«Мен отбасыммен мақтанамын» Үлгілі , өнегелі отбасылармен кездесу кеші

10 сәуір 2014 - Админ
«Мен отбасыммен мақтанамын»    Үлгілі , өнегелі отбасылармен кездесу кеші

«Мен отбасыммен мақтанамын»  

Үлгілі, өнегелі отбасылармен кездесу кеш. 

Опашова Жанагул №162 орта мектеп.

 

-         Құрметті қонақтар, ата- аналар, оқушылар, мұғалімдер! Бүгінгі  «Мен отбасыммен  мақтанамын» атты  кездесу кешіне қош келдіңіздер !

“Отбасы- адамзат бесігін  тербеткен ұя” болса  баланың  бас  ұстазы- ата- анасы. Бала-  әкеден ақыл, анадан- мейір  алды. Ата- анаға  баладан  жақын  ешкім  жоқ.

 

-         «Мен отбасыммен мақтанамын» атты  тренинг  жұмысы. Онда әр оқушы отбасының  бір жақсы күндерін, мерекесін  айтып, баяндап өтеді.

-         Қадірлі  қонақтарды таныстырып өтейік :

  1. Адырбекова Жанар – алтын алқа иегері. Жас ана.
  2. Байсынова Әсем- мектептің  мақтаулы ата- аналарының бірі.
  3. Қалабаев Махмут- ата- аналар комитетінің төрағасы

 

Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.

Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

“Ата- ана” деген сезімді ұмытар кім.

 

Сөз. Қадірлі  қонақтар Адырбекова жанар апай  мен Байсынова Әсемгул апайда.

 

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.                                     

Әке – отбасының асыраушысы,                                          

отбасы мүшелерінің тірегі,                                             

қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы,  

өзгелермен қарым-қатынасы,өнерімен білімі-баланың көз алдындағы                                              үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.   Отбасының пейіл-береке, ынтымағы  үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Көне тәмсілдегі “Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-атадан өте туады, бір бала бар-кері кете туады” деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.

 

Сөз ата- аналар комитетінің  төрағасы: Қалабаев Махмут ағай.

 

 

 

 

 

Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,

Шеше тұрып қыз сөйлегеннен без.

 

Баяндама. «Отбасындағы бала  тәрбиесі» атты 6 сыныптың жетекшісі: Сыздықова Шарипа.

 

Қипақтайды кит етсе анаң, әкең:     

Қайтсем ғана осыны адам етем? 

Басқалардың осындай балалары,   

Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?

Ойым емес, оллаһи, біздікінің       

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен...   

 

Оқушылардың  келген  қонақтарға   сұрақ- жауаптары.

 

Туа сала тұлпардың жалын тартқан, 

Қырғиларға қызығып қарап өтем.   

Жарық сыйлап маңына, жылу сыйлап, 

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?!   

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау,     

Болмаса да топ жарған дана бөтен, 

Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,    

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?.. ...

Үміт пенен күдіктің ортасында,          

Ата-ананың жүрегі талады екен!

 

Ата- аналардан сауалнама жұмысы.

 

Қорытынды сөз Мектеп  директоры: С. Дүйсебаев

 

Абай атамыздың жетінші, сегізінші, оныншы қара сөздерінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болады.

“Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұл тәттінің құмары… Біреу білсем… Көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген”.                         Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесіне негізгі көмекші бірден бір ата-ана екендігі айдан анық. Бала болашағына негіз салушы – ата-ана.

 

Бүгінгі кездесу кешіне  келген қонақтарымызға  рахмет айтамыз! Ой бөліскендеріңізге  рахмет !

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148607

Пікірлер (1)
Нұржамал # 2 қыркүйек 2015 в 09:39 0
Ой- өрісіңіз ықшамды, негізгі мақсатты жарасымды жеткізе алдыныз. Рахмет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар