Ауған асуында от кешкендер

23 қаңтар 2016 - Админ

Тақырыбы: «Ауған асуында от кешкендер»

Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу-кеші

Мақсаты:

Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;

 Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі:Слайд, ардагерлердің суреттері.

1-Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауған асуында от кешкендер!» атты ауған ардагерлерімен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

2-Жүргізуші:

Қазақстан-көк байрақты нұр едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым, бақытым,

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Қыран құсым көк аспанда самғаған,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр

Жас ұландар, берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын.

Жоспары:

1.    Мұғалімнің кіріспе сөзі

2.    Қонақтармен таныстыру

3.    «Ауған ақиқаты » Кинокөрсетілім

4.    «Ардагерлерге тағзым» (Әдеби сазды монтаж)

5.    Блиц сұрақтары

6.    Көрініс «Мағынасыз соғыстың қасіреті»

7.    Би: Катюша

8.    «Сыр-сұхбат»

9.    Ән-шашу

10.Қорытынды

1-Жүргізуші:

Кіріспе сөзі: Бақытбекова Сәрсенкүл апайға

Армысыздар қонақтар! Әріптестер! Оқушылар!

Соғыс, соғыс

Соғыс тажал, соғыс неткен сұм еді.

Сол соғыстан соқпай қалды қанша адамның жүрегі,

Сол соғыстан ұлын күтті ана жаны аңсаған

Сол соғыстан оралмады қанша жан.

Соғыс. Зұлымдық. Қасірет. Бұл сөздер айтуға оңай болғанмен астарында қаншама тағдырдың мұңы мен ащы зары жатыр. Ауғанның көк аспанын тұмандатқан, сұрапыл майданның аяқталғанына 26 жыл толып отыр.

1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылған соғыста қазақ азаматтары да намысты қолдан бермей, әскери борышын абыроймен атқарды.

2-жүргізуші:Ауған соғысына 23000 қазақстандық қатысты

                                                   749-жауынгер майдан даласында қаза болды

                                                   821- қызылордалық жерлестеріміз қатысты

                                                  31- мүгедек болып қалған

                                                  20-сы қаза болған

1-Жүргізуші:Қаза болған жауынгерлеріміздің ішінде өмірге ынтық жас- Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің түлегі Айсауытов Нұрлыбек пен Өміров Әнуарбек те бар еді.

Қан кешкен он жыл

Ерлікпен

Баласы елдің құтқарар әркез азаптан

Атылған оқтар, жаралы достар қаншама,

Жазылар әлі батырлар жайлы, том дастан.

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын

Қабірлері нұрға толсын, суық көрде жылынсын,

Есіл ерлер, ескерткішке айналсаңда, біз үшін

Мәңгі-бақи тірісіңдер, тірісің!

-        Құрметті қауым! Ауған даласында жоғалтқан достарды, ардагер ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

2-Жүргізуші

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған

Ұрпаққа өмір жолын өнеге боп

Тарихта ардагерлер асқан бағаң- деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Ағаларымызға қош келдіңіздер дейміз.

Шақырылған қонақтар:Ауған соғыс ардагерлері

1.    Алтынбаев Әділ

2.    Құлмаханов Қалабек

3.    Сабырбаев Сақтаған

1-Жүргізуші:1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс-зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі- Ауған соғысы.

2-Жүргізуші:Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.

1-жүргізуші:«Ауған ақиқаты» Бейнекөрсетілім

2-жүргізуші:«Ардагерлерге тағзым» Әдеби сазды монтажымызды ұсынамыз.

1-Жүргізуші:

Блиц сұрақтары:

1.    Қазақстан Республикасында неше облыс бар?

2.    Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?  1995 жылы 30 тамыз

3.    Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін ордендермен марапатталады. ҚР- да қандай ордендер беріледі.

«Отан » ордені, «Даңқ» ордені (2 дәрежелі), «Айбын» ордені (3дәрежелі), «Парасат» ордені, «Достық» ордені (2 дәрежелі), «Құрмет» ордені, «Барыс» ордені (3 дәрежелі)

4.    Қазақстанның Қарулы күштері қай жылы құрылды?

                                          1992 жылы

5.    Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні

                                     4 маусым

6.    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі кім?

                                  Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

7.    Қазақстан Республикасының ең жоғарға заң шығарушы органы?

8.    Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша әрбір азаматтың қасиетті борышы мен міндеті.

2-Жүргізуші:

Соғыс-зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан.

Отер жылдар, уақыт тағы алыстар,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар

Көрініс: «Мағынасыз соғыстың қасіреті»

1-Жүргізуші:

Би: Катюша

2-Жүргізуші:

«Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті»деген екен бір дана қария өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідейсұхбат жүргізу-біз үшін бір ғанибет.

«Сыр сұхбат» Оқушылардың қояр сұрағы болса

1-Жүргізуші:

Ән-шашу

1.    А.Әлтай

2.    С.Ералиев

3.    Г.Самет

Қорытынды сөз кезегін Сәрсенкүл апайға береміз

2-жүргізуші:

Сонау ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Аяулы аағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072375

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар