Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтары

19 наурыз 2015 - Меруерт Аманова

Тәрбие сағатының тақырыбы:“Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтары»

Тобы: Б-24

Өтілетін мерзімі:14 желтоқсан 2011 жыл, сағат 14-30

Өтілетін орны:Мәжіліс залы

Көрнекілігі: Слайдтар, кітаптар, буклеттер

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін ұғындыра отырып, білім алушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушыларды тәуелсіздік алғаннан кейінгі Жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейтеу.

Тәрбиелік: Елін, жерін қорғап, Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанның өркендеуіне өз үлесітерін қосатын азаматтарды тәрбиелеу.

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»

(Қазақстан Республикасының Президентжолдауынан)

Тәрбие сағатының барысы:

І.Ұйымдастырушылық кезең.

Мемлекеттік әнұран орындалады (барлық оқушылар хормен айтады).

Мұғалім: Құрметті Ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толу мерекесіне орай Б-24 тобының «Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтары» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға хош келіпсіздер! Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

А)Қызығушылығын ояту.

-Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Осылай деп кім айтқан еді?

-Қаз дауысты Қазбек би

Ә)Мағынаны тану.

Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толғалы отыр.

(«Тарих беттерінен» слайдтар көрсетіледі.)

Ақтөре: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.

Мұғалім: Тәуелсіз ел болу дегеніміз -кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт- дәстүріңді, әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп білемін.
Тәуелсіздіктің мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарды құрбандыққа шала отырып, қол жеткізеді.
Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.

ТАРИХ БЕТТЕРІНЕН:

Зауре:

1723-1727 ж.Бұл кезең қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы, қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте ауыр болды. Қазақтардың көбі Орта Азия мемелекеттерінің аумағына қарай ауысты.

Қаратаудың басынан көш келеді.

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел жұртынан айрылған жаман екен

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман бағы заман,

Баяғыдай болар ма тағы заман

Қарындас пен қара орман қалғаннан соң

Көздің жасын көл ғылып ағызамын.

Бабыр:

1730 ж. Қазақ халқының жоңғарларға азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға- Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас көктемде Балқаш көлінің оңтүстік- батыс жағалауындағы Алакөл деген жерде болды. Шайқаста кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.

Ержан:

1836ж. Бөкей хандығында аса ірі халық- азаттық көтерілістердің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Халық көтерілісін елге белгілі батырлар И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басқарып, 200-ден артық сарбаздармен жасақталды.

Паша:

1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған ірі ұлт- азаттық көтеріліс. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, басқарушы ретінде 20 мың сарбаздан тұратын жасақ құрды.1916 ж. Ұлт– Азаттық көтеріліс кезінде 3 мың қазақ құрбан болды. Бұл қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі Торғай облысында болды. Көтерілісшілер жасағын құрған сардарбасы Амангелді Иманов.

Данияр:

1917-1920 ж. Алаш қозғалысы 20 ғ. алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтеріліс. «Алаш партиясының» өмірге келуі Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті. Алаш партиясының басшылары А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов.

Сүлейман:

1931-1933 ж. Өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 % қырылды. Ашаршылықтан 6,2 млн халықтың 2,1 млн опат болды. 1 млн 578 мың халық Атамекенін тастап кетті. 40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді. 1937-1938ж. Лаңкестік жаппай сипат алды. Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығай туға қатысқан көрнекті қайраткерлер жазаға тартылды. Олар: С.Сейфуллин, Б.Майлин, А.Байтұрсынов. 101 мың қазақтар «ГУЛАГ» азабынан өтті, 27 мыңнан астамы атылды

Ұлжан:

1941-1945ж. Ұлы Отан соғысы жылдары. Қиын да ұзақ 4 жыл. 1418 күнде 20 млн адам қаза тапты. Қазақстандықтар Москва, Ленинград түбіндегі шайқастарда және Украин, Белорусь, Молдаваны азат ету жолындағы ұрыстарда болды. Ерекше табандылықпен қаһармандық көрсеткен Б. Момышұлы, Қ.Қайсенов, Т.Бегилдинов, Н.Әбдіров, С.Нұрмағамбетов, жас офицер Р.Қошқарбаев және т.б. ержүрек батырлар халақ қаһарманы атағын алды. Шығыс әйелдері арсынан 1-ші болып «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталған қазақ қыздары Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың еңбектері орасан зор.

Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге,

Соғыс елді түсірді-ау ауыр күйге.

Жұрт күйзелді, төгілді қанша көз жас,

Түнерді қайғы бұлты талай үйде.

Сұм фашист бейбіт елді болса құртпақ,

Алды-арты құрыш қамал тұрды құрсап.

Жау жеңілді, сол жеңіс арқасында,

Өсті, ер жетті бүгінгі ұрпақ.

Ақтөре:

1986 ж. Желтоқсанда отты оқиға болды. Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.

(«Тәуелсіздік шежіресі» слайдтар көрсетіледі)

Мұғалім:

Тәуелсіздік шежіресі

1991 жылы

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Егемен ел атанды. Әлем таныды.

Зауре:

1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті.

Қазақстан Республикасы:

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен елеулі

Әнұранымен айбатты.

Бабыржан:

Егеменді еліміздің елтаңбасынан кең байтақ отанымыздың өткен тарихы бай дәстүрі, салт санасымен жасампаз рухы толық танылады. Ел таңба ортасында шаңырақ тұр, шаңырақта, яғни біздің бейбітшіл отанымызды қорғау үшін шаңырақтың биік болуы ойластырылған.

Ержан:

Қазақта: “Шаңырағың биік, керегің кең, босағаң берік болсын!”- деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары

Жандарбек Мәлібекұлы,

Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан.

Паша:

Мемлекеттік Ту.

Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы – Алматылық Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі, ортақ. Жер шары ұлттарға мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенімен де жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.

Сүлейман:

Республикамыздың мемлекеттік әнұраны, 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды.

Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Әнұранның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Мұғалім:

Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіз Қазақстанынның 20 жылда жеткен жетістіктеріне көз жіберсек:

Дала да думан,қала да думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұл -бұлым.

1.1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

2.1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.

3.1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.

4.1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.

5.1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

6.1995 жыл 30 — тамыздың Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз, яғни Конституциямыз бір ауыздан қабылданды.

7.1996 жыл 30 — қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.

8.1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.

9.1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.

10.1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.

Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің ата Заңы Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп көрсетілген.

Ал екінші бақытым-Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілемдедім

Кей кезде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім

11.1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.

Осал жерге

Ортаймас бақ қона ма?

Ер көңілі толмаса тақ қона ма?

Атар таңдар бере гөр құт-береке

Елдің төрі-Қасиетті Астанама.

12.1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

13. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы.

14. 2000 жыл шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.

15. 2001 жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21-ғасырды зор сеніммен қарсы алды.

Аман бол, жаңа ғасыр-жарқын заман,

Аман ба, жаңаша күн жарқыраған?

Азат күн арман ғасыр мәңгі паш ет,

Қазақстан қасиетті ел екенін.

16. 2001 жылды Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады.

17.2006жыл Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы аталып өтті.

18.2006-2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.

19.2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.

20. 2008 жыл Халық санағы болды. Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.

21. 2010 жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды.

22. 2011 жылы VIIқысқы Азияда олимпиадасы Астана-Алматы қалаларында болып өтті.

23. 2011 жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.

Мұғалім:

Құрметті оқушылар, міне біз Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен тәуелсіздік жолындағы шежіресімен таныс болдық, енді “ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ “ интеллектуалды сайысқа кезек берейік!

Білім додасында өз білімдеріңізді биік шыңдардан көрсетіп, жеңісті сәттеріңіз көп болғай!

Ендеше, СӘТТІЛІК!

ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

Құрметті оқушылар, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысымызды бастайық.Алдымен Сіздерді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін!

(Слайдтар көрсетіледі)

І кезең-БӘЙГЕ

ІІ кезең-ПОЛИГЛОТ

ІІІ кезең-ДОДА

ІV кезең-ЖОРҒА

1 кезең “Бәйгеде” сұрақтар берілген оған бірінші болып жалаушаны көтерген оқушы жауап

береді. Егер де ол жауап бере алмаса келесі басқа оқушы жауап бере алады. Әр

жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

2 кезең “Полиглотта” әртүрлі сұрақтар берілген, оған оқушылар қазақ-орыс- ағылшын тілінде

жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан

беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 балл беріледі.Толық жауапқа

5 балл. 2 кезеңде балы аз 2 оқушы келесі 3 кезеңге өте алмайды.

3 кезең “Додада” оқушылар әр тор көзден өзі қалаған тор көзді таңдап, сол тор көздегі

сұраққа жауап береді, егерде дұрыс жауап берген жағдайда сол тор көздегі балдық

жүйе беріледі. 3 кезеңде қалған 4 оқушыдан балы аз екеуі ойыннан шығады.

4 кезең “Жорғада” балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. “Жорға” ережесі бойынша

оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Бәйге кезеңінің сұрақтары:

  1. Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырларын атаңыз.
  2. Репрессия қай жылдары болды?
  3. Қазақ еліндегі ашаршылық жылдары қашан өтті?
  4. “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” қай ғасырда болды?
  5. Қазақстан Республикасының жалпы жер көлемі қанша шақырымды құрайды?
  6. ҚР-ның “Білім туралы”Заңы қашан қабылданды?
  7. “Бала құқығы туралы” Конвенцияны кім қабылдады?
  8. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілетті мерзімі

Полиглот кезеңінің сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасы қанша мемлекетпен шектеседі? (бес)
  2. ҚР-ның Конституциясы қанша бөлімнен тұрады?(тоғыз)
  3. Желтоқсан оқиғасына биыл қанша жыл толады?(жиырма бес жыл)
  4. Қазақстан Республикасында қанша облыс бар?(он төрт)
  5. Отан… да ыстық!(оттан)
  6. Жалқаудың жаны тәтті,

Еңбектің… тәтті (наны)

Дода кезеңінің сұрақтары:

  1. Тарих-10:Ежелгі сақтардың ел билеген атақты әйел патшасы
  2. Тарих-20:“Көмекей әулие” атанған қазақтың ұлы жырауы
  3. Заң-10: Семей ядролық полигоның жабу туралы жарлыққа қашан қол қойылды?
  4. Заң-20:ҚР-ның Ата Заңы қашан қабылданды?
  5. Батырлар-10:Тәуелсіздік жолындағы желтоқсан құрбандары
  6. Батырлар-20:Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері
  7. Әр түрлі-10:VІІ қысқы Азиада олимпиадасы қай жылы,қай қалада өтті?
  8. Әр түрлі-20:Қазақстанның жалпы жер көлемі қанша шақырымды құрайды?

Жорға кезеңінің сұрақтары:

  1. ҚР-ның Конституциясына сәйкес адамның табиғи және бөлінбес құқығы
  2. Адамдарға білім алу құқығы қанша уақытқа белгіленген?
  3. ҚР-ның Білім және ғылым Министрі
  4. “Р.S” таңбасы нені білдіреді?
  5. Қорқыт Ата ескерткішінің қандай ерекшелігі бар.
  6. Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым.

Міне осымен,құрметті оқушылар,ұстаздар бүгінгі біздің сайысымыз да өз мәресіне жетті!Қәзір сарапшылар өз шешімін шығарғанша ауылдың алты ауызы ретінде Акимова Ұлжанның орындауында «Жаса,Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!

Сонымен, ХХІ ғасыр көшбасшысы __________________________________болды, жеңісіңмен құттықтаймыз! Алдағы уақытта осындай биік шыңдардан көріне беруіңе тілектеспіз!

Тәрбие сағатын қорытындылау:

Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан- жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

Назарларыңызға рахмет!

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз ұйымдастырушы«Ана-бақыт, Ана-күн!»

Іс-шара мәліметтері8 наурыз мерекелік сценарийі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141120

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар