеті  дәмнен  құралу керек. 

Наурыз көжеден дәм татыңыздар !  Ұлыс  оң болсын, бәле- жала  жерге  енсін,  ақ мол болсын, ел тоқ болсын!

Ортаға 8- сынып оқушыларын шақырамыз. «Бесікке салар»  дәстүрі. (көрініс қояды)

Халық әні: «Ақжайнақ» орындайтын  4- сынып оқушысы :  Тұрмағанбет Саят.

1-    Дінмұхаммед.

Наурыз тойын  тойлайық,

Тойлайық та  ойнайық.

Сандуғаштай  сайрайық,

Қызғалдақтай  жайнайық.

Ортаға  9-10 сыныптардың  шешендік  сөздерден көріністерін тамашалайық.

2-    Жазира

 Еліміздің  егемендік  алған  шағынан  бері  тойлануды  қайта  үрдіске  айналдырған  тәуелсіз  қазақ  елінің  ұлттық  мерекесі- өзінің  ұлттық  болмысының  көрініс. Ендеше , ұлттық  көрінісіміз  бен  көкркімізді  жоғалтып  алмайық, ағайын!

1-    Дінмұхаммелд

О, Жас ұрпақ!

Жарқылдаңдар,  күліңдер !

Бақытты  өмір, баянды   өмір сүріңдер!

Бар  жақсылық- Бейбітшілік. Білімде. Ұлы Отанды  ардақ  тұтып жүріңдер.

ӘН. «Аридай»

Осымен Наурыз мерекесіне арналған  «Ұлтымыз  Ұлыстың  ұлы күнін  ұлықтайды»  шарамыз аяқталды. Қош сау болыңыздар !

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130048

Пікірлер (1)
Askar Naymantaev # 12 қаңтар 2015 в 08:45 +1
Бұл өткен жылы жазылып, жүзеге асты ма?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар