Шығармашылық есеп

11 қаңтар 2015 - Марзия Абылхаева

ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы

«Шәкәрім атындағы орта мектебі»
КММ

Абылхаева МарзияАбылхаевна

Шығармашылық есеп

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімділік бар биікке шығар саты

Ең алғаш басталады осы адамнан.

Сүйеді сондықтан да, жақын, жаты…

С. Мұқанов.

Мен, Абылхаева Марзия Абылхаевна1999 жылыСемей мемлекеттік
университетінің жаратылыстану факультетін бітірдім. Алғашқы еңбек
жолымды 1999 жылы Семей қаласындағы№42 орта мектебінде химия пәнінің
мұғалімі болып 5 жыл қызмет еттім, 2005 жылдан бастап «Шәкәрім
атындағы орта мектебі» КММ-де химия пәнінің мұғалімі болып қызмет жасап
келемін.Еңбек өтілім14 жыл. І санатты.

Ізденіс

тақырыбым:«Қазіргі заман білім беру парадигмасының тиімді әдістерін қолдана
отырып, оқушылардың шығармашылығын және білім сапасын арттыру»

Мұғалім — мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім
саясаты

осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады.Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани
бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып
жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің
бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде педагогика
ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын,
сыни

тұрғысынан ойлаудың технологиясын және оза оқыту технологияларынжас ұрпақты
оқыту мен тәрбиелеуде үнеміқолданып келемін.

Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың « Сабақ беру бұл
үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген
екен. Сол пікір бүгінде

жүзеге асып жатқандай. Сондықтан соңғы үш жылда өткен сабақтарым 8- сыныпта

«Галогендер», «Бейорганикалық қосылыстардың генетикалық байланысы», «Оксидтер,

оның химиялық қасиеті»,9-сыныпта «Металдар тарауын қорытындылау» «Тұздар
гидролизі», 11-сыныпта«Циклопарафиндер», «Темір» атты ізденіс сабақтарым
өз дәрежесінде өтті.

Оқушылар пәндік олимпиадаға үнемі қатыстырылып отырылады.
Атап айтсам: 2011оқу жылында аудандықпәндік олимпиададанСапашева АІ орын,2010
жылыІІ орынға, Егізғалиқызы Еңілік 2011 жылыІІ орын, 2012 және 2013 жылы

ІІІ орынға, Ғабдулкакимова С 2010 жылы және 2012 жылыІІІ орыние болды.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа, ғылыми жұмыстарға бағыттауда да

айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді.

1.2010-2011 оқу жылында 10-сынып оқушысы Қайнарқызы Рза
химия секциясында «Сусындар құрамындағы С дәруменінің мөлшерін анықтау»
атты жобасы үшін аудандық ғылыми жоба сайысында І орын иеленіп, облыстан осы
жобаны қорғап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2. 2011-2012 оқу жылында 9-сынып оқушысы Егізғалиқызы Еңілік
«Йодтың

адам ағзасына әсері мен экологиялық сипаты» атты жобасын ХІҮ Республикалық

экология олимпиадасында қорғап, « Үздік теориялық білімі үшін» атты Құрмет
грамотасымен марапатталды.

3. Биылғы оқу жылында 11- сынып оқушысыТалапқызы Әйгерімаудандық
жобалар сайысында «Қазақтың қара сабыны және қазіргі заман сабын жасау
технологиясы» атты жобасын қорғап ІІ орынға ие болып, оқушы жобасын
облыста қорғап, сертификат алды. Ұстаз қай уақытта болмасын оқушы
көкейінде қалықтап, жүрегіне

нәр құюы керек! Міне сонда ғана ұстаз-ұстаз болмақшы.

ҰБТ қорытындысы бойынша:

1. 2012-2013 оқу жылы қорытындысы бойынша екі оқушы
химия пәнін таңдады. Сапашева Айнұр18 ұпай жинап(78%), қазір
Өскемен қаласындағыАманжолов атындағы университеттің органикалық
химия саласында ІІ курсында оқуда, ал, екінші оқушы

Қайырбекова Талшын 19 ұпай жинап (80%), қазір Шығыс Қазақстанның
техникалық университетінің химя бөлімінде оқиды.

2. Биылғы оқу жылында 2013-2014 оқу жылы 11-сынып оқушысы
ЕгізғалиқызыЕңілік химия пәнін таңдап, 19 ұпай жинап, аудандық білім бөлімінің
"Ұлттық біріңғай тестке даярлаудағы жетістігі үшін" мадақтамамен
мароапатталдым.

Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шындығында да
, сапалы білім, саналы тәрбие астасқан ұлт тірегі. Осы тәрбие саласы
бойынша 2009 жылдан бері 10-сыныпқа

сынып жетекшілік қызметін атқарып келем. Сыныбымда түрлі тәрбие саласында

тәрбие сағаттары өтіледі. Атап айтсам «Денсаулық –зор байлық», « Біз болашақтың

гүліміз», «Ұлы жеңіске 65-жыл» т.б. ашық тәрбие сағаттарын өткіздім. Сынып

оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысып отырамыз.

2011-2012 оқу жылында аудандық семинарда « Біз болашақтың гүліміз» атты тәрбие

сағаты өз дәрежесінде өтілді.

«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондайболмақшы»,

яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ.

Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.

1. 2011 жылы аудандық химия пәні мұғалімдерінің
олимпиадасында ІІІ орын.

2. 2012 жылы аудандық «Жыл мұғалімі-2011» байқауына қатысып,ІІІ
орын алдым.

3. 2012 жылы озаттар слетіне қатысып, аудан әкімінің алғыс
хатымен марапатауы.

4. 2013 жылы тамыз маслихатының секцияжұмысында«Химия пәнін
оқытуда оқушылардышығармашылыққа баулу» атты баяндама жасалып,

мадақтамамен марапатталдым.

Озық іс- тәжірибелеріме тоқталсам.

5. Биылғы тамыз маслихатының секция жұмысында химия пәні
мұғалімдеріне өзімнің

«Химия пәні бойыншақауіпсіздік техникасының ережелері мен
талаптары» атты әдістемелік құралым тараттылды.

6. 2011 жылы«Химия мектепте» журналына«Қабілет-білім-жетістік»
атты мақалам шықты.

7. 2011 жылығаламтордың«ustazkz» сайтына

«Тиімді жоспар –нәтижелі сабақ» атты сабағым,2013 жылы «45minutkz»
сайтына9-сыныпта өткен ашық тәрбие сағатым « Ешкімде, ешқашан ұмыт қалмайды»
атты,«sabaktarkz» сайтына «Химия пәні бойыншақауіпсіздік техникасының ережелері
мен

талаптары» атты әдістемелік құралым мен«Химия пәнін оқытуда
оқушылардышығармашылыққа баулу» атты баяндама жарияланды және Абай елі
газетіне бірнеше мақала жарияланды. Сонымен қатар, аудандық семинарларда
да мұғалімдерге өз іс-тәжірибелерімді ұсынып отырамын. Аудандық семинарда өткен

сабақтарым:

1. «Темір» атты ізденіс сабақ 2010,«БҚГБ»
атты инновациялық-ізденіс сабақ 2012, «Біз болашақтың гүліміз» ашық
тәрбие сағаты,2 013 жылы « Танымына табынтқан абыз ақын» атты аудандық
семинарда « Шәкәрімнің химияға қосқан үлесі»атты сабақтарым өз дәрежесінде
өтіп, мектеп директорының алғыс хаттарымен марапатталдым.

Білім мен т әрбие сапалы болу үшін әр мұғалім сапалы еңбек
ету керек.

Соңғы үщ жылдағы пән бойынша оқушылардың білім сапасы
төмендегідей:

1.2011-2012 оқу жылында 47 оқушыға сабақ бердім, сапа
көрсеткіші 41%, үлгерімі 4,0.

2.2012-2013 оқу жылында 44 оқушыға сабақ бердім, сапа
көрсеткіші 43%, үлгерімі 4,0.

3.2013-2014 оқу жылында 44 оқушыға сабақ бердім, сапа
көрсеткіші 42%, үлгерімі 4,1.

Мектепте химия пәні кабинетінің кабинет жетекшісімін. Сонымен
қатар, мектепте ғылымижұмыстарды ұйымдастырып, дарынды оқушылармен табысты
жұмыс істеудемін. Сөз сонында айтарым, « Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,- демекші
алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді
қоса бермекпін.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліБұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар

ҰстаздарғаҰБТ-ке дайындық жұмыстары туралы хабарлама.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110002

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар