Тізбектелген сабақтар топтамасына рефлексивтік есеп

12 наурыз 2014 - Асем Тургалиева

 

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неліктен ықпалдастырылғаны туралы  бір рефлексивтік есеп

 

      Кембридж бағдарламасы негізінде алған теориялық білімімізді мектептегі тәжірибемен ұштастыру мақсатында өзім қызмет етіп жүрген Жақсыбайкөл негізгі мектебінде 6 сынып оқушыларымен сабақ өткізу үшін орта мерзімді сабақ жоспарын жоспарладым. Негізгі мақсат- бағдарламаның жеті модулін сабақта қолданып ықпалдастыру. Осы тұста, әрине мұғалімнің рөлі ерекше. Дәстүрлі оқытуда оқушылар алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді қолдана алмауы, жай ғана еске механикалық түрде  сақтауы  жайыттары  орын табатын. Мұнда оқыту үдерісінің доминанты рөлі мұғалімге жүктелген болатын, ал жаңа сындарлы технологияда оқудың негізгі міндеті оқушыға жүктеліп, мұғалім тек бағыттаушы,  жетелеуші, бақылаушы болып, оқушыға өз бетімен және өз еркімен білім алуға ықпалдасады.

        Бағдарламаның   осындай идеяларының іске асырылуы мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі негізгі қағидаттарымен үйлесетінін түсініп отырмын. Өзімнің мектеп тәжірибемде  жеті  модульді  табысты қолдануда Бағдарлама мен ғалымдар ұсынған нұсқауларды ескердім. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның жеті модулі мәнмәтінде мектеп тәжірибесінде қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұрады: 

 -Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:

 -Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:

 -Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

 -Оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану;

 -Талантты және дарынды балаларды оқыту;

  -Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.;

   -Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Тізбектелген сабақтар топтамасына мұғалім осы модульдердің бірін жүйелі түрде кіргізуі негізгі талаптардың бірі болып табылады. Курстың алғашқы төрт аптасында теориялық білімді терең меңгеруді мақсат тұттық. Оқытудың екінші кезеңінде бағдарламаның негізгі ұстанымдары іс жүзінде жүзеге асырылатын болады.

Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

 

 

    Бәсекеге қабілетті ұрпақты алдыға алып шығатын нәрсе тек білімі ғана. Сондықтан саналы тәрбие, сапалы білім алатын ұрпақтан салиқалы ой, парасатты пайымдау күту үшін де мұғалім өзі де «45 жыл мұғалім болса да,45 минуттық сабағына дайындалып келуі керек.»( орыс педагогы А.С.Макаренко )

         Ғылыми зерттеу нәтижелері  сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. (Мұғалім нұсқаулығы 39 бет) .  Диалогты оқыту баланың қабілеті мен талантын ашуға көмектеседі.Оқушының  өн бойында  еркін пікір айтуға деген құлшынысын арттырады.Белсенділігін арттырады. Кез келген жастағы баланың қызығушылығын арттыратын тапсырмалардың барлығы сұрақ-жауап әдісіне құрылады.Сондай-ақ  диалогтік оқытудың «әңгіме-дебат»түрі де оқытуда жиі пайдаланылады.Өзара пікірсайыста, пікіралмасуда әңгімелесудің бұл түрінің  оқушылар шығармашылығын арттыруда пайдасы мол.Барнс(1971)сыныпта тіл қаншалықты  қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін  айтады.Кейінірек Мерсер мен Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.Сабақта  оқушылармен диалог құра отырып оқыту арқылы АКТ-ны, жаңа әдіс -тәсілдер пайдаланып, талантты және дарынды балалардың жұмысымен көшбасшыларды анықтауда оларды сыни тұрғыдан да ойлантуға  болатынын байқауға болады. Осы орайдаменің негізгі мақсатым диалогты оқыту арқылы оқушылар белсенділігін арттыра отырып, сабақ барысын  басқа модульдермен ықпалдастыру. Оны мен «Ғұн тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы», «Халықтардың ұлы қоныс аударуы», «Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы», «Сармат тайпаларының орналасуы.Сармат қоғамы» тақырыптарында өткен сабақтарымда  тәжірибеден байқап көрдім .Әрбір сабақта сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелей отырып,өз ойларын айтуға, тақырыпты талдауға диалогты оқытудың тиімділігін түсіндім.    Жалпы өз тәжірибемде диалогтік оқыту әдісін алудағы мақсатым-оқушылардың  ойын ашық жеткізуге  мүмкіндік жасау. Ал бұл оқыту  үдерісінен күтілетін нәтиже оқушылар белсенділігі артады.

       Сондықтан  мектептегі тәжірибе кезінде өзімнің тәжірибемдегі жиі кездесетін мәселені  мақсат етіп алдым.Ол –оқушылардың  ойларын еркін жеткізе  алмауы, сөзге шорқақтығы, сөйлемдерді дұрыс құра алмауы.Мен енді алдағы сабақтарымда  берілетін тапсырмалардың барлығын осы мәселелерден шығу жолдарына бағыттадым.Диалогтық оқытудың  әрекеттерінің өзі осы мақсатымның  орындалуына  көп септігін тигізді.

     Сыныптағы диалогтік әңгімені дамытудың Мерсердің (2000) зертттеуі бойынша 3 түрі бар:

-         Әңгіме-дебат

-         Топтық әңгіме

-         Зерттеушілік әңгіме   

Мен өз сабақтарымда диалогтік әңгімелесудің осы 3 түрін де қолдандым десем болады.

 «Ғұн тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы» тақырыбында өткен сабақт диалогтік оқыту арқылы   сыни ойлата отырып, дарынды оқушыларымды анықтау мақсатында өткен тақырыпты пысықтау үшін топтарға тапсырмалар бердім. 1топқа  радио журналистері ретінде рөлдік ойын арқылы көрсету, 2-топ теле-журналист кейпінде көрсету, 3-топ  газет тілшілері ретінде жазба жұмыстарын тапсыру ұсынылды. Оқушылар  сыни ойлай отырып, ролдік ойындар арқылы диалогқа түсті.Бұл тапсырма негізінде байқағаным  үндемейтін оқушыларым Маратов Дәуірбек пен Сейсенбаева Люба ерекше көзге түскендігін айта кеткім келеді.Сабағымды бекіту кезеңінде «»Серпілген сауалды» пайдаландым. Оқушыларымды  сыни ойлата отырып ,диалогка түсіру арқылы , дарынды оқушыларымды анықтадым.

   Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді.Мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша  диалог пен ауызекі немесе «интерактивті» оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданылатын»диалектика»элементі.(Wolfe and Alexander 2008 Бағдарлама оқушының білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарауға талап етіп отыр. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шыңмәнінде тиімді түрі болып табылады. (Нұсқаулық, 43 бет).  Нұсқаулықта оқушылардың тақырыпты түсінуге қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар:  төмен дәрежедегі немесе жабық және жоғары дәрежедегі немесе ашық сұрақтар. Ашық сұрақтар талқылауды кеңейте түседі және білім мен «дәлдіктің» растығы негізінде пайымдау жасауға, пікір білдіруге негіз болады. (www.cpm.kz).

«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» тақырыбында өткізілген сабағымда  диалогқа тарту, сыни ойлауын байқау мақсатын көздеп жас ерекшеліктерін ескеріп ықтимал сұрағын қойдым. Аттила болмаған жағдайда ғұндар тарихта сақталар ме еді, сақталмаспа еді? деген сауалыма оқушылардың жауабы сан түрлі болды. Имашова Ерсұлу «Аттила болмаған жағдайда да тарихта ғұн аты сақталар еді, себебі Аттилаға дейін де ғұндардың ерліктерін баса айтуға болады, мысалы Ұлы Қытай қорғанының өзін қытайлар ғұндардан қорғану мақсатында салды емес пе.Сондықтанда ғұндардың тарихта өзіндік орны бар, сақталады деп ойлаймын. » десе, Мұқыш Бекет «Аттила болмаған  жағдайда ғұндар тарихта сақталмас еді, себебі Аттила Ұлы Рим империясын құлатты, Еуропаны құлдықтан азат етті, менің ойымша  ғұндардың тарихтағы өзіндік орны Аттиламен  тығыз байланысты деп ойлаймын.» деді. Тайбурин Әнет «Ғұндар Аттиланың тарихта өзіндік орны бар дегенмен де ғұндардың тарихта ойып турып орын алуына тек Аттиланың қатысы бар деп ойламаймын. » деуі оқушылардың сан түрлі түсініктерін көрсеткендей болды.Сонымен қатар бұл сабағымда оқушыларға «Үндемес» ойынын ойнатқан болатынмын,үш топқа әр түрлі тақырып бере отырып ,үнсіз бейнелеуін тапсырдым. Бір топтан  бірнеше ойдағы сурет шыға ма деп ойлағам, керісінше үнсіз жүріп мағыналы сурет бейнеледі.Тапсырма бойынша оқушылар ойын бір арнаға тоғыстыра білген. 1-топтан неге жайлауды салдыныздар деп сураганымда ,Қошқаров А (орташа деңгейлі оқушы) «ауылым алтын діңгегім», онын өркендеуіне өзіндік үлесімізді қосуымыз қажет десе, Әділханова Г «Ұлылардың бәрі ауылдан шыққан» сондықтан мамыражай ауылбейнесін бейнеледік деп өз жауаптарын айтты. 2-топ оқушылары көктем бейнесін бейнелеп, Маратов Д (орташа деңгейлі оқушы) табиғаттың  ең керемт шағы, таулардан өзеннің сарқырап аққаны, жер бетіндегі тіршілікке жан біткенін бейнеледік. 3-топ оқушылары қыс бейнесін бейнелеген, Имашова Е қыс бейнесін бейнелеу арқылы  салт-дәстүрімізді көрсеткіміз келді. Қан сонарда бүркітші шығады аңға демекші, аң аулауға шыққан адам бейнесін бейнеледік. Бұл тапсырмалар негізінде  де оқушыларым өзара келісім үлгісін көрсете білді.

  «Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы»тақырыбында өткізген сабағымда  сергіту сәтін өткізу  кезінде  сыни ойлата отырып, «Егер мен ...»  тренингін өткіздім. Имашева Е: «Егер мен  ұстаз болсам»деп бастады, оның ойын Маратов Д: «Ұстаз болсам, елімнің ертеңі болар шәкірттер даярлауда тынымсыз еңбек етер едім»  бір –бірлерінің ойын жалғап ,ішкі ойларын білдірді.Сергіту сәті кезінде үнсіз оқушым Сейсенбаева Л: «Егерде мен  дәрігер болсам, жаңа технологияларды меңгеріп, адамдардың  денсаулығын жақсарту үшін  барымды салар едім»,-деп балаң сезімін, тілегін білдірді.

«Сармат тайпаларының орналасуы.Сармат қоғамы» тақырыбында өткізген сабағымда  1 топқа сармат сарбаздарын суреттеуге берген болатынмын.Бұл тапсырмада  Қошқаров А (үнсіз оқушы): “Сармат сарбаздары ер жүрек, батыл,қайтпас қайсар ,  алып тұлғалы, елі үшін жанын беруге даяр жауынгерлер болған “,-деп суреттеп,өз ойын ортаға салды. 2-топқа эссе жазуға берілді. «Автор орындығы» әдісі бойынша  Имашева Е   (дарынды ) сармат  қоғамындағы әйелдердің орыны туралы баяндаса, Тайбурин Ә  сарматтарға арнаған жүрек жарды өлеңін оқыды.

Сабақтың барысында орындалған тапсырмалар арқылы мен өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын.Оқушылар әрекетінен мынадай нәтиже көрінді:

             Алған білімдерінің нәтижесінде оқушылардың ой қорыту, тұжырым жасау,өзара бәсекелестік арқылы ойталқыға келуі, сол арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының қалыптасқандығын байқадым.

          Қорыта келсем, диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, өзіме мына ұсыныстарды тұжырымдадым:

-         сабақ жоспарлауда Блум таксаномиясына сүйене әр кезеңіне сұрақтарды дайындау;

-         оқушыларға қоятын сұрақтардың бағытына, сапасына ерекше мән беру;

-         төмен дәрежелі сұрақтардың орнына жоғары дәрежелі сұрақтарды қолдану;

-         сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты техникаларын пайдалану;

-         оқушыларды сөйлеуге бағыттау үшін ойын жинақтауға мүмкіндік беру;

-         оқушыларға сұрақ қоя және олардан ала білу;

-         диалогтік әдісті басқа модульдердің әдістерімен ықпалдастыру.      

         Сонымен, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдердің де, оқушылардың да білім алуға қомақты үлес  қосатын өзара әрекетінің шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Кез келген дебаттық тақырыпта  оқушылардың теориялық материалды ғана  емес, дүниетанымдық деңгейлерін де көрсететін кезі болады. Дебат –дүниетанымды кеңейтіп, білімін толықтыратын, мұғалімнің де  сыни көзқарасты оқушыларының пікірін тыңдауға мүмкіндік беретін тиімді әдіс.Диалогтік   оқытуда ерекше мән беретін жағдай-  сұрақтарды қоя білу. Тосыннан қойылған сұрақтар мен астарлы мағынаны меңзейтін сұрақтар болады.Тек оларды жағдайға қарай, оқушылардың  жас ерекшелігіне қарай қою керек деп ойлаймын.

 Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын  атап  көрсеткен  ЖАДА  оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер,өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды.Бұл тапсырмаларды орындауда оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек.Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды  және Выготский  бұл жағдайды  оны оқытудың негізгі  құралы деп есептейді.(МАН 39-бет)

   Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олар- ды оқыту  тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде.Осылайша балаларды ХХІ­ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру­–мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық­үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек­(Wolfe­and­Alexander,­2008).  (51-бет)

             Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Өмір бойы білім алу қазақстандықтардың  жеке кредосына айналуы тиіс» деген еді.Сондықтан да әрбір ұстаз еліміздің болашағы өз қолында тұрғанын ұмытпауы керек.

 

  

   Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Мұғалімге арналған нұсқаулық (Үшінші негізгі деңгей)

2.     Ежелгі Қазақстан тарихы 6-сынып

3.Қазақстан тарихы журналы

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141192

Теги: есебі
Пікірлер (1)
Рабиға # 14 қазан 2014 в 15:03 0
Жүйелі,түсінікті.Сіздің тізбектелген сабағыңызға қатысқандай сезімдемін.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар