«Елім менің –Қазақстан» атты интеллектуалды-танымдық ойын

3 сәуір 2014 - Админ

Аяпбергенова  Алмагүл Бахитжанқызы    

             Қостанай облысы

             Әулиекөл ауданы 

             Аманқарағай ауылы 

             №2 Аманқарағай орта мектебі

              Бастауыш сынып мұғалімі

 

«Елім менің –Қазақстан» атты интеллектуалды-танымдық ойын.                             


                 (Тәуелсіздік күніне арналады)

 

Мақсаты: 1.Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу.

                  2.Алған білімдерін  толықтыру, олардың ақыл, жігерінің толысып дамуына әсер    ету, сөйлеу тілін дамыту.

                3.Отанға деген сүйіспеншілік  рухында тәрбиелеу.

 

 

 

1-жүргізуші:  Қазақ жері-ата-бабам бесігі,

                        Орман, дала, аса байлық несібең

                        Жыр –маржанның, сөз асылын арнаймын

                         Туған жердің Тәуелсіздік күніне!

 

2- жүргізуші:  Күн шаңырақты күміс отау далам бар,

                          Сүйсініңдер, суретіне қараңдар!

                          Азат өлкем күндей күлген Шығыстан,

                          Айналайын Қазақстан-Гүлстан!

 

   1-жүргізуші:  Қазақстан-біздің Отанымыз, еліміз, туған жеріміз!

   2- жүргізуші:  1991 жылы 16-желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды. Бұл күні біздің ел жылдық жұмысын, өмірін қорытындай десек те артық болмас.

    1-жүргізуші:  Бүгін, мерекемізге келіп отырған қонақтарды   Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақыт, еліміздің гүлдене беруіне, оқуда жақсы ат салысуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!

           (Хор: «Отаным-Қазақстаным»  )        

 

2- жүргізуші: «Елім менің –Қазақстан» атты сайыстық  бағдарламаны ұсынамыз.Бұл туған еліміз туралы білім сайысы.

 

 

1-жүргізуші:  Ойын шарттары:

  • Ø Ойын екі бөлімнен тұрады.
  • Ø Ойынды әділ қазылар алқасы бағалайды.
  • Ø Ойынның бірінші бөлімінде жүргізуші залға сұрақ  қояды, жауабын білнтіндер қол көтеріп жауап береді.
  • Ø Бірінші бөлімінде жауаптарды дұрыс бергендер ойынның екінші бөліміне қатысады.

 

Бірінші бөлім

 

1-тур. Викторина

 

1.Қазақтар ертеде қалай атанған?

2.Қазақтарда жыл мезгіліне байланысты  көшіп-қонулары қалай аталады?

3. Рессейге Кіші Жүз қай жылы қосылды?

4. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды?

5. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?

6.Қазақстан елбасын сайлау қашан өтті?

7. Қазақстанның рәміздерін қашан бекітті?

8. Қазақстан жаңа Конституциясы қашан қабылданды?

9. Қазақстан дүние жүзілік, халықаралық, ұйымдарға мүше бола алады ма?

10. Қазақстан қай елдермен шектеседі?

11. Қазақстанның жер көлемі қандай?

12. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің қаншасы қазақ жерінде бар?

13. Қазақстан қандай экономикаға көшті?

 

2-тур. «Тарихи очерк»

 Суреттер бойынша шағын очерк дайындап, әңгімелеп беру.

  1. Қазақстан туы
  2. Ұлттық киім
  3. Киіз үй

3-тур. «Білім аукционы»

Аталған тақырыпқа байланыты сөздер атау. Соңғы сөз атаған оқушы жеңеді.

1.Ұлттық дәстүрлер, мерекелер.

2. Қазақстанның тарихи адамдары.

 

4-тур. Жұмбақтар.(10 жұмбақ)

 

1-жүргізуші:   Осымен, бірінші кезеңі аяқталды.

Әділ қазылар алқасы екінші турға қатысатын балаларды айтады. Осы балалар енді жеке сайысқа шығады.

Музыкалық сәлем

 

  

 

Екінші бөлім

 

 

1-тур. «Тарихшы»

  1. Бұл қала Қазақстан территориясындағы ірі қалалардың бірі болған.Ең жоғары деңгейіне қала 10-12 ғасырларда жетті.(Отрар қаласы)
  2. Оның  әкесі қолбасшы болды. Ол Отрар қаласында түрік отбасында туды.Бағдадта грек философиясына, математикаға, медицинаға, бірнеше тілдерге үйренді.( Әл-Фараби)
  3. Жетікөл тұрғындары өздерің қалай атайды?(Ұлы Жүз)
  4. Тышқан, сиыр, барс, қоян,ұлу, жылан, жылқы,қой, маймыл, тауық, ит,қабан.Бұл не?

 

 

2-тур. «Суретші»

Киіз үйдің суреті беріледі, суретте киіз  үйдің заттары дұрыс берілмеген немесе жаңа заман талабына сай  жиһаздар салынған.

Тапсырма: Киіз үйдің суретіне қараңдар. Бұл суретте не  дұрыс емес?

 

3-тур. «Тілші»

Біздің  халықтың даналығын мақал-мәтелге қарап айтуға болады.

Тапсырма: Сіздерге  мақал  оқылады, кім  қолын бұрын  қөтеріп сол мақалдың  орысша вариантың айтады.

4-тур. «Аукцион»

Қатысушылар көшпелі өмірге тура қатысты сөздерді айтады, соңғы сөзді айтқан-жеңімпаз атанады.

 

Ойынды қортындылау.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Мерекелік концертпен жалғаса береді. 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068760

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru