Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

22 шілде 2015 - Айгуль Казимова

Атырау облысы, Атырау қаласы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Казимова Айгуль Максутовна

Коучинг тақырыбы:

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Жалпы мақсат:

Прaктикaлық тaпcырмaлaр бeру aрқылы cыни тұрғыдaн oйлaу дaғдыcын қaлыптacтыру, caбaқтa тиiмдi пaйдaлaнуынa ықпaл жacaу.

Күтілетін нәтижелер:

Сабақ соңында мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс- тәсіл екенін біледі. Сын тұрғысынан ойлауды өз сабақтарында қолдана алады.

Түйінді идеялар:

-Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз ойдың проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді, бұл тұрғыдан алғанда сын сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді.

-Сын тұрығысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасауды және проблеманы шешкен жағдайлардың барлығында орын алады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, А3 қағазы, АКТ, бейне материал

Оқыту әдістері:

Миға шабуыл

Таныстырылым

Ой қозғау

Блоб ағашы

Коучингтің жүргізілу барысы

Коучинг кезендері

Уақыт

Коуч пен коучингіге қатысушылардың іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

1 мин

Сәлемдесу, психологиялық дайындық мен қазір қай жерде тұрмын (блоб ағашын толтырғызу) коучингке дейін.

Сергіту сәті (Эмоционалдық дайындық)

2 мин

«Бір шындық, екі өтірік» ойыны. Мұғалімдер өзі туралы екі өтірік және бір шындыққа жанаспайтын пайымдаулар айту ұсынылады. Мысалы: Мен Алматыда туып-өстім, «Ару» фильмінде басты рөлде ойнадым, балмұздақты жақсы көремін.

Топқа бөлу

3 мин

Өлең аттары арқылы топқа бөлу.

1 тапсырма

(ой шақыру)

5мин

Коуч іс-әрекеті

Тыңдаушы іс-әрекеті

Әр топқа әр түрлі заттар беріп, солардың пайдасы туралы айтқызу.

Әр топ берілген заттың пайдасын айтады.

2 тапсырма

(мағынаны ашу)

6 мин

Таныстырылым бойынша жұмыс: СТО ұғымы

Тыңдайды, талдайды, салыстырады

3 тапсырма

10 мин

«Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін қалай дамытуға болады?» деген сұраққа жаңа тақырып төңірегінде топтар жауап беріп, мән – мағынасын ашады.

Жаттығулар

5 мин

«Ciздiң oйыңыз.....» клиникaлық aурухaнaның бac дәрiгeрi ciздeрдeн aқыл cұрaca,ciз нe aйтaр eдiңiз? Oның aлдындa бiрнeшe жүрeгiн aуыcтырaтын төмeндeгi aуру aдaмдaрдың өмiрi тұр,aл aуыcтырып caлaтын caу жүрeк бiрeу ғaнa. Ciз кiмгe көмeк бeрe eдiңiз? Нe ceбeптi?Өз oйыңызды aйтыңыз?5 жacaр қыз бaлa,48 жacтaғы әйeл aдaм,10 бaлaның aнacы, Жaқcы құрылыcшы, бiрaқ Қaзaқcтaн aзaмaты eмec, Пaрлaмeнт дeпутaты,42 жacтa,eкi бaлacы бaр, жeкe кәciпкeр,oтбacы жoқ, бiрaқ eлiмiздeгi жeтiмдeр үйiнiң дeмeушici,40 жacтaғы eр мұғaлiм ,15 жacтaғы вундeркинд-бaлa.Ciздeр дәрiгeргe қaндaй көмeк бeрeтiн eдiңiздeр? Кiмгe caу жүрeктi caлуғa кeңec бeрeciздeр?

Ситуациялық сұрақ туралы ойларын ауызша айтады.

6 мин

«Торай мен печенье» мультфильмін көрсету.

Қорытынды: мұғалім де алға қойған мақсатқа жету үшін (печеньені алу үшін) әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданады.

Торайдың іс-әрекеті мен мектептегі мұғалімнің іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар?- сұрағынаауызша жауап береді.

5 тапсырма

5мин

«Қарапайым ойлау» мен «Сыни ойлау» сипаттамасын беру.

Блоб ағашын бояту мен коучингтен кейін қай жерде тұрмын.

Кесте толтырады. Ойларын ортаға салады.

Рефлексия

2 мин

Блоб ағашын толтыру. «Бағдаршамға» кері байланыс қағазын жабыстырады.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының тиімді жақтары

ҰстаздарғаСын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

Қазақ әдебиетіБ. Соқпақпаев “Менің атым Қожа”

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119827

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар