Экология – ел тағдыры

23 қазан 2015 - Ақкүрең Бақытова
Экология  –  ел  тағдыры

Сабақтың тақырыбы: Экология – ел тағдыры

Мақсаты: Экология туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін толықтыру. Ой- өрісін кеңейту, ой шақыру, шығармашылық жұмыс істеуге жұмылдыру.

Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, кітап көрмесі, бейнеролик, плакат, қима қағаздар.

1.Ұйымдастыру.

Құрметті оқушыларІ Табиғат –анамыздың әрбір адамның өмірінде алатын орны ерекше.Табиғат – байлықтың көзі.Табиғат – құтты қоныс мекеніміз.

Олай болса, бүгін біз «Экология – ел тағдыры» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

2.Сергіту сәті

Карғалар

Қарға,қарға,қарғалар

Қар үстінде жорғалар

Қар үстінде нан көрсе,

Екі шоқып, бір алар.

3.Слайд арқылы « Қазақтың тиым сөздерін» көрсету.

    üАғашты сындырма

    üМалды теппе

    üКөкті жұлма

    üҚұмысқаның илеуін бұзба

    üАққуды атпа

    üҚұстың ұясын бұзба

4.Көрсетілім. Бейнеролик.Телехабардан үзінді. « Жаңазенде мұнай өртеніп жатыр.19. 09. 15.»

5. Слайд арқылы фотошоу көрсетіледі.

6. Ой шақыру.

7. Топқа бөлу.

1. ҚЫС.

2. КӨКТЕМ.

3. ЖАЗ.

4.КҮЗ.

Топқа тапсырмалар таратылады.

ҚЫС тобы

Каспий экологиясы

1 – оқушы.Каспий теңізі жер шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне даму тарихына, физикалық – географиялық роцестерінің сипатына қарағанда теңіз қатарына жатады. Каспий теңізіне Кавказдың

Шығыс жағын мекендеген байырғы тайпа аты қойылған. Солтүстіктен – оңтүстікке созылып жатқан Каспий теңізінің ұзындығы 1200 км, орташа ені 320 км, жағасының ұзындығы 7 мың км, ауданы 371 мың.

Су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері1025 м.Каспий теңізі флора мен фаунаға бай. Өсімдіктердің бес жүзі, балық пен жануарлардың сегіз жүз елу төрт түрі бар. Бекіре тұқымдас балықтар, майшабақтар, итбалық ауланады.Каспий теңізін зерттеу 9- 10 ғасырдан

басталған. Каспий теңізінің жағалауын компастың көмегімен қағаз бетіне түсіреді.Каспий теңізіне мұнай мен газдың мол қоры бар.

2- оқушы. Каспий теңізі қайраңында бұрғылау жұмыстары теңізге қауіп төндіруде.Каспий маңы аймағындағы жоғары қарқынды мұнай – газөндірісі, химия өндірісі мекемелері, аллюминий және құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіптер күрделі материалдарын шығаратын өнеркәсіптер күрделі экологиялық проблемаларды туғызып отыр.

3 – оқушы; Нұрсұлтан Назарбаев өінің 2030 жылдарға арналған бағдарламасында «Қоршаған ортаға зиянын тигізетін өндірістік қалдықтарды болдырмау заманымыздың басты талабы » — деп атап көрсетілсе, сол талап біздің облысымызда әлі қолға алынған жоқ. Соның бір айғағы «Қошқар ата» ұлы көлінің Каспий теңізімен косылу мүмкіндігі хаққында. Оны анықтау үшін улы көл бойына теңізге дейін 104 ұңғы қазылып, ал сарапталған барлық жердегі йондардың құрамы бірдей дәрежеде қайталанған. Демек, көл мен теңіз ылғал арқылы жалғасып тұр. Ал көлдің суы жер асты суына қосылып, ол теңізбен жалғасса не болады?

2.КӨКТЕМ ТОБЫ

ЖАҢАӨЗЕН ЭКОЛОГИЯСЫ

1 – оқушы. Жаңаөзен қаласы – Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан кейінгі екінші қала. Жаңаөзен қаласы негізгі өндіретін өнімі мұнай мен газ. Жаңаөзен каласында қоршаған ортаны қорғау заңдылықтары сақтамау себептерінен, қала экологиялық зардапқа ұшырау үстінде. Қалаға жақын жерде орналасқан мұнай өндіру басқарламаларының тазалықты сақтамағандықтан, олардың тигізер зияны үлкен роблемалар туғызып отыр. Мұнай алынатын ұңғылар қалаға тиіп тұр деп айтуға болады. Олардың шығатын улы иіс жаздың қапырық ыстық айларында өкпеңді жауып жүргізбей тастайды.

2 – оқушы. Жаңаөзеннің сыртында сынақ алаңы бар. Оны полигон деп атайды. Мұнда өндірістік қалдықтар жиналған. 12150 тонна үйіліп жатырған темірлер, құбырлар қаншама десеңші. Солардың ішіндегі ең қауіптісі жер астынан шыққан құбырлар. Жалпы оларды кез келген жерге тастауға рұқсат етілмейді. Мұнай өндіретін зауыттарда, мұнай алынған жерлердің орнын сумен толтырады. Бүгінгі таңда қала тұрғындары тазартылған жер асты суын ішіп, осы ішіп отырған су мұнай орныны құйылып су болып, немесе сол пайдаланып отырған жер асты суына қосылып кетуі әбден мүмкін.

3 — оқушы. Автомашиналардан шығатын улы түтін қаланың ауасын уламай қоймайды.Қаламызда автокөліктер өте көп. Көбі арзан бензинді пайдаланғандықтан түтіні арқылы адам өміріне қауіпті, қаланың ауасын, суын, топырағын ластайды.

4 – оқушы. Адамдар ең алдымен тазалықты сақтау керек. Қаладан ботаникалық бақша ашырса- ол каланы көркейтер еді және қала тіршілігіне қажетті таза ауа берер еді.Қала іші және сыртында тұрақты түрде сембіліктер жргізіліп барылса, каламызда тұрақты тазалық болар еді. Әобір шағын ауданда бірнеше фонтандар салынса, олар қаланың сәнін ашып қана қоймай, аптапты желмен зиянды шаңның ортасында отырған тұрғындарымыздың жанына аз да болса сая болар еді.

5 – оқушы. Жаңаозен- өндіріс қаласы. Қаланың ауасының нашарлығынан бұл жерде де қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдар саны жиі кездеседі.

3.ЖАЗ ТОБЫ

ЭКОЛОГИЯ

1 – оқушы. «эколгия» терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Неміс тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді.

2 – оқушы. Сұлтанмахмұт Торайғыров; «Барлық қызық табиғаттан таралыпты, табғат адам үшін жаралыпты » деген ойланып қарасам табиғат бізге бәрін берді, киер киім, ішер тамақ, ауа, үй және т. б. Ал біз табиғатқа не бере аламыз? – ештеңе де бере алмаймыз. Біз тек қана алуды білеміз. Табиғат біздің бір бөлігіміз емес, керісінше біз оның кішкене ғана бөлігіміз. Сондықтан ол жоқ болса адам да жоқ. Ал оны аялау тек қана біздің қолымызда.

3 – оқушы. Табиғат жанашыры ретінде кезек күттірмейтін шаралар қолдану керек деген пікірдемін. Жер асты суларын көп мөлшерде пайдалану, оны ысырап қылу жер аствндағы су қорының азаюына әкеп соғады.Жер асты сулары- Маңғыстаудың басты байлығы, сондықтан оны қорғау, егін суаруды жаңа жүйеге көшіру, құдықтарды жөндеу, бұлақтарды күтімге алу қажет.

4 – оқушы. Ауа бассейні екі түрлі жолмен ластанады.Маңғыстаудың континентті климаты күшті шаңды желдердің болуына жағдай жасайды. Шаңның көбеюі жердің өсімдік жамылғысының жойылуына, топырақтың бұзылуына байланысты.Кез келген шаңның құрамында тұз болады.

4. КҮЗ ТОБЫ
ЖАСЫЛДАР ӘЛЕМІ

1 – оқушы. «ГРИНПИС» Жасылдар әлемі немесе жасылдар қозғалысы.Дүние жүзінің барлық елдерінде жұмыс істейді. 2005 жылдан елімізде жастардың «Жасыл ел» атты еңбек отрядтары құрылды.

2 – оқушы. Жер – анамыз. Оны аялай, сүйе білейік. Табиғатты аялайық.

3 – оқушы. Туған ел – жердің ертеңіне қалтқысыз қызмет етейік.

4 – оқушы.Адам табиғатты өзгертіп отырады. Адам ала бастаған ресустардың түрлері де көбейіп отыр.Сондықтан да табиғатқа түскен кысым күшті дәрежеге жетті және көптеген экологиялық проблемалар туындап отыр.Табиғатты тиімді пайдалану ең басты мәселе боп калуға тиісті

Қорытындылау.

«Ақсақ киік» әні.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151032

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 24 қазан 2015 в 11:02 0
Тәрбие сағатының тәрбиелік мәні өте зор. Табиғат өзімізге керек қой. Бір жағынан табиғатқа жаным ашиды. Бүлдіріп болып қалдық қой деймін.
Базаргүл Алтынбекқызы # 25 қазан 2015 в 00:33 0
Т"Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ" демекші табиғатты қорғау адамзат парызы,тәрбиелік маңызы зор сабақ.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар