Физикалық географиядан қазақ тілінде тест. 6 сынып

26 қаңтар 2014 - Админ
Физикалық географиядан қазақ тілінде тест. 6 сынып

 Физикалық географиядан қазақ тілінде тест. 6 сынып.

1.      География ғылымы бөлінеді…

A) 2 салаға
B) 1 салаға
C) 3 салаға
D) 4 салаға
E) 5 салаға
Дұрыс жауап: A

2.      География ғылымы ретінде пайда болған
A) Римде
B) Грекияда
C) Египетте
D) Испанияда
E) Италияда
Дұрыс жауап: В

3.      Тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғымды айтқан
A) Римдіктер
B) Гректер
C) Немістер
D) Испандықтар
E) Португалдықтар
Дұрыс жауап: В

4.      Магелланның саяхатының нәтижесінде дәлелденді
A) Жердің құрлық екендігі
B) Жердің дөңгелек екендігі
C) Жердің шар тәрізді екендігі
D) Жердің көп бөлігі су екендігі
E) Жердің көп бөлігі арал екендігі
Дұрыс жауап: С

5.      Орта Азия мен Орталық Азияны зерттеуге үлкен үлес қосты
A) П.П. Семенов
B) Н.М. Пржевальский
C) Ш. Уәлиханов
D) И.В. Мушкетов
E) Л.С. Берг
Дұрыс жауап: С

6.      Күн жүйесіндегі планеталар саны
A) 7 планета
B) 8 планета
C) 9 планета
D) 10 планета
E) 11 планета
Дұрыс жауап: С

7.      Жердің полюстік радиусы экваторлық радиустан
A) 22 км. қысқа
B) 21 км. қысқа
C) 20 км. қысқа
D) 23 км. қысқа
E) 24 км. қысқа
Дұрыс жауап: В

8.      Жер пішіні шар тэріздес болғандықтан оның бетіне күн сәулесі түседі
A) бірдей
B) әркелкі
C) тура
D) тік
E) бұрыштан
Дұрыс жауап: В

9.      Күн жүйесіне кіретін ұсақ аспан денелері
A) Планеталар
B) Ай
C) Астероидтар
D) Шаң-тозаң
E) Ай
Дұрыс жауап: С

10. Жер өз білігінен… айналады
A) Оңтүстіктен солтүстікке қарай
B) Шығыстан батысқа қарай
C) Батыстан шығысқа қарай
D) Батыстан оңтүстікке қарай
E) Шығыстан оңтүстікке қарай
Дұрыс жауап: С

11. Жер күнді бір рет айналып шығады
A) 364-365 күнде
B) 362-663 күнде
C) 367 күнде
D) 368 күнде
E) 369 күнде
Дұрыс жауап: A

12. Жердегі “Кібісе жылы” қайталанып отырады
A) Әрбір 3-ші жылда
B) Әрбір 4-ші жылда
C) Әрбір 2-ші жылда
D) Әрбір 5-ші жылда
E) Әрбір 6-ші жылда
Дұрыс жауап: B

13. Меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор
A) Глобус торы
B) Карта торы
C) Градус торы
D) Шар торы
E) Жердің торы
Дұрыс жауап: C

14. Жер бетінін қағазға кішірейтіліп түсірілген бейнесі
A) План
B) Сурет
C) Карта
D) Жер бедері
E) Фотосурет
Дұрыс жауап: C

15. Әртүрлі сулар картада бейнеленеді
A) Жасыл түспен
B) Көгілдір түспен
C) Ақ түспен
D) Қызыл түспен
E) Қоңыр түспен
Дұрыс жауап: B

16. Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты
A) Ноосфера
B) Тропосфера
C) Стратосфера
D) Жоғарғы қабат
E) Озон қабаты
Дұрыс жауап: B

17. Күннен таралатын “әсірекүлгін” сәулелерді ұстап қалатын атмосфераның қабаты
A) Жоғарғы қабат
B) Төменгі қабат
C) Озон қабаты
D) Ауа қабаты
E) Тропосфера
Дұрыс жауап: C

18. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал
A) Гигрометр
B) Барометр
C) Термометр
D) Миллиметр
E) Миллибар
Дұрыс жауап: B

19. Ауаның салыстырмалы ылғалдығын өлшейтін құрал
A) Желбезен
B) Гигрометр
C) Термометр
D) Конденсатор
E) Борометр
Дұрыс жауап: B

20. Жерге жауын-шашын әкелмейетін бұлт
A) Будақ
B) Қабат
C) Шарбы
D) Қабатты
E) Ұлпа
Дұрыс жауап: С

21. Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғал
A) Жаңбыр
B) Шық
C) Қар
D) Бұршақ
E) Жауын
Дұрыс жауап: B

22. Адам желдің күшін пайдаланады
A) Өндірісте
B) Электр қуатын алуға
C) Ауылшаруашылығында
D) Егін шаруашылығында
E) Мал шаруашылығында
Дұрыс жауап: B

23. Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ күн
A) 20-шы маусым
B) 21-ші маусым
C) 22-ші маусым
D) 23-ші маусым
E) 24-ші маусым
Дұрыс жауап: C

24. Тропосфераның белгілі бір жердегі қысқа мерзімдік жай-күйі
A) Климаты
B) Ауасы
C) Ауа райы
D) Ылғалдығы
E) Бұлттылығы
Дұрыс жауап: C

25. Жердегі әр жарты шарда негізгі ауа массасы… болады
A) 3
B) 4
C) 2
D) 5
E) 6
Дұрыс жауап: B

26. Ауа райын бақылап отырады
A) Стансалар
B) Метеорологтар
C) Синоптиктер
D) Гидрологтар
E) Сейсмологтар
Дұрыс жауап: B

27. Жердің тірі ағзалар мекендейтін қабығын атайды
A) Тропосфера
B) Биосфера
C) Гидросфера
D) Литосфера
E) Атмосфера
Дұрыс жауап: B

28. Белгілі бір табиғи ортаға шоғырланған ағзалар тіршілік бірлестігін құрайды
A) Өсімдіктер
B) Жануарлар
C) Биоценоз
D) Адамдар
E) Құстар
Дұрыс жауап: C

29. Өсімдік пен жануарлардың таралуына әсіресе қажетті жағдай
A) Жарық
B) Климат
C) Табиғат
D) Ауа
E) Жер бедері
Дұрыс жауап: B

30. Географиялық компоненттің бір бөлігі
A) Шыны
B) Жиһаз
C) Су
D) Мата
E) Жүк
Дұрыс жауап: C

31. Табиғат компоненттерінің жиынтығы… құрайды
A) Жерді
B) Материкті
C) Табиғат кешенін
D) Мұхитты
E) Қабықтарды
Дұрыс жауап: C

32. Жердегі ең үлкен табиғат кешені
A) Материк
B) Географиялық қабық
C) Мұхит
D) Ландшафт
E) Аймақ
Дұрыс жауап: B

33. Жер бетіндегі адамзат сыртқы келбетінің ерекшеліктеріне байланысты… бөлінеді
A) 1 – нәсілге
B) 2 – нәсілге
C) 3 – нәсілге
D) 4 – нәсілге
E) 5 – нәсілге
Дұрыс жауап: C

34. Европеидтық нәсілдің өкілдеріне жатады
A) Орыс пен немістер
B) Қытай мен монғолдар
C) Қазақ пен татарлар
D) Үндістер мен аборигендер
E) Корейлер мен жапондар
Дұрыс жауап: A

35. Әр түрлі нәсілдердің өкілдері бір-бірінен ерекшеленеді
A) Ойлау қабілетімен
B) Көру қабілетімен
C) Ұғу қабілетімен
D) Есту қабілетімен
E) Сырт қабілетімен
Дұрыс жауап: E

36. 2-Дүниежүзілік соғыс қарсаңында нәсілдік кемсітушілік үлкен орын алған
A) Қазақстанда
B) Германияда
C) Қытайда
D) Жапонияда
E) Қырғызстанда
Дұрыс жауап: B

 

37. Жер бетінің табиғаты, халқы, оның шаруашылық әрекеті туралы ғылым:
A) Геология
B) Гидрология
C) География
D) Картография
E) Топография
Дұрыс жауап: C

38. Грек тілінен аударғанда «география» сөзінің мағынасы:
A) Жерді өлшеу
B) Жерді зерттеу
C) Жерді оқу
D) Жерді сипаттап жазу
E) Жерді сызу
Дұрыс жауап: D

39. Дүние жүзін алғаш рет айналып шыққан саяхатшы:
A) Н.М.Пржевальский
B) Дж.Кук
C) Васко да Гама
D) Ф.Магеллан
E) Х.Колумб
Дұрыс жауап: D

40. «Ұлы географиялық ашулар» заманы:
A) ХVғ.
B) ХVғ.аяғы–ХVІІғ.ортасы
C) ХVІ ғ.басы
D) ХVІІғ.
E) ХVІғ.ортасы-ХVІІғ.басы
Дұрыс жауап: B

41. Христофор Колумб экспедиция бастаған жыл:
A) 1521
B) 1700
C) 1492
D) 1821
E) 1892
Дұрыс жауап: C

42. География ғылымы зерттейді.
А) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын.
В) Жердіз табиғатын, халқын, оныз шаруашылығын.
С) Табиғат денелері мен құбылыстарды.
D) Жер бетініз жеке аймақтарын.
Е) Жердіз Күн жүйесіндегі орнын.
Дұрыс жауап: В

43. «География» ұғымын енгізген
А) Аристотель
В) Эратосфен
С) Геродот
D) Страбон
Е) Платон
Дұрыс жауап: В

44. География ғылымыныз салалары.
А) Экономикалық,әлеуметтік.
В) Саяси, физикалық.
С) Физикалық, экономикалық.
D) Аймақтық, физикалық.
Е) Рекреациялық, экономикалық
Дұрыс жауап: С

45. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар:
A) Плутон
B) Нептун
C) Сатурн
D) Уран
E) Меркурий
Дұрыс жауап: E

46. Күннен ең алыс орналасқан ғаламшар:
A) Шолпан
B) Жер
C) Плутон
D) Марс
E) Уран
Дұрыс жауап: C

47. Қазақтың тұңғыш ғарышкері:
A) Талғат Мұсабаев
B) Юрий Гагарин
C) Нил Армстронг
D) Тоқтар Әубакіров
E) Эдвин Олдрин
Дұрыс жауап: D

48. Күзгі күн теңелуі:
A) 21 наурыз
B) 23 қыркүйек
C) 22 желтоқсан
D) 22 маусым
E) 29 желтоқсан
Дұрыс жауап: B

49. Көктемгі күн теңелуі:
A) 21 наурыз
B) 23 қыркүйек
C) 22 желтоқсан
D) 22 маусым
E) 29 желтоқсан
Дұрыс жауап: A

50. Жердің радиусы:
A) 40000 км
B) 6371 км
C) 2900 км
D) 3600 км
E) 5400 км
Дұрыс жауап: B

51. Жер Күннен… орналасқан?
А) 1-ші
В) 2-ші
С) 3-ші
D) 4-ші
Е) 5-ші
Дұрыс жауап: С

52. Жердің шар тәріздес болуының географиялық мәні.
А) Күн сәулелері әркелкі таралады.
В) Күн сәулелері бірдей түседі.
С) Жердің дәл картасы жасалады.
D) Жер бедеріне әсер етеді.
Е) Ешқандай мәні жоқ
Дұрыс жауап: А

53. Жер бетінде жыл маусымдарының ауысу себебі.
А) Жер білігінің обитасына тік орналасуы.
В) Күннің Жерді зор тарту күші.
С) Жыл мезгілдері ауыспайды.
D) Күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсу уақытының ұзақтығы.
Е) Жердің өз осінен айналуынан
Дұрыс жауап: D

54. Жер өз білігін айналып өтеді
А) 21 сағатта
В) 22 сағатта
С) 23 сағатта
D) 24 сағатта
Е) 25 сағатта
Дұрыс жауап: D

55. Жердің білігі орбита кезістігіне орналасқан
А) 23,5ғ
В) 33,5ғ
С) 65ғ
D) 66,5ғ
Е) 86,5ғ
Дұрыс жауап: D

56. Оңтүстік жарты шарда жаз айлары
А) Маусым, шілде, тамыз
В) Қыркүйек, қазан, қараша
С) Желтоқсан, қаңтар, ақпан
D) Наурыз, сәуір, мамыр
Е) Қазан, қараша, желтоқсан
Дұрыс жауап: С

57. Көкжиек тұстарының бағыттары:
A) Рулетка
B) Азимут
C) Флюгер
D) Румб
E) Нивелир
Дұрыс жауап: D

58. Жердегі белгілі бір зат пен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш:
A) Масштаб
B) Полюс
C) Нивелир
D) Рулетка
E) Азимут
Дұрыс жауап: E

59. 270º азимутқа сәйкес келетін көкжиек түсі:
A) Солтүстік
B) Оңтүстік
C) Батыс
D) Солтүстік-шығыс
E) Шығыс
Дұрыс жауап: C

60. Шығыс бағытына сәйкес келетін азимут:
A) 0º
B) 90º
C) 180º
D) 270º
E) 360º
Дұрыс жауап: B

61. 1 см–100 м масштабы:
A) Ірі
B) Атаулы
C) Сандық
D) Сызықтық
E) Ұсақ
Дұрыс жауап: B

62. Жерде әр түрлі бағыттың азимутын анықтайтын аспап:
A) Планшет
B) Термометр
C) Тұсбағар
D) Нивелир
E) Флюгер
Дұрыс жауап: C

63. Көкжиек дегеніміз…
А) Тұрған жеріңді бағдарлау.
В) Жер бетінің көзге көрінетін бөлігі.
С) Азимут бойынша жүру.
D) Картадан қашықтықты өлшеу.
Е) Қажетті бағытты тауып жүру.
Дұрыс жауап: В

64. Жергілікті жерді бағдарлау… айтамыз.
А) Көкжиек тұстарын табуды
В) Берілген бағыт пен солтүстік бағыттыз арасындағы бұрышты.
С) Карта бойынша географиялық ендікті анықтауды.
D) Карта бойынша географиялық бойлықты анықтауды.
Е) Картада жер бетіндегі объектілерді бейнелеуді
Дұрыс жауап: А.

65. Солтүстік бағыт пен жердегі заттың арасындағы бұрыш.
А) Румб
В) Градус торы…
С) Географиялық ендік.
D) Географиялық бойлық.
Е) Азимут.
Дұрыс жауап: Е.

66. Азимут өлшенетін градус аралығы
А) 90ғ-180ғ
В) 180ғ-270ғ
С) 270ғ-360ғ
D) 0ғ-360ғ
Е) 0ғ-180ғ
Дұрыс жауап: D

67. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал
А) Тұсбағдар
В) Нивелар
С) Барометр
D) Гигрометр
Е) Термометр
Дұрыс жауап: А

68. Жер бетінде қашықтықты өлшеу тәсілдері.
А) Жер бетінде заттардың қай бағытта орналасқанын анықтау.
В) Тұсбағдардыз көмегімен
С) Таспамен, өлшеуіш ашамен, қадаммен, көз мөлшерімен
D) Жер бетін планға түсіру арқылы.
Е) Масштабтың көмегімен.
Дұрыс жауап: С.

69. Масштаб дегеніміз не?
А) Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде кішірейтілгенін көрсететін шама.
В) Картада көрсетілген қашықтықтың саны.
С) Екі объектінің арасындағы қашықтық.
D) Белгілі бір затқа бағытталған бұрыш.
Е) Картадағы қашықтықтың өлшемін көрсету
Дұрыс жауап: А

70. Жергілікті жердің планы
А) Жер бетініз жалпы сипаты
В) Жердегі заттардың пішіні.
С) Жердегі заттардың ара қашықтығы.
D) Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы
Е) Жердегі заттардың алып жатқан орны.
Дұрыс жауап: D

71. Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктік
А) Салыстырмалы.
В) Абсолюттік.
С) Горизонтальдар.
D) Жер бедері.
Е) Бергштрхтар.
Дұрыс жауап: В

72. Горизонтальдар деп аталады.
А) Шартты белгілер.
В) План мен картада биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.
С) Жер бетініз сипаты.
D) Бергштрихтар.
Е) План мен картадағы бағыттар.
Дұрыс жауап: В

73. Ірі масштабты анықтаңдар:
A) 1:5000
B) 1:25000
C) 1:10000
D) 1:50000
E) 1:100000
Дұрыс жауап: A

74. Ұсақ масштабты анықтаңдар:

A) 1:1000000
B) 1:200000
C) 1:50000
D) 1:500000
E) 1:25000
Дұрыс жауап: A

75. Нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығы:
A) Ендік
B) Меридиан
C) Экватор
D) Бойлық
E) Параллель
Дұрыс жауап: D

76. Жер бетіндегі бір полюстен екінші полюске қарай шартты түрде жүргізілетін сызық:
A) Экватор
B) Меридиан
C) Параллель
D) Горизонталь
E) Бергштрих
Дұрыс жауап: C

77. Материктер, мұхиттар, теңіздер, аралдар,өзендер, көлдер бейнеленген карта:
A) Климаттық
B) Саяси
C) Физикалық
D) Экономикалық
E) Синоптикалық
Дұрыс жауап: C

78. Экватордың ұзындығы(км):
A) 20000
B) 40000
C) 60000
D) 30000
E) 50000
Дұрыс жауап: B

79. Жердің нақты үлгісі.
А) Карта.
В) План.
С) Глобус.
D) Масштаб.
Е) Планшет.
Дұрыс жауап: С.

80. Географиялық карта дегеніміз.
А) Жер бетінің белгілі масштаб бойынша жазықтықта шартты белгілермен кескінделуі.
В) Жазықтықтағы жердің кескінделуі.
С) Жер беті кіші бөлігінің кескінделуі.
D) Жер бетініз барлық көлемін қамту.
Е) Жер бетініз дөңестігін ескеру.
Дұрыс жауап: А

81. Экваторға сәйкес келетін жауапты анықта.
А) Бұл ең ұзын параллель.
В) Оның ұзындығы кез келген меридиан ұзындығына тең.
С) Ол дата ауысу сызығы.
D) Ол глобуста жарты шеңбер
Е) Ол Австралияны кесіп өтетін сызық
Дұрыс жауап: А

82. Глобус пен карта бетіндегі экваторға параллель жүргізілген сызықтар.
А) Азимут.
В) Экватор.
С) Радиус.
D) Параллельдер.
Е) Меридиандар.
Дұрыс жауап: D

83. Географилық ендік деп атаймыз.
А) Градус торын.
В) Меридианнан белгілі бір жерге дейінгі градус есебімен алынған қашықтықты.
С) Экватордан белгілі бір жерге дейінгі градус есебімен алынған қашықтықты.
D) Меридиандар мен параллельдердің бейнелеу ерекшеліктерін.
Е) Азимутты.
Дұрыс жауап: С

84. Меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болады.
А) Бойлықтар.
В) Ендіктер.
С) Градус торы.
D) Параллельдер.
Е) Меридиандар.
Дұрыс жауап: С.

85. Мазмұнына қарай карталар… топқа бөлінеді
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5
Дұрыс жауап: В.

86. Карталар масштабына… болып бөлінеді.
А) тақырыптық, жалпы географиялық
В) климаттық
С) өте ірі.
D) Топографиялық.
Е) Ұсақ, орташа, ірі.
Дұрыс жауап: Е

87. Ең ірі масштабты көрсет
А) 1:5000
В) 1:2000
С) 1:250
D) 1:150
Е) 1:10
Дұрыс жауап: Е

88. Географиялық картадан құрлықтың биіктігін және мұхиттың тереңдігін анықтауға болады
А) Географиялық кардағы сандық көрсеткіштер көмегімен.
В) Географиялық координаталар көмегімен.
С) Биіктік пен шкалалар көмегімен.
D) әр түрлі есептерді шешу арқылы
Е) Географиялық картада биіктік пен тереңдікті анықтау мүмкін емес.
Дұрыс жауап: С

89. 00 ендік пен 00 бойлық координаталарында орналасқан
А) Еуразия материгі.
В) Атлант мұхиты.
С) Географиялық полюс.
D) Австралия материгі.
Е) үнді мұхиты.
Дұрыс жауап: В

90. Жер бетіне шығып төгілген магма:
A) Гейзер
B) Кратер
C) Ядро
D) Лава
E) Жанартау
Дұрыс жауап: D

91. Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын қайнар:
A) Жанартау
B) Гейзер
C) Кратер
D) Эпицентр
E) Магма
Дұрыс жауап: B

92. Орташа биіктегі тау:
A) Кавказ
B) Алтай
C) Карпат
D) Тянь-Шань
E) Памир
Дұрыс жауап: C

93. Абсолют биіктігі 500м асатын жазық:
A) Қырат
B) Ойпат
C) Таулы үстірт
D) Төбе
E) Аласа таулар
Дұрыс жауап: C

94. Магмалық тау жыныс:
A) Тас көмір
B) Базальт
C) Шымтезек
D) Мәрмәр
E) Құмтас
Дұрыс жауап: B

95. Жердің ең ортасында орналасқан:
A) Мантия
B) Жер қыртысы
C) Ядро
D) Магма
E) Лава
Дұрыс жауап: C

96. Бұрын теңіз түбі болып, кейін көтерілудің нәтижесінде пайда болған жазықтар:
A) Тегіс жазықтар
B) Төбелі жазықтар
C) Қырат жазықтар
D) Алғашқы жазықтар
E) Таулы жазықтар
Дұрыс жауап: D

97. Жер шарының сыртқы қатты тас қабаты
А) Атмосфера
В) Гидросфера
С) Литосфера
D) Биосфера
Е) Географиялық қабық
Дұрыс жауап: С

98. Жердің ішкі құрылысы… қабаттарынан тұрады
А) Литосфера, мантия.
В) Ядро, гидросфера
С) Жер қыртысы, биосфера
D) Литосфера, жер қыртысы
Е) Жер қыртысы, мантия, ядро.
Дұрыс жауап: Е

99. Литосфералық тақталар жылына қозғалады /см/
А) 2-5 см
В) 10-20 см
С) 20-30 см
D) 30-40 см
Е) 40-50 см
Дұрыс жауап: А

100.                     Тау жыныстарының түрлері
А) Биологиялық
В) Тақталар
С) Ядро
D) Мантия
Е) Шөгінді, магмалық, метаморфтық.
Дұрыс жауап: Е

101.                     Жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу әсерінен туатын жер астының қозғалысы
А) Жанартау атқылауы.
В) Жер сілкіну.
С) Эпицентр.
D) Тау жасалу.
Е) Баяу қозғалу.
Дұрыс жауап: В

102.                     Таулар дегеніміз…
А) Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатты тілімденген биік бөліктері.
В) Жер бетінің аз тілімденген, тегіс алқабы.
С) Ішкі күштердің әсері.
D) Жер қыртысындағы болып жатқан үрдістер.
Е) Жер бедері түрлерінің өзгеруі.
Дұрыс жауап: А

103.                     Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті алқабы
А) Жазықтар.
В) Таулар.
С) Қыраттар.
D) үстірттер.
Е) Ойпаттар
Дұрыс жауап: А

104.                     Терең мұхит түбі ойыстары… деп аталады
А) Шельф
В) Шұңғыма
С) Қайраң
D) Қазан шұңқыры
Е) Мұхит жазығы
Дұрыс жауап: В

105.                     Материктік жер қыртысының таулар астындағы қалыңдығы
А) 20-30 км
В) 30-40 км
С) 40-50 км
D) 50-60 км
Е) 70-80 км
Дұрыс жауап: Е

106.                     Ойпаттардың мұхит деңгейінен салыстырмалы биіктігі
А) 0 м-ден 200 м-ге дейін
В) 200 м-ден 500 ге дейін
С) 500 м-ден 1000 м-ге дейін
D) 1000 м-ден 1500 м-ге дейін
Е) 1500 м-ден 2000 м-ге дейін
Дұрыс жауап: А

107.                     Жанартаулар мен жер сілкінісі жиі болатын аймақ
А) Маржан аралдарында
В) Жазықтарда
С) Материк шетіндегі таулы аудандарда
D) үнді мұхитында
Е) Платформаларда
Дұрыс жауап: С

108.                     Жанартаудың төбесінде пайда болған шұңқыр
А) Жанартау көмейі
В) Кратер
С) Магма
D) Жанартау ошағы
Е) Эпицентр
Дұрыс жауап: В

109.                     Көпшілік жанартаулар… мұхитының жағалауында
А) Солтүстік Мұзды
В) үнді
С) Тынық
D) Атлант
Е) Оңтүстік
Дұрыс жауап: С

110.                     Екі немесе бірнеше тау жоталарының түйісуі
А) Таулы аймақ
В) Торабы
С) Таулы жерлер
D) Тау түйінділері
Е) Таулы өлке
Дұрыс жауап: В

111.                     Орташа биіктіктегі таулар мұхит деңгейінен биікте орналасқан
А) 200-500 м
В) 500-1000 м
С) 1000-2000 м
D) 1500-2000 м
Е) 2000-3000 м
Дұрыс жауап: С

112.                     Материктік жер қыртысының мұхиттық жер қыртысынан айырмасы
А) Гранитті қабаты бар
В) Шөгінді қабаты жоқ
С) Жоғары мантия қабаты жоқ
D) Базальт қабаты бар
Е) Айырмашылық жоқ
Дұрыс жауап: А

113.                     Органикалық жолмен пайда болған шөгінді жыныстар
А) Тас көмір, шымтезек
В) Бор, гранит
С) Құм, мәрмәр
D) Саз, темір кені
Е) Тұз, шымтезек
Дұрыс жауап: А

114.                     Ең жоғары және ең төменгі температуралардың айырмасы:
A) Изобара
B) Изотерма
C) Ылғалдылық
D) Амплитуда
E) Ауа райы
Дұрыс жауап: D

115.                     Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы:
A) Ылғадылық
B) Конденсация
C) Амплитуда
D) Ауа райы
E) Құрғақшылық
Дұрыс жауап: B

116.                     66,5ºс.е. және 66,5ºо.е. параллельдердің атауы:
A) Тропиктер
B) Поляр шеңбері
C) Поляр белдеулері
D) Тропиктік белдеу
E) Экватор
Дұрыс жауап: B

117.                     Құрғақ ауаның газдық құрамы:
A) 71% азот,28% оттегі
B) 28% азот,71% оттегі
C) 21% азот,78% оттегі
D) 78% азот,21% оттегі
E) 1% азот,78% оттегі
Дұрыс жауап: D

118.                     Ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспап:
A)Анемометр
B)Барометр
С)Термометр
D)Гигрометр
E)Флюгер
Дұрыс жауап: D

119.                     Тәулік ішінде бағыттарын өзгертіп отыратын жел:
A) Цунами
B) Бриз
C) Пассат
D) Муссон
E) Торнадо
Дұрыс жауап: B

120.                     Атмосфераның құрылысы:
A) Тропосфера, стратосфера, мезосфера
B) Мезосфера, тропосфера, гидросфера
C) Биосфера, гидросфера, термосфера
D) Мезосфера, экзосфера, биосфера
E) Стратосфера, гидросфера, экзосфера
Дұрыс жауап: A

121.                     Өте биікте, жауын-шашын жаумайтын бұлт:
A) Будақ
B) Қабат
C) Қабат-қабат
D) Шарбы
E) Будақ-жаңбырлы
Дұрыс жауап: D

122.                     Жердің газ тәріздес қабығы
А) Атмосфера.
В) Гидросфера.
С) Литосфера.
D) Биосфера.
Е) Географиялық қабық.
Дұрыс жауап: А

123.                     Атмосфера қабаттары
А) Литосфера, тропосфера, гидросфера.
В) Тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты.
С) Стратосфера, биосфера, литосфера.
D) Литосфера, тропосфера, биосфера.
Е) Биосфера, гидросфера, атмосфераныз жоғарғы қабаты.
Дұрыс жауап: В

124.                     Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы
А) Ауа температурасы.
В) Атмосфералық жауын-шашын.
С) Жел.
D) Атмосфералық қысым.
Е) Адам денесіндегі ішкі қысым.
Дұрыс жауап: D

125.                     Атмосфераның төменгі қабаты
А) Тропосфера.
В) Стратосфера.
С) Ионосфера.
D) Озоносфера.
Е) Мезосфера.
Дұрыс жауап: А

126.                     Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал
А) Желбағар.
В) Анемометр.
С) Термометр.
D) Барометр.
Е) Гигрометр.
Дұрыс жауап: D

127.                     Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температура арасындағы айырмашылық
А) Тәуліктік орташа температура.
В) Температура ауытқуының тәуліктік амплитудасы.
С) Ауа-райының өзгерісі.
D) Жылдық орташа температура.
Е) Айлық орташа температура.
Дұрыс жауап: В

128.                     Жел дегеніміз…
А) Атмосфералық қысым.
В) Ауадағы су буы.
С) Ауаның горизонталь бағытта орын ауыстыруы.
D) Атмосфералық жауын-шашын.
Е) Бұлттылық.
Дұрыс жауап: С

129.                     Ауа-райының негізгі элементтері
А) Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым.
В) Қар жамылғысы, жел, бұлттылық.
С) Ауадағы су буы, топырақ жамылғысы, атмосфералық қысым.
D) Жел, күн радиациясы, бұлттылық.
Е) Жел, ауа массалары, теңіз ағыстары.
Дұрыс жауап: А

130.                     Оңтүстік және солтүстік жарты шарға күн сәулесі бірдей түседі
А) Екі жарты шарда барлық уақытта бірдей түседі.
В) 22 маусым және 22 желтоқсанда.
С) 23 қыркүйек және 22 наурызда.
D) 1 қазтар мен 1 маусымда.
Е) Қыс пен жазда.
Дұрыс жауап: С

131.                     Грек тілінен «климат» сөзінің мағынасы
А) Жаз кезіндегі күн сәулесінің еңістігі
В) Қыс кезіндегі күн сәулесінің еңістігі
С) Жер бетіне күн сәулесінің еңістігі
D) Тал түстегі күн сәулесінің мөлшері
Е) Климат элементі
Дұрыс жауап: С

132.                     Желдің соғу себебі
А) Кориолис күшінен
В) Жердіз Күнді айнала қозғалуынан
С) Жердіз өз білігінен айналуынан
D) Температураның айырмасынан
Е) Қысымның айырмасынан
Дұрыс жауап: Е

133.                     Атмосферадағы 80% ауа массасы кездеседі
А) Стратосферада
В) Мезосферада
С) Тропосферада
D) Геоносферада
Е) Экзосферада
Дұрыс жауап: С

134.                     Тәулік ішінде бағытын өзгертіп тұратын жел
А) Бриз
В) Муссон
С) Пассат
D) Фен
Е) Батыс желдері
Дұрыс жауап: А

135.                     Күдізгі бриздің соғу бағыты
А) Құрлықтан теңізге
В) Теңізден құрлыққа
С) Қыста теңізден құрлыққа
D) Жазда құрлықтан теңізге
Е) Төменнен жоғарыға
Дұрыс жауап: В

136.                     Тауда 1км-ге көтерілген сайын температура төмендейді
А) 2 0С
В) 3 0С
С) 4 0С
D) 5 0С
Е) 6 0С
Дұрыс жауап: Е

137.                     1 км-ге көтерілген сайын ауа қысымы төмендейді:
А) 10 мм сынап бағанына
В) 20 мм сынап бағанына
С) 40 мм сынап бағанына
D) 80 мм сынап бағанына
Е) 100 мм сынап бағанына
Дұрыс жауап: Е

138.                     Жердің ез ыстық белдеуі тропиктер арасында орналасуының себебі
А) Ыстық желдер соғады, шөлдер көп
В) Күн дәл төбеде ұзақ және ауаның жоғары қозғалысы болады
С) Бұл ендіктерде мұхитта жылы ағыстар соғады
D) Бұл аумақтың жер бедері жазық
Е) Бұл аумақтың жер бедері таулы
Дұрыс жауап: В

139.                     Теңіздік ауа массаның континенттік ауа массасынан айырмасы
А) Қыста температурасы төмен
В) Қыста ылғалдылығы жоғары
С) Жазда температурасы жоғары
D) Ауа ылғалы мол
Е) Жылдық температураның амплитудасы жоғары
Дұрыс жауап: D

140.                     Жер бетіндегі ең жоғары температура байқалатын климат белдеуі
А) Экваторлық
В) Субтропиктік
С) Тропиктік
D) Қоңыржай
Е) Субэкваторлық
Дұрыс жауап: С

141.                     Тропиктік белдеулерде материктердің батыс жағалауында өтетін суық ағыстар әсері
А) Жауын-шашын қалыптастырады
В) Жауын-шашынның пайда болуына кері әсер етеді
С) Ауа температурасын төмендетеді
D) Ауа температурасын жоғарылатады
Е) Жағалық аумақтың климатына әсер етпейді
Дұрыс жауап: В

142.                     Қоңыржай белдеуде ауа температурасының тәуліктік ауытқуы көп мезгіл
А) Қыс
В) Көктем
С) Жаз
D) Күз
Е) Жыл мезгілдері ауысқанда
Дұрыс жауап: С

143.                     Желдің бағыты мен күшін анықтайтын құрал
А) Гигрометр
В) Термометр
С) Барометр
D) Флюгер
Е) Компас
Дұрыс жауап: D

144.                     Жер бетіндегі негізгі климаттық белдеулер саны
А) 4
В) 7
С) 9
D) 12
Е) 13
Дұрыс жауап: А

145.                     Жылы және суық ағыстардың пайда болу себебі:
A) Айсберг әсері
B) Тұрақты желдер
C) Циклондар
D) Антициклонлар
E) Жер бедері
Дұрыс жауап: B

146.                     Екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары шектеп тұрған енсіз су айдыны:
A) Түбек
B) Шығанақ
C) Арал
D) Өзен
E) Бұғаз
Дұрыс жауап: E

147.                     Өзеннің ағып шығатын жері:
A) Суайрық
B) Сағасы
C) Бастауы
D) Саласы
E) Арнасы
Дұрыс жауап: C

148.                     Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі:
A) Шоңғал
B) Суайрық
C) Жайылма
D) Аңғар
E) Арна
Дұрыс жауап: C

149.                     Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі:
A) Су тасуы
B) Режимі
C) Сабасына түсуі
D) Тасқын
E) Жайылуы
Дұрыс жауап: D

150.                     Биосфера географиялық қабықтың… бөлігі боп саналады.
А) Мантия, ядро, жер қыртысынан құралған
В) Тау жыныстары мен табиғат компонеттерініз
С) Адамдар мекен ететін
D) Мантия мен ауа
Е) Литосфера, стратосфера, мұхиттардан тұратын
Дұрыс жауап: С

151.                     Барлық қабаттарды қосатын жер қабығы
А) Литосфера
В) Биосфера
С) Атмосфера
D) Гидросфера
Е) Тропосфера
Дұрыс жауап: В

152.                     Жердің тіршілік үшін маңызы зор қабаты
А) Ионосфера
В) Мезосфера
С) Тропосфера
D) Стратосфера
Е) Экзосфера
Дұрыс жауап: С

153.                     Бір текті жағдайлы аумақта тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы
А) Геоценоз
В) Биоценоз
С) Зооценоз
D) Агроценоз
Е) Нооценоз
Дұрыс жауап: В

154.                     «Экология» ұғымын енгізген
А) Ж. Ламарк
В) Э. Геккель
С) В. Докучаев
D) Ч. Дарвин
Е) М. Ломоносов
Дұрыс жауап: В

155.                     Құнарлы топырағымен ерекшеленетін табиғат зонасы
А) Тайга
В) Тундра
С) Тропиктік орман
D) Дала
Е) Саванна
Дұрыс жауап: D

156.                     Тізеден келетін ормандар кездесетін зона
А) Тайга
В) Арктикалық шөл
С) Тундра
D) Орманды тундра
Е) Орманды дала
Дұрыс жауап: С

157.                     Қалпына келмейтін табиғат ресурсы
А) Минералды
В) Жер
С) Биологиялық
D) Су
Е) Күн энергиясы
Дұрыс жауап: А

158.                     Кез келген аумақтың табиғат компоненттерінің жиынтығының біртұтас жүйесі:
A) Географиялық белдеу
B) Географиялық кешен
C) Географиялық орта
D) Климаттық белдеу
E) Географиялық зона
Дұрыс жауап: B

159.                     Өтпелі географиялық белдеу:
A) Полярлық
B) Субэкваторлық
C) Экваторлық
D) Қоңыржай
E) Тропиктік
Дұрыс жауап: B

160.                     Температурасы үнемі жоғары жауын-шашын жыл бойы біркелкі болатын табиғат зона:
A) Полярлық
B) Субэкваторлық
C) Қоңыржай
D) Экваторлық
E) Тропиктік
Дұрыс жауап: D

161.                     Әр жерінде жеке немесе шоқ- шоқ ағаш пен бұта кездесетін көбінесе шөп басқан жазықтар:
A) Тундра
B) Орман
C) Саванна
D) Дала
E) Шөл
Дұрыс жауап: C

162.                     Шөп басқан, ормансыз, жазық жер:
A) Тундра
B) Шөл
C) Шөлейіт
D) Дала
E) Орман
Дұрыс жауап: D

163.                     Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 30°-60° ендіктеріндегі белдеу:
A) Поляр
B) Экваторлық
C) Қоңыржай
D) Субэкваторлық
E) Субтропиктік
Дұрыс жауап: C

164.                     Табиғи күйінде ағаш өсімдігі негізгі орын алатын табиғат зона:
A) Дала
B) Шөл
C) Шөлейт
D) Тундра
E) Орман
Дұрыс жауап: E

165.                     Солтүстік және оңтүстік полюстер төңірегіндегі географиялық белдеу:
A) Қоңыржай
B) Полярлық
C) Экваторлық
D) Тропиктік
E) Субэкваторлық
Дұрыс жауап: B

166.                     Қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты ормандары:
A) Тундра
B) Дала
C) Шөлейт
D) Тайга
E) Орман
Дұрыс жауап: D

167.                     20º және 30º еңдіктер аралығында орналасқан табиғат белдеуі:
A) Қоңыржай
B) Экваторлық
C) Тропиктік
D) Субэкваторлық
E) Субтропиктік
Дұрыс жауап: C

168.                     Мүк пен қына, бұта өсетін мәңгі тоң таралған жерлер:
A) Тайга
B) Тундра
C) Шөлейт
D) Орман
E) Дала
Дұрыс жауап: B

169.                     Климаты өте құрғақ, өсімдігі әрі жұтаң, әрі сирек аумақтар:
A) Шөлейт
B) Дала
C) Тундра
D) Шөл
E) Орман
Дұрыс жауап: D

170.                     Қоңыржай белдеудегі дала мен шөлдің аралығындағы өтпелі зона:
A) Дала
B) Шөлейт
C) Шөл
D) Тундра
E) Орман
Дұрыс жауап: B

171.                     Тундраның өсімдіктері:
A) Шырша, майқарағай
B) Емен, жөке ағашы
C) Мүк, қына
D) Шәмшат, балқарағай
E) Селеу, бетеге
Дұрыс жауап: C

172.                     Дала зонасының өсімдіктері:
A) Шырша, майқарағай
B) Емен, жөке ағашы
C) Селеу, бетеге
D) Шәмшат, балқарағай
E) Мүк, қына
Дұрыс жауап: C

173.                     Табиғат компоненттерінің жиынтығы
А) Геграфиялық қабық
В) Жер бедері
С) Табиғат кешені
D) Геграфиялық белдеу
Е) Табиғат зонасы
Дұрыс жауап: С

174.                     Құрлықтағы табиғат зоналарының қалыптасуына әсер ететін жағдайлар
А) Климаттық
В) Жазық пен таулы аумақтардың ара қатынасы
С) Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы байланыс
D) Дүниежүзілік мұхиттыз және судың жоғарғы беткі жағдайы
Е) Табиғат кешендерінің мөлшері
Дұрыс жауап: А

175.                     Жер бетіндегі адамзат… нәсілге бөлінеді
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5
Дұрыс жауап: С

176.                     Нәсілдік белгілердің қалыптасу себебі
А) Табиғат жағдайлары
В) Ата-ана берілуі
С) Халықтардың араласуы
D) Ойлау қабілеті
Е) Халықтардың іс-әрекеті
Дұрыс жауап: А

177.                     БҰҰ Бас Ассамблеясы нәсілдік кемсітушілікті жою жөнінде қарар қабылдаған жылы:
А) 1963 ж.
В) 1964 ж.
С) 1965 ж.
D) 1966 ж.
Е) 1967 ж.
Дұрыс жауап: С

178.                     Дамыған елдердің ішінде «үлкен жетілік» деп аталатын аса ірі жеті елді көрсет:

А) АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Канада, Италия
В) Бразилия, Жапония, Германия, Испания, Ұлыбритания, Канада, Италия
С) АҚШ, Қытай, Германия, Франция, Ұлыбритания, Канада, Италия
D) АҚШ, Жапония, Үндістан, Франция, Ұлыбритания, Канада, Италия
Е) АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Италия

Дұрыс жауап: А

179.                     Даму дәрежесіне қарай мемлекеттер неше топқа бөлінген:

А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5

Дұрыс жауап: В

180.                     Қазақстан БҰҰ-на  мүше болған жыл:

А) 1990ж
В) 1991ж
С) 1992 ж
D) 1993 ж
Е) 1994 ж

Дұрыс жауап: С

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышЖер ғарыш денесі

ТарихҚазақстан тарихы пәнінен тоқсандық тест

ТесттерБиология пәнінен 11 сыныпқа арналған тест сұрақтары

Тарих10 сынып Қазақстан тарихына арналған жылдық тест тапсырмалары

ТесттерГеографиядан функционалды сауаттылығын арттыруға арналған тест тапсырмалары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110106

Пікірлер (9)
Бекзат # 9 қаңтар 2015 в 18:52 0
гидросфера туралы тест оте аз.маган гидросфера туралы тест керек еды.
Аружан # 17 мамыр 2015 в 23:18 0
дильназ # 14 наурыз 2015 в 00:34 0
маган жел туралы тест керек еды оте кажет
Жасулан # 3 мамыр 2015 в 19:02 0
Ал бул сурактар емтеханда кездесеме?
Алуа # 13 қыркүйек 2015 в 16:17 0
Эля # 23 қараша 2015 в 10:26 0
Осыны калай скачать етуге болад
Арайлым # 14 қазан 2015 в 22:08 0
Емтихан ауыр болады
нурлыбек # 30 қазан 2015 в 16:15 0
Е шынба
не
аружан # 26 қаңтар 2016 в 20:31 0
маған көлдер туралы тест керек еді.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар