Сындарлы оқыту мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту

18 қазан 2014 - Админ

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы

 

 

Авторы: бастауыш сынып мұғалімі

Бекенова.Б.Б.

 

 

 

Ғылыми жоба:

«Сындарлы оқыту мақсаты — оқушының

пәнді терең түсіну қабілетін дамыту»

 

 

 

 

 

 

Ғылыми кеңесші: А.Қ.Уразова

І деңгейлі сертификатталған,

жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал, 2014 жыл

Мазмұны

 

 

Кіріспе

 

3 бет

І.«Сындарлы оқыту мақсаты — оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту»

 

 

 

1.1.Сындарлы оқыту теориясында кең тараған тәсіл          

 

 

4 бет

1.2. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуын зерттеу                                                                                    3-4 бет

 

 

 

5 бет

Қорытынды

 

7 бет

Пайдаланылған әдебиеттер

 

8 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес. Осы мақсатта мұғалім «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Мұғалім оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім.(Strong Ward & Grant 2011)

Зерттеу өзектілігі.

Құзырлы мұғалімнің қасиеті, икемділігі және олардың жұмыс тәртібі туралы зерттеулерден білуге болады. Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жасөспірімдер мән-жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алады. Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жасөспірімдер мән жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Шульман ілімі бойынша: Мұғалімнің көмекшілері:

Бас — Кәсіби түсінік оқыту мен оқу, сондай ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту, жетілдіру үшін дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.

Қол-Оқытудың тәжірибелік дағдылары. Бұл ілім көрсету, таныстыру, түзету және оқытуды бағалау сияқты әртүрлі тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. Жүрек — Кәсіби адамгершілік тұтастық

Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұсынады. Демек, біз шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға сенімділік, құрмет көрсете білетін әділ адамдармыз.

 

1.1            Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған(Hattile, 2009).

Сындарлы оқыту мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерге, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім берудегі мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістете алатындай етіп орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Егер де дайын білімді беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал. Нәтижеге қол жеткізу үшін түсіну емес, есте сақтау қажет. Мадақтау немесе жазалау – оқушылар мотивациясының негізі. Сындарлы оқыту теориясының түпкі нүктесіне — түсіну жатады, қоршаған орта туралы білімдер статикалық және тиянақталатын білім болғандықтан, өздігінен ұғынылатын нәрсе болып табылады. Осылайша, мұғалім ғасырлар бойы жинақталған білімдер мен ұғымдарды береді. Бұл білім беру моделі «білім беру» моделі деп аталады.

1.2. Құзырлы оқытудың маңызды факторы — мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуын зерттеу.

Сындарлы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Тәжірибені өзгерту-бұл істеп жатқан ісімізді, түсінікті, біз қалай ойлайтынымызды, бір-бірімізге деген көз қарасымызды өзгерту. Менің зерттеуімнің сұрағы сыныпты сындарлы оқытудан күтілетін нәтижелерді бақылап отыруым қажет болғандықтан өзгеріп отырды. Жүргізілген жұмысты бақылау үшін сабақ барысында сұрақтар мен жауаптардың нақты керекті сәттерін таспаға жазып отырдым. Сабақта оқушылар топқа бөлініп отырғызылды, топқа бөлудің түрлі стратегияларын қолданып, сабақ арасында сергіту сәттерін өткізіп отырдым. Оқушыларға сергіту сәттері қатты ұнады. Оқушылар келесі сабақтарда сергіту сәттерін өздерінің өтуін сұрап ұсыныс жасады. Оқушылар сабақты постерге түсіріп сонымен қорғады. Алғашқы кезде постерге кітап сөздерін түсірсе, кейіннен өз ойларын түсіріп, қосымша мәліметтер қосып, өмірмен байланыстырып пікір ұсыныс айтып отырды. Топта өз ережелері болды, топ мүшелерінің ешқайсысы назардан тыс қалмады. Оқушылар құрдастарын бағалағанда постерді қорғау кезінде сұрақ қоюдың ашық және жабық түрлерін пайдаланды. Топта жұмыс істеу оқушылардың ынтымақтастығын арттыра түсті, сабақ үстінде топ мүшелері бір-біріне көмектесіп, түсінбегендерге қайта түсіндіріп отырдым. Оқушыларға әр сабақта кері байланыстар жазғызу сын тұғысынан ойлауға, ойлап үйренуге, өз бетінше шешім қабылдауға, проблемаларды шешудің жолдарын іздеуге, оны таба білуге дағдылануын қалыптастырды. Сабақта бастан-аяққа дейін формативтік бағалау жүйесі көрініс тапты. Сыныпта 24 оқушы, топпен өтілген сабақтың нәтижесі әлдеқайда жоғары болу керек деп ойлаймын.  Оқушылар ықыласпен жұмыс жүргізеді. Сабаққа кері байланыс ретінде стикер таратып, оқушыларға осы сабақтан алған әсерлерін жазуды тапсырамын. Формативті бағалаудың бірнеше түрлері: «Бағдаршам», «Бас бармақпен бағалау», «Стикермен» бағалау түрлері сабағында көрініс тапты. Сабақ соңында сыныптан шығарып А, В, С деңгейіндегі оқушылармен сұхбатты видеоға түсіріп алдым. Бұл екінші жүргізген сұхбат қоюымның мақсаты оқушы ойын білу еді. Қазіргі кезде біз өзіміздің сабағымыздың нәтижесін оқушы үні арқылы бақылап білуімізге болады. Оқушыларға қойған сұрағым қарапайым және түсінікті болды. Мынадай сұрақтарға жауап алдым: «Сендерге сабақта не ұнады? Не үйрендіңдер? Осы өтілген сабақ жайлы қандай ұсыныс айта аласыңдар? Тағы да қалай өткенін қалар едіңдер?» деген сұрақтарға жауап алдым. Бірінші өтілген сабаққа қарағанда бұл сабақта ілгерілеушілік байқалды. Оның дәлелі оқушылар постер қорғаған кезде сын тұрғысынан ойлау, бағалау түрлері ашылып көрсетілген болса, топқа бөліп сабақ өтуге төселіп, машықтанып қалғандары көрініп тұрды. Оқушылармен жүргізілген сауалнама оқушылардың арасында өткізіліп, бірнеше мақсаттар иемденді.

·     Біріншіден, күнделікті сабақтың қалай өткенін қалайды;

·     Екіншіден, сыныптастардың тапсырмаларды топпен қалай орындайтындығы.

Екі сауалнама жасалған болатын (3 қосымша)

Барлығы 24 оқушы, 4«в» сынып оқушылары, 14қыз бала және 10 ер бала қатынасты .

№1 « Сен күнделікті сабақтың қалай өткенін қалайсың?»

1)                66% топтық жұмыспен

2)                8% сабақ бұрынғыша өтсе

3)                26 % түрлі әдіс-тәсілдерді көп қолданса

№2 « Сыныптастарыңмен топтық тапсырманы қалай орындайсың?»

1)  71% ұйымшылдықпен орындаймыз

2)  8% маған жеке орындаған ұнайды

3)  13 % топтық тапсырма өте қатты ұнайды

4)  8% қызыға орындаймыз

Сауалнама қорытындысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда ең алдымен жеке тұлғаның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, жеке тұлғаның қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкіндік жасау қажет. Сындарлы оқыту теориясының негіздері еліміздің білім беру саласына тереңінен сіңсе, білімді де тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықты бойына сіңірген жастар өсіп шығары белгілі. Мұны облыстық деңгейде семинарда сәтті шыққан «Қызықты грамматика» гимназия сағатынан өткізген «Сан есім» тақырыбындағы ашық сабақ, облыстық мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру институтының семинарына берілген «Бір минут. Минут деген немене?» атты әдебиеттік оқу сабағым, қалалық деңгейде өткен «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты ашық тәрбие сағаты, облыстық деңгейде математика пәнінен өткізген «Екі таңбалы санды екі таңбалы санға тиісті тәсілмен бөлу» тақырыбындағы ашық сабақтар нәтиже көрсете алды. Оқушының осы жерде өзгергенін байқауға болады. Сонымен қатар мектептегі атқаратын өзімнің «Ұшқын дарынды балалар орталығы» атты қоғамдық жұмысымда бастауыш сыныптар бойынша дарынды балалармен жұмыс жасауда да өз іс-тәжірибемде мақсатыммен қатар әдістемелік тақырыбым бойынша сындарлы оқытуды жүзеге асырып отырдым. Сыныптан тыс шараларда, мектепішілік пәндік олимпиадалар мен байқауларда оқушылар өз білім, білік, дағдыларын көрсетіп жүрсе, «Зерде зияткерлік клубы» атты бағдарламамды осы сындарлы оқытудың түйіні ретінде қалалық білім бөліміне дарынды балалармен жұмыс түрлерін көрсетіп, ұсынып отырдым. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиемізбен көз жеткізе аламыз. Сисемалиев Сұлтанбек қалалық кіші пәндік олимпиада 3-орын, облыстық «Intel – logic-2013» логикондар, логикалық, есептер, софизмдер шешу интеллектуалды турнирдиплом, қалалық іріктеу «Intel – logic» логикондар, логикалық, есептер, софизмдер шешу интеллектуалды турнир 1-орын, Сағынгерей Жәния Алғыс хат,VI облыстық «Зерде -2013 » көпбағытты интеллектуалды турнирінің жеңімпаздары Сағынгерей Жәния және Таужанова Дана Дипомдар, « Жас ғалым » VIII ғылыми-конференция Джамалиева Анель мектепішілік ғылыми жобалар сайысы1-орын, Таужанова Дана мәнерлеп оқу сайысы мектепішілік 2-орын иеленіп ,үлкен жетістікке жетті. Әр оқушы –дарынды бола алады.Ол үшін оқушыға сену қажет. Ал, жастар – еліміздің болашағы. Болашағымыз жарқын, еліміздің де іргетасы мығым болса, өміріміз де әрлі болары анық. Білімнің мазмұнымен қоса, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ақпараттық технологияны пайдалана отырып, мағынасына терең мән бере оқытуды көздейтін оқытудың кэмбридждік әдісінің бізге берері көп. Сол себепті еліміздің әрбір оқытушысы бұл оқыту әдісін терең меңгеруден бас тартпауы тиіс деп есептеймін.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1.     Нұсқаулық   (ІІІ негізгі деңгейге арналған)www.cpm.kz

 

2.     Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі

Әдістемелік құрал, Орал қаласы 2013ж

 

3.     Блум таксономиясын оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі

Әдістемелік құрал, Орал қаласы 2013ж

 

4.     Жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби іскерлік сапалары

Қазақстан мектебі журналы, №9 2011ж,24-бет

 

5.     «Өзгеріс.Тәжірибе.Ойтолғау»облыстық деңгейдегі идеялар жәрмеңкесі

Жинақ   ,2014 ж 21-ақпан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

Ғылыми жобаның өзектілігі: Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.

 

Зерттеу мақсаты:

1. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту ;

2.Алған білімдерін сыныптан тыс жерлерге, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету;

3.Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім берудегі идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру.

 

Зерттеу үрдісіндегі міндеттер:

Оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы;

Өзінің оқуы үшін жауапты болуы;

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздеу;

— Бастауыш сынып оқушыларын сындарлы оқыту арқылы білім сапасын көтеру.

 

Әдістемесі:

зерттеу; мәтіндік талдау; сауалнамалау; сұқбаттасу.

 

Зерттеу кезеңдері:

1.Сауалнамалар жүргізу

2.Педагогтар мен психологтардан кеңес алу.

3. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік отырысында талдау.

 

Зерттеу болжамы:

Оқушылар ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік алады. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.

 

Зерттеу жаңалығы:

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді.

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үнісындарлы оқыту теориясы мен тәрбиенің 12 бағытын ықпалдастыра отырып, адами құндылықтары дамыған оқушы тәрбиелеу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148641

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар