Биология пәнінен ҰБТ-ға дайындық тест тапсырмалары №2

15 қазан 2015 - Перизат Карибаева
Биология пәнінен ҰБТ-ға дайындық тест тапсырмалары  №2

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,

Қарағайлы кентінің «ЖББ №17 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
биология пәні мұғалімі
Карибаева Перизат Сериковна

ҰБТ-ға дайындық тест тапсырмалары

1.Күйіс қайтармайтындар

А) Арқар

В) Бегемот

С) Қой

D) Сиыр

Е) Елік

2.Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар —

А) Домбай

В) Тарпан, түзат

С) Құлан

D) Керқұлан

Е) Жолат

3.Айыр өркешті түйенің жабайы түрі

А) Бура

В) Бактриан

С) Қаптағай

D) Інген

Е) Дромадер

4.Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде атауы

А) Нар

В) Мая

С) Дромадер

D) Аруана

Е) Үлек

5.Қойдың жабайы арғы тегі

А) Қаракөл қойы

В) Муфлон, арқар

С) Дегерес

D) Гемпшир

Е) Еділбай қойы

6.Үй қоянның арғы тегі —

А) Ақ қоян

В) Мардер

С) Жабайы інқоян

D) Шынша

Е) Ангор қоян

7.Шошканың арғы тегі —

А) Доңыз

В) Қабан

С) Ландрос

D) Темврос

Е) Беркшир

8.Сусар тұқымдасына жатады

А) Қарсақ

В) Сабаншы

С) Аю

D) Борсық

Е) Тышқан

9.Ескекаяқтыларға отрядына жатады

А) Күзен

В) Қарсақ

С) Борсық

D) Түлен

Е) Қоян

10.Кемірушілер отрядына жатады

А) Кірпі

В) Құндыз

С) Доңыз

D) Қоян

Е) Арқар

11.Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым

А) Экология

В) Генетика

С) Цитология

D) Микробиология

Е) Селекция

12.Генетиканың негізін салушы

А) К.Э.Коренс

В) Г. Де Фриз

С) Г.Мендель

D) Э.Чермак

Е) Т.Морган

13.Хромосомалық теорияны жарыққа шығарды

А) К.Э.Коренс

В) Г. Де Фриз

С) Г.Мендель

D) Э.Чермак

Е) Т.Морган


14.Генотип және фенотип ұғымдарын қалыптастырды

А) К.Э.Коренс

В) Г. Де Фриз

С) Г.Мендель

D) В.Иогансен

Е) Т.Морган

15.Шешесі гомозиготалы ІІ топ, әкесі ІV топ. Ұрпақтарының қан топтары болады

А) І, ІІ, ІІІ

В) ІІ,ІІІ, ІV

С) ІІІ,ІV

D) ІІ,ІІІ

Е) І, ІІ, ІІІ

16.Г.Мендельдің бірінші заңы

А) Біркелкілік

В) Белгінің ажырауы

С) Тіркес тұқым қуалау

D) Тәуелсіз таралу

Е) Толымсыз доминанттылық

17.Г.Мендельдің екінші заңы

А) Біркелкілік

В) Белгінің ажырауы

С) Тіркес тұқым қуалау

D) Тәуелсіз таралу

Е) Толымсыз доминанттылық

18.Г.Мендельдің үшінші заңы

А) Біркелкілік

В) Белгінің ажырауы

С) Тіркес тұқым қуалау

D) Тәуелсіз тұқым қуалау

Е) Толымсыз доминанттылық

19.Бір-бірінен көп белгілерінде айырмашылығы бар дараларды будандастыру

А) Моногибридті

В) Дигибридті

С) Тригибридті

D) Полигибридті

Е) Толымсыз

20.Адамның жеке дамуы барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар-жоғын анықтайтын әдіс

А) Цитогенетикалық

В) Егіздік

С) Популяциялық

D) Биохимиялық

Е) Онтогенетикалық


21.Тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей

А) Молекулалық-генетикалық

В) Жасушалық

С) Ұлпалық

D) Мүшелік

Е) Организмдік

22.Жер тарихының алғашқы кезеңінде тек химиялық эволюция жүріп отырғандығы туралы болжам жасаған

А) ) А.И. Опарин

В) Ф. Энгельс

С) А.Н.Северцов

D) В.И. Вернадский

Е) В.В. Докучаев

23.Тіршіліктің алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалатын деңгейі

А) Молекулалық-генетикалық

В) Жасушалық

С) Ұлпалық

D) Мүшелік

Е) Популяциялық-түрлік


24.Тіршіліктің ғаламдық деңгейі

А) Молекулалық-генетикалық

В) Жасушалық

С) Ұлпалық

D) Мүшелік

Е) Биосфералық


25.Сыртында жұқа су қабықшасы бар жоғары молекулалы жиынтық

А) Коацерваттар

В) Протобионттар

С) Прокариоттар

D) Эукариоттар

Е) Нәруыз

26. «Тіршілік» деген ұғымға алғаш рет анықтама берген ғалым

А) А.И. Опарин

В) Ф. Энгельс

С) Д.Бернал

D) В.И. Вернадский

Е) В.В. Докучаев

27.Тіршіліктің жасушалар мен жасушааралық заттардан тұратын деңгейі

А) Молекулалық-генетикалық

В) Жасушалық

С) Ұлпалық

D) Мүшелік

Е) Биосфералық

28.Алғашқы тұтас эволюциялық теория жасаған ең көрнекті трансформист

А) К.Линней

В) Ж.Б.Ламарк

С) Ч.Дарвин

D) Э.Геккель

Е) А.Северцев

29.Қосарлы атаутізімді ғылымға енгізген ғалым

А) К.Линней

В) Ж.Б.Ламарк

С) Ч.Дарвин

D) Э.Геккель

Е) А.Северцев

30.Эволюциялық ілімнің негізін салған ғалым

А) К.Линней

В) Ж.Б.Ламарк

С) Ч.Дарвин

D) Э.Геккель

Е) А.Северцев

31. «Зоология философиясы»атты еңбек жазған ғалым

А) К.Линней

В) Ж.Б.Ламарк

С) Ч.Дарвин

D) Э.Геккель

Е) А.Северцев

32. «Табиғи жүйе» және «ботаника философиясы еңбектерінің авторы

А) К.Линней

В) Ж.Б.Ламарк

С) Ч.Дарвин

D) Э.Геккель

Е) А.Северцев

33.Бәрі кеңістікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, генетикалық жүйе құрап, бір түрге жататын даралар жиынтығы

А) Микроэволюция

В) Макроэволюция

С) Популяция

D) Түр

Е) Ағза

34.Қолдан сұрыптау кезінде

А) Тепе-теңдік сақталады

В) Жаңа түрлер пайда болады

С) Жаңа іріктемелер шығарылады

D) Зияндысы жойылады

Е) Бейімделе алмағандары тіршілігін жояды

35.Табиғи сұрыпталу кезінде

А) Адамның араласуымен болады

В) Пайдалы жақтарын алу үшін

С) Жаңа іріктемелер шығарылады

D) Жаңа қолтұқымдар шығарылады

Е) Жаңа түрлер пайда болады


36.Бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес

А) Түрішілік

В)Түраралық

С) Өлі табиғатпен

D) Классаралық

Е) Типаралық

37.Микроэволюцияның нәтижесі

А) Тұқымдас түзілу

В) Класс түзілу

С) Түр түзілу

D) Тип түзілу

Е) Отряд түзілу

38.Ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажетті бейімделушілік

А) Бүркеніш рең

В) Сақтандырғыш рең

С) Қызықтырушы рең

D) ҚауІп төндіруші рең

Е) Еліктеуші рең

39.Жауыннан қорғану үшін айбар шегіп құтылу тәсілі

А) Бүркеніш рең

В) Сақтандырғыш рең

С) Қызықтырушы рең

D) Қауіп төндіруші рең

Е) Еліктеуші рең

40.Әр түрдің нақты алып жатқан орнын анықтайтын критерий

А) Физиологиялық

В) Экологиялық

С) Биохимиялық

D) Географиялық

Е) Этологиялық

41.Бір түрдің зат алмасу, көбею, тітіркену ұқсастығын сипаттайтын критерий

А) Физиологиялық

В) Экологиялық

С) Биохимиялық

D) Географиялық

Е) Этологиялық

42.Бір түр мен екінші түр дараларының бір-бірімен шағылыспайтынын көрсететін критерий

А) Морфологиялық

В) Генетикалық

С) Физиологиялық

D) Биохимиялық

Е) Географиялық

43.Тірі организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым

А) Экология

В) Антропология

С) Палеонтология

D) Микология

Е) Зоология

44.Ірі жүйелік топтардың (тип, класс, отряд) қалыптасу процесі

А) Микроэволюция

В) Макроэволюция

С) Дивергенция

D) Идиоадаптация

Е) Дегенерация

45.Биогенетикалық заңның авторы

А) А.Н.Северцов пен И.И.Шмальгаузен

В) Ф.Мюллер мен Э.Геккель

С) К.М.Бэр

D) В.О.Ковалевский мен Ю.А.Филипченко

Е) Ч.Дарвин

46.Тұяқты жануарлардың тарихын зерттеген ғалым

А) В.О.Ковалевский

В) Ф.Мюллер мен Э.Геккель

С) К.М.Бэр

D) В.О.Ковалевский мен Ю.А.Филипченко

Е) Ч.Дарвин

47.Организімдердің жалпы құрылым деңгейін күрделендіріп, жоғары сатыға көтеру

А) Ароморфоз

В) Идиоадаптация

С) Дегенерация

D) Дивергенция

Е) Конвергенция

48.Организмдердің жеке бейімделушілігің арттырады, бірақ организмнің құрылым деңгейінде ешқандай өзгеріс болмай сол қалпында сақталады

А) Ароморфоз

В) Идиоадаптация

С) Дегенерация

D) Дивергенция

Е) Конвергенция

49.Даралардың құрылым деңгейін төмендетіп, биологиялық регреске әкеледі

А) Ароморфоз

В) Идиоадаптация

С) Дегенерация

D) Дивергенерайия

Е) Конвергенерация

50.Дегенерацияның нәтижесі

А) Адамның шығуы

В) Белсенді қозғалыстар жасау

С) Жасушада ядро мен органоидтардың пайда болуы

D) Құрттардың сезім мүшелері жойылуы

Е) Ми қыртысының қарқынды дамуы

51.Аналогтық мүшелер

А) Жарғанаттың қанаты мен тышқанның алдынғы аяғы

В) Көбелек пен құстың қанаттары

С) Үйректұмсық пен түрпінің жұмыртқа

D) Кесіртке мен киттің алдыңғы аяғы

Е) Итмұрынның тікенектері

52.Гомологиялық мүшелер

А) Көбелек пен құстың қанаттары

В) Үйректұмсықтың жұмыртқа салуы

С) Балық пен өзеншаянының желбезектері

D) Көртышқан мен бұзаубастың аяқтары

Е) Жарғанаттың қанаты мен тышқанның алдынғы аяғы


53.Тірі табиғат, яғни тірі организмдер туралы көп салалы ғылым:

A) Ботаника

B) Анатомия

C) Экология

D) Морфология

E)Биология


54.Қазақстанда Мемлекеттік қорықтардың саны:

A) 15

B) 13

C) 9

D) 7

E) 10


55.Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер:

A) Митохондрия

B) Ядро

C) Цитоплазма

D) Пластидтер

E) Рибосома

56.Іші шырынға толы, қабықшасы бар қуыс:

A) Цитоплазма

B) Вакуоль

C) Митохондрия

D) Пластидтер

E) Рибосома

57.Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, қолайсыз жағдайдан сақтайтын ұлпа:

A) Негізгі

B) Жабын

C) Өткізгіш

D) Түзуші

E) Тірек

58.Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:

A) Мүше

B) Ұлпа

C) Мүшелер жүйесі

D) Организм

E) Популяция

59.Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамыр:

A) Қосалқы

B) Жанама

C) Кіндік

D) Шашақ

E) Негізгі

60.Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:

A) Қосалқы

B) Жанама

C) Негізгі

D) Шашақ

E) Кіндік

61.Органикалық тыңайтқышқа жатпайды:

A) Қи

B) Азот

C) Шымтезек

D) Қарашірік

E) Құс саңғыры

62.Жемтамырға жатпайды:

A) Қызылша

B) Сәбіз

C) Шомыр

D) Батат

E) Қант қызылшасы

63.Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ аталады:

A) Бүршік

B) Өркен

C) Буын

D) Буынаралық

E) Бұйыққан бүршік

64.Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен:

A) Гүл

B) Жеміс

C) Тамыр

D) Аталық

E) Аналық

65.Тұқым бүршігі болатын, аналықтың ең негізгі бөлігі:

A) Тозаң

B) Аналық аузы

C) Аналықтың мойны

D) Жатын

E) Тозаңқап

66.Өсімдіктің көбею мүшелеріне жатады:

A) Тамыр, сабақ

B) Сабақ, жапырақ, гүл

C) Тамыр, жеміс. тұқым

D) Гүл, жеміс, тұқым

E) Гүл, жеміс, жапырақ

67.Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы:

A) Гүл серігі

B) Гүл табан

C) Гүлшоғыр

D) Гүл сағағы

E) Күлте

68.Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер:

A) Шие

B) Алма ағашы

C) Асқабақ

D) Алхоры

E) Қайың


69.Бунақденелер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер:

A) Жүгері

B) Қарабидай

C) Қайың

D) Құлмақ

E) Алма ағашы


70.Тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі:

A) Жеміс

B) Тұқым

C) Гүл

D) Ұрық

E) Өркен

71.Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдік аталады:

A) Екі үйлі

B) Бір үйлі

C) Қос жарнақты

D) Дара жарнақты

E) Қос гүлсерікті

72.Қос жарнақты өсімдіктерге жатады:

A) Жуа

B) Бидай

C) Пальма

D) Күнбағыс

E) Лалагүл

73Дара жарнақты өсімдіктерге жатады:

A) Күнбағыс

B) Қауын

C) Үрмебұршақ

D) Қияр

E) Бидай


74.Тұқымның өнуіне қажет:

A) Су, жел, ауа

B) Жылу, жаңбыр

C) Су, жылу, ауа

D) Жел, ауа, қорек

E) Қорек, су, жылу

75.Толық түрленіп даму сатысы:

A) Жұмыртқа – дернәсіл – ересек жәндік

B) Жұмыртқа – ересек жәндік

C) Дернәсіл – жұмыртқа – ересек – жәндік

D) Дернәсіл – жұмыртқа – қуыршақ – ересек жәндік

E) Дернәсіл – қуыршақ – ересек жәндік

76.Шала түрленіп дамитын бунақдене:

A) Қоңыз

B) Көбелек

C) Ара

D) Шыбын

E) Шегіртке


76.Толық түрленіп дамитын бунақдене:

A) Шегіртке

B) Инелік

C) Тарақан

D) Дәуіт

E) Көбелек


77.Жыныс жасушасы аталады:

A) Спора

B) Зооспора

C) Зигота

D) Гамета

E) Хромосома

78.Ұсақ ағзаларды алғаш рет ашқан:

A) Л. Пастер

B) Р. Гук

C) А. Левенгук

D) Ч. Дарвин

E) К. Линней

79.Көзге көрінбейтін ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым:

A) Анатомия

B) Микробиология

C) Экология

D) Энтомология

E) Орнитология

80.Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл, қызыл түсті бактерия:

A) Шіріту

B) Түйнек

C) Цианобактерия

D) Топырақ

E) Ауру туғызатын

81.Бактерия арқылы таралатын ауру:

A) Тұмау

B) Қызылша

C) Шешек

D) Қызамық

E) Ұшық

82.Вирус арқылы таралатын аурулар:

A) Құздама

B) Қызамық

C) Туберкулез

D) Қызылша

E) Сальмонелла

83.Алғаш рет вирусты ашқан:

A) Н.И. Вавилов

B) К. Линней

C) Л. Пастер

D) Ж.Б. Ламарк

E) Д.И. Ивановский


84.Жасушасы жоқ, өте ұсақ ағзалық зат

A) Бактерия

B) Спора

C) Зигота

D) Вирус

E) Бактериофаг

85.Балықтарды зерттейтін ғылым:

A) Орнитология

B) Маммология

C) Ихтиология

D) Энтомология

E) Этология

86.Балықтың денесі тұрады:

A) Бас, мойын, тұлға, құйрық

B) Бас, мойын, түлға

C) Бас, тұлға, құйрық

D) Баскөкірек, құрсақ

E) Бас, көкірек, құрсақ

87.Балықтың тыныс алу мүшесі:

A) Өкпе

B) Ылғалды тері

C) Желбезек

D) Кеңірдек

E) Ауатамырлар

88.Шеміршекті балықтар:

A) Қортпа

B) Шоқыр

C) Акула

D) Пілмай

E) Бахтах

89.Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым:

A) Орнитология

B) Ихтиология

C) Герпетология

D) Маммология

E) Энтомолоия

90.Күйіс қайратын жануарлардың қарны:

A) 2 бөлімді

B) 3 бөлімді

C) 4 бөлімді

D) 5 бөлімді

E) 1 бөлімді

91.Сүтқоректілердің жүрегі:

A) 2 қуысты

B) 3 қуысты

C) 5 қуысты

D) 4 қуысты

E) 6 қуысты

92.Жұмыртқа салатын сүтқоректілер:

A) Түрпітек

B) Құндыз

C) Жұпартышқан

D) Кәмшат

E) Ондатра

93.Ұшатын сүтқоректілер:

A) Ақбауыр жарқанат

B) Жұпартышқан

C) Құлақты кірпі

D) Түрпітек

E) Түрпі

94.Кемірушілерге жатады:

A) Жұпартышқан

B) Қара кірпі

C) Қалқанқұлақ

D) Ондатра

E) Жертесер

95.Сусар тұқымдастарына жатады:

A) Қоян

B) Бұлғын

C) Түлкі

D) Мысық

E) Ит

96.Жұптұяқтыларға жатады:

A) Бегемот

B) Жылқы

C) Құлан

D) Жолат (зебр)

E) Тарпан

97.Көңтабандылар отрядына жатады:

A) Жылқы

B) Сиыр

C) Шошқа

D) Бегемот

E) Түйе


98.Айыр өркешті түйені ғылыми тілде:

A) Дромадер

B) Бактериан

C) Түйетек

D) Түйебас

E) Таутайлақ

99.Ата-ананың тұқым қуалайтын қасиеттерін ұрпаққа жеткізеді:

A) Лизосома

B) Митохондрия

C) Лейкоцит

D) Хромосома

E) Рибосома

100.Организм клеткаларындағы хромосомалар саны:

A) 43

B) 44

C) 45

D) 46

E) 42

101.Күрделі затты жай құрамға ыдырататын активті зат:

A) Нәруыз

B) Гормон

C) Фермент

D) Нуклеин қышқылы

E) Тироксин

102.Эпителий ұлпасының қызметі:

A) Оттегіні тасымалдау

B) Қорғаныш

C) Жиырылу

D) Созылу

E) Қозуды өткізу

103.Жүйке жасушасы аталады

A) Нейрон

B) Фермент

C) Нейроглия

D) Хромосома

E) Лизосома

104.Шеткі жүйке жүйесіне жатады:

A) Ми

B) Жұлын

C) Жүйке

D) Нейрон

E) Жүйкелер, жүйке түйіндері


105.Жұлыннан таралатын аралас жүйкелер саны:

A) 12 жұп

B) 32 жұп

C) 10 жұп

D) 11 жұп

E) 31 жұп

106.Жұлынның негізгі қызметі:

A) Жиырылу, өткізу

B) Көбею, өткізу

C) Өсу, рефлекстік

D) Өткізу, рефлекстік

E) Созылу, рефлекстік

107.Мидың орташа салмағы

A) 1000-1200г

B) 2000-2500г

C) 1800-2000г

D) 1300-1400г

E) 1200-1700г

108.Ми қарыншаларындағы сұйықтық:

A) 130-140мл

B) 120-130мл

C) 100-110мл

D) 200-250мл

E) 200-210мл

109.Ми сыңарларының бетінің көлемі:

A) 2000-3000см3

B) 2000-2500см3

C) 1500-1800см3

D) 1900-2000см3

E) 2000-2100см3


110.Мидың торлы қабығының қабынуы:

A) Энцефалит

B) Арахноидит

C) Гепатит

D) Гипертония

E) Бас сақинасы

111.Мишықтың қызметі:

A) Ойлау

B) Асқорыту

C) Қимыл-әрекетті реттеу

D) Тыныс алуды реттеу

E) Көңіл-күйді реттеу

112.Ауырсыну сезімін қабылдап, хабар туғызатын рецептор:

A) Механорецептор

B) Экстрарецептор

C) Осморецептор

D) Ноцицептор

E) Рецептор

113.Көздің қарашығы орналасқан:

A) Қасаң қабықша

B) Нұрлы қабықша

C) Ақ қабықша

D) Тамырлы қабықша

E) Торлы қабықша

114.Құтышалар мен таяқшалар орналасады:

A) Ақ қабықта

B) Қасаң қабықта

C) Тамырлы қабықта

D) Торлы қабықта

E) Нұрлы қабықта

115.Адамның көзіндегі таяқшалар саны:

A) 100 млн

B) 120 млн

C) 200 млн

D) 130 млн

E) 7 млн

116.Адамның көзіндегі құтышалардың саны:

A) 4 млн

B) 5 млн

C) 3 млн

D) 6 млн

E) 7 млн


117.Көзге түрлі түс беретін бояу клеткалары орналасады:

A) Тамырлы қабықта

B) Көздің қарашығында

C) Нұрлы қабықта

D) Торлы қабықта

E) Қасаң қабықта

118.Адамда нәрсенің түсін айыра алмайтын ауру:

A) Бақшаңкөз

B) Дальтонизм

C) Кретинизм

D) Ақшам соқыр

E) Микседема

119.Құлық түзіледі:

A) Сыртқы құлақта

B) Ішкі құлақта

C) Ортаңғы құлақта

D) Жарғақ қуысында

E) Дабыл жарғағында

120.Вестибула мүшесі орналасқан:

A) Жарғақ қуысында

B) Ортаңғы құлақта

C) Ішкі құлақта

D) Сыртқы дыбыс жолында

E) Дабыл жарғағында

121.Тілдің ұшы сезеді:

A) Ащыны

B) Қышқылды

C) Тұздыны

D) Тәттіні

E) Тұзды, тәттіні

122.Тілдің түп жағы сезеді:

A) Қышқылды

B) Тәттіні

C) Тұзды

D) Тәттіні, тұзды

E) Ащыны


123.Қалқанша безінің гормоны:

A) Паратгормон

B) Адреналин

C) Вазопрессин

D) Тироксин

E) Окситоцин

124.Ішкі секреция бездерінің ауруларын зерттейтін ғылым:

A) Стоматология

B) Кардиология

C) Эндокринология

D) Гематология

E) Гельминтология

125.Тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі:

A) Биогеоценоздық

B) Биосфералық

C) Ағзалық

D) Популяциялық, түрлік

E) Жасушалық

126.Көмірсуға жатады:

A) Глицерин

B) Альбумин

C) Гемоглобин

D) Миозин

E) Глюкоза


127.Күрделі көмірсуға жатады:

A) Лактоза

B) Фруктоза

C) Рибоза

D) Галактоза

E) Крахмал


128.1 грамм көмірсу ыдырағанда бөлінетін энергия

A) 34,2 кДж

B) 35,2 кДж

C) 15,2 кДж

D) 17,6 кДж

E) 44 кДж

129.1 грамм май ыдырағанда бөлінетін энергия:

A) 38,9 кДж

B) 37,6 кДж

C) 35,6 кДж

D) 17,6 кДж

E) 40 кДж

130.Нәруыздың мономерлері:

A) Нуклеотидтер

B) Нуклеин қышқылы

C) Амин қышқылы

D) Глицерин

E) Глюкоза

131.Өсімдік жасушаларында қорға жиналатын зат:

A) Гликоген

B) Крахмал

C) Май

D) Нәруыз

E) Липит

132.Көмірсудың негізгі қызметі

A) Құрылымдық

B) Ферментативтік

C) Энергетикалық

D) Реттеу

E) Тасымалдау

133.ДНҚ құрамында жоқ нуклеотид:

A) Аденин

B) Гуанин

C) Тимин

D) Цитозин

E) Урацил


134.РНҚ құрамында жоқ нуклеотид:

A) Аденин

B) Гуанин

C) Урацил

D) Тимин

E) Цитозин

135.РНҚ молекуласының ДНҚ-дан айырмашылығы:

A) Бір желілі

B) Екі желілі

C) Үш желілі

D) Төрт желілі

E) Бес желілі

136.Нәруыз биосинтезі жүреді

A) Цитоплазмада

B) Эндоплазмалық торда

C) Рибосомада

D) Митохондрияда

E) Ядрода

137.Фотосинтез үдерісі жүреді:

A) Саңырауқұлақта

B) Бактерияда

C) Вируста

D) Өсімдікте

E) Жануарда

138.Ғылым тарихына жүйелеу атасы ретінде енді:

A) А. Левенгук

B) Ж.Б. Ламарк

C) Р. Гук

D) Л. Пастер

E) К. Линней


139.Ағзалардың өз ата тектеріне ұқсау және кейбір белгілерін өз ұрпақтарына беру қасиеті:

A) Өзгергіштік

B) Тұқымқуалаушылық

C) Тіршілік үшін күрес

D) Табиғи сұрыпталу

E) Қолдан сұрыптау

140.Түрлер мен түршелердің пайда болу үдерісі:

A) Макроэволюция

B) Микроэволюция

C) Дивергенция

D) Ароморфоз

E) Дегенерация

141.Түрден кіші жүйелік санат:

A) Түрше

B) Ағза

C) Популяция

D) Эволюция

E) Дивергенция

142.Морфологиялық – физиологиялық кері кету:

A) Идиоадаптация

B) Ароморфоз

C) Дегенерация

D) Макроэволюция

E) Микроэволюция

143.Морфологиялық – физиологиялық үдеріс:

A) Макроэволюция

B) Дегенерация

C) Ароморфоз

D) Идиоадаптация

E) Микроэволюция

144.Осы заман типіндегі адамдар:

A) Питекантроп

B) Синантроп

C) Австролопитек

D) Неандерталдық

E) Кроманьондық


145.Құстарды зерттейтін ғылым:

A) Маммология

B) Ихтиология

C) Герпетология

D) Орнитология

E) Гельминтология

146.Құстардың жүрегі:

A) Екі қуысты

B) Үш қуысты

C) Төрт қуысты

D) Бес қуысты

E) Бір қуысты

147.Ұшуға бейімделуіне байланысты құстарда болмайды:

A) Өкпе

B) Бүйрек

C) Бауыр

D) Қуық

E) Қарын

148.Төс сүйегінде қыры болмайтын құс:

A) Тырна

B) Жапалақ

C) Аққу

D) Түйеқұс

E) Тауық

149.Балапаны қызылшақа:

A) Тауық

B) Үйрек

C) Қаз

D) Аққу

E) Торғай


150.Балапаны ширақ:

A) Торғай

B) Сауысқан

C) Көгершін

D) Тоқылдақ

E) Қаз

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияЖорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы (тест сұрақтары)

Қазақ тіліҚазақ тілінен орыс сыныбына арналған тест сұрақтары

Тесттер6-класта қазақ тілінен өткенді қайталау (Тест сұрақтары)

ТесттерҚазақ тілінен 5-класқа қайталау тест сұрақтары

ТесттерҚазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған тест. І нұсқа

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110071

Пікірлер (1)
Ғалымжан # 1 наурыз 2016 в 18:59 0
Тест нақты жаксы жазылған!Пробныйларда көмегі тиіп жатыр рахмет!!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар