Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның сыни тұрғысынан ойлау модулінің қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

20 наурыз 2014 - Нурланбек Магзум
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның сыни тұрғысынан ойлау  модулінің қалай және неге енгізілгені туралы бір   рефлексивтік есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның сыни тұрғысынан ойлау  модулінің қалай және неге енгізілгені туралы бір

рефлексивтік есеп

 

     Елбасының білім деңгейін көтеру қажеттілігі туралы айтқан сөздері бәрімізге де үлкен жауапкершілік жүктейді.  Осы бағдарлама бойынша алған білімімізді мектептегі іс- тәжірибемізде қолдана отырып, жас ұрпақтың заманға сай білім алуына ықпал жасауымыз керек.  Бірінші «Бетпе- бет » кезеңінен кейін мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы  мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ біліммен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім бұл үдерісте көмек көрсететін жан. [ 1. 32 бет] Мен мектептегі іс- тәжірибеде  биология пәнінен  тізбектелген орта мерізімді жоспар бойынша  «Ұрпағын сүтімен асырайтын сүтқоректілер», «Құрлықта мекендейтін сүтқоректілер», «Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер» және «Сүтқоректілер класын қайталау» тақырыптары бойынша  сабақтар өткіздім.

    Негізінен  төрт сабақта Бағдарламадағы сыни тұрғысынан ойлау, ақпараттық-комуникациялық технология, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін қамтуға тырыстым.     Бұл сабақтарда негізінен    сыни тұрғысынан ойлау модулдерін басымдыққа ала отырып өткізуге тырыстым.

    Өйткені әрбір модуль өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс тәсілдерді әр мұғалім өзінің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, қолданылады. Оқушыларға тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі.Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. [2.49 бет].  Көрнекі педагог В.А. Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» дегендей  жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер  оқушылардың оқуға деген ынта – ықыласының, дағды мен ой –

 

өріс, білім – біліктерінің арттыруға үлес қосатыны сөзсіз. Соның бірі сыни тұрғыдан ойлауды тереңірек пайдалануды жөн көрдім. Сыни тұрғысынан ойлауды алған себебім,  оқушылар өз ойларын сараптау қабілетін, ақпараттың шынайлығы мен маңыздылығын ойлана білуін, мұғалім үшін сыни тұрғыдан бағалауға тиімді.  

     Бұл модулін алуым СТО шеңберінде біз, сонымен қатар 1-модульде келтірілген әлеуметтік-сындарлы тәсілдерді, оқытуды дамыту үшін тиімді бағалауды 3 модуль (Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.)және түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдануды 5-6 модулдер (Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.) қарастырылған. Ол мұғаліммен оқушы, оқушы мен оқушы  арасындағы ой- пікірлерін бір жүйеге  келтіруге және дамытуға   жауапкершілікті мойынына алуға көмектеседі.  Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін ең тиімді де маңызды бір модульдердің бірі. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздей отырып, бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді [ 3. 49 бет]   

Сыни тұрғыдан ойлаумәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:

                        бақылау;

                        талдау;

                        қорытынды;

                        интерпретация.

Мәселен, биология пәнінүйренуде төмендегіүдерістер мен дағдыларқолдануға болады:

                        * суреттер, фотосуреттерсияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруды;

                        * негізгі дереккөздерді бағалауды және соларға сәйкес сұрақтар қоюды;

                        * негізгі дереккөздерді жағдаяттық қорытындылармен және уақытша жинақтаулармен салыстыру және талқылауды;

                        * анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтуы мүмкін.  

 

Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту көпшілік алдында ойын еркін, жүйелі түрде жеткізуді дамытады.Диолог  негізінде оқыту ғылыми зерттеу  нәтижелері  сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

 

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың  қызығушылығын арттырумен қатар олардың  білім деңгейінің  өсуіне үлес  қосатындығын  атап көрсетеді. Зерттеулерде оқушылардың достары мен бірігіп жүргізілген  жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. [ 4. 38 бет]

 Сабақты өткізу кезінде ой қозғаудан бастадым. Себебі сұрақ – жауап арқылы өткен сабаққа қасқаша  шолу жасай отырып, электрондық оқулық арқылы сүтқоректілер класына жалпылама сипаттама беріп, бүгінгі тақырыпты ашу. Өткен  байқау сабақтарда  бағдарламадағы топпен жұмыс істеу тиімді, әрі оқушыларға ұнайтынын байқадым. Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін, тапсырманы топтық жұмыстан бастауды жөн көрдім. Тақырып бойынша топтарға  әртүрлі суреттер берілді. Мұндағы негізгі мақсатым топ болып талқылап   сүтқоректілер мен  сүтқоректілерге жатпайтын жауарларды анықтау. Бұл тапсырманы орындау барысында байқағаным топпен жұмыста оқушылардың бір- бірімен талқылауы, яғни белсенділік деңгей өте жоғары болды. Екінші тапсырма бойынша сүткоректілердің қаңқасы, ішкі құрылысы, сүттің пайдасы мен қазақи сүттен жасалатын тағамдар жайында кластер құру. Тапсырманы берудің себебі  оқушылардың топпен жұмыста өздерін қаншалықты  көрсете алатынын байқау. Бұл тапсырмадан байқағаным оқушылар бір- бірін тыңдауы, пікір алмасу, ойларын бөлісуі өте жоғары деңгейде болды. Оқушы  Г. өте жақсы оқитын оқушы, сондықтан да топта өте белсенділік таныта білді. Өз тобында көшбасшылық танытып өз тобына берілген тапсырмалар бойынша көмек көрсетті. А. тоқталатын болсақ өз бойындағы  қасиетті толық пайдалана алмады. Себебі, білгенін басқа оқушылармен бөліспеді өзі ғана айтады. Топқа көмектесу белсенділігі орташа.  Сабақ соңында СТО модулі бойынша «Екі жұлдыз, бір тілек » рефлексиясын қолдандым. Оқушылар сабақтың ұнайтынын, дәстүрлі сабақтарға қарағанда өзгеше жалықтырмайтынын, болашақта сабақтар топтық үлгіде өтсе деп деп тілектерін аямай жазды.  Келесі сабақтарда ашылып, топқа көмек көрсететіндей тапсырмаларды беру керек деп ой түйдім. Осыған байланысты  СТО модулін өткізетін сабақ барысында  кеңейтуге тырыстым.

  Екінші сабақта сыни тұрғысынан ойлау модулін  кластер құру әдістерін қолдануды жөн көрдім себебі  бұл тәсіл оқушылардың топпен ақылдасу, ойларын жинақтау, пікірлерін сынып алдында ашық жеткізу,  нақты жауап беруге дағдылану болып табылады. Әр топқа СТО модулі бойынша оқулықтан  сүтқоректілердің бөлімдері бойынша топта талқылай отыра, ойларын плакатқа жазып, сынып алдында қорғады. Бір байқағаным бұл тәсілдерді сабақта күнделікті пайдаланып отырса, оқушылыр ойын ортаға салып, топпен талқылауда нашар оқитын оқушылар  өз ойларын еркін, тиянақты жеткізе біледі. Сондай оқушылардың бірі Г. күннен- күнге ашылып, сабаққа қатысуы жақсарды.

   Үй тапсырмасын тексеру кезінде диалог арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту болды. Өткен сабақты  сұрақ — жауап арқылы талқылау,құрлықта, жер астында, суда мекендейтін сүтқоректілер жайлы мәлімет алу. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды да көздеген. Александердің диалогтік оқытуына тоқталатын болсақ ол диалектикалық және диалогтік педогогика тұрғысынан оқушылардың ой – пікірлеріне болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым – қатынастың дәстүлі моделіне күмәнмен қарайды.Балаларды диалог пен талқылауға тарту белсенді жүргізген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынына өз тәжірибемде байқадым. Оқушылар сабақта диалогтік қатынастарды пайдалана отыра дұрыс сұрақ қоюға үйренеді.Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. [ 4. 29 бет]. Менің де байқағаным өз сабағымда оқушылар сыни тұрғыдан ойлауда оқушылардың тіл байлығы дамығанын және басқаның пікірін тыңдауға, өз ойын басқаға  жеткізе  алатын. Зерттеуге алған нашар оқитын оқушы алдыңғы сабақтарға қарағанда ашылған, ойын жинақтап, түсіндіре алатынын байқадым.    Үй тапсырмасын тексергенде кейбір оқушылар орындап келмегенімен,  әрбір топтың оқушылары өз тобындағы тапсырманы орындамай келген оқушыларға көрсетіп, өздерінің серіктестеріне көмектесті. Себебі, топтар арасында бәсекелестік болатын. Бұл жағдайда ынтымақтастық атмосферасын көруге болады.

   Келесі әрекетке көбірек тоқталғым келіп отыр. Сыни тұрғыдан ойлау  ең басты педагогикалық түсінік.  Сондықтан модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлау қабілетін  дамытады, саналы және оймен қабылдауын мақсат етеді.СТО модулі бойынша Венн диаграмасын ұсындым. Мұнда сиыр мен жылқы жануарларының ортақ қасиеті мен  ерекшелігін көрсету. Итербелсенді тақта бойынша  дайын сөздер берілді. Берілген сөздерді тез арада жинақтап плакат бетіне түсіріп бір оқушы қорғады.  Бұл тапсырма бойынша сабаққа қатысқан тәжірибелі ұстаздар оң пікірлерін айтты. Мысалы: Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін, танымын, ойын тез жинақтауға  көп көмек беретінін айтты.

«Жеті жоқ» тапсырмасы бойынша  СТО модулі мен АКТ-ны қолданып, берілген тапсырма интербелсенді тақтада беріледі. Оқушылар топта  жеті жоқтың жалғасын  топпен талқылап, саралап, ойын жинақтап, қорытынды шығару керек. Бұл жерде жақсы оқитын Г. Қ. С. деген оқушылар  сыни ойлаулары өте жақсы, топқа көмектесе біледі. Әр топ осы тапсырмалар бойынша әңгіме құрастыра білді.  Оқушылардың ойы жинақы,  сөйлеуге дағдыланған, топпен жұмыс істеуі жақсы деңгейге қойылғанын байқадым.

   Жалпы өткізілген 4 сабақтың аясында сыни тұрғысынан ойлау модулін нығайту мақсатында, бұл модулдің негізгі әдіс- тәсілдерінің бірі диалог арқылы, ұтқырлық (ең жақсы түсініктерді табуға ұмтылу, үзілді- кесілді жауаптарды іздеудің  орнына сұрақтар қою, дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алу, эмоцияға емес себепке негіздеу) тоқталғанды жөн көрдім.

 

Өткен сабақтарда зерттелген үш оқушыға "Қымыз" тақырыбы бойынша шағын ғылыми жұмыс бергенмін. Жасаған жұмыстарын  қорғады. Үлгерімі өте жақсы оқушы Гүлім тек жазып қана қоймай, таныстырылым жасай отырып, өз деңгейіне сай сыни тұрғыдан ойлауы, өзін- өзі ұстауы, баяндауы жоғары деңгейде болды  деп толық айтуға болады. А. тақырыпты аша білген ойы жинақы, білім дағдысы қалыптасқан сыни тұрғыдан   қарағанда өзіне сай жеткізе білді.  Төмен оқитын Г. реферат ретінде дайындаған, қызығушылығы сабаққа деген артқан, өткен сабақтарға қарағанда ойлау қабілеті жақсы, сыни көзқарас қалыптасқанын  бірден байқауға болады. Аз уақыттың ішінде берілген осы жоба  сыныптағы оқушыларға да әсер етті. Оқушылар жобаларды талқылау барысында, өздерінің сыни көзқарастарын білдірді.  

Бағалаған сәтте оқушылардың көбі өздерін достарымен құшақтасып отырған сәттерін, ең биігінде отырған сәттерін бейнелепті. Неліктен  осындай сәттерді боядындар деген сұраққа жауапты олар достарымен барлық жұмыстарды атқарып, ақылдасып, ұжымдасып жұмыс атқарудың арқасында біздің деңгейіміз көтерілді деп деп жауап бергендер болды.   Сабақ нәтижелі болды, ең алғаш сабақтарыма қарғанда оқушылар біршама жүйеленді, олардың ойлары ұшқыр, кей сәттерде мені таңқалдырып та жатты.   Бірақ әлі де болса маған қажырлы еңбек ету керек. Сабақтарымда уақыттың жетіспеуі, сөйлеу мәнері, жигсо әдістерін пайдалану барысында дағдыланбау кедергі елтірді. Сол себепті, келешекте сыни тұрғысынан ойлаудың жигсо, кластер, коллаж, постер, синквейн әдісін дамыта отырып, балалардың ой-өрісін кеңейту.

  Кембридж бағдарламасы негізінде сабақтарыма өзгерістер енгізіп, оқушыларымның қызығушылықтарының оянуына ықпал жасағаныма өте қуныштымын. Іс- тәжірибеге өзгерістер енгізу жаңалық болды. Сабаққа толық дайындалып, ізденіс үстінде жүріпсабақ соңында қол жеткізген нәтижелерім: оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасып, мәселелерді терең талдауға үйренді, шығармашылық ой- өрісі артты, ұжымдық ой- пікірлері жетіліп, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренді, мұғалім мен оқушылардың қарым- қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артты, оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренді, білімін жүйелі түрде толықтыруға, өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға, тұжырым жасап қорытындылауға үйренді.

 Сонымен қорыта келе балаларды XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда  да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру- мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен –күнге  қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуы мүмкіндік беретін сыни

 

 

тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек. (Wolfe and Alexander, 2008).

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту барысында :

        1. бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланады;

        2. өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға мүмкіндік алады;

        3. бір-біріне құрметпен қарауға үйренеді;

        4. өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға дағдыланыды;

        5. өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға үйренеді;

         6. мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға  дағдыланады. Сол себепті қазақта мынадай бір жақсы сөз бар, «Білгенің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз»- деп, мен осы сөзді ескере отырып, әлі де көп нәрсеге талпынам, көздеген мақсатқа жетпей тынбаймын деген алдыма мақсат қойдым. Диалог барысында оқушыларға мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің  жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. Ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үрдісі оқушылардың қабілеттерін жоғарылатады. Сондықтан да мен, келешекте сыни тұрғысынан ойлау модулінің диалог арқылы ойлауды, жигсо, рефлексиялық оқыту әдіс- тәсілдерін сабақ барысында жиі қолданып, оларды дамытып  баланың ой-өрісін шыңдауды көздеймін. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы ұстанып отырған саясаты, көңілге қонымды, әрі пайдасы көп өте тиімді деп есептеймін. Қорыта айтқанда биік-биік заңғар шыңдарды бағындырам деген үміттемін және үміттенемде.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.       Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыТіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

БаяндамаБілім саласындағы оң өзгерістер

ИнформатикаКомпьютердің қосымша құрылғылары

ҰстаздарғаОқу мен оқытудағы өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп

ФизикаАрхимед күші. Денелердің жүзу шарттары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115453

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар