Лә- иләһа- иллалла иманыңыз, Иманымен бұйырсын жиғаныңыз (тәрбие сағаты)

28 сәуір 2014 - Админ

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылының

№162 орта мектептің қазақ тілі пән мұғалімі, 7-сыныптың жетекшісі:

Сыздықова Шарипаның ашық тәрбие сағаты:


«Лә- иләһа- иллалла иманыңыз,

Иманымен бұйырсын жиғаныңыз»


Мақсаты:Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Жүргізуші:Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі ашық тәрбие сағаттында имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы айтылмақ.

Соған орай бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға құрметті ата-аналар да келіп отыр. Бәріміз қошемет көрсетейік.

7-сынып оқушысы Нұрсейітов Асылжан «Дін Исламға арнау»

Жүргізуші:Ислам — адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижілер жиынтығы.
Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары.
Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған.
Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жыйнау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар.
Яғни, Ислам — «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.

Олай болса, сағатымызды дін тақырыбында даярлаған діни өлеңдерге кезек берсек.

1.Нұрсейітов А

2.Әлібек А

3.Аронрашид Е

Жүргізуші: Менің жетекшілігімдегі 7-сыныптың оқушылары өздерінің сұрақтарын дайындап әкелген болатын, ол сұрақтар ата-аналарға, ауыл имамы Қожа кісіге сонымен қатар бір-біріне де қойылмақ.ендеше ендігі кезек балалардың өздерінде.

7-сыныптың оқушыларының сұрақтары

Жүргізуші:Ешбір жеке тұлғаға телінбейтін қазақтың қара өлеңі әу баста былай дейді:
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.
Күніне мың пәлеге жолықсаң да,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан!
Бүкіл қазақ халқының өмір сүру негізін көрсететін есте жоқ ескі заманнан жеткен жәдігер сөз осындай. Бұл біреуі ғана. «Құдайсыз қурай сынбайтынын», «Алладан сұрағанның екі бүйірі, адамнан сұрағанның екі көзі шығатынын», «Құдай деген құр қалмайтынын» заманалардан бері білетін халық мұндай өлең-жырдың мыңын айтқан.
Кешегі өткен жыраулар да, ержүрек батырлар да, ақын-жазушылар да, тіпті билер де құдайын ұмытпаған.

Ендеше сөзімізге дәлел ретінде би-шешендердің, жыршылардың Алла жайлы айтқан өлеңдерінің үзінділерін ұсынамыз.

7-сыныптың оқушыларының үзінді өлеңдері.

Жүргізуші:

Олай болса, 6-7-8 сынып оқушыларына бір-бір тақырып беріледі және оны топ болып орындаймыз.

6-сынып Дін жайлы не білесің?

7-сынып Ислам сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

8-сынып Мұсылман болу иілікті іс пе?

Рефлексия.

Жүргізуші: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта, жалған болмас,

Көп кітап келді, Алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөз айырмас-

деп Абай айтқандай біз дәстүрлі дінімізді Құраннан, оны жеткізуші соңғы пайғамбар Мұхамедтің (с.ғ.с.) хадистерінен үйреніп, оны балаларға да үйреткеніміз жақсы. Әрине әр нәрсеге сауаттылық керек.

Соңғы уақытта басына түскен болмашы қиындыққа төзе алмай, өз -өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасып жатқан жастарымыз қаншама. Ал біз бұл жағдайға не демекпіз? Бұл тағы да имансыздықтың, діннің тайыздығының айғағы.

Келесі сөз кезегі ауыл имамы :Мүсілімов Қыдырқожа атаға беріледі.

Оқушылардың қояр сауалдары бар екен, ендігі сөзді оқушыларға берелік:

1. мешітке біз сияқты жас балалар жиі бара ма?

2. «Имам» атағын алу үшін оқып, диплом алдыңыз ба?

3. Отбасыңыздың мүшелері де ораза ұстап, намаз оқи ма?

4.7. Хижап, паранжа, қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселерін қалай түсінуге болады?

Ендігі сөз ата-аналар комитетінің төрағсы: Қалабаев Махмут ағайға беріледі.

Жүргізуші:

Хадисте: «Қайсыбір әйел төрт амалды орындаса, сегіз жәннаттың қалаған есігіне кірсін» делінген.

Біріншісі — күніне бес уақыт намазын оқу.

Екіншісі — жылына бір келетін Рамазан айында ауыз бекіту.

Үшіншісі — күйеуінің ризашылығына бөлену,

Төртіншісі — ар-ұятын сақтау және аш адамға көмек беріңдер.Аурудан хал сұрандар.

Бесінші –Алланың үмбеті екенін ұмытпау

Қарызға батқан адамның қарызын өтеуге көмек беріндер.

Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі әйел- анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.

Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.

Апатқа апаратын жеті түрлі күнәдан аулақ болындар: Құдайдың құдіретіне шек келтіру, алдап-арбаумен шұғылдану, біреуді нақақ өлтіру, пайдакүнемдік, жетімің ақысын жеу, күйеуіне адал әйелді сөгу, отан қорғау үшін болған соғыстан қашу.

Міне, осы аталған хадистердің орындалмауынан болған діни әңгімелерге кезек береміз.

Слайд-шоудан көрсету.

Қорытынды сөз:Мектеп директоры С.Дүйсебаев мырзада!

Жүргізуші: «Бес парыз»

Болған соң мойнымдағы бас қарызым,

Айтайын өтер-өтпес досқа арызым.

Жәннатқа жақсы істермен жарысайық,

Орындап мұсылманның бес парызын.

Иманды баға жетпес нұрға бала,

Ақылды адам одан құр қала ма?

Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым-

Дінді тек берер сүйген құлға ғана.

Ендеше, дін тірегі- намаз дейді,

Намазбен пенде Алладан пана іздейді.

Құлшынып құлшылығын арттырғандар-

Құранан ешқашан да ара үзбейді.

Тұтпаса уағымен Оразаны-

Адамның тәні толып, жаны азады.

Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі

Тозақтың сенде дей бер бар азабы.

Парызды сонан соңғы- Зекет дейді,

Қолыңа нелер келіп, не кетпейді.

Бергенің береке болып ахиретте

Жұмақтың биігіне жетектейді.

Алланың түссе саған назары асыл,

Сүймейсің бос мақтанмен сөз аласын,

Инша Аллах қабыл болса қажылығың-

Анаңнан туылғандай тазарасын!

Жаратқан «бай», «кедей» деп жіктемейді,

Жалқаулық, сараңдыққа құп демейді.

Тыйым жоқ бес парызда,

бізге Алла-

Келместі қолымыздан жүктемейді

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110085

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар