Тәуелсіз елім - тірегім

                    Сабақтың тақырыбы:  Тәуелсіз елім – тірегім

 Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды аялауға, рәміздерді құрметтеуге, егеменді елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына ерлігіне деген тағзым.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, суреттер, шарлар, буклеттер, мақал — мәтелдер, интерактивті тақта, слайдтар т.б.

Сабақтың әдісі:  топтық жұмыс

Сабақта қолданылатын технология: СТО технологиясы

                                             Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныппен амандасу, түгендеу, Сыныпты екі топқа бөлу.

   « Мағынаны тану» Мұғалімнің  сөзі :

    Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздігіміздің 24 жылдық мерекесі құтты болсын! Осы мерекеге орай  өткізіп отырған « Тәуелсіз- елім тірегім» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер!

                                        Әнұран орындалады.

 

Қызығушылықты ояту.

1. Топтастыру стратегиясы. Оқушылардың өз білгендері мен білімдерін жинақтау.

Желтоқсан

Көтеріліс

Демонстрация

Жастар

Алматы

Студенттер

Аяз

Брежнев алаңы

  Мұғалім сөзі:                               

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.

Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.

Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға  арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

Осыдан 24 жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ  халқының аңсаған арманы еді.

   Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

2. «ЖИГСО» әдісі. Әр топқа жеке мәтіндер таратылады. Топтар мәтінді талқылайды. Оқушылар мазмұнын қысқаша айтып шығады.

Тапсырмалары: 1. Қазақ жастарын қандай күш айдап барды?  Г.В.Колбин –ол кім?

2. Қазақ жастарына жасалған қиянат және олардың тағдырлары. Желтоқсан құрбандары кімдер?

3. Семантикалық карта. «Тәуелсіздік шежіресі»  Тәуелсіздік  шежіресі… 1991.........1995.......1993.........1998........1992

Ата заң ;  Тәуелсіздік жылы;  Президент сайлауы;  Валюта;  Астана; Рәміздер;

4. Бекіту.   «Кубизм» стратегиясы. 

1. 1986 жыл?

2. Оқиғаның басты себебі?  ( басшылардың ауысуы)

3.Қозғаушы күші ( қазақ жастары)

4. Көтеріліске  қанша адам қатысқан? ( 8500)

5. Желтоқсан құрбандары кімдер?

6. Оқиғаның тарихи маңызы? ( Тәуелсіздік  алуға алғашқы қадам)

  Келесі   әдеби- монтаж (  Тәуелсіз елім, Желтоқсан  желі)

 

 

Аружан А

  Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

 

 

        Дилназ

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

 

       Жансая:

Елтаңбасы елімнің,

Қандай әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

 

          Аружан:        

Құт, береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

 

            Айбол Ақанов:

 Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім сөйлер сөзім.

Туған жерім- бағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

 

           Рахат:

Менмін Отан бөбегім,

 Он бір  жаста өренің.

Ана тілден нәр алып,

Ұлан боп өсіп келемін.

              

                      Жанел:

Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз

Халқымызға пана болған данамыз

Әрқашанда мақтан етіп жүретін

Жазық мандай кең пейілді данамыз

 

 Аружан Омарова:

Отан, Отан!

Сен болмасаң не етер ем?

Бақытсыз боп өтер ем.

Кең байтақ қазақстан жерім менің,

Асқар тауым,  айдынды көлім менің!

 

              Айдар:

 Мен – қазақпын!

Биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

 

        Ермахан:

 Отан мынау,

Отанымның картасы.

Маған қымбат

 Отанымның әр тасы.

 

                  Шырай        

Көтерілген шаттығым,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туым,

Тәуелсіздік жемісі.

 

Мұғалім сөзі:     Тарихым жатыр тасымда, тіл қатып келер ғасырға,

                             Азаттық дейтін ұғымның, Желтоқсан тұр басында.

Желтоқсан құрбандары  Ләззат, Ербол, Қайраттарға арналған  желтоқсан оқиғасын сипаттайтын бейне үзік көрсетіледі.

Ләззат  :  Айналайын атыңнан қазақ елім,

               Жазықсыз жапа шеккен жаным менің.

               Намыстан жаным күйді, жүрек жылап,

            

 

 Сен үшін шыбын жанды қиып бердім.

Ербол :   Елімнің садағасы жаным менің

                Жігері от намысшыл ұлың едім,

               Желтоқсанның алауы жанды мұзда,

               Мәңгі жасай берсін тек қазақ елім.

Қайрат:   Елбең, елбең жүгірген, ебелек отқа семірген.

                Арғымақ мінер жаратып, ақ сауыт киген темірден

               Алатаудай бабалар!  Аруағыңмен жебей көр.

                 Күнәдан таза басым бар,  21-де жасым бар.

                Қасқалдақтай қаным бар, боөторғайдай жаным бар,

               Алам десең алыңдар, атам десең  атыңдар!             Көрініс:

Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтығы отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастьарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.

Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ.  Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!

Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын

алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың…

    

                                     Ән:  Атамекен

Мұғалім сөзі:   Егемен ел болдық, қаhарман  ерлікпен,

                           Бағымыз жанады, бауырмал елдікпен.

                          Қазақтың мерейі, жұлдыздай жоғары,

                          Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, елдікпен.              Біздің тілегіміз- бейбітшілік, тыныштық.  Сендер әрқайсыларың  Отанына қызмет ететін  адал ,қайырымды азаматтар болып өсулерің  керек. Отанымыз жайнай берсін, гүлдене берсін! Тәуелсіздігіміздің  тұғыры биік болсын. Осымен тәрбие сабағымыз аяқталды.              

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышОн алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084953

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар