Топтық жұмыстың тиімділігі

4 мамыр 2014 - Жанар Жумахаева
Топтық жұмыстың тиімділігі

Коучинг жоспары

Сабақтың тақырыбы: Топтық жұмыстың тиімділігі

Өткізілетін уақыт 90 минут

Сабақтың мақсаты: мұғалімдердің іс-орынын айқындау, белсенділікке ынталандыру, топтық жұмыс туралы маңызды ақпарат алу

Мұғалімдердің коучинг барысыдағы мүмкіндіктері:

-ортада жайлы әрекеттестікті орнату ,әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау;

-өз идеяларын зерделеп,өзара әрекеттестікті орнату;

-мұғалімдердің белсене қатысуына көмектесу;

Сабақтың нәтижесі:

Коучинг әдістері: сұрақ-жауап, миға шабуыл, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, кемпірқосақ әдісі

Ұсынылған ресерстар:МАН,үлестірме, бағдарлама, глосарий

Қолданылған құралдар: ватман, А4 парағы, АТК, постерлер,

р/с

Коуч әрекеті

Мұғалім әрекеті

уақыты

І

IІ

Коучинг барысы:

Таныстырылым.

Топ құру: түрлі-түсті стикерлер арқылы

Нұсқау:

Ой қозғау. «Құмырсқалар» бейнефильмін көрсетемін.

1.Қалай ойлайсыздар сіздер мына көріністен қандай процесті байқадыңыздар?

2.Қалай ойлайсыздар топтық жұмыс тәсілді қаншалықты жиі және қалай қолданасыз?

3.Сіз мысал келтіре аласыз ба?

Осы кезде тақырыпты хабарлаймын.

алдарына топтық жұмыстың тиімділін көрсететін материалдарды беремін

Түрлі-түсті стикерлер алып түсіне қарай бөлініп отырады.

Талқылау.мұғалімдер өз идеяларын зерделейді өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етеді, белсенді түрде қатысады.

Олар тотық жұмыстың тиімділігімен

танысып шығады

15минут

5 минут

10минут

IIІ

Миға шабуыл: Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?

«Кемпірқосақ» әдісін пайдаланамын.

«МӘДЕНИЕТ» дегеніміз не ?

мәдениет сөзі туралы өзіңіздің түсінігіңізді А4 парағына «Кемпірқосақ» әдісі бойынша жазыңыз. Барлық жайттарды қосыңыз, келесі әдіске өту үшін топтарды араластырамын

Мұғалімдер «Кемпірқосақ» әдісі бойынша өз ойларын шынайы түрде жазады.

Жаңадан келген адамға түсіндіреді.жаңадан келген адам өз тобына оралады да басқа топтан көрген нәрселерін қосады.

15минут

ІV

«Ақылдың алты қалпағы» әдісін қолданамын.Бұл әдісте мұғалімдер санау арқылы топ болып қайта топқа бөлінеді.

әртүрлі түстерді хобдишаның ішінен әр топ қалаған түстерін таңдайды.

«компьютер» сөзі беріледі

Әр түсті таңдаған адам бірдей түстермен бірігеді.

содан кейінгі қадам ол әр топ

«топтық жұмыс» сөзіне әртүрлі шешімдерін ішінен ойды бір мәселе төңірегінде шоғырландырады.

Ақ қалпақ –қажетті ақпараттарды жинайды.

Сары қалпақ — жағымды жақтарын айқындайды.

Жасыл – жаңа ой айтады, идеяға бағыттайды.

Қара қалпақ — кері жақтарын айтады.

15 минут

V

Сергіту сәті:

Макаренно биін билейді

5минут

VІ

Сынып мәдениеті туралы сауалнама.

Cіз әдетте сыныппен қалай әңгімелесесіз?

Ағымдағы тәжірибені бағалау ретінде сауалнама тарқатып шынайы түрде жауап жазсаңыздар дұрыс болар еді: деп алдарына сауалнаманы тарқатып беремін.

Мұғалімдер берілген сауалнамаға барынша шынайы және нақты жауаптарын жазады

10 минут

VI

Кері байланыс:

1.Қалай ойлайсыз оқушылар бір –біріне сұрақ қою мүмкіндігі қаншалықты маңызды?

2.Оқушыларға сабақ уақытында өзінің сыныптастарымен сөйлесу мүмкіндігі қаншалқыты жиі беріледі?

3. Осы коучингтен кейін өз сыныбыңызда қолдар ма едіңіз?

мұғалімдер сұраққа жауап бере отырып сабақ барысындағы тақырыптан алған әсерлерін зерделей отырып шынай түрде жауап береді

үстемдік ететін «мұғалімнің сөйлеуінің» орынан «оқушы сөйлеуіне» ықпал жасайды

10 минут

VII

Бүгінгі сабаққа рефлекция жазуды ұсынамын

Бүгінгі сабаққа рефлекция жазады.

5 минут

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау (коучинг)

ҰстаздарғаОрта білім берудегі басқару мен көшбасшылық

ҰстаздарғаОқушылар өз бетінше білім алуларына ынталандыру. Коучинг.жоспар

ҰстаздарғаСыни тұрғыдан ойлануға үйрету

ҰстаздарғаКоучинг барысындағы логикалық сұрақтар үлгісі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103524

Теги: коучинг
Пікірлер (5)
дина # 10 наурыз 2015 в 01:36 0
коучинг сабақтардың бәрі бір сарынды болып кетті, қызығушылығым жоқ осы сабақтарға бәрі бе бір стикерді пайдаланып, топқа бөлінеді, сергіту де сол макаренно, әлде тек бала бақша балаларына ғана қызықты болып көрінетін сергітулер, сол баяғы түрлі түсті қалпақтар, сол баяғы кемпірқосақ, шыны керек, жай ғана бұрынғы сабақтарға жететін ештеңе жоқ, парталарды топтарға бөліп тастайды, ол бала теріс қарап отыр ма, көріп отыр ма , онымен ешкімнің шаруасы жоқ, ұнамайды маған, оқып келген мұғалімдер кішкентай ақылы әлі толықпаған балаға ұқсап келеді.
Бақыт # 22 тамыз 2015 в 00:10 0
Рас айтасын коучин сабақтары мағанда ұнамайды
Мен # 25 тамыз 2015 в 18:01 0
Шынында бір сарынды сабақ мұғалімнің уақыты кетеді Одан қалды курсқа таласады таңдап жібереді Мұғалімге бір пайдасы жоқ, шығыны болмаса. Маған ұнамайды.
Айнұр # 27 қазан 2015 в 22:18 0
Коучинг сабақтардағы əдіс-тəсілдерді бала бақшаға барып үйрету керек! Бұл сабақтар мағанда ұнамайды. Баяғы білімге жетпейді .мұғалімнің аз ғана айлығына лайық ЕМЕС!!!
Гүлжан # 9 ақпан 2016 в 09:56 0
Маған коучинг сабақтар ұнайды.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар