Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті

1 сәуір 2014 - Админ
Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті

  Мақсаты:  Оқушыларға   ерлік пен  батылдық туралы түсінік беру; Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда  көрсеткен еңбегін паш ету; жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа  тәрбиелеу; ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету;

    

 

Көрнекі құралдар: Слайд, суреттер, нақыл сөздер.

 

Мұғалім сөзі: Құрметті балалар, бүгін біз ерлік пен батылдық  туралы әңгімелейміз. Өздерің де батыр болғыларың  келеді шығар.Сондықтан ерлік пен батылдықтың  не екенін анықтап алу қажет.

 

Қанша ғасыр өтсе де адамзат тарихында елі мен жерін қорғаған батырлардың ерлігі мәңгі есте сақталады. Сұрапыл соғыс жылдарын ой елегінен өткізсек.

Слайд№2

 Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер туралы мәлімет:

 Соғыс… әрине, бұл жақсы сөз емес. Оны естігенде көз алдымызға қантөгіс, қырғын, ажал атты қорқынышты көріністер елестері анық.

 Ең қанды да қасіретті соғыс XX ғасырдағы екінші жиһангерлік соғыс. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын жұртқа 1418 күн мен түн, яғни  4 жыл салды.

  1941 ж  22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақ  жерінде Отанды қорғау үшін әскери бөлімдер  жинақтала бастады. Барлығы  12 атқыштар,  4 кавалериялық дивизия,  7  атқыштар бригадасы,  50-ге жуық полктер және батальондар жасақталды.  Қазақстанда жасалған  310 , 312 , 314,  316,  391- атқыштар дивизиялары алғы шепте шайқасты. Соғыс кезінде кеңес армиясы қатарына  1196164 қазақстандық жауынгер жақырылды.

 Ұлы Отан соғысында мыңдаған  Қостанайлықтар  де ерлік көрсетті.

Кеңес Одағының батырлары- Л.Беда, С.Баймағамбетов, Сьянов т.б

 

 

Балалар-Кім мақал-мәтелдер ерлік, ер, батырлық туралы айтып береді?

 

1-оқушы

Ел  үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

 2-

оқушы

 

Ер жігіт елі үшін туады,

Елі үшін өледі.

    3--оқушы

Күш батылдыққа ереді.

 

Батыл болсаң батыр да боласың.

 

 Жауға жаныңды берсең де,

Сырыңды берме.

 

 

1-    оқушы

 Жазылған жоқ өткен күн жаралары

 Сиреп кетті-ау қарттардың аралары

 Бабам жауға бермеген туған жерді

 Қорғайды әлі бабамның балалары

 

Мұғалім :Соғыс… Сұрапыл соғыс  қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөніп қалды, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесірленіп, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

 Монолог:

 « — Әке! Әке!

 Тілдесші менімен, әкешім!

 Әлде хат жазуға уақытын жоқ па?  Хат неге жазбайсың, әке? Тым болмаса аманмын, жапондармен мына жерде  шайқасып жатырмын деп бір хабарласшы, әке?! Сағындым сені, әке! Сендер соғысқа кеткелі ауыл тіпті өзгеріп кетті ғой. Бұрын ерлер тындыратын жұмысты қазір біздер де істеп жүрміз.

 « Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп ұрандаған бір адам. « Жеңіс!» деген сөз бізге үлкен күш берді. Сенің Шығыстағы Жапонияда шайқасып жүргенін алаңдатады. Бір жағынан қорқамыз да, апамның да сені талмай күтіп жүргенін ішіміз сезеді. Мүмкін ерлігіңіз үшін медаль алып та қойған шығарсыз, әке?! Құттықтауыма болатын шығар, бәлкім?!

 Бала болсам да соғыс мені есейтіп жіберген сияқты. Фашистер неге сонша соғысқа құмар болды екен? Сендер Отан үшін, біздер үшін, арттағы ұрпақ үшін майданның нақ ортасында жүрсіңдер ғой. Ал, олар, сұмырай фашистер не үшін совет азаматын, әкесін баласынан, жарын күйеуінен айырады, әке? Аянып қалма, әке!.. Мен үшін, болашақ ұрпақтың бақыты үшін кездескен жаудың көзін жоя бер. Үйге жеңіспен қайт, әке! Мен сені қатты сағындым! Тезірек аман-сау оралшы, әке!»

 

Мұғалім:

 

 Ал осы күндер ортасында келетін Отан тыныштығын күзеткен сарбаздарымыздың төл мерекесі де тікелей бірлікке, бейбітшілікке бас-тайды. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойып, сол уақыттан бері бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні, яғни, Отан қорғаушылар күні болып келеді. Сол жылы дүниеге жаңадан келіп жатқан сәбидің өзі бүгінде кәмелеттік жасқа толып, ел ұйқысының тыныштығын күзеткен ерге айналды. Ер дейміз… жігіттер қауымының барлығы өздерін «ерміз» дейтіні анық. Бейбіт өмірде де батыр болуға болады.

 

 

 

Слайд№3 ҚР  Қараулы Күштері

 

Ән: «Ағайынбыз бәріміз»

 

 Құрметті балалар! Батырлық жасау оңай іс емес, алайда ол-адамдарға қажетті істі орындау кезінде олардың қорқыныш сезімін жеңіп шығуына жәрдемдесетін рухани күш. Ерлік, көбінесе, қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның азаматтық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ерлік қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінеді.

 

Хор: « Әрқашан күн сөнбесін»

Қош, сау болыңыздар!

                                                    

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062336

Пікірлер (2)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар